"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 13 қыркүйек N 1002

      Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
 

     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрi


 
 
              "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының
             Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
 
      1-бап. "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Z990357_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 7, 225-құжат; N 20, 731-құжат; N 21, 783-құжат; N 23, 916, 928, 930-құжаттар; 2000 ж., N 21, 395-құжат; 2001 ж., N 1, 6-құжат; N 10, 123-құжат; N 23, 310-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) 1-бапта:
      алтыншы абзацында "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi" деген сөздер "бюджеттi жоспарлау жөнiндегі уәкілеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      қырық бiрiншi абзацта "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қазынашылық органдарында" деген сөздер "бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкілетті органның аумақтық бөлiмшелерiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 4-баптың 2-тармағында "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі" деген сөздер "бюджеттi жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 5-баптың 3) тармақшасында "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен" деген сөздер "бюджеттi жоспарлау жөнiндегi уәкiлетті органмен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 6-1-баптың үшiншi бөлiгінде "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi" деген сөздер "бюджеттi жоспарлау жөнiндегi уәкілеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 6-3-баптың 2-тармағының бесiншi абзацында "орталық атқарушы" деген сөздер "уәкiлеттi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      6) 7-баптың 1) тармағы б) тармақшасының он тоғызыншы абзацында "республикалық бюджетке шикiзат секторы ұйымдарынан түсетiн түсiмдердiң бекiтiлген және iс жүзiндегi көлемдерiнiң арасындағы терiс айырма ретiнде айқындалатын" деген сөздер алынып тасталсын;
      7) 7-1-бапта:
      1-тармақта "облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша" деген сөздер, "Аталған түсiмдердiң тоқсандық көлемдерiн облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша республикалық бюджетке белгiленген жылдық сомалар шегiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi" деген сөздер алынып тасталсын.
      2-тармақта "бекiтiлген тоқсандық көлемдерiнен" деген сөздер "бекiтiлген көлемiнен" деген сөздермен ауыстырылсын және "республикалық бюджеттен" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Республикалық бюджет шикiзат секторы ұйымдарынан түсетiн түсiмдер бойынша және тұтастай алғанда түсiмдер бойынша атқарылмаған жағдайда республикалық бюджетке шикiзат секторы ұйымдарынан түсетiн түсімдердің бекітiлген және iс жүзiндегi көлемдерiнiң арасындағы айырма ретiнде анықталатын Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджеттiң шығындарын өтеу жүргізiледi.
      Өтемақы мөлшерi республикалық бюджеттің түсiмдер бойынша жете атқарылмауының жалпы сомасынан аспайды.";
      8) 8-баптың 1-тармағының екiншi бөлігінде "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгімен" деген сөздер "бюджеттi жоспарлау жөніндегі уәкiлетті органмен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9) 11-баптың 1-тармағының 1-тармақшасының б) тармақшасының он жетiншi абзацында "жергілікті бюджеттерге шикiзат секторы ұйымдарынан түсетiн түсiмдердiң бекiтiлген және iс жүзiндегi көлемдерiнiң арасындағы терiс айырма ретiнде айқындалатын" деген сөздер алынып тасталсын;
      10) 11-1-бапта:
      1-тармақта екiнші сөйлем алынып тасталсын;
      2-тармақта "тоқсандық" және "жергiлiктi бюджеттерден" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Жергiлiктi бюджет шикiзат секторы ұйымдарынан түсетін түсімдер бойынша және тұтастай алғанда түсімдер бойынша атқарылмаған жағдайда жергiлiктi бюджетке шикізат секторы ұйымдарынан түсетін түсiмдердiң бекiтiлген және iс жүзiндегі көлемдерiнiң арасындағы айырма ретiнде анықталатын Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан жергілiктi бюджеттің шығындарын өтеу жүргізіледi.
      Өтемақы мөлшерi жергiлiктi бюджеттің түсiмдер бойынша жете атқарылмауының жалпы сомасынан аспайды.";
      11) 14-бапта:
      мәтінде "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі" және "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгіне" деген сөздер тиiсiнше "бюджеттi жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган" және "бюджеттi жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақта "орталық атқарушы" деген сөздер "уәкiлеттi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      5-тармақтың екiншi бөлігінде "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі" деген сөздер "Бюджеттi жоспарлау жөніндегi уәкілеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      12) 16-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Талқылау қаралып отырған мәселе бойынша қорытындымен қоса, Үкiмет уәкiлеттiк берген тұлғаның (тұлғалардың) Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспары және тиiсті жылға арналған республикалық бюджет туралы Заң жобасы ақша-кредит саясаты бойынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентінің Палаталары уәкілеттiк берген тұлғалардың баяндамаларын қамтиды.";
      13) 18-бапта:
      1-тармақта "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi" деген сөздер "бюджеттi жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақтың 7) тармақшасында "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне" деген сөздер "бюджеттi жоспарлау жөнiндегі уәкілетті органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      14) 18-3-бапта:
      2-тармақта "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен" деген сөздер "бюджеттi жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органмен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақта "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне" деген сөздер "бюджеттi жоспарлау және оның атқарылуы жөнiндегi уәкілеттi органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      15) 18-4-баптың 2-тармағында "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен" деген сөздер "бюджетті жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi органмен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      16) 19-баптың 1 және 2-тармақтарында "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi" деген сөздер тиiсiнше "бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      17) 22-баптың бесiншi бөлiгiнде "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi" деген сөздер "бюджеттің атқарылуы жөнiндегі уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      18) 24-1-бапта:
      1-1-тармақтың екiншi бөлiгінде "бекітілген тоқсандық көлемiнен" деген сөздер "бекiтiлген көлемiнен" деген сөздермен ауыстырылсын және "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі қазынашылығының аумақтық органдары" деген сөздер "бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-2-тармақтың төртіншi абзацында "қазынашылық органдарының" деген сөздер "бюджеттiң атқарылуы жөнiндегі уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақта "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi" деген сөздер "Бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақта:
      төртiншi абзацта "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қазынашылық органдарына" деген сөздер "бюджеттiң атқарылуы жөнiндегі уәкілеттi органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бесiншi абзацта "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi" деген сөздер "бюджеттiң атқарылуы жөнiндегі уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-1-тармақтың алтыншы абзацында "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне" деген сөздер "бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкілетті органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      19) 25-бапта:
      1-3-тармақта:
      екiншi абзацта "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қазынашылық органдарына" деген сөздер "бюджеттiң атқарылуы жөнiндегі уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртiншi абзацта "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi қазынашылық органдарының" деген сөздер "бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-4-тармақтың бiрiншi абзацында "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қазынашылық органдары" деген сөздер "Бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-5-тармақтың төртiншi абзацында "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қазынашылық органдарына" деген сөздер "бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкілетті органның аумақтық бөлiмшелерiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта "тоқсандық" деген сөз алынып тасталсын және "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі қазынашылығының аумақтық органдары" деген сөздер "бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-1-тармақта "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне" деген сөздер "Бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкілеттi органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      20) 28-бапта:
      2-тармақта "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi" деген сөздер "бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкілеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-1-тармақтың екiншi бөлiгiнде "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қазынашылық органдарында" деген сөздер "бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      21) 29-бапта:
      мәтiнде "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі", "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне" деген сөздер тиiсiнше "бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi орган", "бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақтың екiншi бөлiгiнде және 3, 3-2-тармақтарда "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi" деген сөздер "Бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Жергiлiктi атқарушы органдар, мемлекеттiк мекемелер бюджеттiң

 

атқарылуы және бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органның бюджеттiң

атқарылуы туралы есептi жасауы жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлерiн

басшылыққа алуға мiндеттi.";

     22) 30-баптың мәтiнiнде "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi"

деген сөздер "бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкілетті орган" деген

сөздермен ауыстырылсын.

     2-бап. Осы Заң жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


     Қазақстан Республикасының

           Президенті



  Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады