Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 14 қараша N 1211

      "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңына , "Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің қаражатын пайдаланудың тәртібін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 қыркүйектегі N 1408 қаулысына сәйкес сот шешімдерін орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. 2002 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне сот шешімдері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің, орталық мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің міндеттемелерін өтеуге Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен Қ.О.Омаровтың пайдасына 4750706 (төрт миллион жеті жүз елу мың жеті жүз алты) теңгені және Астана қаласының Сарыарқа ауданы заң консультациясының пайдасына 235183 (екі жүз отыз бес мың бір жүз сексен үш) теңгені өндіріп алу туралы Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының 2001 жылғы 19 шілдедегі шешімін орындау үшін 4985889 (төрт миллион тоғыз жүз сексен бес мың сегіз жүз сексен тоғыз) теңге бөлінсін.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады