Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң резервiнен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 24 желтоқсан N 1362

      "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңына , "Қазақстан Республикасының Yкiметi резервiнiң қаражатын пайдаланудың тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 18 қыркүйектегi N 1408 қаулысына  сәйкес және залалды өтеу туралы азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiнде шығарылған сот шешiмдерiн орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне Астана қаласы сотының "Қазақавтожол" РМК пайдасына 13 105 258 (он үш миллион бiр жүз бес мың екi жүз елу сегiз) теңге өндiру туралы 2002 жылғы 24 қазандағы сот шешiмiн орындау және мемлекеттік баж бойынша 393 158 (үш жүз тоқсан үш мың бiр жүз елу сегiз) теңге сомасындағы шығыстарды өтеу үшiн 2002 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң, орталық мемлекеттiк органдар мен олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң сот шешiмдерi бойынша мiндеттемелерiн өтеуге көзделген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң резервiнен 13 498 416 (он үш миллион төрт жүз тоқсан сегiз мың төрт жүз он алты) теңге бөлiнсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады