Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы азаматтарының салымдарына өтем жасау туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгізiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы азаматтарының салымдарына өтем жасау туралы
Қазақстан Республикасы азаматтарының "Қазақстан Халық Банкi" ашық акционерлiк қоғамында қолданыстағы шоттарда сақтаулы бұрынғы KCPO Қазақ республикалық жинақ банкiндегi салымдарының қалдықтарына өтем жасау мақсатында қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасының Yкiметi Қазақстан Республикасы азаматтарының "Қазақстан Халық Банкi" ашық акционерлiк қоғамында қолданыстағы шоттарда сақтаулы бұрынғы KCPO Қазақ республикалық жинақ банкiндегi салымдарына өтем жасауды жүргiзсiн. Өтем жасауға 1992 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы азаматтары салымдарының қалдықтары жатады.
2. Өтем жасау KCPO Қазақ республикалық жинақ банкiндегi салымдар қалдықтары бойынша мемлекеттiк iшкi қарызды:
1) мұраға қалған салымдарды ескере отырып, 1936 жылдан бастап 1940 жыл қоса есептелетiн аралықта туылған азаматтардың салымдарын өтеу сомасына айналым мерзiмi бiр жылдық;
2) мұраға қалған салымдарды ескере отырып, 1941 жылдан бастап 1960 жыл қоса есептелетiн аралықта туылған азаматтардың салымдарын өтеу сомасына айналым мерзiмi екi жылдық;
3) мұраға қалған салымдарды ескере отырып, 1961 жылдан бастап 1991 жыл қоса есептелетiн аралықта туылған азаматтардың салымдарын өтеу сомасына айналым мерзiмi үш жылдық мемлекеттiк арнайы өтемақылық қазынашылық облигацияларға қайта ресiмдеу арқылы жүргiзiлсiн.
3. Мыналарға:
1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларының Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкiндегi салымдарына өтем жасау туралы" 1996 жылғы 9 сәуiрдегi N 2941 Жарлығына ;
2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкiнде 1996 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 60 жасқа жеткен азаматтардың салымдарына өтем жасау туралы" 1996 жылғы 20 мамырдағы N 2988 Жарлығына сәйкес өтем жасалған салымдар өтеуге жатпайды.
4. Өтеу сомасын есептеу 1992 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салымдардың қалдықтарын кейiннен өтеу сомасын мемлекеттік арнайы өтемақылық қазынашылық облигациялар шығарылған күнгі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ресми бағамы бойынша теңгемен ескерiп, 1992 жылғы 3 қаңтардағы биржалық бағаммен долларлық эквивалентке қайта есептеу арқылы жүргiзiлсiн.
5. Қазақстан Республикасының Yкiметi тиiстi жылдарға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы азаматтарының салымдарына өтем жасауға байланысты шығыстарды көздесiн.
6. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президенті