Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру енгiзу туралы" Заңның жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы "Лицензиялау туралы"
Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру енгiзу туралы
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнің Ведомостары, 1995 ж., N 3-4, 37-құжат; N 12, 88-құжат; N 14-құжат, 93-құжат; N 15-16, 109-құжат, N 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 236-құжат; 1996 ж., N 1-2, 8-құжат; N 7, 80-құжат; N 11, 114, 149-құжаттар, N 12, 184-құжат; N 13-14, 195, 205, 322, 333-құжаттар; 1998 ж., N 14, 201-құжат; N 16, 219-құжат; N 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; N 23, 416-құжат; N 24, 452-құжат; 1999 ж., N 20, 721, 727-құжаттар; N 21, 787-құжат; N 22, 791-құжат; N 23, 931-құжат; N 24, 1066-құжат; 2000 ж., N 10, 248-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52, 54-құжаттар; N 13-14, 173, 176-құжаттар; 2002 жылғы 29 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сауда мақсатында теңiзде жүзу мәселелерi бойынша кейбiр толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңы ) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
9-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 54) тармақшамен толықтырылсын:
"54) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасын дайындау, олар бейнеленген материалдық объектiлердi жасау, сондай-ақ оларды кез келген материалдық нысанда шығару".
Қазақстан Республикасының
Президентi