"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне жер қатынастарын реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 4 желтоқсан N 1280

      Қазақстан Республикасының Yкіметi қаулы етеді:

      "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне жер қатынастарын реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  Жоба

   Қазақстан Республикасының Заңы

Жер қатынастарын реттеу мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

       1 бап. Қазақстан Республикасының келесi заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. "Шаруа (фермер) қожалығы туралы" 1998 жылғы 31 наурыздағы Қазақстан Республикасы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 2-3, 26-бап; 2001 ж., N 24, 339-бап):
      1) 1-баптың 5-тармағының екiншi бөлiгiндегi "Құқық мұрагерi атына жер туралы заңдарға сәйкес жер пайдалану құқығына мемлекеттiк акт берiледi" деген сөздер алынып тасталсын;
      2) 2-бапта "жер пайдалану" деген сөздер "жер учаскесiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 5-баптың атауында және баптың әрi қарай мәтiнi бойынша "жер пайдалану" деген сөздер "жер учаскесiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) II тараудың шаруа (фермер) қожалығының жер пайдалану құқығы атауындағы "жер пайдалану" деген сөздер "жер учаскесiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Шаруа (фермер) қожалығын жүргiзу үшiн жер учаскелерi Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке меншiк құқығымен немесе 49 жыл мерзiмiне дейiн уақытша жер пайдалану құқығымен берiледi. Отарлы мал шаруашылығын (маусымды жайылымдар) жүргiзу үшiн жер учаскелерi уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен берiлуі мүмкін.
      Шаруа (фермер) қожалығын жүргiзу үшiн жер учаскесiне жеке меншiк құқығын беру ақы төлеу негiзiнде жүзеге асырылады. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының азаматтары жер учаскесiне жеке меншiк құқығын Қазақстан Республикасының жер заңнамаларына сәйкес анықталатын оның толық кадастрлық (бағалау) құнына тең болатын бағамен немесе жеңiл бағалармен алуы мүмкiн.
      Жер учаскесiн сатып алу сомасын төлеу, жер учаскесiн жеке меншiкке алатын тұлғаның жазба түрiндегi өтiнiшi бойынша, он жыл мерзiмге дейiн ұзартылып берiлуi мүмкiн.
      2. Шаруа (фермер) қожалығын жүргiзу үшiн жер учаскесiн алуға арнаулы ауыл шаруашылық бiлiмi мен бiлiктiлiгi бар, ауыл шаруашылығында iстеген жұмыс тәжiрибесi бар және сол ауданда, қалада, поселкеде, ауылда (селода) тұратын азаматтар басым құқықты болады.
      3. Қайта құрылатын мемлекеттiк ауыл шаруашылық ұйымдарының құрамынан шаруа (фермер) қожалығын жүргiзу үшiн шығатын азаматтарға аталған ұйымдардың жерiнен жер учаскелерi берiледi, олардың кадастрлық бағасы шаруашылық бойынша (алқаптар бойынша) орта деңгейде болуға тиiс.
      4. Өздерiне тиесілi жер учаскелерiне құқықтарды, соның iшiнде шартты үлестiк жер құқығын шаруашылық серіктестіктерінің жарғылық капиталына үлес ретiнде немесе өндiрiстiк кооперативтерге жарма ретiнде берген азаматтар шаруа (фермер) қожалығын жүргiзу үшiн қатысушылар (мүшелер) құрамынан шыққан жағдайда жер үлесiнiң немесе пайының бағасын өтеп алуға, немесе оларды нақты түрiнде қайтарып алуға құқығы бар.
      Yлес немесе пайды нақты түрiнде қайтарып беру шаруашылық серiктестiгi қатысушысының немесе өндiрiстiк кооперативтiк мүшесiнiң талабы бойынша және шаруашылық серiктестiгiнiң немесе өндiрiстiк кооперативтiң келiсiмiмен жүзеге асырылады.
      Шаруашылық серiктестiгiнiң қатысушысымен немесе өндiрiстiк кооперативтiң мүшесiмен жарғылық капиталына тек қана пайдалануға берiлген жер учаскесi нақты түрiнде өтемсiз қайтарылады.
      Қатысушылар (мүшелер) құрамынан шығатын және жер учаскесiн бөлу туралы өтiнiшi ауыл шаруашылық ұйымына берiледi.
      Шаруа (фермер) қожалығын ұйымдастыру үшiн үлес немесе пай есебiндегi жер учаскесiнiң нақты орналасатын жерi шаруашылық серiктестерiнiң, өндiрiстiк кооперативтердiң құрылтай құжаттарында қарастырылған тәртiбiмен немесе екi жақтың келiсiмiмен анықталады.
      Жер учаскесiн беру (бөлу) тәртiбi құрылтай құжаттарында болмаған жағдайда, осы баптың 5 тармағының нормалары қолданылады.
      5. Yлестiк меншiктiң (үлестiк жер пайдаланудың) қатысушысы болып табылатын және шаруа (фермер) қожалығын жүргiзу үшiн қатысушылардың құрамынан шығатын азаматтарға үлестiк меншiк (үлестiк жер пайдаланудың) қатысушыларының ортақ жиналысымен бекiтiлген үлестiк меншiкте (үлестiк жер пайдалануда) болған жер учаскесiнiң пайдалану тәртiбiне сәйкес жер учаскелерi берiледi. Yлестiк меншiктiң (үлестiк жер пайдаланудың) қатысушыларын жер учаскелерiн пайдалану тәртiбiн бекiту жөнiндегi алдағы жиналыс туралы ескертудi оны өткiзетiн мерзiмiне дейiн бiр айдан кешiкпей жазбаша қол хат түрiнде жүргiзiледi. Қолайлы ескертiлген жағдайда үлестiк меншiк (үлестi жер пайдаланудың) қатысушыларының немесе олардың өкiлдерiнiң қатысқан санына қарамай жиналыс заңды болып есептеледi. Шешiм жиналысқа қатысқан үлестiк меншiктiң (үлестiк жер пайдаланудың) қатысушылардың 50 пайызы қатысқан жағдайда, жай көпшiлiк дауысымен қабылданады және хаттамамен рәсiмделедi. Хаттамаға барлық қатысқан үлестiк меншiктiң (үлестiк жер пайдаланудың) қатысушылары немесе олардың өкiлдерi қол қояды.
      Жер учаскесiн пайдалану тәртiбi болмаған жағдайда үлестiк меншiктiң (үлестiк жер пайдаланудың) мүдделi қатысушысы жер үлесi (жер үлестері) есебiнде жер учаскесiн бөлiп беру ниетi туралы оның орналасатын жерiн көрсетiп, жазба түрде қалған үлестiк меншiктiң (үлестiк жер пайдаланудың) қатысушыларына хабарлауға мiндеттi. Жер учаскесiнiң орналасқан жерiнiң мәселесi келiсiмдi процедураларды өткiзудiң жолдарымен немесе ортақ меншiктiң (ортақ жер пайдаланудың) немесе олардың өкiлдерiнiң жалпы жиналысы шешiмiнiң негiзiнде шешiледi. Жиналыс ескертiлген уақыттан бiр айдың iшiнде өткiзiлуi тиiс және ортақ меншiктiң (ортақ жер пайдаланудың) немесе олардың өкiлдерiнiң 50% қатысқанда заңды болып саналады. Шешiм жиналысқа қатысқан үлестiк меншiктiң (үлестi жер пайдаланудың) қатысушыларының немесе олардың өкiлдерiнiң қарапайым көпшiлiк дауыстарымен қабылданады және хаттамамен рәсiмделедi. Хаттамаға барлық қатысқан үлестiк меншiктiң үлестi жер пайдаланудың) қатысушылары немесе олардың өкiлдерi қол қояды.
      Yлестiк меншiктiң (үлестiк жер пайдаланудың) қатысушылары қолайлы ескертiлген күнiнен бiр айдың iшiнде қарсы пiкiр бiлдiрмеген жағдайда, жер учаскесiнiң орналасқан жерi туралы азаматтың ұсынысы келiсiлген болып есептеледi.
      6. Осы Заңның 8 бабына сәйкес азаматтың жергiлiктi атқарушы органға өтiнiшi және қосымша бөлiп берiлетiн жер учаскесiнiң орналасқан жерi туралы келiсiлген материалдар оған жер учаскесiне құқық беру үшiн негiз болып табылады.
      7. Шаруа (фермер) қожалығын жүргiзу үшiн жер учаскелерiн алған және ауылда (селода) тұрғын үйi бар азаматтардың үй жанындағы жер учаскесi жеке меншiк құқығымен сақталып қалады, ол шаруа (фермер) қожалығындағы жер учаскесiнiң құрамына кiрмейдi.
      8. Ауыл шаруашылық ұйымдарының қызметкерлерi болып табылмайтын азаматтарға шаруа (фермер (қожалығын жүргiзу үшiн жер учаскелерi арнайы жер қорының жерiнен және босалқы жерден берiледi.";
      6) 7-бапта:
      1-тармақтың бiрiншi абзацындағы "тұрақты" сөзi "уақытша" сөзiмен ауыстырылсын;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Шаруа (фермер) қожалығын жүргiзу үшiн жеке меншiкте және ұзақ мерзiмдi жер пайдалануда болуы мүмкiн ауыл шаруашылық мақсатындағы (ауыл шаруашылық алқаптар) жер учаскелерiнiң шектi (ең үлкен) мөлшерi әкiмшiлiк ауданының ауыл шаруашылық алқаптарының әр түрi жалпы алаңының 1% аспайтын мөлшерiнде белгiленедi.
      Шаруа (фермер) қожалығын жүргiзу үшiн жеке меншiкте және ұзақ мерзiмдi жер пайдалануда болуы мүмкiн ауыл шаруашылық мақсатындағы (ауыл шаруашылық алқаптар) суармалы жер учаскесiнiң шектi (ең үлкен) мөлшерi әкiмшiлiк ауданының ауыл шаруашылық алқаптарының әр түрi жалпы алаңының 0,2% аспайтын мөлшерiнде белгiленедi.";
      7) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      8-бап. "Шаруа (фермер) қожалығын ұйымдастыру үшiн жер учаскесiн беру тәртiбi"
      "1. Шаруа (фермер) қожалығын ұйымдастыру үшiн арнайы жер қорының жерiнен және босалқы жерден жер учаскелерiне құқықтар (жеке меншiкке және (немесе) жер пайдалануға) берiлуге мүдделi азаматтар жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша аудандық (қалалық) жергiлiктi атқарушы органға өтiнiш бередi.
      2. Өтiнiште сұрап отырған жер учаскесiнiң тұрған жерi және алаңы, сондай-ақ шаруа (фермер) қожалығының құрамы көрсетiлуге тиiс.
      Жер учаскесiне құқығын беру туралы өтiнiшке шаруа (фермер) қожалығының басшысы мен мүшелерi қол қояды.
      Өтiнiшке ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзудiң қысқаша бағдарламасы, шаруашылық басшысының ауыл шаруашылығы өндiрiсiндегi жұмыс тәжiрибесiн растайтын еңбек кiтапшасынан көшiрме не тиiстi бiлiмi туралы немесе арнаулы дайындықтан өткенi (жер (шартты жер) үлесiне құқығы жоқ азаматтар үшiн) туралы құжат, салық төлеушiнiң куәлiгi және шаруа (фермер) қожалығы басшысының мекен-жайы қоса берiледi.
      3. Ауыл шаруашылық ұйымдардың құрамындағы жерден және ортақ меншiктегi немесе ортақ жер пайдаланудағы (осы Заңның 6 баптың 3, 4 тармағы және 5 тармақтары) жерлерден шаруа (фермер) қожалығын жүргiзу үшiн жер учаскелерiн алатын азаматтар арызға осы баптың 2 тармағында көрсетiлгеннен басқа, берiлетiн жер учаскесiнiң орналасқан орны туралы келiсiлген материалдарды қосымша бередi.
      Ауыл шаруашылық ұйымға немесе ортақ меншiктiң (ортақ жер пайдаланудың) қатысушыларына шаруа (фермер) қожалығын жүргiзу үшiн жер учаскесiн бөлiп беру туралы азаматтардың өтiнiшi бiр ай мерзiмiнде қаралуға тиiс. Онда жер учаскесiн нақты бөлiп берiлуi ауыл шаруашылық дала жұмыстары басталудың алдында немесе бiткеннен кейiн жүргiзiледi. Басқа жағдайларда жер учаскесiн нақты бөлiнiп берiлуi ауыл шаруашылық ұйымның немесе ортақ меншiк (ортақ жер пайдалануға) қатысушыларының келiсiмiмен жүргiзiледi.
      4. Жер учаскелерiн меншiкке немесе жер пайдалануға берiлуге мүдделi тұлғалардың өтiнiштерiнiң негiзiнде жергiлiктi жер ресурстарын басқару жөнiндегi уәкiлеттi орган аудандық (қалалық) атқарушы органның тапсырмасы бойынша сұралып отырған жер учаскесiн мәлiмдеме бойынша нысаналы мақсатта пайдалану мүмкiндiгiн анықтайды. Жер учаскесiн пайдалану мүмкiндiгi туралы ұсыныстар жергiлiктi атқарушы орган жанындағы комиссияға оны қарауға және қорытындысын дайындау үшiн берiледi.
      5. Аталған Комиссияның қорытындысының негiзiнде жерге орналастыру жобасы және жер заңнамасына сәйкес жер учаскелерiне тиiстi құқықтарды беру туралы аудандық (қалалық) атқарушы органның шешiмiнiң жобасы дайындалады.
      Осы баптың 3 тармағында қарастырылған жағдайларда, жер учаскесiне құқықтарды беру туралы аудандық (қалалық) атқарушы органның шешiмiн қабылдау үшiн комиссияның қорытындысы қажет болмайды. Жер учаскесiне құқықты беру туралы аудандық атқарушы органның шешiмi жерге орналастыру жобасының негiзiнде қабылданады.
      6. Аудандық (қалалық) атқарушы органның жер учаскелерiне құқықты беру туралы шешiмi тиiстi жерге орналастыру жобасы бекiтiлген күннен бip айдың iшiнде қабылданады.
      Жер учаскесiне құқықты бермеу комиссияның қорытындысының негiзiнде аудандық (қалалық) атқарушы органның шешiмiмен рәсiмделедi және шешiмiнiң көшiрмесi тапсырыс берушiге оны қабылдағаннан кейiн жетi күн мерзiм iшiнде тапсырылады.
      7. Жер учаскесiне құқықтарды беру туралы аудандық (қалалық) атқарушы органның шешiмi қабылданғаннан кейiн жерде жер учаскесiнiң шекараларын белгiлеу жүргiзiледi және жер ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық органдары жер учаскесiне құқықты куәландыратын тиiстi құжаттарды бередi (жер учаскесiне жеке меншiк құқығы актiсi; уақытша өтемдi жер пайдалану (жалға алу) актiсi; уақытша өтеусiз жер пайдалану актiсi;).
      8. Жер учаскесiне құқықты куәландыратын құжат шаруа (фермер) қожалығына рәсiмделедi және ол шаруа (фермер) қожалығының басшысына берiледi.
      9. Шаруа (фермер) қожалығының жер учаскесiне құқығы жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркеу жөнiндегi органдарда оны мемлекеттік тiркеуден өткен күннен бастап пайда болады.";
      8) 9 бапта:
      баптың атауында "жер пайдалануы" деген сөздер "жер учаскесi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1 тармақтағы "және тегiн жер пайдалануға уақытша берiлетiн" деген сөздер алынып тасталсын;
      2, 3 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: "2. Шаруа (фермер) қожалығына берiлген жер учаскесi ортақ бiрлескен немесе ортақ үлестiк меншiктiк құқығында болады (ортақ бiрлескен немесе ортақ үлестiк жер пайдалануда)";
      "3. Жеке меншiк құқығына ие шаруа (фермер) қожалығы иелену, пайдалану және билiк ету құқығын өз еркi бойынша мемлекеттік органдардың ешқандай рұқсатынсыз жүзеге асырады.
      Уақытша жер пайдалану құқығына ие шаруа (фермер) қожалығы көрсетiлген құқықтарды Уақытша жер пайдалану туралы шартқа сәйкес жүзеге асырады.
      Шаруа (фермер) қожалығы жеке меншiк құқығындағы өзiнiң жер учаскесiне нысаналы мақсатын өзгертпей заңды актiлермен тыйым салынбаған түрлi мәмiлелердi, соның iшiнде толық құнына сатып алынған жер учаскесiмен оны мемлекеттік тiркеу өткеннен кейiн және жеңiл бағамен сатып алынғанмен, 10 жылдан соң жасай алады.
      Мәмiлелердi жасау, сондай-ақ шаруа (фермер) қожалығын жүргiзу үшiн уақытша жер пайдалану құқығына берiлген жер учаскелерiн екiншi рет жер пайдалануға беруге жол берiлмейдi.";
      4 тармақтағы "Тұрақты құнын" деген сөздер "Жер учаскесiне жеке меншiк құқығы" деген сөздермен ауыстырылсын";
      9) 10 бапта:
      баптың атауындағы "Жер пайдаланушы ретiндегi" деген сөздер "Жердi пайдалану бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1 тармақта:
      4) тармақшадағы "мемлекеттік мұқтажына" деген сөздер "мемлекеттiк қажеттер үшiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) жер учаскесiнiң нысаналы пайдалану мақсатына қайшы келмейтiн жеке меншiк құқығындағы шаруашылықтың қажеттiлiгi үшiн өндiрiстiк құрылыстар мен ғимараттар құндылығы өз алқаптарда салынады;"
      10) 12 бапта:
      баптың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "12 бап. Шаруа (фермер) қожалығының жер учаскесiне жеке меншiк құқығын және жер пайдалану құқығын тоқтату";
      1 бапта:
      бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жер учаскесiне жеке меншiк құқығы және жер пайдалану құқығы:";
      екiншi абзацтағы "жер пайдалану құқығынан" деген сөздердiң алдында "жер учаскесiне жеке меншiк құқығы немесе" деген сөздермен толықтырылсын;
      үшiншi абзацтағы "жер пайдалану құқығын" деген сөздер "жер учаскесiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртiншi абзацта "мiндеттемелерi бойынша" деген сөздерден кейiн "жер учаскесiне немесе" сөздермен толықтырылсын;
      2 бапта "жер пайдалану құқығы берiлген сәттен бастап үш жыл iшiнде" деген сөздер "жер пайдалану құқығы берiлген сәттен бастап бiр жыл iшiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      11) 17 баптың 1 тармағындағы "жер пайдалану құқығын" деген сөздер "жер учаскесiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      12) 18 баптың 1 тармағынан 1) тармақша алынып тасталсын;
      13) 20 бапта:
      1 тармақтағы "тоқтатылған" деген сөзден кейiн "жер учаскесiне жеке меншiк құқығы немесе" деген сөздермен толықтырылсын;
      4 тармақтағы "жер пайдалану" деген сөздер "жер учаскесiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесi туралы" 1998 жылғы 20 мамырдағы Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 7-8, 79 бап):
       3-1 баптың 3 тармағындағы "уақытша өтеусiз жер пайдалану, жер пайдалану құқығын сатып алусыз жүргiзiледi" деген сөздер "eгep жер пайдалану құқығы мемлекеттен сатып алынбаса, жер пайдалануға өтемсiз асырылады" деген сөздермен ауыстырылсын.
      3. "Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы" 1998 жылғы 1 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 14, 200 бап; N 22, 308 бап; N 24, 443 бап 2001 ж., N 13-14, 173, 176 бап):
      2 бапта 2 тармағындағы 2 бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қала маңындағы аймаққа кiретiн жердi пайдаланудың тәртiбi мен режимiн аумағы қала маңындағы аймаққа кiретiн облыстық атқарушы органының келiсiмiмен қаланың атқарушы органының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi".
      4. "Бюджет жүйесi туралы" 1999 жылғы 1 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 7, 225 бап; N 20, 731 бап; N 21, 783 бап; N 23, 916, 928, 930 бап; 2000 ж., N 21, 395 бап; 2001 ж., N 1, 6 бап; N 10, 123 бап; N 23, 310 бап; "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правдада" жарияланған, "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2002 жылғы 31 қазандағы N 351 Қазақстан Республикасының  Заңы ):
      9 баптың 1 тармағының 23 абзацы келесiдей редакцияда жазылсын:
      "республикалық деңгейде жер қатынастарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету бойынша шаралар";
      11 баптың 1 тармағының 1) тармақшасында:
      б) бөлiмiнiң "салық төлемдерi емес түсiмдер" абзацы келесiдей мазмұнда толықтырылсын:
      "жер учаскелерiн жалға алу құқығын сатқандағы төлем";
      в) бөлiмiнiң үшiншi абзацында "капиталмен операциялардан табыс" "және тұрақты жер пайдалану құқығы" деген сөздер "ауыл шаруашылық мақсатындағы жерден басқасы" деген сөзбен ауыстырылсын;
      12 баптың 1 тармағы мынадай редакциядағы абзацтармен толықтырылсын: "жер қатынастарын жергiлiктi деңгейде жүзеге асыруды қамтамасыз ету бойынша шаралар;".
      5. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" (Салық кодексi) 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168 бап; 2002 ж., N 6, 73, 75 бап):
      1) 379 баптың 1 тармағында:
      1 бiрiншi бөлiгiнде "салықтардың келесi түрлерi" деген сөздерден кейiн "және жер учаскесiн пайдалану үшiн төлемi" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) тармақшасындағы "жер салығын" деген сөздерден кейiн "және жер учаскелерiн пайдалану үшiн төлемi" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 386 баптағы "салықтарды" деген сөзден кейiн "және жер учаскесiн пайдалану үшiн төлемi" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 387 баптың 1 тармағының екiншi абзацында "салықтар" деген сөзден кейiн "және жер учаскесiн пайдалану үшiн төлемдi" деген сөзбен толықтырылсын;
      4) 388 бапта:
      баптың атауында "салықтарды" деген сөзден кейiн "және жер учаскесiн пайдалану үшiн төлемi" деген сөзбен толықтырылсын;
      1 тармақтағы "жер салығы" деген сөздерден кейiн "және жер учаскесiн пайдалану үшiн төлемi" деген сөздермен толықтырылсын;
      2 тармақтың бiрiншi абзацындағы және 3) тармақшасындағы, 3, 4, 5 тармақтарында "салықтарды", "салықтарға" деген сөздерден кейiн сәйкес "және жер учаскесiн пайдалану үшiн төлемi", "және жер учаскесiн пайдалану үшiн төлемiне" деген сөздермен толықтырылсын;
      5) 389 бапта:
      баптың атауында "салықтарды" деген сөзден кейiн "жер учаскесiн пайдалану үшiн төлемдi" деген сөздермен толықтырылсын;
      баптың мәтiнiнде "салықтарға" деген сөзден кейiн сәйкес "жер учаскесiн пайдалану үшiн төлемдi" және "жер учаскесiн пайдалану үшiн төлемге" деген сөздермен толықтырылсын;
      6) 448 және 450 баптың мәтiнiнде "жер ресурстарын басқару жөнiндегі аумақтық уәкiлетті органмен", "жер ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық уәкiлеттi органдармен", деген сөздер сәйкес "жергiлiктi атқарушы органмен", "жергiлiктi атқарушы органдармен", деген сөздермен ауыстырылсын.

       2 бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен, 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін 1 баптың 5 тармағынан басқасы, бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады