"Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Заңына және "Экспорттық бақылауға жататын өнiмдер транзитiнің кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1143 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Ресей Федерациясынан Өзбекстан Республикасына 2002 жылғы 14 ақпандағы N 09/2002-Э келiсiм-шарт бойынша қосымшаға сәйкес номенклатура бойынша және санда "Взрывпром" ашық акционерлiк қоғамына (Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласы) "Искра" Новосибирск механикалық зауыты" федералдық мемлекеттiк бiртұтас кәсiпорны (Ресей Федерациясы, Новосибирск қаласы) беретiн жарылғыш материалдардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитiне рұқсат берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттiгi, Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi және Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгі заңнамада белгіленген тәртіппен жарылғыш материалдардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитiн бақылауды қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi осы қаулыны iске асыру мақсатында қажеттi шаралар қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Mинистрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 25 қарашадағы
N 1249 қаулысына
қосымша
2002 жылғы 14 ақпандағы N 09/2002-Э келiсiм-шарт бойынша
"Взрывпром" ашық акционерлiк қоғамы үшін (Өзбекстан
Республикасы, Ташкент қаласы) "Искра" Новосибирск механикалық
зауыты" (Ресей Федерациясы, Новосибирск қаласы) федералдық
мемлекеттiк бiртұтас кәсіпорыны беретiн тауарлардың саны
------------------------------------------------------------------
р/с! Тауардың атауы ! СЭҚ ТН ! Өлшем ! Саны !Бірлігінің! Құны
N ! ! коды !бірлігі! !бағасы АҚШ!АҚШ дол.
! ! ! ! !долларымен!ларымен
-------------------------------------------------------------------
1 ДШН-8, 360300100 Мың м. 400,0 140,0 56000,0
MEMCT 6196-78
тұтандырғыш бау
2 Электрлі емес 360300900 Дана 150,0 1,46 219,00
жарылысқа себепші
жүйе ЭЖСЖ-П-8ДИШВ
773979. 008ТУ
3 Электрлі емес 360300900 Дана 120,0 2,25 270,00
жарылысқа себепші
жүйе ЭЖСЖ-С-500-20
ДИШВ 773979. 007ТУ
Жиыны: 56489,0
-------------------------------------------------------------------
Жөнелту пункті: Пашино станциясы, Батыс Сiбiр темiр жолы (Ресей Федерациясы).
Баратын пункті: Бұхара-1 станциясы, Өзбек темiр жолы (Өзбекстан Республикасы).
Шекаралық өту пункттерi: Локоть станциясы - Шеңгелдi станциясы.