Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1.<*>
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 02 шілдедегі N 643 қаулысымен.
2. Мәжит Төлеубекұлы Есенбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі міндетінен босатылсын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 5 ақпандағы N 165 қаулысына:
1-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 5 қарашадағы N 1661 қаулысына:
1-тармақ алынып тасталсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі