Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Басқарушылар кеңестеріндегі Қазақстан Республикасының өкілдерін тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы N 323 P020323_ қаулысына:
1-тармақта:
1) тармақшада:
"Қаржы бірінші вице-министрі" деген сөздер "Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшада:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрі Есенбаев Мәжит Төлеубекұлы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Келімбетов Қайрат Нематұлы" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшада:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Павлов Александр Сергеевич" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Кәкімжанов Зейнолла Халидоллаұлы" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшада:
"Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрі Есенбаев Мәжит Төлеубекұлы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Кәкімжанов Зейнолла Халидоллаұлы" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Қаржы вице-министрі" деген сөздер "Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшада:
"Қаржы вице-министрі" деген сөздер "Қаржы бірінші вице-министрі" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Экономика және сауда" деген сөздер "Индустрия және сауда" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.08.2016 № 488 қаулысымен.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.08.2016 № 488 қаулысымен.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі