Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жекешелендiру туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2721 Жарлығына сәйкес, "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңын iске асыру отан ұйымдасқан бағалы қағаздар рыногын жандандыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кен-металлургия саласын одан әрі дамыту және "Соколов-Сарыбай" тау-кен байыту өндiрiстiк бiрлестiгi" ашық акционерлiк қоғамының тұрақты жұмыс iстеуi үшiн жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінің Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) "Соколов-Сарыбай" тау-кен байыту өндiрiстiк бiрлестiгi" ашық акционерлiк қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) жарғылық капиталының 39,5 (отыз тоғыз бүтiн оннан бес) пайызы мөлшерiнде акцияларының мемлекеттiк пакетiн мынадай тәртiппен сатуды жүзеге асырсын:
Қоғамның акциялары Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн қор биржасының "А" санатындағы ресми тiзiмге енгiзiлгеннен кейiн Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн қор биржасы арқылы 4 (төрт) пайызын сатсын;
Ресей Федерациясының аумағында Қоғам өндiретiн жылына кемiнде 7 (жетi) миллион тонна темiр рудасы концентратын және жентектердi кепiлдіктi өткiзудi қамтамасыз ете отырып, 35,5 (отыз бес бүтiн оннан бес) пайызын темiр рудасы шикiзатын өндiру мен шығapy саласында жұмыс тәжiрибесi және ұйымдар акцияларының бақылау пакетiне меншiк құқығы немесе жылына кемiнде 10 (он) миллион тонна темiр рудасы өнiмін өндіретін ұйымдарды басқару құқығы бар заңды тұлғалар арасындағы тендерде бiртұтас лотпен сатсын;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
2. "Жекешелендiрудiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 18 қазандағы N 1556 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзілсін:
1-тармақ 1-тармақшасы алынып тасталсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің орынбасары К.Қ.Мәсiмовке жүктелсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі