"Байқоңыр" ғарыш айлағынан зымырандарды сынақтық ұшырудың 2002 жылғы екінші жарты жылдыққа арналған жоспары бойынша қорытындыны бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 2 желтоқсан N 1276

      Қазақстан Республикасының Yкiметі қаулы етеді:

      1. Қоса берiліп отырған "Байқоңыр" ғарыш айлағынан зымырандарды сынақтық ұшырудың 2002 жылғы екiншi жарты жылдыққа арналған жоспары бойынша қорытынды (бұдан әрi - Қорытынды) бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі Қорытындыны Ресей тарапына дипломатиялық арналар бойынша жiберсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2002 жылғы 2 желтоқсандағы
N 1276 қаулысымен    
бекітілген        

"Байқоңыр" ғарыш айлағынан зымырандарды сынақтық ұшырудың
2002 жылғы екiншi жарты жылдыққа арналған жоспары бойынша
қорытынды

      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық жөнiндегі үкiметаралық комиссияның 2002 жылғы 19 ақпандағы ұсынымын және Ресей тарапының Америка Құрама Штаттарына СШҚ туралы шартқа байланысты жаңартылған деректердi белгілеу жөнiндегi уағдаластық туралы меморандум бойынша деректердi жарты жылдық алмасу туралы хабарлама жолдағаны туралы ақпаратты ескере отырып, Қазақстан Республикасының Yкіметi "Байқоңыр" ғарыш айлағынан зымырандарды сынақтық ұшырудың 2002 жылғы екiншi жарты жылдыққа арналған жоспарын келіседi.
      Бұл ретте Қазақстан Республикасының Үкiметi Ресей тарапының назарын көрсетiлген хабарламаның Қазақстан тарапымен белгіленген тәртіппен келiсiлмегендігіне аударады. Бұдан басқа, "Байқоңыр" ғарыш айлағындағы құрлықаралық баллистикалық зымырандардың шахталық ұшыру қондырғыларының (бұдан әpi - ҚБЗ ШҰҚ) құқықтық мәртебесiн түпкiліктi шешу инспекциялық және хабарламалық қызметті келiсудi және Ресей тарапының:
      1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкiметі мен Peceй Федерациясының Үкiметі арасындағы "Байқоңыр" кешенiн жалға алу шартына сәйкес оларды мақсатты пайдалану аяқталған соң ҚБЗ ШҰҚ-ты жою жөнiндегі;
      аталған ҚБЗ ШҰҚ орналасқан жерлердегі жер телiмдерiн қайта өңдеу жөнiндегі жұмыстарды қаржыландыру және жүргізу жөнiндегі кепiлдіктер беруiн қамтуы тиiс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады