Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қазандағы N 1114 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 22 сәуірдегі N 455 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Батыс" ашық акционерлік қоғамы тартқан, мемлекет кепілдік берген қарыздың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қазандағы N 1114  қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен спирт өндірісі жөніндегі зауыт құрылысын аяқтау шартымен "Батыс" ААҚ-тың өндіріп алынған мүлкін сату жөнінде коммерциялық тендер өткізсін.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады