Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" кешенін пайдаланғаны үшін Ресей Тарапының Қазақстан Тарапына жалгерлік ақының бір бөлігін 1999 жылғы кезең үшін тауарлармен төлеу жөніндегі есеп айырысудың тәртібі мен нысаны туралы келісімге қол қою туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 29 наурыз N 415

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы "Байқоңыр" кешенiн пайдаланғаны үшiн Ресей Тарапының Қазақстан Тарапына жалгерлiк ақының бiр бөлiгiн 1999 жылғы кезең үшiн тауарлармен төлеу жөнiндегi есеп айырысудың тәртiбi мен нысаны туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
      Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.10.11. N 1314
               қаулысымен. P011314_
      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі Владимир Сергеевич Школьникке Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы "Байқоңыр" кешенiн пайдаланғаны үшiн Ресей Тарапының Қазақстан Тарапына жалгерлiк ақының бiр бөлiгiн 1999 жылғы кезең үшiн тауарлармен

 

төлеу жөнiндегi есеп айырысудың тәртiбi мен нысаны туралы келiсiмге қол

қоюға уәкiлеттiк берілсiн.



     Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.12.05. N 1576         



P011576_



     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі


                                        Қазақстан Республикасы Үкіметінің

                                             2001 жылғы 29 наурыздағы

                                              N 415 қаулысына қосымша


     Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.10.11. N 1314  

              қаулысымен. 


P011314_




    Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі

      арасындағы "Байқоңыр" кешенін пайдаланғаны үшін Ресей Тарапының

    Қазақстан Тарапына жалгерлік ақының бір бөлігін 1999 жылғы кезең үшін

    тауарлармен төлеу жөніндегі есеп айырысудың тәртібі мен нысаны туралы

                               келісім


     Бұдан әрі тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен

Ресей Федерациясының Үкіметі,


 
       1994 жылғы 10 желтоқсандағы Ресей Федерациясының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" кешенін жалдау шартының U952195_ 5-бабының ережелерін басшылыққа ала отырып,
      1998 жылғы 8 қазандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы өзара қаржылық мәселелерді реттеу туралы келісімнің U984184_ 6-бабы 2-абзацының ережесін орындау үшін,
      екі жақты халықаралық шарттарға сәйкес өзара қаржылық міндеттемелерді реттеу қажеттілігін тани отырып,
      мыналар туралы келісті:
 
                                1-бап
 
      Ресей Тарапының Қазақстан Тарапына "Байқоңыр" кешенін пайдаланғаны үшін 1999 жылғы кезең үшін 65,0 миллион АҚШ доллары сомасындағы жалгерлік ақының бір бөлігін тауарлармен төлеу есеп айырысудың аккредитивтік нысанын пайдалана отырып, ресей рыногынан ресей тауарларын берумен жүзеге асырылады.
 
                                2-бап
 
      Осы Келісімнің 1-бабын іске асыру үшін Ресей Тарапы осы Келісімге қол қойылған күннен бастап 30 күндік мерзімнен кешіктірмей уәкілетті ресей банкінде 2001 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімге 2001 жылы шартты баға бойынша ресей рыногында ресей ұйымдары мен кәсіпорындарынан ресей тауарларын сатып алу үшін Қазақстан тарапы уәкілетті берген мемлекеттік органның пайдасына 65,0 миллион АҚШ доллары сомасына еркін айырбасталымды валютада STAND BY тұрақты аккредитив ашуды қамтамасыз етеді.
      Тараптар келісім бойынша осы Келісімді іске асыруға уәкілетті банктерді анықтайды. STAND BY тұрақты аккредитиві бойынша есеп айырысулар жүргізудің техникалық мәселелері осы Келісімге қол қойылғаннан кейін бір ай ішінде қол қойылатын банкаралық келісімде Тараптардың уәкілетті банктері анықтайды және келіседі және осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.
 
                                3-бап
 
      Қазақстан Тарапы осы Келісімге қол қойылғаннан кейін 10 күндік мерзімде Ресей Тарапын және уәкілетті ресей банкін Қазақстан Тарапы уәкілеттік берген мемлекеттік орган мен оның заңды және қаржылық деректемелері туралы жазбаша хабардар етеді.
      Ресей Федерациясының Қаржы министрлігі STAND BY тұрақты аккредитиві ашылған күннен бастап 10 күндік мерзімде Қазақстан Тарапы уәкілеттік берген мемлекеттік органды оның ашылғандығы туралы хабардар етеді.
 
                               4-бап
 
      Ресей Тарапы осы Келісімнің 2-бабында көрсетілген STAND BY тұрақты аккредитивін осы Келісімнің 2-бабында көрсетілген сомада АҚШ долларындағы қаражатпен толтыруды қамтамасыз етеді. STAND BY тұрақты аккредитивін толтыру 2001 жылдың төртінші тоқсанында 65 миллион АҚШ долларына баламалы сомада жүзеге асырылады:
      - 2001 жылдың үшінші тоқсанында 40,0 миллион АҚШ долларына баламалы сомаға;
      Ескерту. 4-бап өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.12.05. N 1576 қаулысымен.
               P011576_
                                5-бап
 
      Қазақстан Тарапы уәкілеттік берген мемлекеттік орган ресей рыногынан ресей тауарларын сатып алуды жүзеге асыратын және Тараптар мемлекеттерінің заңдарына және Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы халықаралық шарттардың ережелеріне сәйкес келісім-шарттар жасасатын болады.
 
                                6-бап
 
      Ресей ұйымдары мен кәсіпорындарының пайдасына STAND BY тұрақты аккредитивінің есебіне Қазақстан Тарапы уәкілеттік берген мемлекеттік орган ашқан және қолданылу мерзімі STAND BY тұрақты аккредитивінің қолданылу мерзімінің шеңберінен асып түсетін уәкілетті ресей банкі растаған экспорттық тұрақты құжаттамалық аккредитивтерді тиісті экспорттық құжаттамалық аккредитивтердің шарттарына сәйкес уәкілетті ресей банкі төлейтін болады.
      Қазақстан Тарапы уәкілетті берген мемлекеттік орган STAND BY тұрақты аккредитивінің сомасын оның қолданылу мерзімі ішінде толық пайдаланбаған жағдайда, Қазақстан Тарапы Ресей Тарапына оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін 30 күннен кешіктірмей STAND BY тұрақты аккредитивінің қолданылу мерзімін ұзарту туралы жазбаша өтініш жібереді.
      Ресей Федерациясының Қаржы министрлігі уәкілетті ресей банкіне Қазақстан Тарапы көрсеткен мерзімге STAND BY тұрақты аккредитивінің қолданылу мерзімін ұзартуға нұсқау береді. Бұл ретте ұзартылған STAND BY тұрақты аккредитивінің барлық сомасы ресей рыногында ресей ұйымдары мен кәсіпорындарынан сатып алынатын ресей тауарларына ақы төлеуге пайдаланылады.

 

     Бұл ретте ұзартылған STAND BY тұрақты аккредитивінің қолданылу

мерзімін ұзарту Қазақстан және/немесе Ресей Тараптарының қосымша қаржылық

міндеттемелеріне әкеп соқтырмайды.


                                7-бап


     Осы Келісім бойынша туындайтын даулар 1994 жылғы 10 желтоқсандағы

Ресей Федерациясының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі

арасындағы Байқоңыр кешенін жалдау шартының 9-бабына сәйкес шешіледі.


                               8-бап


     Осы Келісімге Тараптардың өзара келісімі бойынша Келісімнің ажырамас

бөлігі болып табылатын жеке хаттамалармен рәсімделетін толықтырулар мен

өзгерістер енгізілуі мүмкін.


                                9-бап


     Осы Келісім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және осы Келісім

бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейінгі мерзімге жасалады.


     2001 жылғы "___"_________ қаласында екі данада, әрқайсысы қазақ және

орыс тілдерінде жасалды, екі мәтіннің де бірдей күші бірдей.


     Қазақстан Республикасының            Ресей Федерациясының

         Үкіметі үшін                           Үкіметі үшін





Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады