"Әкiмшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiне толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы.

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 7 қазан N 1092

 


     Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

     1. "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының



K010155_


  Кодексiне толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан

Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi

Мәжілiсiнің қарауына енгiзiлсiн.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


                                                               Жоба


                    Қазақстан Республикасының Заңы

     "Әкiмшілiк құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының

         Кодексiне толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы


 
       1-бап. "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының K010155_ Кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгізiлсiн:
      1) 447-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "447-бап. Жолаушыларды, теңдеме жүкті және жүктердi автомобиль көлігімен тасымалдау ережелерін бұзу
      1. Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі туралы заңдарымен және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен көзделген жолаушыларды, теңдеме жүкті және жүктердi автомобиль көлiгiмен тасымалдау ережелерiн бұзу -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткіштің бестен онға дейінгі, заңды тұлғаларға - оннан жиырма беске дейiнгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгі, заңды тұлғаларға - жиырма бестен елуге дейiнгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады";
      2) мынадай мазмұндағы 447-1, 447-2, 447-3, 447-4-баптармен толықтырылсын:
      "447-1-бап. Жолаушылардың, теңдеме жүктiң немесе жүктердiң автомобиль тасымалдары кезінде жүргізушiлердің еңбек және демалыс режимін бұзу
      1. Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі туралы заңдарымен көзделген жағдайларда, жүргізушiлердiң еңбек және демалыс режимiн тiркейтiн бақылау құрылғыларынсыз (тахографтарсыз) немесе ағытылған осындай құрылғылармен, не толтырылмаған диаграммалық дискілермен, сондай-ақ жүргізушiлердің еңбек және демалыс режимiн күнделiктi тiркеу парақтарын жүргiзбестен жолаушылардың, теңдеме жүктің немесе жүктердің автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезiнде автокөлік құралын басқару -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткіштің оннан жиырмаға дейiнгi, заңды тұлғаларға - жиырма бестен елуге дейiнгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Жолаушылардың, теңдеме жүктің немесе жүктердің автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезінде еңбек және демалыс режимiн автокөлiк құралдары жүргiзушілерiнiң бұзуы -
      айлық есептік көрсеткiштiң бестен онға дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      447-2-бап. Жолаушылардың, теңдеме жүктің немесе жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдарын рұқсатсыз немесе арнайы рұқсатсыз жүзеге асыру
      Шетелдiк тұлғаларға тиесiлi автокөлiк құралдары жүргiзушiлерiнің Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңдарында көзделген жағдайларда, Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық автомобиль тасымалдарын рұқсатсыз немесе арнайы рұқсатсыз жүзеге асыруы -
      айлық есептік көрсеткiштің оннан жиырма беске дейінгi мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      447-3-бап. Жолаушылар мен теңдеме жүктiң тұрақты емес халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезiнде автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерінде жолаушылар тізiмінің болмауы
      Жолаушылар мен теңдеме жүктiң тұрақты емес халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезінде автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерінде жолаушылар тiзімiнің болмауы -
      айлық есептiк көрсеткiшi үштен беске дейiнгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      447-4-бап. Шетел мемлекетiнiң аумағында тiркелген автокөлiк құралдарымен Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан пункттер арасында жолаушылардың, теңдеме жүктiң немесе жүктердің автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру
      Шетел мемлекетiнің аумағында тiркелген, оның iшінде шетел мемлекетiнің тасымалдаушыларына тиесiлi, Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кiргiзiлген автокөлiк құралдарымен Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан пункттер арасында жолаушыларды, теңдеме жүктi немесе жүктердi тасымалдау, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi, заңды тұлғаларға - жиырма бестен елуге дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
      3) 461-бап мынадай мазмұндағы алты тире бiр бөлiгiмен толықтырылсын:
      "6-1. Жолаушылар мен теңдеме жүктiң тұрақты автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезінде рейс алдындағы техникалық тексеруден өтпеген автобусты, шағын автобусты басқару -
      азаматтарға айлық есептік көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi, лауазымды тұлғаларға оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады;";
      4) 463-бапта:
      екіншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қауiптi жүктердi мамандандырылған автокөлiк құралдарымен белгiленген ережелердi бұза отырып, сондай-ақ арнайы рұқсатсыз тасымалдау, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткіштiң бестен онға дейiнгі, заңды тұлғаларға - жиырма бестен елуге дейiнгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
      мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "3. Iрi көлемдi және/немесе ауыр салмақты жүктердi автокөлiк құралдарымен тасымалдау, сондай-ақ бөлiнбейтін iрi көлемдi және/немесе ауыр салмақты жүктердi мамандандырылған автокөлiк құралдарымен белгiленген ережелердi бұза отырып, сондай-ақ арнайы рұқсатсыз тасымалдау, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштің бестен онға дейiнгі, заңды тұлғаларға - жиырма бестен елуге дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
      5) мынадай мазмұндағы 467-1-баппен толықтырылсын:
      "467-1-бап. Жолаушылар мен теңдеме жүктiң тұрақты автомобиль тасымалдарын көрсетілген тасымалдау бағыттарына қызмет көрсету құқығын растайтын тиісті куәліксiз жүзеге асыру
      1. Жолаушылар мен теңдеме жүктiң тұрақты автомобиль тасымалдарын көрсетiлген тасымалдау бағыттарына қызмет көрсету құқығын растайтын тиiстi куәлiксiз жүзеге асыру -
      жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үштен беске дейiнгi, заңды тұлғаларға - оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiріншi бөлiгінде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бір жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткіштің бестен онға дейiнгі, заңды тұлғаларға - жиырма бестен елуге дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
      6) 541-баптың бiрінші бөлiгiнде:
      "446 (екiншi бөлiгінде)," деген сөздерден кейiн "447, 447-1, 447-2, 447-3, 447-4" деген цифрлармен толықтырылсын;
      "461 (үшіншi бөлігінде)" деген сөздер "461 (үшiншi және алты тире бiр бөлiктерiнде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "462 (үшінші бөлiгінде)," деген сөздерден кейiн "463 (екіншi және үшіншi бөлiктерiнде)," деген сөздермен толықтырылсын;
      "467 (бірінші - үшiншi, бесiншi бөліктерiнде)," деген сөздерден кейiн "467-1," деген цифрлармен толықтырылсын;
      7) 549-баптың бiрінші бөлiгi "(өздерiнiң қадағалауындағы шағын кемелер мен олардың тұруына арналған құрылыстар базалары бөлігінде)" деген сөздерден кейiн "461 (алты тире бір бөлiгiнде)" деген сөздермен толықтырылсын;
      8) 620-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) көлiк бақылау органдары сақталуын бақылауды жүзеге асыратын ережелер бұзылған жағдайда - осы органдар;";
      9) 630-бапта:
      бiрiншi бөлігінде: "Кодекстiң" деген сөзден кейiн "447, 447-1, 447-2, 447-3, 447-4," деген цифрлармен толықтырылсын;
      "462" деген цифрдан кейiн "463 (екінші және үшiншi бөлiктерiнде)" деген сөздермен толықтырылсын;
      екiншi бөлігінде "Шағын көлемдi кемелер жөніндегі мемлекеттік инспекцияның" деген сөздер "көлік бақылау органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      10) 636-бапта:
      1-тармақтың 1) тармақшасының он тоғызыншы абзацындағы "445" деген цифрдан кейiн "447, 447-1, 447-2, 447-3, 447-4, 461 (алты тире бір

 

бөлігі), 463 (екiншi және үшiншi бөлiктерi), 467-1" деген цифрлармен және

сөздермен толықтырылсын;

     2-тармақтың екiншi абзацында "көлік бақылау инспекторының" деген

сөздер "лауазымды адамдарының" сөздерімен ауыстырылсын, "457" цифрынан

кейiн "477 (төртінші бөлiгi), 478, 479, 480 (үшінші, төртінші бөліктерi),

481 (автомобиль көлiгiнде және электр көлiгінде құқық бұзушылықтар

жасағаны үшін) - баптары" деген цифрлармен және сөздермен толықтырылсын.

     2-бап. Осы Заң жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының

            Президентi



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады