Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 қарашадағы N 1663
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 46, 545-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртiбi туралы нұсқаулықта:
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
"7. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында жекелеген жағдайларда мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу және тауарларды, жұмыстарды және қызметтер көрсетудi мемлекеттік сатып алуды жүргiзу тәсiлiн таңдау туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының Үкiметi қабылдауы мүмкiн.".