Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 қаңтардағы N 105 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 14-қосымшада:
6-тармақтың кестесінде "Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар" деген 5-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"Қылмыстық-атқару жүйесінің 79 мекемесін құрал-жабдықтармен, арнайы мақсаттағы құралдармен және көлік құралдарымен (ПМ пистолеті - 90, ПМ пистолетіне патрондар - 20000, АК автоматтары - 50, АК автоматына патрондар - 38600, медицина жабдықтарының 8 бірлігі, коммуналдық-тұрмыстық жабдықтардың 130 бірлігі (тамақ пісіретін электр қазандықтары - 41, тоңазытқыш шкафтар, тоңазытқыш камералар - 42, дезинфекциялау камералары - 22, кір жуғыш машиналар - 10, центрифугалар - 10, электр станциясының дизелі - 4, трансформатор - 1), қылмыстық-атқару жүйесінің орталықтандырылған байланысы үшін телефон станциясымен және 3 арнаулы және 3 қызметтік автомобильдермен жарақтандыру";
көрсетілген қаулыға 15-қосымшада:
6-тармақтың кестесінде "Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар" деген 5-баған "Қызылорда қаласындағы түзеу мекемесі құрылысының аумағында орналасқан бұзылуға жататын ғимараттар мен құрылыстар үшін өтемақы." деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі