Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 28 қазандағы N 1625 қаулысына өзгерiстер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 28 желтоқсан N 1400

      "Қостанайдизель" ашық акционерлiк қоғамының мүлiктiк кешенiн сату жөнiндегi шараларды жандандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Қостанайдизель" ашық акционерлiк қоғамының конкурстық массасын сатудың айрықша шарттары мен тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 28 қазандағы N 1625 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Мыналарды:
      1) Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiмен келiсiм бойынша дербес өндiрiстер құру мүмкiндiгiн қамтамасыз ететiн конкурстық массаның құрамында N 1 лотты - "Бiрыңғай технологиялық кешенге кiрген мүлiк" (бұдан әрi - N 1 лот) және бiрыңғай технологиялық кешенге кірмеген мүлiктен басқа да лоттар қалыптастыруды;
      2) N 1 және басқа да лоттарды сатудың ең төменгi бағасын оларды сатудың жалпы құны бiрiншi-төртiншi кезектегi кредиторлар талаптарының сомасынан төмен болмауын ескере отырып, белгiлеудi;
      3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi мен Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi уәкiлеттi өкiлдерiнiң қатысуымен N 1 лотты сатуды;
      4) N 1 лотты сату жоспарын Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiмен келiсудi;
      5) N 1 лотты сату жөнiндегi аукционға Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiмен келiсiлген өндiрiстiк қызметтi жаңғырту туралы инвестициялық бағдарламасы бар ұйымдардың қатысуын;
      мыналарды көздейтiн:
      N 1 лотқа кiрген мүлiктi сатып алған сәттен бастап он жыл iшiнде оны қайта сатуды және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетудi шектеу жөнiндегi сатып алушының мiндеттеме қабылдауын;
      N 1 лотқа кiрген мүлiкті сатып алған күнiнен бастап бес жыл iшiнде қазiргі заманғы дизель двигательдерiнiң өндiрiсi ұйымдастырылуын қамтамасыз етудi көздейтiн оларды сатып алу шартына енгiзу жолымен N 1 лотты сатып алушыларға қосымша талаптар қойылатын "Қостанайдизель" ашық акционерлiк қоғамының конкурстық массасын сатудың айрықша шарттары мен тәртiбi белгiленсiн";
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен N 1 лотты сатып алушының сатып алу-сату шарттары бойынша өз мiндеттемелерiн орындауын бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз етсiн.";
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары К.Қ.Мәсiмовке жүктелсiн.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады