Қарашығанақ жобасы бойынша өзгерістердің сараптамасын жүргізу үшін заңгер консультантты тарту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 28 желтоқсан N 1397

      Қазақстан Республикасы үшін маңызды стратегиялық мәні бар Қарашығанақ жобасы бойынша өзгерістердің сараптамасын жүргізу үшін заңгер консультанттың қызмет көрсетуін шектеулі мерзімдерде тартудың қажеттігіне байланысты, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы 21-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қарашығанақ кен орындарын игерудің 2-кезеңінің мерзімдері мен шығындарын өзгерту жөніндегі мердігердің іс-әрекетінің заңдылығы мәселесі жөніндегі консультациялық қызмет көрсетулерді жеткізіп беруші болып "BAKER BOTTS" халықаралық заң фирмасы белгіленсін.

      2. "Мұнайконсалтинг" жабық акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жоғарыда көрсетілген консультантпен заңгерлік қызмет көрсету жөнінде шарт жасассын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады