Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 қаңтардағы N 118 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 28 желтоқсан N 118в

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 1715 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 қазандағы N 1128 қаулысының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің республикалық бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 қаңтардағы N 118 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 550307 мың теңге (бес жүз елу миллион үш жүз жеті мың теңге).";
      6-тармақ кестесінің "Бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру жөніндегі іс-шара" деген 5-бағанындағы "170" сан "150" деген санмен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады