Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 қаңтардағы N 105 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 21 қараша N 105a

      "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 қаңтардағы N 105 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      1-тармақта "1 283 400 мың теңге (бір миллиард екі жүз сексен үш миллион төрт жүз мың теңге)" деген сөздер "1 283 132 мың теңге (бір миллиард екі жүз сексен үш миллион бір жүз отыз екі мың теңге)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-тармақтың кестесінде:
      "Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар" деген 5-бағандағы "266" деген сан "265" деген санмен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қазаннан бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады