Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының қызметкерi қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын aтқapу қезеңiнде қаза тапқан (өлген) немесе мертiккен жағдайда және қайтыс болған немесе қаза болған қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi мен зейнеткерлерiн жерлеу үшiн бiржолғы өтемақы төлеу ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 қарашадағы N 1260 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 қазандағы № 1192 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.10.20 № 1192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 шiлдедегi Заңының 20-бабын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының қызметкерi қызметтік мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезеңiнде қаза тапқан (өлген) немесе мертiккен жағдайда және қайтыс болған немесе қаза болған қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi мен зейнеткерлерiн жерлеу үшiн бiржолғы өтемақы төлеу ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Yкіметiнiң      
2002 жылғы 26 қарашадағы
N 1260 қаулысымен   
бекiтiлген     

Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының
қызметкерi қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтік
борышын атқару кезеңiнде қаза тапқан (өлген) немесе
мертiккен жағдайда және қайтыс болған немесе қаза болған
қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi мен
зейнеткерлерiн жерлеу үшiн біржолғы өтемақы төлеу
ережесi

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының қызметкерi қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезеңiнде қаза тапқан (өлген) немесе мертiккен жағдайда және қайтыс болған немесе қаза болған қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi мен зейнеткерлерiн (бұдан әрi - қызметкерлер мен зейнеткерлер) жерлеу үшiн бiржолғы өтемақы төлеу тәртiбiн айқындайды.

      2. Бiржолғы өтемақы төлеудi қаржы полициясы органының қаржы бөлiмшесi қаржы полициясы органы жетекшiсiнiң бұйрығы негiзiнде осы мақсаттарға республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен, заңнамада белгiленген тәртiппен өтiнiш берiлген сәттен бастап екi ай iшiнде банктегi немесе банктiк операциялардың тиiстi түрлерiне арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйымдардағы (бұдан әрi - банктер) алушының жеке шотына немесе карта-шотына аудару жолымен жүргiзедi.
      Кәмелетке толмаған алушыға бiржолғы өтемақыны төлеу оның өтiнiштегi көрсетiлген шотына, бұл туралы қамқоршылық және қорғаншылық органдарына және оның заңды өкiлдерiне өтiнiш берiлген сәттен бастап екi ай iшiнде бiр мезгiлде хабарлай отырып, бюджеттiк ақша аудару жолымен жүргiзiледi.

      3. Қаржы полициясы органдарының кадр бөлiмшелерi мiндетті түрде қызметкерлерге немесе бiржолғы өтемақы алуға құқығы бар адамдарға олардың 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бiржолғы өтемақы төлеуге арналған өтiнiш беру қажеттігi туралы жазбаша хабарлайды.

      4. Бiржолғы өтемақы алу үшiн қызметкер немесе оны алуға құқығы бар әрбiр адам қаржы полициясы органының кадр бөлiмшесiне мынадай құжаттарды ресiмдейдi және ұсынады:
      1) қызметкер қызметтiк мiндеттерiн не қызметтiк борышын атқару кезiнде қаза тапқан (өлген) не қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезiнде алған жарақаты салдарынан қызметтен босатылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайтыс болған жағдайда:
      белгiленген нысандағы өтiнiштi;
      өлiмi туралы куәлiктiң нотариалды расталған көшiрмесiн;
      егер төлем жасауға өтiнiш берушi қаза болғанның (қайтыс болғанның) мұрагерi болып табылса, мұрагерлiкке құқығы туралы куәлiктi;
      алған жарақаты салдарынан қызметтен босатылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайтыс болған қызметкердiң қаза табу (өлу) фактiсi бойынша, бұдан басқа әскери-дәрiгерлiк комиссия (бұдан әрi - ӘДҚ) қорытындысының көшiрмесi берiледi;
      2) қызметкерге жарақаты, жаралануы (контузия алуы), мертiгуi, aуpуы нәтижесiнде болған мүгедектiк белгiленген кезде:
      белгiленген нысандағы өтiнiштi;
      денсаулығына келтiрiлген зақымның фактiсiн растайтын ӘДК берген қорытындының көшiрмесiн;
      халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшесiнiң мүгедектiк туралы анықтамасының көшiрмесiн;
      3) қызметкер мүгедектiкке әкеп соқпаған ауыр, орташа немесе жеңiл мертiккен жағдайда:
      белгiленген нысандағы өтiнiштi;
      ӘДК-ның мертiгу ауыртпалығы туралы қорытындысының көшiрмесiн;
      4) қайтыс болған немесе қаза болған қызметкерлер мен зейнеткерлердi жерлеу үшiн:
      белгiленген нысандағы өтiнiштi;
      қайтыс болғандығы туралы куәлiктiң нотариалды расталған
көшiрмесiн.

      5. Қызметкер немесе бiржолғы өтемақы алуға құқығы бар адам бiржолғы өтемақы төлеу туралы өтiнiш жасаған кезде қаржы полициясы органының кадр бөлiмшесi осы Ереженiң 4-тармағында көрсетiлген құжаттардың толықтығы мен дұрыс ресiмделгендiгiн тексеруге және өтiнiштi бiржолғы өтемақы төлеуге арналған өтiнiштердi тiркеу журналында (2-қосымша) тiркеуге, сондай-ақ қаза болғанның (қайтыс болғанның) қызмет өткерген орнынан қаза табуының (өлiмiнiң) немесе мертiгуiнiң жағдаяттары туралы қызметтiк тексеру қорытындысын және қаржы полициясы органы қаржы бөлiмшесiнiң төлеуге тиесiлi бiржолғы өтемақы сомасы туралы анықтамасын талап етуге мiндеттi.
      Осы Ереженiң 4-тармағында көрсетiлген тиiстi құжаттар толық ұсынылмаған және (немесе) олар дұрыс толтырылмаған жағдайда өтiнiш тiркелмеуге тиiс, ол туралы өтiнiш берушiге хабарланады.

      6. Қайтыс болған немесе қаза болған қызметкерлер мен зейнеткерлердi жерлеу үшiн, сондай-ақ қызметкерлер қаза тапқан (өлген) немесе мертiккен жағдайда бiржолғы өтемақы төлеу жөнiндегi жұмысқа жалпы басшылық етудi қаржы полициясы органдарының басшысы жүзеге асырады.

Ережеге   
1-қосымша 

Кiмге __________________________________
        (лауазымы, арнайы атағы)    

________________________________________
мекеме (ұйым) басшысының тегi, аты-жөнi

кiмнен _________________________________
       (өтiнiш берушiнiң тегi, аты-жөнi)

________________________________________
_____________________________ мекен-жайы
бойынша тұратын өтiнiш жасаушының      
СТН N___________________________________

Бiржолғы өтемақы төлеуге арналған өтiнiш

Сiзден ___________________________________________________________
       (бiржолғы өтемақы төленуi тиiс оқиғаның сипаты көрсетiледi)

__________________________________________________________________
байланысты маған бiржолғы өтемақы төлеуiңiздi өтiнемiн.

Маған тиiстi соманы ______________________________________________
__________________________________________________________________
   (банктiң атауы, банктiң CTH-i, банктiң МФО-сы, алушының жеке
          шотының немесе карта-шотының N көрсетiледi)

_____________________________________________ аударуды сұраймын.

      Өтiнiшке мынадай құжаттарды қоса берiп отырмын:

1. ______________________________________________________________

2. ______________________________________________________________

3. ______________________________________________________________

Өтiнiш иесiнiң қолы __________________

200__ жылғы "__"______________________

      Құжаттар 200_ жылғы "__"____________ қабылданды.

      Қолы ___________________________________________
              (құжаттарды қабылдаған адамның қолы)

Ережеге   
2-қосымша 

Бiржолғы өтемақы төлеуге арналған өтiнiштердi тiркеу
журналы

------------------------------------------------------------------
  Өтiнiштiң  !Мертiккен, оның!Бiржолғы өтемақы!Бiржолғы!Бiржолғы
келiп түскен ! iшiнде қайтыс !алушының T.А.Ә. !өтемақы !өтемақының
    күнi     !болған қызмет. !   және оның    !төлеу   !сомасы
             !кердiң Т.А.Ә.  !   мекен-жайы   !себебi  !
             !  және оның    !                !        !
             !  мекен-жайы   !                !        !
-------------------------------------------------------------------
      1      !        2      !        3       !    4   !     5
-------------------------------------------------------------------
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады