"Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 30 қазан N 1151

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 37-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 93-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 236-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 7, 80-құжат; N 11, 144-құжат; N 12, 184-құжат; N 13-14, 195, 205-құжаттар; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 14, 201-құжат; N 16, 219-құжат; N 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; N 23, 416-құжат; N 24, 452-құжат; 1999 ж., N 20, 721, 727-құжаттар; N 21, 787-құжат; N 22, 791-құжат; N 23, 931-құжат; N 24, 1066-құжат; 2000 ж., N 10, 248-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52, 54-құжаттар; N 13-14, 173, 176-құжаттар; N 23, 324-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат);
      9-баптың 1-тармағының 32) тармақшасында "этил спиртін сақтау мен сату," деген сөздер алынып тасталсын.

      2. "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 20, 720-құжат):
      1) 1-бапта:
      4) тармақшада "бөлшек сауда - өткізу" деген сөз бөлшек саудада өткізу - сату" деген сөзбен ауыстырылсын;
      5) тармақшада:
      "тағамдық емес шикізат, сондай-ақ коньяктік және жүзімдік спирттер" деген сөздер "төте немесе қосарлы айдау жолымен шарап материалынан және тағамдық емес шикізаттан өзге де жолмен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 14), 15), 16) және 17) тармақшалармен толықтырылсын:
      "14) мемлекет меншігіне өткен этил спирті немесе алкоголь өнімі - сот шешімі негізінде тәркіленген, мемлекет меншігіне өтеусіз өткен, мемлекет пайдасына тауардан бас тарту кеден режимінде ресімделген этил спирті немесе алкоголь өнімі;
      15) пластикалық сыйымдылық - полиэтилен, полистирол және өзге полимерлік материалдар негізіндегі тұтыну ыдысы;
      16) құрастырылып жасалған ыдыс - ішкі беті тағамдық полимерлік материалдан жасалған, құрастырылған полимерлік материалдан жасалған тұтыну ыдысы;
      17) есепке алу-бақылау таңбасы - алкоголь өнімін есепке алу және оның айналымын бақылауды жүзеге асыру мақсатымен алкоголь өнімін (сырадан басқа) сәйкестендіруге арналған өзі желімделінетін жапсырма;";
      2) 5-бапта:
      1-тармақтың 10) тармақшасында "өңделген" сөзі алынып тасталсын;
      6-тармақта:
      "және шөлмекке құймай тұрып кем дегенде міндетті түрде 2 жыл ұсталған" деген сөздер ", сондай-ақ қолданыстағы МемСт-қа сәйкес құймай тұрып ұсталған жүзімнің мускат сорттарынан жасалған құрғақ асхана шараптары, күшті және десерт шараптары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      11-тармақта "су қосылған" деген сөздерден кейін ", күштілігі 18%-тен аспайтын" деген сөздермен толықтырылсын;
      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "12. Шарап материалы - этил спиртінің көлемдік үлесі 1,5 проценттен асатын шарап дайындау немесе құйып қоюға арналған, ашытуды тоқтату тәсіліне тәуелсіз, ашытылған немесе ашыту процесіндегі жүзім шикізаты, жеміс-жидек сусыны.";
      2) 7-бапта:
      2-тармағында "жасайды" деген сөзден кейін "және бекітеді" деген сөздермен толықтырылсын;
      5-тармақта "басқа" деген сөзден кейін "қос тотықты көміртекпен қанықтырылған" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) 9-бапта:
      2-тармақта:
      2) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) алкоголь өнімін (сырадан басқа) акциздік алым таңбаларынсыз есеп-бақылау таңбаларынсыз өткізуге;";
      5) алкоголь өнімін қаңылтыр сыйымдылықта (сырадан және этил спиртінің көлемдік құрамы 12%-тен кем әлсіз алкогольді ішімдіктерден басқа), құрастырылып жасалған полимерлік ыдыста, этикеткасы жоқ шөлмектерде және пластикалық сыйымдылықтарда өткізуге;";
      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Этил спирті мен алкоголь өнімі айналымының тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.";
      5) 10-бапта:
      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Этил спиртін импорттау өңдеуге этил спирті пайдаланылатын алкоголь өнімін өндіруге арналған лицензиясы болған жағдайда, алкоголь өнімінің импортына лицензия бойынша жүзеге асырылады.
      Шарап материалын импорттау өңдеуге шарап материалы пайдаланылатын алкоголь өнімін өндіруге арналған лицензиясы болған жағдайда, шарап материалының импортына лицензия бойынша жүзеге асырылады.
      Алкоголь өнімін импорттау алкоголь өнімінің импортына лицензия бойынша алкоголь өнімін (сырадан басқа) өндіруге, немесе сақтау, көтерме өткізуге арналған лицензиясы болған жағдайда жүзеге асырылады.
      2. Этил спиртін өндіруге лицензия болған жағдайда ғана этил спиртін экспорттауға рұқсат етіледі.
      Алкоголь өнімін өндіру, алкоголь өнімін сақтау, көтерме өткізуге арналған лицензиялардың болуы алкоголь өнімін (сырадан басқа) экспортқа шығаруға құқық береді.";
      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      "5. Айналымына осы Заңның 9-бабының 2-тармақпен тыйым салынған этил спирті мен алкоголь өнімін Қазақстан Республикасына әкелуге тыйым салынады.";
      6) 11-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Этил спиртін өткізуге тек этил спиртін өндірушілер өндіріс орналасқан жердегі қойма жайларынан жүзеге асыруға құқылы.";
      7) 12-бапта:
      1-тармақта "шаруашылық жүргізуші" деген сөздер "тұлғалар" деген сөзбен ауыстырылсын, "өздерінің бөлшек" деген сөздер алынып тасталсын;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Алкоголь өнімін (сырадан басқа) сақтау, көтерме өткізуге арналған лицензиясы бар импорттаушы мен тұлғалар алкоголь өнімін  (сырадан басқа) сақтау, көтерме және бөлшек өткізуге арналған тиісті лицензиясы бар тұлғаларға ғана алкоголь өнімін өткізуге құқылы.";
      3-тармақ алынып тасталсын;
      8) 15-бапта:
      1-тармақта:
      1) тармақша "этил спирті және алкоголь өнімінің өндірісі мен импортына -" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) тармақшада "алкоголь өнімінің бөлшек саудасы үшін" деген сөздер "алкоголь өнімін (сырадан басқа) сақтау, көтерме және бөлшек өткізуге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Этил спиртін өндіруге арналған лицензия өндірілу орнынан этил спиртін сақтау және өткізуге құқық береді.
      Алкоголь өнімін өндіру лицензиясы алкоголь өнімін сақтау, көтерме өткізуге, сондай-ақ алкоголь өнімін фирмалық мамандандырылған дүкендер арқылы өткізуге лицензиясы бар тұлғаларға
ғана өзі өндірген этил спиртін сақтау, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізуге құқық береді.";
      5-тармақ алынып тасталсын;
      6-тармақта:
      3) және 6) тармақшалар алынып тасталсын;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) алкоголь өнімін (сырадан басқа) сақтау, көтерме және бөлшек өткізу;";
      9) 18-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруге, этил спитін сақтау және сатуға, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және бөлшек саудамен сатуға (сырадан басқа) лицензия беру кезінде тұлғалардың біліктілік талаптарына сай екендігін анықтау үшін зерттеуді белгіленген тәртіппен уәкілетті орган аккредитациялаған жеке, заңды тұлғалар жүргізеді.";
      10) 19-бапта:
      1-тармақта:
      бірінші абзацтағы "этил спиртін сақтау мен өткізуге, алкоголь
өнімін сақтау мен өткізуге" деген сөздер "алкоголь өнімін (сырадан басқа) сақтау, көтерме және бөлшек өткізуге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "14) осы Заңның 15-бабының 6-тармағында көзделген қызмет түрлеріне лицензиясы жоқ тұлғалардан этил спирті мен аклоголь өнімін сатып алғанда";
      11) 20-бапта:
      1-тармақта:
      бірінші абзацтағы "алкоголь өнімі мен этил спиртін сақтау және өткізуге" деген сөздер "алкоголь өнімін (сырадан басқа) сақтау, көтерме және бөлшек өткізуге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) лицензиаттың жыл ішінде осы Заңды немесе лицензиар лицензияның күшін тоқтата тұрған лицензиялау ережелерін қайталап бұзуы;";
      12) 21-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген Ережелерге сәйкес мемлекет меншігіне өткен этил спирті мен алкоголь өнімі пайдаланылады немесе жойылады.".

      2-бап. Осы Заң қолданысқа енгізілген сәтте лицензиялары бар жеке және заңды тұлғалар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай мерзімде өз қызметін осы Заңға сәйкес келтіруге міндетті.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады