"Батыс" ашық акционерлiк қоғамы тартқан, мемлекет кепілдік берген қарыздың кейбiр мәселелерi туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 11 қазан N 1114

      Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 19 қарашадағы N 0000019 мемлекет кепiлдiк берген Франция кредит желiсi шеңберінде "Батыс" ашық акционерлік қоғамы (бұдан әрi - "Батыс" ААҚ) тартқан, мемлекет кепілдiк берген қарыз жөніндегi міндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз ету және оны орындауға республикалық бюджеттен жiберiлген қаражатты қайтару, сондай-ақ Орал қаласында спирт өндiрiсi жөніндегi зауыт құрылысын аяқтау мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгіленген тәртiппен:
      1) "Қазақстан Эксимбанкi" жабық акционерлiк қоғамымен (келiсiм бойынша) "Батыс" ААҚ-пен жасалған, 1996 жылғы 26 шiлдедегi N 2515/Кд-в Кредит шарты және 1999 жылғы 30 сәуiрдегi N 7-13/Дз-в кепiл шарты бойынша талап қою құқықтарын берудi көздейтiн келiсiмдер жасасын;
      2) "Батыс" ААҚ-тың кепiлге салынған мүлкiн республикалық меншiкке өндiрiп алу жолымен 1999 жылғы 30 сәуiрдегi N 7-13/Дз-в кепiл шарты бойынша құқықтарды iске асырсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен спирт өндірісі жөніндегі зауыт құрылысын аяқтау шартымен "Батыс" ААҚ-тың өндіріп алынған мүлкін сату жөнінде коммерциялық тендер өткізсін. <*>
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2004.04.22. N 455 қаулысымен .
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады