Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған 2001 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы "Байқоңыр" кешенiн пайдаланғаны үшiн Peceй Тарапының Қазақстан Тарапына жалгерлік ақының бір бөлiгiн 1999 жылғы кезең үшiн тауарлармен төлеу жөнiндегi есеп айырысудың тәртібі мен нысаны туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Хаттаманың жобасы (бұдан әрі - Хаттама) мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары Александр Сергеевич Павловқа Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан Хаттамаға қағидатты сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, келіссөздер жүргiзуге және Хаттамаға қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
2001 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының
Yкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы
"Байқоңыр" кешенiн пайдаланғаны үшiн Ресей Тарапының
Қазақстан Тарапына жалгерлiк ақының бiр бөлiгiн 1999
жылғы кезең үшiн тауарлармен төлеу жөнiндегi есеп
айырысудың тәpтiбi мен нысаны туралы келiсiмге
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
хаттама
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi 2001 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Yкіметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы "Байқоңыр" кешенiн пайдаланғаны үшiн Ресей Тарапының Қазақстан Тарапына жалгерлік ақының бiр бөлiгiн 1999 жылғы кезең үшiн тауарлармен төлеу жөнiндегi есеп айырысудың тәртiбi мен нысаны туралы келiсiмнiң (бұдан әрi - Келiсiм деп аталады) 8-бабына сәйкес мына төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап
Келiсiмге мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
а) Келiсiмнiң 5-бабындағы "мемлекеттiк орган" деген сөздер "заңды тұлға" деген сөздермен ауыстырылсын;
б) Келiсiмнiң 6-бабының бiрiншi және екiншi абзацтарындағы "мемлекеттiк орган" деген сөздер "заңды тұлға" деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап
Қазақстан Тарапы осы Хаттамаға қол қойылғаннан кейiн 10 күндiк мерзiмде Келiсiмнiң 5-бабына сәйкес Ресей Тарапын Қазақстан Тарапы уәкiлеттiк берген заңды тұлға мен оның заңды және қаржылық деректемелерi туралы жазбаша нысанда хабардар етедi.
3-бап
Келiсiмнiң 2-бабына сәйкес Ресей Федерациясы Қаржы министрлiгiнiң тапсырмасы бойынша Сыртқыэкономбанкте 2001 жылғы 25 желтоқсанда ашылған 65 млн. АҚШ доллары сомасына еркiн айырбасталатын валютадағы СТЭНД БАЙ (STAND BY) N 30/4318 тұрақты аккредитивiнiң қолданылу мерзiмi 2003 жылғы 31 желтоқсанға дейiн ұзартылады.
4-бап
Тараптар Тараптардың уәкiлеттi мемлекеттiк органдары мен банктерiне қажеттi iс-әрекеттердi жүргiзудi және осы Хаттаманың 3-бабында көрсетiлген тұрақты аккредитивiнiң шартына Қазақстан Тарапы уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органның бенефициарын (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi) Қазақстан Тарапы уәкiлеттiк берген заңды тұлғаға ауыстыруды қоса алғанда, Келiсiм мен осы Хаттамадан туындайтын өзгерiстердi енгiзудi тапсырады.
5-бап
Осы Хаттаманың ережелерiн түсiндiруге және қолдануға байланысты туындайтын даулар Келiсiмнiң 7-бабында анықталған тәртiппен шешiледi.
6-бап
Осы Хаттама қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және Тараптар Келiсiмнiң 8-бабына сәйкес ажырамас бөлiгi болып табылатын Келiсiм бойынша мiндеттемелерiн толығымен орындағанға дейiн әрекет етедi.
2002 жылғы "___"________ ____________ қаласында екi данада, әрқайсысы қазақ және орыс тiлдерiнде жасалды, бұл ретте екі мәтіннiң де бiрдей күшi бар.
Осы Хаттаманың ережелерiн түсiндiруде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, Тараптар орыс тiлiндегi мәтінiн пайдаланатын болады.
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясының
Үкiметi үшiн Үкiметi үшін