Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Оңтүстік Қазақстан облысының әкіміне 2002 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен Керейіт, Мыңбай елді мекендеріндегі Арыс өзені арқылы екі көпірді, Құлан бөгетін, Т.Рысқұлов, Жамбыл, Жаскешу, Балықты елді мекендеріндегі инфрақұрылым мен коммуникацияларды қалпына келтіруге 25 (жиырма бес) миллион теңге бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі