"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің ұсынысы қабыл алынсын және "Астана қаласын Есіл өзенінің тасқын суы басып қалуынан қорғау" жобасының жобалау-сметалық құжаттамасын дайындау жөніндегі бас мердігер болып "Қазгипросушар институты" өндірістік кооперативі белгіленсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі