Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 28 желтоқсандағы N 1753 қаулысына толықтыру енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 16 қыркүйек N 1009. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы N 376 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.03.20. N 376 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "Гранттар беретiн халықаралық және мемлекеттiк ұйымдардың, шетелдiк үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдардың және қорлардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 28 желтоқсандағы N 1753 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 49-60, 689-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Гранттар беретiн халықаралық және мемлекеттiк ұйымдардың, шетелдiк үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдардың және қорлардың тiзбесiнде:
      "Халықаралық ұйымдар" деген бөлiм мынадай мазмұндағы 48-1 тармақпен толықтырылсын:
      "48-1. "Халықаралық түрме реформасы" (РRI) халықаралық қоғамдық бiрлестiгi".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады