Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Алматы қаласын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы" Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 29 желтоқсан N 1409

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      Қазақстан Республикасы Президентінің "Алматы қаласын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнің қарауына енгiзiлсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

           Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

      Алматы қаласын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы

      Алматы қаласын одан әрi дамыту және елдің мәдени, ғылыми, бiлiм беру және қаржы орталығы ретіндегі оның позицияларын орнықтыру мақсатында, "Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 1 шілдедегі 3аңына сәйкес қаулы етемін:
      1. Қоса берiлiп отырған Алматы қаласын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi бір ай мерзімде Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi 2003-2005 жылдарға (I кезең) арналған іс-шаралар жоспарын әзiрлесiн және бекiтсiн.
      3. Орталық және жергілiктi атқарушы органдар:
      Бағдарламаны iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын;
      20 қаңтарға және жарты жылдықтың қорытындылары бойынша 20 шiлдеге Алматы қаласының әкiмiне Бағдарламаның орындалу барысы туралы ақпарат берсiн.
      4. Алматы қаласының әкiмi жылына екі рет, жарты жылдықтың қорытындылары бойынша 1 ақпанға дейiн және 1 тамызға дейiн Қазақстан
Республикасы Президентiнің Әкiмшiлiгiне және Қазақстан Республикасының Үкiметiне Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы жиынтық талдамa ақпарат берсiн.
      5. Бағдарламаның орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
      6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Жоба              

Қазақстан Республикасы      
Президентінің          
2002 жылғы "__" ____       
N _____жарлығымен        
бекітілген             

      Алматы қаласын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы

                  Бағдарламаның паспорты

Атауы         Алматы қаласын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған
              мемлекеттiк бағдарламасы

Әзiрлеу       2002 жылғы 30 мамырдағы "Алматы қаласын дамыту
үшін негiз    жөнiндегi мiндеттер туралы" кеңесте берiлген
              Қазақстан Республикасы Президентiнiң тапсырмасы, N
              01-10.6 хаттама

Әзiрлеушiлер  Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік
              жоспарлау министрлiгі, Алматы қаласының әкiмдігі

Мақсаты       Қаланың ерекше, республикалық маңызы бар қала
              мәртебесiне сәйкес жаңа келбетiн қалыптастыру және
              республиканың қаржы, ғылыми, бiлiм беру, мәдени және
              туристiк орталығы ретіндегi позицияларын нығайту

Мiндеттерi       қала және оның перифериясы экономикасының мақсатты
              функционалдық-салалық құрылымын құру;
                 қаланың және оның маңындағы аумақтардың қалыпты
              және тұрақты тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету үшiн
              ұйымдастыру-экономикалық және нормативтiк құқықтық
              жағдайлар жасау;
                 Алматы қаласының ерекше мәртебесiне сәйкес қазiргi
              заманғы инфрақұрылым құру;
                 экономика салаларында ғылымды қажет ететiн
              өндiрiстердi және инновациялық технологияларды
              дамыту;
                 кедейліктің ауқымын қысқарту;
                 жұмыссыздықтың деңгейiн елдiң тұрақты әлеуметтiк-
              экономикалық дамуын қамтамасыз ету процестерiне қауіп
              төндірмейтiн өлшемдерге дейiн төмендету, әрбiр
              отбасының ең кемiнде бір мүшесiн жұмыспен қамту;
                 жоғары дәрежелi қайта өңдеуден өткен өнiмдердiң
              экспортын өсiруге баса назар аудара отырып, әлем
                 елдерiмен тығыз әрiптестiк байланыстар орнату;
                 туризмдi дамыту жөнiнде ұйымдастыру және құқықтық
              шаралар кешенiн әзiрлеу, тиiмді және бәсекеге
              қабілеттi туризм индустриясын құру;
                 қаланың дамуының Бас жоспарына сәйкес оның тиiмдi
              жұмыс iстеуiне және экономикалық өсiмiн молайтуға
              ықпал ететін неғұрлым ұтымды қала құрылысы шешiмдерiн
              анықтау;
                 мемлекеттiк активтердi және қаланың тыныс-
              тіршiлiгiн қамтамасыз ететiн объектiлерді басқарудың
              тиiмдiлiгiн арттыру;
                 қаланың экологиялық жағдайын жақсарту және ықтимал
              дүлей зiлзала мен табиғи зiлмауырға тұрақты дайын
              болуын қамтамасыз ету;
                 Алматы қаласының республиканың қаржы, ғылыми,
              бiлiм беру, мәдени және туристік орталығы
              ретіндегі бейнесін сақтау

Іске асыру    2003-2010 жылдар
мерзімі       1-кезең - 2003-2005 жылдар
              2-кезең - 2006-2010 жылдар

Қажетті          Алматы қаласын дамытудың 2003-2010 жылдарға
ресурстар     арналған мемлекеттiк бағдарламасын іске асыруға
мен қаржы-    республикалық, жергілікті бюджеттердің және халықтың
ландыру       қаражаты, халықаралық қаржы-экономикалық ұйымдардың
көздері       гранттары, шетелдік және отандық инвестициялар
              пайдаланылады. Бюджет қаражатын қоса алғанда,
              инвестициялық ресурстарға жалпы қажеттілік 711
              миллиардтан астам теңгені, соның ішінде 2003-2005
              жылдарға - 230 млрд. теңгені құрайды.
                Даму бағдарламалары бойынша іс-шараларды іске
              асыруға 2003 жылы мемлекеттік бюджетте 8630,2 млн.
              теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 4706 млн.
              теңге, жергілікті бюджеттен 3924,8 млн. теңге
              көзделеді. Келесі жылдарға арналған қаржыландырудың
              нақты көлемдері кезекті қаржы жылына арналған
              республикалық бюджетті және Алматы қаласының бюджетін
              қалыптастыру кезінде қаржылық мүмкіндіктерге сүйене
              отырып, айқындалатын болады.
Күтілетін        Бағдарламаны іске асыру қаланың қаржы, өндірістік,
нәтижелер     кадрлық, ғылыми және мәдени әлеуетін мүмкіндігінше
              барынша пайдалану үшін жағдайлар жасауға ықпал етуге
              және осының негізінде мегаполистің және оның
              маңындағы елді мекендердің халқы тұрмысының деңгейі
              мен сапасын арттыруға тиіс.
                Алматы қаласының аса ірі қаржы, ғылыми, білім беру
              және туристік орталығы ретіндегі рөлін арттыру
              қаланың экономикасы құрылымының біршама өзгеруіне
              әкеп соғады. Осы кезеңде сауда, көлік, коммуналдық
              шаруашылық, байланыс, ойын-сауық индустриясы, туризм
              және халыққа көрсетілетін басқа да қызметтер озыңқы
              қарқынмен дамиды Осы салаларды жеделдете дамыту
              өндіріс саласындағы шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік
              қолдаумен қатар халықты жұмыспен қамту проблемасын іс
              жүзінде шешеді. Қалада тұтастай алғанда 80 мыңнан
              астам жаңа жұмыс орны ашылады.
                Алматы қаласын дамытудың 2003-2010 жылдарға
              арналған мемлекеттік бағдарламасын ойдағыдай іске
              асыру қуатты мультипликативтік әсер есебінен бүкіл
              еліміздің дамуына және гүлденуіне ықпал етуіне тиіс.

                          Кіріспе

      Алматы қаласын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған
мемлекеттiк бағдарламасы 2002 жылғы 30 мамырдағы "Алматы қаласын дамыту жөнiндегi мiндеттер туралы" кеңесте N 01-10.6. хаттама берiлген Қазақстан Республикасы Президентiнiң тапсырмасына сәйкес әзiрленді.
      Оны әзiрлеу қаланың қолда бар әлеуетiн рекреациялық шеткi аумақтарын дамытумен өзара байланыса сақтау және одан әрi өсiру жолымен Алматы қаласын одан әрi дамыту стратегиясын белгiлеу қажеттілiгiн туындады.
      Осы Бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2001 жылғы 27 шілдедегi N 1014 қаулысымен мақұлданған Алматы қаласын аймақтық қаржы орталығы ретiнде дамыту тұжырымдамасының ережелерiн дамытады.
      Қазiргi уақытта қала, тұрақты экономикалық өркендеу кезеңiнде. Өнеркәсiп өндiрiсiнiң күрделi құрылысқа инвестициялардың
тұрғын үй пайдалануға берудiң, көрiктендiру және көгалдандыру жөнiндегi жұмыстардың, бюджетке салықтар мен төлемдердi жинау көлемдерi арттырылуда.
      Сонымен қатар, қаланың қарқынды дамуына қаланың тыныс-тіршiлiгiн қамтамасыз ету жүйелерiнiң жұмыс iстеуiне, көлiк инфрақұрылымын дамытуға, қала құраушы сипаттағы және кейбiр басқа да мәселелерге қатысты бiрқатар проблемалар кедергi келтiруде. Осы Бағдарлама қаланың және iшiнара республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуына олардың терiс әсерiн жоюға бағытталған.
      Онда тек қазiргi таңдағы проблемаларды шешу көзделiп қана қоймай, қаланың 2010 жылға дейiнгі дамуының жалпы бағыттары мен қажеттiліктерiне сәйкес келетiн негiздер қаланады.
      Бағдарламада Алматы қаласында экономикалық даму деңгейiн және
тұрмыс сапасын көтеруге, iскерлiк, ғылыми, мәдени және туристiк ортаны құруға бағытталған экономикалық әлеуметтiк ұйымдастырушылық және техникалық шаралардың жиынтығы айқындалған.

      1. Алматы қаласы дамуының қазіргі жай-күйін талдау

      1. 1. Жалпы сипаттама

      Алматы қаласының қызметiн реттеу оның тиiмдi дамуына кепілдік беру мақсатында қабылданған "Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының негiзiнде жүзеге асырылады.
      Қала Iле Алатауының солтүстiк баурайында Үлкен Алматы мен Кiшi Алматы өзендерi аралығы аңғарының ұштығында орналасқан. Алматының ең солтүстiк нүктесi теңiз деңгейiнен 670 метр жоғары, ең
оңтүстік нүктесi - 970 метр жоғары белгіде орналасқан.
      2002 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қаланың аумағы 287,6 шаршы километрді, тұрақты халқының саны - 1136,1 мың адамды, халықтың тығыздығы - 1 шаршы километрге шаққанда 3964 адамды құрайды. Қала 6 ауданнан тұрады.
      2001 жылы Алматы қаласының үлесi республиканың жалпы iшкi өнiмiнiң 15,4%-ын, өнеркәсiп өнiмiн өндірудің 5%-ын, негiзгi капиталға инвестициялардың 10%-ын, бөлшек сауда операцияларының 40%-ын, сыртқы сауда айналымының 16,3%-ын құрады.
      Қаланың аумағында республиканың барлық коммерциялық банктерiнiң 75%-ы және зейнетақы активтерiн басқару жөніндегi жеке компаниялардың көпшiлiгi орналасқан, бұл елдің қаржы орталығы ретiндегi оның рөлiн алдын ала айқындайды.
      Шетелдік инвестициялар, негiзiнен, көлiк пен байланыс, сауда,
ойын-сауық индустриясы сияқты неғұрлым табысты және тез арада өзiн-өзi ақтайтын қызмет салаларында шоғырлануда. Аумаққа шетелдік инвесторлардың өсiп келе жатқан қызығушылығы оның үлкен iске асырылмаған әлеуетi мен инвестициялық тартымдылығы туралы куәландырады.
      Қала республикалық бюджетті қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. 2001 жылдың қорытындылары бойынша республикалық бюджеттiң
25%-ы Алматы қаласы салық төлеушілерiнің салық түсімдерi есебiнен қалыптасты.
      Алматы қаласы елдің қаржы, ғылыми және мәдени орталығы бола тұра, жоғары инвестициялық тартымдылыққа ие бола тұра және астана функцияларының бiр бөлiгiн атқара отырып, халықаралық маңызы бар
мегаполистiң iскерлiк келбетiне ие болуда. Сити-менеджментте қазiргi заманғы басқару технологиялары мен қаржы құралдары пайдаланылады, тұрғын үй-коммуналдық саласында институционалдық және құрылымдық реформалар, қаланың тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету
жүйелерiн оңтайландыру мен демонополизациялау жүргізiлдi.
      Алматы республиканың аса iрi көлiк торабы болып табылады. 2001 жылы оның көлiк артериялары арқылы республиканың барлық автомобиль тасымалдарының бестен бiр бөлiгi және әуе тасымалдарының
үштен бiр бөлiгi жүзеге асырылды.
      Алматы ғылым, бiлiм беру, денсаулық сақтау, мәдениет мекемелерiнiң дамыған желiсiмен ерекшеленеді, оның аумағында әлемнiң көптеген елдерiнiң елшiлiктерi мен өкiлдiктерi, iрi шетелдiк компаниялар, республикалық қоғамдық бiрлестiктердiң көпшiлігiнің штаб-пәтерлерi орналасқан.
      Сонымен бiрге қалада жоғары сейсмикалық белсендiлiк аймағында орналасқандықтан табиғи зiлмауыр туындау қаупi, таудан сел ағу және қаланың бiраз аумақтарын су басу қаупі бар, әсiресе қар еру және құйын жауындар кезiнде.

      1.2. Әлеуметтiк сала

      Демографиялық жағдай
      Астананың көшiрiлуiне байланысты қала халқының қайтадан шамалы азаюы байқалды. 2002 жылғы 1 қыркүйектегi жағдай бойынша Алматы қаласының экономикалық белсендi халқы 566,5 мың адамды (49,6%) құрайды, 17%-ы 15-тен 24-ке дейiнгi жастағы жастар, 14%-ы зейнеткерлер.
      1999 жылдан бастап халықтың табиғи өсуiнің оң сальдосы қалыптасты. 2002 жылдың 9 айында ол 40,9%-ға өстi және 2457 адамға жеттi. 1999 жылмен салыстырғанда үшіншi және төртінші бала туу тиiсiнше 18 және 27%-ға ұлғайды.
      2002 жылғы 1 қазанға 1000 тұрғынға бала туу коэффициентi 13,4%-ды, өлу коэффициентi - 10,5%-ды құрады.
      1998 жылдан бастап көшi-қонның оң сальдосы қалыптасуда, көшi-қонның өcуі шамамен 2300-4600 адам шегiнде өзгеруде. Келген де, кеткен де азаматтардың негiзгi контингентi еңбекке қабiлеттi жастағы адамдар болып табылады. Демографиялық дамудың негізгi
проблемасы тұрғындар өлiмiнiң жоғары деңгейi, сондай-ақ әлеуметтiк маңызы бар аурулармен ауру болып табылды.
      Тұрмыс деңгейi
      2001 жылдың 9 айында қала бойынша орташа айлық еңбекақы 27022
теңгенi, орташа айлық табыс 16200 теңгенi құрады, бұл 2001 жылдың
осындай көрсеткішiнен тиiсiнше 18,3 және 19,1%-ға жоғары. Бұл ретте
нақты табыс 10,7%-ға өсті.
      Кедейлiк деңгейiнен төмен тұратын және әлеуметтiк қорғалуға мұқтаж қала тұрғындары санының азаюы байқалады. Қала тұрғындарының осы санатының халықтың жалпы санындағы үлесi 1,9%-ды (21,4 мың
адам) құрайды.
      Қаланың ерекшелiгi бүкіл халқының 14%-ы зейнеткер жасында екені болып табылады. 2001 жылы әлеуметтiк бағдарламаларға алдындағы жылмен салыстырғанда 38,2%-ға өсiрiліп 1,8 млрд. теңге жұмсалды. 2002 жылы жоғарыда аталған мақсаттарға арналған шығыстардың 2001 жылға қарағанда өсiмi 38,8%-ды құрайды.
      Проблемалар:
      әлеуметтiк бағдарлануы салдарынан байланысты жергiлiктi бюджетке түсетін елеулi ауыртпалық;
      нақты жұмыссыздықтың жоғары деңгейi (9,5 % экономикалық белсендi халықтың тұрақты жұмысы жоқ).
      Денсаулық сақтау
      Қаланың аумағында 250 емхана және 57 аурухана жұмыс iстейдi, олардың тиiсiнше 41-i мен 49-ы мемлекеттiк меншiкте.
      Соңғы жылдарда денсаулық сақтау объектiлерi желiсiн амбулаториялық-емханалық көмектi дамыту жағына қайта бағдарлау жүргiзілді. Өзiнiң маңыздығы жағынан бiрегей медициналық ұйымдар - медбикелiк жеке қарау ауруханасы, хоспис ұйымдастырылды.
      1993 жылдан бастап мемлекеттік емес денсаулық сақтау  ұйымдарының желiсi 18 eceгe өстi. 2001 жылы мемлекеттiк емес денсаулық сақтау ұйымдары мен жеке практика жүргізуші дәрiгерлер қала халқына амбулаториялық көмек көрсету көлемiнiң 14,7%-ын және
стационарлық көмек көрсету көлемiнiң 4,8%-ын қамтамасыз еттi.
      Қаланың дәрiханалық ұйымдары желiсi шамамен 700 объектiнi құрайды. Ауру азаматтарға тегiн берiлетiн дәрi-дәрмек құралдарының ассортиментi кеңейтiлдi.
      Денсаулық caқтaу проблемалары:
      медициналық мекемелердiң қажеттi материалдық-техникалық құралдармен жеткілікті жабдықталмауы, оларды ақпараттық қамтамасыз етудiң және өзара iс-әрекетiнiң бiрыңғай жүйесiнiң болмауы;
      фармацевтикалық және медициналық өнеркәсiптiң дамуының төмен деңгейi;
      сәбилердiң мамандандырылған экологиялық таза тағамдармен жеткілікті қамтамасыз етiлмеуі.

      Бiлім беру
      Алматы республиканың зияткерлік және бiлiм беру орталығы болып табылады. Қаланың 70%-дан астам халқының жоғары, жалпы орта және кәсіптік орта бiлiмi бар. Қаланың аумағында 153 мектепке дейінгі бала мекемесi, 230-дан астам мемлекеттік және жеке жалпы білім беру мектебi, 73 жоғары оқу орны, 71 ғылыми ұйым, оның ішінде
9-ы жоғары оқу орындарының жанындағы, сондай-ақ 18 жобалау ұйымы орналасқан. Қаланың үлесіне елдiң барлық студенттерiнiң үштен бiр бөлiгi келедi.
      5-6 жастағы балалардың мектепке дейiнгi дайындығын ұйымдастыру үшін жағдайлар жасалған.
      Орта бiлiм беру жүйесiнде пәндердi тереңдетiп оқытатын мекемелердiң саны жыл сайын 3-5%-ға өсуде. 90 мектепте ғылыми қоғамдар ашылған, онда 80 мың оқушы ғылыми-iздену жұмысымен шұғылдануда, ол олардың дайындық деңгейiне оң әсерiн тигiзеді.
      Бiлім беру саласындағы негізгi проблемалар:
      кейбiр объектiлер мен инженерлiк коммуникациялардың қанағаттанғысыз материалдық-техникалық жай-күйi;
      мектептердегi белгiленген нормативтерден артық бала саны;
      бiлiм берудiң барлық деңгейлерiндегi сабақтастық жүйесiнің жеткiлiксiз дамуы;
      еңбек рыногының талаптарына сәйкес біліктi жұмысшы кадрлар мен мамандарды дайындаудың жеткiліксiз деңгейi.

      Мәдениет және cпорт
      Алматы қаласында жетекшi театр-концерт, мұражай және кiтапхана ұйымдары шоғырланған. Мәдениет объектiлерiнiң желiсi әртүрлi меншiк нысанындағы 270 ұйымнан тұрады, соның iшiнде 65 ұйым мемлекеттiк меншiкте.
      Абай атындағы опера және балет театрының ғимаратын қайта жаңғырту аяқталды, ол қаланың коммуналдық меншiгіне берiлді, кинотеатрларды қайта жаңарту жүргiзiлуде. Н.Сац атындағы Республикалық жасөспiрiмдер мен балалар театры және Қазақ мемлекеттiк циркi коммуналдық меншiкке берілді.
      Алматыда республика мен қаланың тарихи мұрасы болып табылатын 126 сәулет және монументалдық өнер ескерткiшi бар.
      Алматының аумағында 959 спорт ғимараты орналасқан, барлық объектiлердiң 86%-ы қаланың коммуналдық меншiгiнде. Аймақтың әрбiр 4-шi тұрғыны әртүрлi спорт түрлерiмен айналысады.
      "Олимпикс" мұз айдыны сарайы салынды, Б.Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайына, қаланың коммуналдық меншiгiне берiлген тау үстіндегі "Медеу" мұз айдынына қайта жаңарту жүргiзiлдi.

      Мәдениет пен спорт дамуының проблемалары.
      көптеген мәдениет пен спорт объектiлерiнiң қанағаттанғысыз материалдық-техникалық жай-күйi;
      жоғары кәсiпқой спортшыларды дайындау жүйесiнiң болмауы.

      1.3. Өнеркәсiп және энергетикалық кешен

      Өнеркәсiп
      2002 жылы өнеркәсiп өндiрiсiнің құрылымындағы өнiмнiң 91,9%-ы
өңдеушi өнеркәсiпке (37,5% - тамақ өнiмдерiн өндiруге, 11,2% - целлюлоздық-қағаз өнеркәсiбiне және баспа iсiне, 17,0% - машина жасау саласына, 12,3% металлургия өнеркәсiбiне және металл бұйымдарын шығаруға), 8,1% - электр энергиясын, газды және суды өндіру мен таратуға тиесiлi.
      Алматы қаласының өнеркәсiп секторы 1996-2001 жылдары елеулi өзгерiстерге ұшырады. Тиiмсiэ және тоқтап тұрған өндiрiстердi қайта
ұйымдастыру, демпингке қарсы және импорт алмастыру саясатын жүргiзу
жөнiнде шаралар қабылданды, шаруашылық жүргiзудiң шағын нысандарына қолдау көрсетiлдi. Нәтижесiнде 1996 жылдан бастап өндiрiс көлемдерiнiң жыл сайынғы өсуi байқалады (1-кесте).
      Өнеркәсiп кәсiпорындарының саны осы кезеңде 3,5 есеге, оның iшiнде шағын кәсiпорындар 4,6 есеге өстi.

1-кесте        

      Өнеркәсiп өнiмдерiн өндiру көлемдерiнiң динамикасы
_____________________________________________________________
                   1998ж.   1999ж.   2000ж.  2001ж.    2002ж.10 айы
___________________________________________________________________
Өнеркәсiптiң тауар. 59119   63857   82371    100795     90015
лы өнiмдерінің
көлемі -
барлығы,млн.теңге

өсу қарқыны, %-бен  105,9    105,2    127     122,9     109,4
өткен жылмен салыс.
тырғанда

Алматы қаласы өнер.   7,1     5,6      4,6      5,1       4,9
кәсіп өндірісінің
жалпы республикалық
көлемдегі үлесі, %-бен
__________________________________________________________________

      Ірi және орта кәсiпорындар ИСО 9000 сериясының халықаралық стандарттарына сәйкес келетiн сапа жүйелерiн енгiзуде және сертификаттауда.
      Сонымен бiрге, 2001 жылдың аяғына тоқыма және тiгiн өнеркәсiбiнде мақта-мата өндiру жөнiндегi қуаттар 7,7 %, мақта-мата
бұйымдарында 9,4%, кiлем және кiлем бұйымдарында 20,6 %, аяқ киiм
11,7 % ғана пайдаланылған. Алматы қаласы тұрғындарының тұтыну қажеттiлiгi мақта-матада 16%-ға, тоқыма бұйымдарына 1%-ға, аяқ киiмде - 6,9 % қала өнеркәсiптерiнiң өнiмдерiмен қамтамасыз етiледі.
      Темiр кесу станоктарын, кір жуу машиналары, ауыл шаруашылығы машиналарына арналған жабдықтар мен қосалқы бөлшектер 10 және одан көп жолаушыларды, тiркемелер мен жартылай тіркемелерді тасымалдауға
арналған автомобильдер, автокөлiкпен жүк таситын және мамандандырылған автомобильдер өндiрiсiндегi қуаттар 10-40%-ға ғана
пайдаланылуда.
      Жиhаз шығаруда өнеркәсiп қуаттылығы әлi де толық игерiлмеген.
      Негiзгi проблемалар:
      физикалық тозған және моральдық ескiрген өндiрiстер мен технологиялардың жоғары үлесi;
      кооперациялық байланыстардың жеткiлiксiз дамытылғаны;
      жұмыс iстемей тұрған өндiрiс қуаттарының болуы;
      өнеркәсiп секторының ғылыми-техникалық және қаржы саласымен жеткiлiксiз байланысы;
      қаржы ресурстарының қол жетiмдi еместiгi және өндірiстiк қорлармен жеткiлiксiз қамтамасыз етілу.
      Энергетикалық кешен
      Қаланың энергетикалық кешенi 3 автономды жылумен жабдықтау аймағынан тұрады:
      1) ЖЭО-1, ЖЭО-2 және Батыс жылу кешенiнің (БЖК)- жылу қазандықтары беретін жылумен 80%-ға, жергiлiктi жылу қазандықтары және автономды жылу жүйелерi (АЖЖ) беретiн жылумен 20%-ға қамтамасыз етiлетін қаланың Орталық және Батыс бөлiктерiн орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағы (жылыту аймағы);
      2) қаланың Солтүстік бөлiгiн жылумен жабдықтау аймағы, жылуды тұтынудың 85%-ы жергiлікті жылу қазандықтары мен АЖЖ-дан, 15%-ы Солтүстік-Шығыс жылу кешенiмен (СШЖК) қамтамасыз етіледi. ЖЭО-3 Энергетикалық кентiн жылумен қамтамасыз етеді;
      3) қаланың Оңтүстiк бөлiгiн орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағы 80%-ға "Орбита" аудандық жылу қазандықтарынан (ОАЖК), Оңтүстiк-Шығыс аудандық жылу қазандықтарынан (ОШАЖК), 20%-ға - жергiлiктi жылу қазандықтарынан және АЖЖ-дан қамтамасыз етiледі.
      Қаланың мұқтаждары үшін электр және жылу энергиясын өндiрушi "АПК" ЖАҚ (85%), "Алматыжылукоммунэнерго" АҚ (12%), СШЖК (3%) болып табылады.
      Энергиямен қамтамасыз етудегi негiзгi проблемалар.
      Жылумен және электрмен қамтамасыз ететiн ұйымдар жабдықтарының жоғары моральдық және физикалық тозуы (ЖЭО-1,3 - 59%,
ЖЭО-2 - 25%, БЖК - 19%, Қапшағай ГЭС-i - 23%, ГЭC каскады - 75%, РКТ - 40%, APЭK - 33%, ГЭРС-30%).
      Жылу желiлерiнiң 40%-ға және электр желiлерінің 34,6%-ға физикалық тозуы;
      жабдықтар көпшiлiгiнiң моральдық және физикалық тозуынан электр және жылу желiлерiндегi жоғары ысырап;
      энергия жүйесiнiң жылу станцияларынан атмосфераға зиянды заттардың рұқсат етiлген шектi шығарылымдарының нормативiн 2 есеге асыру болып табылады.
      Ғылым және инновациялық қызмет
      Қолда бар ҒЗИ, жоғары оқу орындары мен кәсiпорындардың базасында технологиялық парктер және ақпараттық технологиялар парктерiн құру жолымен республика экономикасының салаларында инновациялық технологияларды жеделдетiп дамыту, енгiзу және тарату үшiн Алматы қаласының елеулi әлеуеті бар.
      Ядролық физика институтының (ЯФИ) материалдық және кадрлық базасы радиациялық технологияларды пайдалана отырып, ғылыми-зерттеу
және өндірiстiк қызметті жүргiзуге мүмкiндiк бередi. ЯФИ активiнде республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуы үшiн қағидатты-маңызды мәнi бар әзiрленiмдер бар.
      Инновациялық дамуды тежейтiн проблемалар:
      заңнамалық базаның инновациялық қызметтi ынталандыру бөлiгiндегi жетiлмегендігi;
      ғылыми және қолданбалы әзiрленiмдерді жоспарлау және олардың экономика талаптарына бағыну жүйесiнiң болмауы.

      1.4. Шағын және орта бизнес
      Алматы қаласы республикада кәсiпкерлiк дамуының аса iрi орталығы болып табылады. 1998-2001 жылдар кезеңiнде шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi өндiретiн өнiмдерi құрылымында жағымды өзгерiстер болды - сауда-делдал қызметi секторының үлесi 80-нен 37,1 %-ға дейiн төмендеді.
      1999 жылдан бacтaп Aлматы қаласында өнеркәсіп аумағын құру тұжырымдамасы iске асырылуда. Өзiнiң маңайына 38 кәсiпорынды бiрiктiретiн бизнес-инкубатор жұмыс iстейдi.
      2001 жылы 1998 жылмен салыстырғанда жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындардың саны 44 %-ға өсiп, 23 мыңға жеттi, бюджетке төлемдер 5,6 есеге өсiп, 26970 теңгеге жеттi, жұмыстар және қызметтер көрсету көлемi 2,4 есеге өсiп, 262266 теңгеге жеттi, жұмыспен қамтылғандар саны 74%-ға өсiп, 216,5 мыңға жеттi.
      2002 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша өнеркәсіп, құрылыс, көлiк және байланыс саласына шағын кәсiпорындар өндіретiн өнiмдерi тиiсiнше 17,2; 13,1 және 12,3 %-ы тиесілi.
      Шағын бизнестiң дамуына кедергi келтiретiн проблемалар:
      қаржылық қиыншылықтар: бастапқы капиталдың жеткiліксiз мөлшерi, банк кредиттерiнің қол жетiмді еместігі, оларды алу үшін  қажеттi кепiлдiктердің болмауы;
      тауар рыноктарындағы жағдайды сипаттайтын ақпараттың болмауынан тауарларды өткiзу мен қызметтерді көрсетудің қиындығы;
      шикiзатқа, материалдарға, энергияға бағалардың өcуi;
      кәсiпкерлердің кәсiби дайындығының жеткіліксiз деңгейi.

     1.5. Туризм
      Алматы қаласы тау массивтерінің баурайында орналасу бiрегейлiгiнен, сауықтырушы және спорттық туризмдi дамытуға ықпал ететін табиғи жағдайларының әртүрлi болуынан, Жiбек жолының бойында
орналасқандықтан туристер үшiн тартымды болып табылады.
      Қаладан 500 км радиуста шетелдiк және отандық туристер баратын көптеген туристiк oбъектілep, оның iшiнде тау үстiндегi "Медеу" мұз айдыны, "Шымбұлақ" тау шаңғысы туристік базасы және басқалары орналасқан.
      Туристерге қызмет көрсетуге арналған бес жұлдызды және үш жұлдызды қонақ үйлер, санаторийлер мен демалыс үйлерi, көрермен және ойын-сауық орындары бар.
      Алматының туристiк қызметтерi рыногын 300 туристiк фирма бiлдiредi. 2003 жылдың 9 айында 70 мың, оның ішінде pecпубликаға сырттан келген 23 мың туристке қызмет көрсетілді.
      Алматы қаласының тартымды туристiк келбетiн қалыптастыру мақсатында арнайы WЕВ-сайт ашылған, жарнамалық өнiмдер шығарылады, туризмнің қолда бар инфрақұрылымы, жаңа туристiк бағыттар, қызметтердiң түрлерi, бiліктi экскурсия жүргiзушiлерiң, гид-аудармашылардың бар-жоғы туралы дерек қоры қалыптастырылған.
Туризм саласындағы отандық және шетелдiк мамандар үшiн жарнамалық турлар, Шарын аңғарына, Үлкен және Кiшi Алматы шатқалдарына туристiк десанттар ұйымдастырылған.
      Туризмдi дамыту саласындағы проблемалар:
      қызметтер инфрақұрылымын дамытудың жеткiлiксiз деңгейi, сервис-қызметтердің бағалары деңгейiнiң олардың сапасына сәйкес еместiгi;
      Алматы қаласы мен Ұлы Жiбек жолын шетелде жарнамалау және олардың мүмкiндiктерiн ұсынудың тиiстi деңгейiнiң болмауы;
      туризм жөніндегi мамандардың дайындығы мен бiлiктілігiнің жеткiлiксiз деңгейі;
      тарихи ескерткіштердiң қанағаттанғысыз жай-күйi, туристiк және
спорттық базалар, демалыс үйлерiнiң моральдық тозуы;
      Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша экскурсиялық бағыттардың өзара байланысқан жүйесінiң болмауы.

     1.6. Қала құрылысы және тұрғын үй-коммуналдық
           шаруашылық

      Қала құрылысы және қаланы көрiктендiру
      Алматы қаласы, әсiресе оның орталық бөлiгi әкiмшiлік-iскерлiк, сауда-тұрмыстық, мәдени-ойын-сауық мақсатындағы объектілердi салудың жоғары тығыздығымен ерекшеленеді. 1997 жылдан бастап ғимараттардың бiрiншi қабаттарын әртүрлі қызмет түрлерiн дамыту үшін қайта жаңарту жөніндегі жұмыстар қарқынды жүргiзілуде.
      2000 жылдан бастап жол-көлiк инфрақұрылымын дамыту және қаланы көгалдандыру жөнiндегi жұмыстар елеулi жандандырылды. Көлiк түйінін ажырататын және өтіп кететін жолдарды салу жүзеге асырылуда. Жолдарды салу мен қайта жаңартуда жаңа технологиялар қолданылады. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылды, дендропарк  салу жүзеге асырылуда, Баум орманы мен басқа да объектілерді жаңарту жөнiндегi жұмыстар жүргiзілуде.
      Қала дамуының соңғы кезеңі селитебтiк аумақтардың қарқынды өсуiмен сипатталады.
      Негізгi проблемалар:
      қаланың перифериясына аз қабатты үйлердi салу Қаланы дамытудың бас жоспарын ескерусiз жүзеге асырылуда, әртүрлi құрылыс түрлеpiнe осы мақсаттарға жарамсыз аумақтар (өзендердiң жайылмалары, санитарлық-қорғау аймақтары және т.б.) пайдаланылады;
      жеке тұрғын үй салу аудандарының көпшілігі инженерлiк-коммуникациялық, көліктiк және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсетудiң қажеттi деңгейiмен қамтамасыз етiлмеген;
      перифериялық аудандардың көліктік байланыстары, транзиттiк ағындар қаланың орталық бөлiгi арқылы өтеді, бұнымен олар мегаполистiң экологиялық жай-күйін қиындатады және қаланың жолдарындағы қауіпсiздік деңгейiн төмендетеді;
      табиғи отырғызулардың бiршама бөлігі қайта жаңаруды және қаланың аумақтық-жоспарлау және экологиялық ерекшеліктерiне бағындыруды қажет етеді;
      қаланың тауар рыноктары желiсi, негiзiнен, 1980-1990 жылдары қала құрылысы мен санитария ережелерi сақталмай еркiн қалыптасқан.
      Тыныс-тiршiлiк ортасы
      Қаланың тыныс-тіршiлігi ортасы:
      жоғары сейсмикалық белсендiлiк аймағында орналасқандықтан;
      Үлкен және Кішi Алматы, Есентай, Қарғалы өзендерiнiң бассейндерi бойынша таудан сел ағуының және қаланың бiршама аумақтарын су басуы қаупі бар болуынан, әсiресе қар еру және құйын  жауындар кезiнде, табиғи зiлмауыр туындау қаупiмен сипатталады. Мамандардың бағалауы бойынша 9 балл жер сiлкiнiсiн Алматы қаласының тек 50 % ғимараттары ғана шыдай алады.
      1999 жылы Кiшi Алматы өзенiнің бассейнiнде тасқын су кiрген кезде жақын орналасқан ғимараттар мен инженерлік коммуникацияларға елеулi материалдық зиян келтiрiлдi. Тесiп өтетiн металдан жасалған сел тосқауылдарын салу, уақытша қоршау дамбаларын тұрғызу және тасқын суларды бұру жөнінде жедел шаралар қабылдау есебiнен Алматы қаласын құрбан болушылар мен қираудан сақтап қалдық. Алайда, бұл шаралар жеткiлiксiз, өйткенi орнатылған конструкциялардың берiктігі шамалы және тасқын сулардан тиiмдi қорғауға арналмаған.
      Қаладағы және оның айналасындағы 40 км радиуста ықтимал қатты
жер сілкінісi факторы қосымша күштi сел тасқынын, су басуын, қара жолдың тереңдеп кетуін тудыруы мүмкін.
      Авариялық-құтқару және диспетчерлiк қызметтердiң материалдық-техникалық базасы, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою үшiн хабар беру және байланыс жүйесi елеулi жақсартуды қажет етеді.
      Тұрғын үй қорының жай-күйі
      Соңғы жылдары тұрғын үй caлу қарқынды түрде жүргізіліп жатыр.
2001 жылы 240,9 мың ш.метр салынды, бұл 1998 жылғы деңгейден 39%-артық. 2002 жылдың 9 айы iшiнде тұрғын үй өсiмiнiң қарқыны 2001 жылдың осындай кезеңiне 5,2 %-ды құрады. Кәсіпорындар мен ұйымдap салған тұрғын үйлер үлесi өсуде. 1998 жылмен салыстырғанда ол 20,8-ден 32,3%-ға дейiн өстi. Аяқталмаған тұрғын үй құрылысының көлемi осы кезеңде 423-тен 236 мың ш.метрге дейiн немесе 44,3%-ға қысқарды.
      Қаланың тұрғын үй қоры 2002 жылғы 1 қаңтарда тұрғын үйдің жалпы алаңының 21,2 млн. ш.метрін құрайды. Қалада 7137 көп қабатты тұрғын үйлер бар, оларда жалпы алаңы 15832 мың ш.метр 299 мың пәтер
бар.
      Негiзгi проблемалары:
      қаланың тұрғын үй қорының 5,6 млн. ш.метр тұрғын үйі немесе жалпы алаңы 26,5%-ы сейсмикалық берiк емес ғимараттар қатарына жатқызылды, сейсмикалық аса қауiптiлерi - тиiсiнше 2,3 млн. ш.метр
немесе 11%-ы;
      50 мың адам тұратын жалпы алаңы 488 мың ш.метр 951 тұрғын үй
авариялық жағдайда тұр, бұл үйлердің қызмет ету мерзiмi 50 жылдан асқан, бұл санаттағы үйлерi негiзiн төмен нормативтiк қызмет мерзiмi бар объектiлер (каркас-қамыс, ағаш және саман) құрайды;
      өзендердiң су қорғау аймақтарында өздерi тұрғызған тұрғын үй құрылыстары бap, олар дүркiн-дүркiн тасыма су және жауын-шашын суларының басуына ұшырап отырады, бұл онда тұратын азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қауіп төндіреді;
      43227 адам тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж, оның ішінде 8976 азаматтың жеңiлдік құқығы бар.
      Газбен жабдықтау
      Қаланы газбен жабдықтау Газли - Шымкент - Алматы магистральді құбыры бойынша жүзеге асырылады және қалаға ГРС-1 және 2 арқылы келiп жетеді.
      Газ құбырларының ұзақтығы қалада 2543,5 км құрайды, оның iшiнде жоғары қысымды газ құбырлары - 16,3 км, орташа қысымды газ құбырлары - 287,4 км, төмен қысымды газ құбырлары - 2239,9 км.
      Жыл сайын орта есеппен 140 км газ құбыры жөнделеді, жер асты құрылыстарын электр химиялық коррозиядан қорғау жөніндегi жұмыстар
жүзеге асырылады.
      Газбен жабдықтаудағы проблемалар қала үшiн газ көлемiнің жеткіліксiздігі болып табылады, бұл жеке тұрғын үй құрылыстары бар  аудандарды және орталықтандырылған жылу көздерiн онымен қанағаттанғысыз қамтамасыз етудi тудырады.
      Сумен жабдықтау және су бұру
      Қалаға Yлкен және Кiшi Алматы өзендерiндегi екi су жиналғыдан
және Алматы мен Талғар су шығару конустарының екi жер асты су жиналғыларынан су беру жүзеге асырылады. Сумен жабдықтаудың демалыс
аймақтары мен қалаға iргелес кенттердің бiр бөлiгiне қызмет көрсететiн бiрыңғай орталықтандырылған жүйесi бар.
      Алматы қаласының тұрғын үй қоры су құбырымен 89,8%-ға, кәрізбен - 86,2%-ға қамтамасыз етiлген.
      Су құбыры желiлерiнiң және су бұрғыштардың жалпы ұзақтығы 2285 км құрайды. 1997 жылдан бастап 2001 жылды қоса алғанда 17,6 км
су құбыры желiлерi салынып, 26 км күрделi жөндеуден өттi.
      Жалпы қалалық кәрiз қаладан, оған iргелес демалыс аймақтарынан, бiрқатар кенттерден және Талғар мен Қарасай қалаларынан сарқынды суларды қабылдауды, бұруды және тазартуды жүзеге асырады. Сарқынды сулар тазартудың бiрнеше сатысынан өтедi, содан кейiн ауыл шаруашылығы дәндi дақылдарын суаруға және сүзгi танаптарына жiберiледi. Вегетациялықтан тыс кезеңде бұру каналы бойынша олар Сорбұлақ жинақтауышына бұрылады. Сарқынды суларды тазартудың барлық сатыларында зертханалық бақылау ұйымдастырылған. Сорбұлақ жинақтауышының тoлып кeтуін болдырмау мақсатында Iле өзенiне авариялық ағызу каналы салынған.
      Қалаға iргелес аудандардың бөлiгі аз қабатты құрылыстарының сарқынды суларын жеке тұрғын үйлерi септигiне немесе оларды шағын аудандарға iргелес сүзгі танаптарына бұру арқылы ағызу жүзеге асырылады.
      Сумен жабдықтау мен су бұру проблемалары:
      құбырлардың моральдық және табиғи өте қатты тозуы;
      Алматы жер асты сулары кен орнында су сағасының кемуі салдарынан қаланың солтүстiк бөлігіндe топырақты сулар деңгейінің күрт жоғарылауынан ғимараттар мен құрылыстарды су басу қаупі;
      Аз қабатты ғимараттар мен қала маңындағы шағын аудандар объектiлерiнің кәрiз желілерiмен қамтамасыз етiлмеуі;
      өзендердiң ластануына әкеп соқтыратын қаланың бiрыңғай нөсер кәрiзi жүйесiнің болмауы.

     1.7. Көлiк-коммуникациялық кешен
      Көлiк
      Қаланың көлiк желiсi ұзақтығы 1500 км автомобиль жолдарынан, 93 автожол және 73 жаяу жүргiншiлер көпірлерiнен, 5 жолөткелдерiнен
және 20 жер асты өтпелерiнен тұрады.
      Қалада 98 көлiк кәсiпорындары жұмыс iстейдi, оның 38-i жеке меншiкте.
      2002 жылдың 9 айы iшінде қалада автобустармен 109 млн. адам,
трамвайлармен және троллейбустармен - 49,7, таксимен - 7,6 млн. адам тасымалданды.
      Қаланың орталық бөлiгін жаңа шағын аудандармен бiрiктiретін жаңа бағыттар ашылды. Көлiк айырымдарын, қосымша көшелер салу, жолдарды кеңейту және күрделi жөндеу есебiнен жолаушылар ағынымен неғұрлым толып келетiн магистральдарды сирету жүзеге асырылады.
      Қаланың неғұрлым өзектi көлiк проблемаларына мыналар жатады:
      магистральдық жолдарды дамыту мүмкiндiгінiң шектеулiлiгі (аумақтың тығыздығы жол алаңын кеңейтуге мүмкіндік бермейді);
      экологияға теріс әсерiнің өсуімен және қозғалыс қауіпсiздiгiнiң күрт төмендеуінен қала жолдарының автокөлiкпен тым толып кетуі;
      қаланың халықаралық автокөлiк дәлiзiнiң қиылысында орналасуы,
сондай-ақ айналма жолдардың болмауы қаланың негiзi магистральдарының уақытынан бұрын бұзылуын тудырады және экологияны нашарлатады;
      электр көлiгiн дамытудың жеткiлiксiз деңгейi.
      Қозғалыстың қарқындылығы және шектен тыс автомобильдендiру экологиялық ахуалды нашарлатады, сондықтан метрополитен салуды одан
әрi жүзеге асыру үшiн мүмкiндіктердi белсенді iздестiру қажет.
      Жобаның сметалық құны 662 млн. АҚШ долларына бағаланып
отыр, қазiргі уақытта 142,9 млн. АҚШ доллары игерiлді.
      Жобаны iске асыру бiрқатар проблемалармен тоқайласқан, олардың iшiнде:
      қаланың геодезиялық және қала құрылысы ерекшелiктерi - сұйық топырақтың, жер асты өзендерiнiң, жүзгiштердiң болуы, құрылыстың
тығыз салынуы және жоғары сейсмикалық ауданда орналасуы (құрылыс жұмыстарын тоқтата тұру техногендiк сипаттағы проблемалардың шиеленісуіне әкеп соғуы мүмкiн);
      қаржы құралдарының жеткiлiксiздігі (1994 жылдан бастап объектіні салуды орталықтандырылған қаржыландыру қысқартылды, 2001 жылы - жүргiзiлген жоқ, 2002 жылы жергiлiктi бюджетте жобаны iске асыруға 350 млн. теңге көзделдi);
      электрмен жабдықтаушы көздер қуатының жеткiлiксiздігі;
      құрылыс алаңдарындағы 159 үйдi бұзудың қажеттiгi.
      Байланыс
      Қаладағы байланыс қызметiн "Алматытелеком" MTO көрсетедi. Телефон желiсiнiң сыйымдылығы 453798 нөмiрдi құрайды, оның iшiнде электр станцияларының сыйымдылығы 33%-тi құрайды. Қазiргі уақытта оны тiрек-транзиттік станция сала отырып, жаңғыртудың жаңа кезеңi жүзеге асырылуда, ол электр станцияларының сыйымдылығын жалпы сыйымдылықтың 45,4%-iне дейiн арттыруға мүмкiндік бepeді.
      Саланы дамыту проблемалары:
      республикада қазiргі заманғы байланыс құралдары жабдықтары өндiрiсiнiң болмауы;
      қаланың жаңа шағын аудандарының байланыс қызметтерiмен қанағаттанғысыз қамтамасыз eтілуі.

      1.8. Инвестициялық климат
      Инвестициялық қызмет
      Алматы қаласының инвестициялық климаты тұрақты қоғамдық-саяси
және экономикалық ахуал, банк жүйесiнің тұрақтылығы, жинақтаушы зейнетақы қорларының, КУПА-ның, сақтандыру компанияларының, сервистiк қызмет көрсетулер деңгейiнiң серпiндi дамуы салдарынан жеткiлiктi қолайлы ретiнде сипатталады.
      2000 жылдан бастап Алматы қаласының инвестициялық саясатының 2005 жылға дейiнгi кезеңге арналған стратегиясы iске асырылуда.
      Күрделi құрылыстың салалық құрылымында бірқатар жылдар бойы басымдықтарды өңдеу өнеркәсiбi, сауда, көлік және байланыс пайдасына қайта бөлу байқалады. Тамақ өнеркәсiбiне бағытталған инвестициялардың үлесi 1999 жылдан бастап 3 eceге ұлғайды, саудаға, автомобильдер мен үй бұйымдарын жөндеуге - 28 eceге, көлiк және байланыс саласына 22%-ке.
      2001 жылы қала объектілерiнiң күрделi құрылысына 24 млрд. теңге инвестиция бағытталды, бұл 2000 жылмен салыстырғанда 2 есеге көп.
      Күрделi құрылысқа шетелдiк инвестициялардың көлемi 2001 жылы 3,0 млрд. теңге мөлшерiнде қалыптасты, бұл жалпы көлемнің 12%-iн құрайды.

2-кесте           

             Инвестициялар көлемiнің өсу қарқыны
____________________________________________________________
                  1998 ж.   1999 ж.  2000 ж.    2001 ж.   2002 ж.
                                                          10 айы
____________________________________________________________
Негiзгі капиталға  26839     50208   53900,3    114763    90579,7
инвестициялардың
көлемі, млн. теңге

Өткен жылға өсу      -       176,7      99,5     194,5      111,1
қарқыны, %

Iрі және шағын      9499     10097     11213      24254,5    -*
кәсiпорындар
бойынша күрделі
құрылысқа инвес.
тициялар, млн. теңге

Өткен жылға өсу     66,3      100,4      102,9     2 есе
қарқыны, %

Негiзгi капиталға   10,2       13,6       9,1       12,2       11
инвестициялардың
республикалық көле-
мінде қаланың үлесі, %
____________________________________________________________

      * есеп беру жылына бір рет көзделеді

      Сонымен бiрге, республика мен қала үшiн басымдықты машина жасау, металл өңдеу, тоқыма, тiгiн өнеркәсiбi, экология сияқты экономика салалары мен дамыту бағыттары инвесторлардың мүддесiнен тыс қалуда.
      Негізгi проблемалар:
      төлемсiздiктердің тоқырауымен шиеленiскен қаржы құралдарының төмен өтімділігі;
      дұрыс ақпараттың жеткiлiксiздігi.
      Бұдан басқа, мемлекеттiң әлсiз рөлi сыбайлас жемқорлық пен терiс пайдаланушылықтың таралуы, келiсiм-шарттық талаптардың орындалмауы үшiн мүмкіндік берді; зияткерлік меншік құқықтарын қорғау қамтамасыз етілмеуде.
      Қаржылық құралдар мен технологиялар
      2000 жылы 400 млн. теңге салаға муниципальдық облигациялар эмиссиясы жүзеге асырылады. Облигациялық қарыздан тартылған қаражат
есебiнен қала үшiн басымдықты бiрқатар жобалар бiрлесiп қаржыландырылды.
      "Алматы қаласын аймақтық қаржылық орталық ретiнде дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 27 шiлдедегі N
1014 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бағалы
қағаздар, оның iшiнде мемлекеттік емес бағалы қағаздар рыногын дамыту мәселелерi бойынша нормативтік құқықтық базаны жетiлдiру
жөнiндегі шараларды қабылдауда.

      1.9. Сауда
      Сыртқы сауда
      Алматы қаласы 134 жақын және алыс шет елдермен сауда-экономикалық қатынас жасауда, олар бойынша сыртқы сауда айналымы 2002 жылдың 9 айында 2125,4 млн. AҚШ долларын құрады, бұл 2001 жылдың тиiсті кезеңiмен салыстырғанда 23,7%-ке артық.
      Экспорттық жеткiзiлімдердiң көлемi 521 млн. АҚШ долларына бағалануда. Қала кәсіпорындары өнiмi мен қаладан әкетілетiн тауарлардың негізгі тұтынушылары: Швейцария, Қытай, Бiрiккен Араб Әмiрияттары, Ресей және Украина болып табылады. Осындай ұқсас кезеңдегі импорттық жеткiзілiмдердің көлемi 1604,4 млн. АҚШ долларын құрады. Қалалық рынокты өнеркәсiптiк өнiммен, шикiзатпен, материалдармен және халық тұтынатын тауарлармен молайтуда Ресей жетекшi болып табылады.
      Сонымен бiрге, экспорт пен импорттың тауар құрылымын талдау кәсiпорындардың, ұйымдардың және халықтың негiзгi ақшалай ағыны импорт, негiзiнен, өңдеушi сала өнiмдерiн (машиналар, жабдықтар, тетіктер, алкогольдік және алкогольдiк емес cуcындар, дәрi-дәрмектер, тұтыну мақсатындағы өндірiстiк емес тауарлар) сатып
алуға бағытталатындығын көрсетедi.
      Негізгi проблемалар:
      экспорттың шикiзатқа бағыттылығы сақталып отыр, импортта жоғары деңгейлi қайта өңдеу өнiмi басымдық алып отыр.
      Iшкi сауда
      Қаланың тұтыну рыногы тауарлармен және қызмет көрсетулермен жоғары молығуымен ерекшеленеді. Бөлшек сауда айналымы 2002 жылдың 10
айында 236,8 млрд. теңге мөлшерінде қалыптасты және 2001 жылдың осындай деңгейiне қарағанда 3,5 %-ке өсті. Қаланың базарларына (98)
жалпы бөлшек сауда айналымының 73,6% келедi. 1998 жылдан бастап оларды жаңғырту жөнiндегi 18 белсендi жұмыс жүргiзiлуде. Базарлар тауар айналымының өсуімен салыстырғанда сауда кәсiпорындарының бөлшек сауда айналымының озық өcуі (2001 жылы 51,5%) оң фактор болып табылады (19,6%).
      Көтерме сауда-саттықтың сауда айналымы 2002 жылғы 1 қарашадағы
жағдай бойынша 265,5 млрд. теңгенi құрады. Көтерме сауда-саттықты, негiзiнен, шағын (58,7%) және орта (36,4%) кәсiпорындар жүзеге асыруда.
      Алматы қаласына қоғамдық тамақтану өнiмiнің республикалық айналымының 26,5%-i келеді.
      Сауда-саттықты дамытудағы проблемалар:
      басым көпшiлігi шағын делдал ұйымдарынан тұратын көтерме сауда жүйесiнің жетілдiрiлмеуi, бұл бағалардың деңгейiне керi әсер етедi;
      тиеу-түсiру жұмыстары тетiгiнің және қазiргi заманғы ақпараттық жүйелердi қолданудың төмен деңгейі;
      тауарлардың қауіпсiздiгi мен сапасына азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етудiң жеткiлiксiз деңгейi.

      1.10. Салықтар мен бюджет
      Салықтар
      1997 жылдан бастап қалада бюджетке салық түсімдерiнің және алымдарының болжамы орындалуының қарқынды өсу серпiні қалыптасты. 2002 жылдың 9 айында Алматы қаласының бiрiктiрiлген бюджетіне барлық салық төлеушiлерден 109,7 млрд. теңге түстi. Салықтаp алымының болжамы 14,0%-ке асыра орындалды.
      Қызмет саласы бөлінісiндегi салықтар мен төлемдер түсiмдерiнің құрылымы мынадай тәсiлмен көрiнедi:
      өнеркәсiп - 16,2 % (2001 жылдың 9 айында - 11,2%);
      құрылыс - 6,3 % (6,8 %);
      сауда - 25,8 % (11,6 %).
      Сонымен бiрге, салық салу саласында бересiнiң едөуір көлемінің болуы оның iшiнде қайта тiркеуден өтпеген және салық органдарымен байланысты жоғалтқан, жұмыс істемей тұрған кәсiпорындар көшпелі берешегiнiң болуы негізгi проблема болып қалып
отыр.
      Бюджет
      2002 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша республикалық бюджетке Алматы қаласы 89,6 млрд. теңге (жиналған салықтар мен төлемдердiң 81,7%) аударылды, оның iшiнде бюджеттiк алулар түрiнде - 15 млрд. теңге.
      Алматы қаласы бюджетiнің кiрiстерi 2002 жылдың 9 айында iс жүзіндегі көрсеткіштердің жоспарлыдан 14%-ке асып түсуімен сипатталады. Бюджет шығыстарында 43% бюджеттiк алуларға келеді.
      Проблемалар:
      Алматы қаласының жергiліктi бюджетiнен республикалық бюджетке
алулардың тұрақты нормативiнiң болмауы;
      жергiлiктi бюджет шығыстарының негiзiнен ағымдағы шығындарға шоғырлануы, iрi инвестициялық жобаларды қаржыландыру мүмкiндігінiң болмауы.

      1.11. Мемлекеттік активтердi басқару
      2002 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша қаланың аумағында, негiзiнен, ғылым, мәдениет, бiлiм беру, денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру салаларында жұмыс iстейтiн 1745 заңды тұлғалар мемлекеттік меншікте қалады немесе мемлекеттiк үлесi бар.
      Коммуналдық меншiктің шаруашылық жүргізушi субъектілерiнің банкi 418 ұйымнан тұрады, оның iшінде 44-інде акциялардың мемлекеттiк пакетi бар.
      Жалға беру шартымен пайдалануға берiлетiн коммуналдық меншiк объектілерiн оңтайлы пайдалану 2000 жылмен салыстырғанда жалға беруден бюджетке түсетін түсімдердің 85,3%-ке өcуін қамтамасыз етуге мүмкіндiк бердi.
      Шағын кәсіпкерлік субъектілерiн басымдықты дамыту оларға мүлiктiк жалдауға үй-жайлар беру арқылы қамтамасыз eтілудe.
      Коммуналдық меншiк объектiлерiн оңтайлы пайдалануды қамтамасыз ету және оларды тиесiлі техникалық жағдайға келтiру мақсатында "Қозғалмас" мемлекеттік қазыналық кәсіпорны құрылды.
      1998-2001 жылдарда кепілдiктi қамтамасыз ету ретінде жалпы сомасы 44,5 млн. АҚШ долларына коммуналдық меншік мүлігі берілдi.
      Сонымен бiрге, мемлекеттiк активтердi басқару тетiгiнде бiрқатар кемшiлiктер бар, олардың iшiнде:
      коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың (бұдан әрi - кәсіпорын) таза кiрiсiнiң бiр бөлiгiн жергiлiктi бюджетке есептеудi және аударуды жеткiлiксiз бақылаудың болмауы;
      кәсiпорындардың қаржы-шаруашылық қызметi нәтижелерiн жинау мен талдау жүйесiнің болмауы;
      коммуналдық меншiк объектілерiнiң бiрыңғай деректер базасын жүргізу жөнiндегі жеткіліксiз жұмыс;
      республикалық және коммуналдық меншiк объектілерiн шектеу өлшемдерi мен тетіктерiнің болмауы.

     1.12. Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану
      Алматы қаласы елдің iрi урбанизацияланған орталығы болып табылады. Алайда, қаланы физикалық-географиялық, табиғи-климаттық ерекшелiктер мен экологиялық талаптарды жеткiлiктi есепке алмай дамыту мен индустрияландыру оның аумағында экологиялық теңдіктің бұзылуына әкеп соқтырды. Алматы республиканың неғұрлым экологиялық қолайсыз қалаларының қатарында қалып отыр. Әлсiз табиғи желдеткiш  және зиянды заттар тастандыларының көшпелi және стационарлық көздер
санының көп болуы жағдайында әуе бассейнiнiң ластануы қаланың табиғи ортасының жағдайына керi ықпал етуiнiң басты факторы болып табылады.
      Жыл сайын қаланың әуе бассейнінде 180 мың тоннаға жуық ластаушы заттар тасталынады, олардың 80%-тейі көшпелi көздердiң тастандыларын құрайды. Олардың саны 10 жылда екi еселендi және 200 мың бiрлiкке жеттi. Бұдан басқа, күн сайын қалаға тастандылары есептелінбейтiн 50 мың бiрлiкке жуық басқа қаладан автомобильдер кiреді.
      Ластаушы заттардың қатарында шоғырланудың шекті-рұқсат етiлген көлемiнің acып түсуi үнемi байқалуда: шаң (салмағы өлшенген
заттар), көмiрсутектің тотығы бойынша - 1,1 - 1,3 есеге, азоттың диоксиді - 1,3 - 1,5, фенол - 1,3 - 1,7, формальдегид - 4,7 - 6,6 есе. Әуе бассейнiнiң едәуiр ерекше ластануы көшпелi және стационарлық көздердің зиянды тастандыларының көлемi атмосфераның  өзiн-өзi тазартуға қабілетiн арттыратын жылдың салқын уақытында байқалады.
      Iле Алатауы тауларында экологиялық ахуалдың нашарлауының терiс үрдісi байқалуда, мұнда таза судың жаңартылатын ресурстарының басым бөлiгi қалыптасады.
      Шағын өзендердiң алқаптарында халықтық және шаруашылық объектілердің санының өсуі су ағызғылардың гидрогеологиялық теңгерiмiнiң, жер асты суларының гидрогеологиялық режимінiң бұзылуына, жер бетi және жер асты сулары ластануының ұлғаюына ықпал етеді.
      Экологиялық ахуалдың едәуір нашарлауы қала маңындағы жерлердi
беталды пайдалануына және оларда құрылыс салуға, улы қалдықтарды көму жөніндегi полигонның болмауына байланысты.
      Рекреациялық аумақтар орман-мелиоративтiк және көгалдандыру жұмыстарын жандандыруға мұқтаж.
      Қазiргі уақытта Алматы қаласының экологиялық ахуалын жандандыру жөнiндегi басқарушылық және шаруашылық шешімдердің тиiмдiлiгін арттыру мақсатында қоршаған табиғи ортаның мемлекеттiк мониторинг жүйесi жетілдіруге мұқтаж.

      2. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері

     Алматы қаласын одан әрi дамыту үшін негiзгi алғышарттар:       Республикадағы және Алматы қаласындағы жалпы әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру;
     барлық агломерацияны қарқынды дамытуды қамтамасыз ету жөнiндегі Алматы қаласының мүмкiндіктерi мен осының негізiнде қуатты мультипликациялық нәтиже алу;
      қаланың және жапсарлас аумақтың экономикасын дамытудың ұйғарылып отырған мiндеттерiн шешу үшiн еңбек ресурстарының жеткiлiктігі;
      қалада iскер, қаржы және ғылыми құрылымдардың, халықаралық ұйымдар өкiлдіктерiнiң едәуір бөлiгiн шоғырландыру;
      Алматы облысының рекреациялық әлеуетiмен жиынтығында туризмнiң қазiргi заманғы индустриясын құру үшiн нақты базаны құрайтын туристiк бизнестің инфрақұрылымын дамыту болып табылады.
      Қолда бар алғышарттар мен Алматы қаласын және оған жапсарлас аумақтарды одан әрi дамыту мүмкiндiктерiн ескере отырып, осы бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi айқындалды.
      Осы бағдарламаның басты мақсаты қаланың айрықша, яғни республикалық маңызы бар қала мәртебесiне сәйкес оның жаңа кейпiн қалыптастыру және республиканың қаржы, ғылыми, білiм беру, мәдени және туристік орталығы ретіндегі ұстанымын бекiту болып табылады.
      Алматы қаласының функционалдық және қала құрайтын құрылымдары, тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету жүйесiнің деңгейi қазiргi заманғы қалалардың әлемдiк стандарттарына сәйкес келуi және
тiршiлік ету үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз етуi тиiс.
      Қойылған мақсатқа жету үшiн мынадай мiндеттердi шешу талап етiледі:
      қаланың және оның шеткерi аймағының экономикасының мақсатты функционалдық-салалық құрылымын құру;
      қаланың және оған жапсарлас аумақтың қалыпты және тұрақты тыныс-тiршiлiгi үшiн ұйымдастыру-экономикалық және нормативтiк құқықтық жағдайлар жасау;
      Алматы қаласының айрықша мәртебесiне сәйкес келетiн қазiргі заманғы инфрақұрылымды құру;
      экономика саласындағы ғылымды қажетсiнетін өндірiстер мен инновациялық технологияларды дамыту;
      кедейлік ауқымын қысқарту;
      жұмыссыздық деңгейiн елдiң тұрақты әлеуметтiк-экономикалық дамуын қамтамасыз ету процестерiне қатер төндіруді болдырмайтын параметрлерге дейiн төмендету, әрбiр отбасының кемiнде бiр мүшесiн жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету;
      қайта өңдеудің жоғары дәрежелi өнiм экспортының өсуіне бағдарлай отырып, әлемнiң елдерiмен тығыз әрiптестiк қатынастарды реттеу;
      туризмді дамыту жөнiндегi ұйымдастыру және құқықтық шаралар кешенiн әзiрлеу, туризмнің пайдалы және бәсекеге қабiлетті индустриясын құру;
      қаланы дамытудың Бас жоспарына сәйкес, оның тиiмдi жұмыс icтеуіне және экономикалық ұдайы өндірiсiне ықпал ететiн неғұрлым оңтайлы қала құрылысы шешiмдерiн айқындау;
      мемлекеттiк активтерді және қаланың тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету объектiлерiн басқарудың тиiмдiлiгін арттыру;
      экологиялық ахуалды жақсарту және қаланың мүмкiн болатын табиғи апаттарға және табиғаттың катаклизмаларына үнемi дайын тұруын қамтамасыз ету;
      Алматы қаласының бейнесiн республиканың қаржы, ғылыми, бiлiм беру, мәдени және туристік орталығы ретінде ұстау.

      3. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен оны іске
         асыру тетігі

      3.1. Әлеуметтік саланы дамыту
      Демографиялық даму
      Басымдықтар:
      отбасы және неке институтын дамыту үшiн жағдайлар жасау;
      белсендi демографиялық саясатты жүргізу;
      демографиялық дамудың сапалы көрсеткіштерiн жақсартуға қол жеткiзу.
      Шешу жолдары
      Халықтың табиғи өсiмiн, халықтың өмiр сүру сапасын арттыру мен денсаулығын жақсарту есебінен қамтамасыз ету жөніндегi шаралар қабылданатын болады.
      Отбасы және неке институтын дамыту, сондай-ақ жастарды жаңа экономикалық жағдайларға әлеуметтiк бейімдеуге бағытталған жастар бағдарламаларын iске асыру басым бағыт болады.
      Аумақтық емханаларда фертильдiк жастағы әйелдердi қазiргі заманғы сауықтыру мақсатында диспансерлеу жүйесiнің жұмысы жаңартылады.
      Балалар тағамын шығару жөнiндегi мамандандырылған кәсіпорындар желiсiн құру және бiр жасқа дейiнгі балалар үшiн балалар асханасы желiсiн ашу (тегін тамақтандыру) жоспарланып отыр,
бұл сәби ауруы мен өлiмiнiң деңгейiн қысқартуға мүмкiндiк береді.
      Репатрианттардың өмiр сүру жағдайларын жақсарту үшiн жағдай жасалатын болады. Қажеттi инфрақұрылымды құруды қоса алғанда, "Байбесiк" поселкесiн салуды аяқтау жоспарланып отыр.
      Демографиялық процестердi реттеу мақсатында Алматы қаласының халқының экономикалық нормативтерi әзiрленетiн болады.
      Өмiр сүру деңгейi
      Басымдықтар:
      еңбек рыногындағы ахуалды жақсартуды сипаттайтын сапалы көрсеткіштерге қол жеткізу және азаматтар әл-ауқаты деңгейiн өсiру;
      жұмыссыздық деңгейiн төмендетудiң тиiмдi тетiктерiн енгiзу;
      халықты әлеуметтiк қамсыздандырудың тиiмдi жұмыс iстейтiн жүйесiн құру.
      Шешу жолдары
      Еңбек рыногындағы ахуалды және қала экономикасының қажеттiлігін eскере отырып, жұмыссыздарды кәсiби оқыту мен қайта даярлаудың икемді жүйесі жасалатын болады.
      Кедейлікті қысқарту және жұмыссыздықты төмендету мақсатында:
      әpбip отбасының кемiнде бiр мүшесiн жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету;
      кәсiпорындармен бiрлесіп, жұмыссыз азаматтарды шаруашылық жүргізушi субъектілердiң тапсырмасы бойынша оқытуға ақы төлеу тетігін енгiзу;
      арнайы iрiктеуден өткен жұмыссыздар қатарындағы аз қамдалған азаматтарға гранттар мен шағын кредиттер беру тетiктерiн әзiрлеу және кәсiпкерлiк қызмет дағдыларына үйрету;
      халықты әлеуметтiк бейімдеу және өзiн-өзi ұйымдастыру мәселелерi бойынша тренингтер өткiзу көзделiп отыр.
      Алдағы кезеңде қалада халықты әлеуметтiк қорғауды жақсартуға бағытталған міндеттердің толық кешенi шешiлетiн болады.
      Аз қамдалған азаматтарды есепке алу және әлеуметтiк көмек көрсету мониторингі жүйесiн жетiлдiру оның атаулылығын күшейтуге мүмкiндiк бередi. Бұл, өз кезегiнде, әлеуметтік бағдарламалардың тиімдiлiгiн арттыруға ықпал ететiн болады.
      Ересек адамдардың демалу және емделу мүмкiндiгін кеңейту мақсатында санаторийлерге жолдамалар сатып алуға қосымша қаражат iздестiрiлетiн болады.
      Қалада зейнеткерлердi әлеуметтiк қамсыздандыру аумақтық орталықтары ашылатын, белгiлi бiр тұрғылықты жерi жоқ адамдар үшiн
әлеуметтiк бейімдеу opталықтары құрылатын болады. Жалғыз басты қарттаp мен мүгедектердi ұстауды жақсарту үшiн интернат үйлер желiсi кеңейтiлетiн болады.
      Денсаулық сақтау
      Басымдықтар:
      халықтың денсаулық жағдайын сипаттайтын сапалы көрсеткіштерді жақсарту;
      аурулардың алдын алуды күшейту және салауатты өмiр салтын насихаттау;
      ұсынылатын медициналық қызметтердің сапасын арттыру, oлардың халықтың барлық жiгi үшiн қол жетiмділігі;
      емдеу әдістерiнiң алдағы қатарлы технологияларын енгiзу.
      Шешу жолдары
      Қаланың денсаулық сақтауын жақсарту үшiн:
      жеке секторды дамыту, көрсетілетiн ақылы қызметтердiң тiзбесiн кеңейту, дәстүрлi емес емдеу әдістерiн енгiзу;
      мемлекет кепілдiк берген жалпыға қол жетiмді медициналық көмектiң сапасын жақсарту;
      жүрек-қан тамыры жүйесi, эндокриндiк аурулармен ауыратын азаматтарды, фертильдік жастағы әйелдердi диспансерлiк қадағалау жүйесiн дамыту;
      халықтың әлеуметтiк-қорғалатын тобын дәрi-дәрмекпен қамтамасыз етудi жақсарту;
      мемлекеттiк ұйымдарды жаңа медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету және дәлелдi медицинаға негiзделген алдыңғы қатарлы технологияларды енгiзу;
      денсаулық жағдайы мен медициналық және фармацевтика ұйымдары қызметінің, дәрiлiк заттардың адамның денсаулығына зиянды әсер ету ықпалы мониторингiнің бiрыңғай ақпараттық жүйесiн құру;
      фармацевтика және медицина өнеркәсiбiн дамыту;
      денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту жөнiндегi шаралар қабылданатын болады. Жаппай тұрғын үй құрылысын салу аудандарындағы халыққа алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету объектілерiн ашу; психиатриялық аурухана caлу; халыққа жедел және кезек күттiрмейтiн көмек көрсету жөнінде көп бейiндi клиника салу; үлгілік перинаталды орталық, СПИД-ке қарсы күрес жөніндегi қалалық орталық салу; крематорийiмен қалалық мәйiтхана салу мәселелерi пысықталатын болады.
      Салауатты өмiр салтын қалыптастыру бағытында ДДСҰ-ның "Салауатты қалалар", "Салауатты мектептер", "СӨС қағидатын насихаттайтын ауруханалар", "Отбасының денсаулығы" жобаларын iске асыру жоспарланып отыр.
      Бiлiм беру
      Басымдықтары:
      бiлiм берудiң тәрбиелiк функциясын күшейту;
      мектепке дейінгі, жалпы, орта және кәсiби бiлiм бepудің үздiксiздігі мен сабақтастығын қамтамасыз ету;
      бiлiм берудiң еңбек рыногында бәceкeгe қабiлетті мамандарды даярлауды қамтамасыз ететiн тиiмдi жүйесiн қалыптастыру.
      Шешу жолдары
      Мыналар арқылы бiлiм берудiң сапасына баға беру өлшемдерi енгiзiледi:
      оқытудың әдiстемесiн әзiрлеу бойынша ғылыми-әдiстемелiк зертхана құру;
      бiлiм берудi, оқытуды және тәрбие бepуді ұйымдастыру жұмысы сапасының мониторингi жүйесiн әзiрлеу.
      Оқытудың бiрегей оқу-әдістемелiк құралдары мен жаңа технологияларын әзiрлеу үшiн мұғалiмдер мен ғалымдарды бiрiктiретiн
әдістемелік ұжымдарды құру белгіленуде.
      Бiлiм беру инфрақұрылымын одан әрi дамыту мақсатында aз қамтылған отбасылардың балаларына, өcіп-жетiлуi кешеуiлдеген балаларға арналған бала бақшалар ашу, жаңа мектептер салу көзделедi.
      Бiлiм бepу мазмұнын жаңалау, бала бақшалар мен мектептердің базасындағы сынақ алаңдары мен оң-тәрбие орталықтары арқылы жүзеге асырылады. Бiрнеше тiлде оқытатын жаңа ұлттық мектептің тәжiрибелiк
моделiн құру көзделуде.
      Бастауыш және кәсiби орта бiлiм берудiң жүйесiн дамыту мақсатында мыналар көзделуде:
      мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм беру стандарттарын, оқу-әдістемелiк құралдарды барлық жерде енгiзу;
      еңбекке баулудың стандарттарын енгізу, "мектеп-кәсiби мектеп"
(лицей) үлгiсiндегi кешендерi құру;
      еңбек рыногының қажеттіліктерiне сәйкес бiлiм беретiн оқу орындарын басқа салаға бейiмдеу, оларды жаңа буын компьютерлерiмен жабдықтау және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.
      Бiлiм беру жүйесiнде әріптестiктi дамытуды қамтамасыз ету үшiн рынок қажеттiліктерiне сәйкес кадрларды даярлау бағдарламасын әзiрлеу және бiлiм беру мекемелерiнің ұсақ фирмаларға олардың мамандары үшiн қысқа мерзiмді курстарды, семинар сабақтарын  ұйымдастыру жолымен жәрдем көрсету жоспарлануда.

      Мәдениет және cпоpт
      Басымдықтары:
      қаланың мәдени және спорт инфрақұрылымын сақтау және жаңғырту;
      спортпен айналысуға жағдайлар жасау жолымен халықтың салауатты өмiр салты бойынша өмiр сүруге қызығушылығын арттыру;
      Алматы қаласы республикамыздағы мәдени орталығы және халықаралық дәрежедегi спортшыларды даярлау орталығы ретiндегi рөлiн күшейту.
      Шешу жолдары
      Қаланың мәдени инфрақұрылымын дамыту және оның мәдени орталық ретiндегi беделiн көтеру мақсатында мынадай мүмкiндiктер көзделген:
      муниципалдық театр, филармония, халық шығармашылығы орталығын
құру;
      Алматы қаласының тарихи-өлкетану мұражайын ашу;
      Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетiнiң iргелi кiтапханасының ғимаратын caлу;
      қаланың барлық кiтапханаларын компьютерлендіру.
      Ескерткiштерді күтiп ұстау ережелерiн сақтау мәселелерiнде бақылауды жүзеге асыру үшiн Алматы қаласында тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалану жөніндегi қалалық инспекция құрылады.
      "Мультиплекс" үлгiсіндегi қазiргi заманғы көп залды кинотеатрлар, сондай-ақ көрермендер аз сиятын залы бар электронды кино сандық кинотеатрларының желiсiн құру болжамдалуда.
      "Евразия" халықаралық кинофестивалiн өткiзудi қалпына келтiру
жөнiнде шаралар қабылданады, мұның өзi отандық кинематографтың
өркендеуіне игi ықпал етеді.
      Қалалық көркем, деректi және ғылыми-көпшілік фильмдер кинобейне қорларын құру жоспарлануда.
      Дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануды насихаттау мақсатында мыналарды:
      спорттағы дарынды балаларға арналған спорт мектебін, балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектептерін, дәрiгерлiк-дене шынықтыру диспансерін, дәстүрсiз дене шынықтыру орталығын;
      спортшыларды олимпиадалық даярлайтын орталықты ұйымдастыру жоспарлануда.
      Алматы қаласында әртүрлі халықаралық спорттық жарыстар өткiзу перспективасын есепке ала отырып, "Самал" шағын ауданындағы спорттық ойын-сауық кешенiнің құрылысын аяқтау жоспарлануда.

      3.2. Өнеркәсiп пен энергетика кешенiн дамытудың негiзгi
           бағыттары
      Өнеркәсiп
      Басымдықтары:
      тиiмдiлігі жоғары өнеркәсiптiк аймақтарды (өсу нүктелерiн) құру;
      кәсiпорындарды технологиялық қайта құру, жаңа технологияларды
кең ауқымда енгізу және таралымын көбейту;
      өндірiс құрылымын ұтымды өзгерту, ғылыми-техникалық саланы кейiннен коммерциялай отырып, жаңа технологиялардың меншiктi орталықтарын құру, тұрақты экспорттық блок қалыптастыру.
      Шешу жолдары
      Жұмыс iстеп тұрған iрi және орташа кәсiпорындардың өнiмге қажеттiлiгiне толық ауқымды және жергiліктi рыноктың сыйымдылығы мен әлеуетiн анықтауға және оларды шағын кәсiпорындарда шығаруға мүмкіндік беретiн меншiктi өндiрiс үшiн жинақтаушы талдау жүргiзiлетiн болады.
      Сатып алынатын техника түрлерi мен технологияларды, олардың әлемдiк стандарттарға және қалалық өнеркәсiптiк жағдайларға сәйкестiк деңгейiн анықтау есепке ала отырып, конъюнктуралық зерттеулерді жүзеге асыру жоспарлануда. Осы жұмыстың негiзгi басымдылығы зерттеулердің өнеркәсiп өндірiсi талаптарына бағынуы болмақ.
      Алдыда ғылыми-техникалық өнiмнің жарнамасын ұйымдастыру,
технологияларды алушылар мен жеткiзушілер туралы деректер банкін құру тұр.
      Ықпалдасқан байланыстарды дамыту, бiрлескен кәсiпорындарды құру, тендерлiк тетiктердi пайдалану арқылы оларды жаңарту жөніндегi
шаралар кешенiн өткiзе отырып, кәсiпорындарды дамыту стратегиясын таңдау дұрыстығына негiзгi назар аударылатын болады.
      Активтерi бiрiктiрiлетiн және қолайлы баға бойынша отандық және шетелдiк ұқсас өнiмдердi өндірушiлерге ұсынылатын, өнiмдердi
өткiзу рыноктарында өздерiн оңынан көрсеткен әртүрлi кәсіпорындардың мүлiктiк кешендерiн қалыптастыра отырып, кәсiпорындарды оңалту тетiгi дамитын болады.
      Машина жасау
      Машина жасауды дамыту мақсатында бүкiл жоспарланып отырған кезең ішінде мыналар:
      өндiрiстi ұйымдастыру және өнеркәсiп пен ауыл шаруашылығы
техникасы үшiн қажеттi қосалқы бөлшектердiң шығарылуын игеру;
      авто- және электр көлiгi құралдарының меншiктi өндiрiстiк базасын дамыту;
      теледидар, компьютерлiк, есептеу аппаратурасының және халық  шаруашылығына арналған аспаптардың меншiктi өндiрiстерiн дамыту көзделетiн болады.
      Бас кәсiпорынның мұқтаждары үшiн құрауыштарды шығаруға бағдарланған машина жасау кәсiпорындарында шаруашылық жүргізудің шағын нысандарын құруды ынталандыру жолымен жинақтау шарттарын жақсарту көзделедi.
      Машина жасау кәсіпорындарын қолдаудың негiзгi шаралары мыналар болады:
      тапсырыстарды жабдықтардың жекелеген түрлерiн дайындауға орналастыру;
      елдiң қорғаныс және жұмылдыру қажеттiліктерi үшiн мемлекеттiк
сатып алу;
      басым инвестициялық жобаларды орта және ұзақ мерзiмдi кредиттеу.
      Құрылыс материалдары өнеркәсiбi
      Осы саланың кәсiпорындарында өндiрiстің өсуіне iшкi рынокта талап етiлген жаңа өнiм түрлерiн игеру есебiнен қол жеткiзiлетiн болады. Таяу арадағы 3-4 жылда сала кәсiпорындарында мынадай өнiмдердің: цемент-құм черепицаның, сапасы жақсартылған жылуды оқшаулағыш материалдардың жаңа түрлерi игерiлетiн болады. Тротуар плиткасын, жоғары сапалы құрғақ құрылыс қоспаларын шығару жөніндегi
жаңа қуаттарды енгiзу болжанып отыр.
      Химия өнеркәсiбi
      Саланы дамытудың перспективалық бағыты косметика өнiмiн шығару және дәрi-дәрмектік құралдарын дайындау болмақ.
      Қысқа мерзiмде күйікке қарсы тиiмдi вакцина өндiру кәсiпорындарға мемлекеттік тапсырысты орналастыру жолымен "Биоком"
ЖШС-ға жүктелетiн болады.
      Жеңіл өнеркәсіп
      Жеңіл өнеркәсіптің ерекшелiгi айналым қаражатының салыстырмалы
түрде жылдам айналуына байланысты.
      Салада iшкi рыноктың қажеттілігiн қанағаттандыруға қабiлеттi көлемдерде өнiмдi шығару үшiн қажеттi ғылыми-өндiрiстiк әлеует, сенiмдi шикiзат базасы бар.
      Саланы дамыту бәрiнен бұрын, отандық ауыл шаруашылығы шикiзатын қайта өңдеуге бағдарланған қолда бар өндiрiстiк әлеует базасында жүзеге асырылатын болады.
      Саладағы бiрiншi кезектi міндет тиiмділігі шамалы өндірiстерді қайта бейімдеу немесе саралау, олардың базасында мобильдiк бәсекелес өндірiстерді құру болмақ.
      Талғамалы қолдаудың негiзгi нысаны әскери және оларға теңестірiлген тұтынушылар, әлеуметтiк мекемелер үшiн кoнкурстық негізде жеңіл өнеркәсiптiң дайын өнімін мемлекеттiк сатып алу және орта және ұзақ мерзiмді кредиттеу болмақ.
      Тамақ өнеркәсiбi
      Саланың негiзгi міндетi түпкi бәсекеге қабiлеттi өнiмге Алматы қаласы мен жақын жатқан аумақтар халқының қажеттiлiктерiн толық қанағаттандыру, аймақаралық ауыстыру мен экспортты кеңейту  болып табылады. Дайындық деңгейi жоғары, экологиялық таза, сондай-ақ
сақтау мерзiмi ұзақ өнiм өндірiсiн дамыту басым дамуға ие болады.
      Алматы облысының ауыл шаруашылық өндiрушiлерінің және Алматының тамақ өнеркәсiбi қайта өңдеу кәсіпорындарының күш-жiгерiн бiрiктiру жолымен сапасы жоғары сүт өнiмдерiн өндiрудi кеңейту жоспарланып отыр.
      Энергетикалық кешен
      Басымдықтары:
      ресурсты үнемдеудiң қатаң саясатын жүргiзу;
      электр энергиясының бәсекелес рыногын дамыту;
      энергетикалық өндірiс саласында жаңа экологиялық таза технологияларды дамыту;
      қазiргі энергетикалық жүйелердi қайта жаңарту және жаңғырту;
      саланы рентабельдiлiктiң негiзделген деңгейiне шығару, қала мен оған iргелес аумақтардың жылуға және электр энергиясына өсiп келе жатқан қажеттiлiктерiн қамтамасыз ету.
      Шешу жолдары
      Энергетика кешенi қала экономикасының жалпы құрылымында экономиканың барлық салалары үшiн және баға белгiлеушi болып табылады. Оны тұрақтандыру және одан әрi көтермелеу жағдайында энергия тұтынуды өсiру күтiледі.
      Электр энергиясына қажеттiліктің өcуі аймақты энергиямен қамтамасыз етудегi қауырттылықтың кейбiр сақталуымен бiрге жүреді, өйткенi энергетикалық объектiлердi iске қосу мен қайта жаңарту жөнiндегi iс-шараларды iске асыру жағдайында ғана бұл проблеманы толық шешуге болады.
      Өндірушiлер мен тұтынушылар үшiн ресурсты үнемдеу жөніндегi жұмысты тартымды және экономикалық жағынан пайдалы ету үшiн ресурсты үнемдеу саясатының жүргiзілуін ынталандыру стратегиялық бағытқа айналады. Талдау көрсеткендей, peсуpcты үнемдейтiн технологияларға арналған шығындар ресурстардың қосымша өсiмiн алу үшiн капитал жұмсалымына қарағанда, 2-3 есе төмен.
      Жоғарыда аталған бағытта тиiстi кәсiпорындардың қаражаты есебiнен мынадай iс-шараларды жүргiзу жоспарланып отыр:
      жұмыстар мен қызметтер көрсету өндірiсiне арналған шығындарды энергетикалық құрауышты төмендету жолымен қала экономикасын дамудың энергия сақтаушы жолына бiртіндеп ауыстыруды жүзеге асыру;
      өндiрiлетiн және жұмсалатын отын-энергетикалық ресурстарды шынайы eceпке алуды ұйымдастыру, қалалық отын-энергетикалық теңгерiм
жасау;
      ресурсты тиiмді үнемдеу тұрғысынан кәсiпорындар мен мекемелерге тeксеруді ұйымдастыру;
      монополиялық энергетикалық рынокта бәсекелестiкгi дамыту мақсатында тәуелсіз өндірушiлердің энергия ресурстары рыногында қол
жетiмділігін қамтамасыз ету;
      ресурсты үнемдейтiн нормалар мен нормативтерді әзiрлеу және енгізу, оларды стандарттау мен сертификаттауды ұйымдастыру;
      ресурсты үнемдеу нормативтеріне сәйкестiгi мәнiне енгізілетiн
негiзгi қорларға, технологияларға, бизнес-жобаларға сараптама жүргiзу;
      ресурс үнемдеудi насихаттау.
      Пайдаланылған ресурсты ескере отырып, негізгі қорларды жаңарту жөнiндегі жұмыстарды жүргізу, құрылыстар мен желiлердi жаңғырту және қайта жаңарту мақсатында мыналар:
      ЖЭО-1,2,3, Оңтүстiк-Шығыс қазандықтарын қайта жаңарту және  кеңейту;
      магистральды және таратушы жылу желiлерiн салу;
      APЭK және ГРЭС-тегi электр желiлерi объектiлерiн салу және қайта жаңарту; 
      жылу мен энергия тұтынуды бақылау мен есепке алудың автоматтандырылған жүйесiн енгiзу;
      ЖЭО-1-ді неғұрлым сапалы және арзан Шұбаркөл көмiрiне көшiру;
      Алматы қаласының энергетикалық теңгерiміне экологиялық таза энергия енгiзу (Көксу өзеніндегі ГЭС каскадын, Iле ГЭС-iн iске
қосу, ыстық сумен қамтамасыз ету жүйесiн күн сәулесi жылу коллекторларын пайдалануға жоспарлы түрде ауыстыру) көзделедi.
      Ғылым және инновациялық қызмет
      Басымдықтары:
      ғылыми зерттеулердiң республика мен қаланы әлеуметтiк-экономикалық дамыту талаптарына бағынуы;
      ақпараттық жүйелер мен технологияларды дамыту;
      қала мен республика экономикасына инновациялық технологияларды бұқаралық тарату.
      Шешу жолдары
      қаланың ғылымды қажет ететiн өндірiстерi бар ғылыми-зерттеу
мекемелерi мен жоғары оқу орындарына күш-жiгерiн бiрiктiру үшiн жағдай жасау көзделеді. Жоғары оқу орындарының бiрқатарында инновациялық жетiстiктерді дамыту және енгiзу жөніндегі эксперименталдық алаңдар құру жоспарланып отыр.
      Ғылыми-зерттеу мекемелерi мен бiлiм беру ұйымдарын ықпалдастырудың негiзгi мақсаты нарықтық экономика заңдарының негiзiнде әрекет ететiн ғылымның қолданбалы секторын құру болмақ.
      Ғылымды қажет ететiн өндiрiстердің ошақтарын дамыту аралық мақсат болады, бiрiншi кезеңде оның бiрi ақпараттық технологиялар паркi болмақ, оны Алатау кентiндегi Ядролық физика институты базасында жүзеге асыру жоспарланып отыр.
      Ақпараттық технологиялар паркiн (бұдан әрi - АТП) құрудың негiзгi мiндетi мыналар болып табылады:
      қаланың, ғылыми, зияткерлiк және өндірiстiк әлеуетiн неғұрлым
толық пайдалану мен дамытуға жәрдемдесу;
      перспективалық зерттеулердiң нәтижелерiн өндiрiске жедел беру
жолымен "ақпараттық және инновациялық технологиялар" ғылыми-техникалық бағытын кешенді дамыту.
      АТП қызметiнің негiзгi бағыттары:
      жоғары технологияларды, ғылымды қажет ететiн әзiрлемелерді өнеркәсiптiк игеру, бәсекеге қабiлеттi өнiмдердi өндіру жөнiндегi инвестицияларды және инновациялық жобаларды iске асыру;
      инновациялық процестің барлық caтыларын қамтамасыз ететiн тиiмдi инновациялық құрылымды жасау және осы тәжiрибені ел экономикасының барлық салаларына тарату;
      өзiн-өзi дамыту мүмкіндігінің пайда болуы арқылы ғылыми-өндірiстiк кәсiпорындардың қызметi мен тiршiлiгiн қамтамасыз
ету аумақтарымен бiрге олардың тұрақты және өзара тиiмдi ынтымақтастығының экономикалық дәрменді моделін құру болмақ.

      3.3. Шағын және орта бизнесті дамыту
      Басымдықтары:
      шағын кәсiпкерлік инфрақұрылымын дамыту;
      қолда бар өндірiстік алаңдарды тиiмдi пайдалану;
      шағын бизнеске қаржылай қолдау көрсету;
      жұмыссыз тұрған өндірістік қорларды пайдалана отырып, шағын
және орта бизнестi дамыту;
      iрi, opта және шағын кәсiпорындар арасындағы кооперацияланған
байланыстарды дамыту;
      меншікті өндірiс тауарларымен ішкі рынокты тoлтыру, ғылыми-технологиялық өнiмдердi қосу.
      Шешу жолдары
      Басым мiндеттерi жаңа технологиялар саласындағы бизнес-жобаларды қолдау, тиімді шарттарда лизингке жабдықтар беру, сондай-ақ венчурлік операцияларды жүзеге асыру болатын инновациялар
мен кәсiпкерліктi қолдау қорын құру жоспарланып отыр.
      Ақпараттық-маркетингтiк орталық ашу көзделедi, оның қызметi мынадай міндеттерді шешуге бағытталатын болады:
      өндiрушi кәсіпорындар, сауда фирмалары және басқа да кәсiпкерлiк қызмет субъектілерi туралы деректер банкiн құру, тауар рыноктарының маркетингтiк зерттеулерiн жүргiзу;
      консалтингтiк қызметтер көрсетудi ұсыну;
      басым инвестициялық жобалардың портфелiн қалыптастыру;
      маркетингтік ақпаратты жинау және ұсыну;
      кәсiпорындарға меншiктi маркетингтiк қызметтер құруға жәрдемдесу;
      кәсiпорындарға кең ауқымды ақпараттық қызметтер көрсету.
      Аймақта өндірілетiн тауарлар мен қызметтер көрсету жарнамасын
қамтамасыз ету үшiн тұрақты жұмыс iстейтiн сауда-көрме орталығын құру көзделеді, ол қоғамда отандық тауарларға және оларды өндірушiлерге оң қарым-қатынас қалыптастыруға ықпал етеді.
      Бұрынғы жемiс-консерві зауытының аумағында өнеркәсiптiк өсiм аймағын құру бойынша эксперимент жасау жоспарланып отыр.
      Бизнес-инкубаторлардың тағы бiр түрi "Филипп Моррис Қазақстан" АҚ Алматы темекi комбинаты мүлiктiк кешенiнің аумағында өнеркәсiп кешенiн құру болмақ.
      Шағын бизнес субъектiлерiн кредиттеу тетігін жетiлдiру мақсатында кәсiпорындарға қаржылай қолдау көрсетудiң ұқсас түрлерiн
(лизингтік кредиттер және басқа да тетiктер), сондай-ақ кепiлдiк қорларын және өзара кредиттеу қорларын құру жүйесiн дамыту көзделеді.

      3.4. Туризмдi дамыту
      Басымдықтары:
      аймақтың оң туристік беделін қалыптастыру;
      отандық және шетелдiк туристiк қызметтердi тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыратын бәсекеге қабiлеттi туристiк саланы қалыптастыру;
      туризмді дамыту үшін экономикалық және құқықтық жағдайлар жасау;
      жарнамалық-ақпарат қызметiн, туризмнiң инфрақұрылымы материалдық базасын дамыту;
      туризмді экономиканың кiрiс саласына айналдыру.
      Шешу жолдары
      Алматы қаласында мыналар:
      көлiк, туристiк сервис, қоғамдық тамақтандыру, демалу және ойын-сауық, ақпараттық қызмет, медициналық қызмет көрсету, туристердің қауіпсiздігiн қамтамасыз ету кәсіпорындарының жұмысын жетілдiру негiзiнде туризм индустриясын қалыптастыру;
      Алматы қаласының әуежайында, темiр жол және автовокзалдарында сервистiк туристiк қызмет көрсету;
      тартымды туристiк өнiмдер жасау;
      "Жiбек жолы тарихи opталықтарының қайта өрлеуі, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау және сабақтастықпен дамыту, туризм инфрақұрылымын жасау" мемлекеттік бағдарламасын iске асыру;
      бiрыңғай электрондық ақпараттық кеңістiктi, жарнама-ақпарат қызметiн енгiзу, туристiк ақпарат орталығын құру;
      экологиялық, қаржылық, бизнес-туризмді ұйымдастыруды жетілдіру;
      экскурсия қызметiн дамыту, "Алматы қонағы" дисконттық карточкасын енгiзу, қалада экскурсиялық бюро, бiрге жүру, "051" кәсiби қызметтерiн құру;
      туристiк ұйымдардың қызметін үйлестiру, олардың мониторингі;
      туристiк қызметтер көрсету халықаралық рыногында қаланың тауашасын анықтау үшiн маркетингтік зерттеулер жүргiзу;
      туристiк рыноктың айқындығын қамтамасыз ету және дамуын болжамдау үшiн оның нақты кiрiстерi мен шығыстарын есепке алу жүйесiн енгiзу;
      туристік кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктiлігін арттыру жүйесiн жетілдіру жөніндегi туризмдi дамыту бағдарламасын әзiрлеу жоспарланып отыр.

      3.5. Қала құрылысы және тұрғын үй-коммуналдық
          шаруашылықты дамыту
      Қала құрылысы және көркейту
      Басымдықтары:
      Алматы қаласын және оған iргелес аумақтардың тиiмдi аумақтық-кешендік дамытуды қамтамасыз етудiң нормативтік құқықтық шарттарын құру;
      агломерацияны дамытуға неғұрлым ұтымды қала құрылысы шешімдерiн енгiзу;
      аз қабатты құрылыстардың аумақтарын қарқынды дамыту;
      тұрғын үйлер мен әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық ғимараттардың аяқталған объектілерін салуды аяқтау;
      құрылыстан бос жатқан аумақтарды игеру;
      қаланы және одан шеткерi аумақтарды дамытудың кешенділiгін қамтамасыз ету;
      жаппай көп қабатты, оның iшінде қолайлылығы жоғары деңгейлi тұрғын үйлep салу.
      Шешу жолдары
      Агломерация аумағын дамыту Алматы қаласы мен Алматы облысын
урбанизациялау процесiне әсер етедi. Сондықтан, сыртқы аумақ аудандарын дамыту тиiмділiгін арттыру неғұрлым өзекті міндет болып табылады.
      Алматы қаласы мен Алматы облысы әкiмдерiнің бiрлескен күш-жiгерiмен Алматы қаласын және қала маңы аймағын дамытуды жоспарлаудың және қала құрылысын реттеудiң кешендi схемасы әзiрленетiн болады.
      Қаланы кешендi дамытуды қамтамасыз ету мақсатында бiрқатар ғылыми-қолданбалы және жобалау-жоспарлау жұмыстарын әзiрлеу көзделеді, оның ішінде:
      геологиялық және экологиялық талаптарды, қала шекарасын кеңейтудi ескере отырып, қала құрылысы қызметiн реттеу нормативтiк құқықтық базасы;
      Алматы қаласының тұрғын үй аумақтарын және жекелеген қала құрылысы объектiлерін жоспарлау жобаларын әзiрлеу, келiсу және бекiту құрамы мен тәртiбi туралы ережелер;
      Алматы қаласының қала маңы аймағын дамытуды реттеу жобасы;
      геологиялық және басқа да тәуекeлді ескере отырып, техногендiк ауыртпалықтар мен экологиялық тәуекелдiң деңгейi бойынша Алматы қаласының аумағын аймақтау схемасы;
      Батыс аудан басым дамитын болады, онда бoc жатқан аумақтарда көп қабатты және аз қабатты үй iргесiндегі құрылыстар аудандары қалыптасуда. Қазiргі Дружба, Қалқаман кенттерi магистральдардың барларын қайта жаңарту және жаңаларын салу арқылы қала құрылысына органикалық түрде кiреді.
      Қаланың кенттер мен игерiлетiн аумақтары бар солтүстiк-батыс бөлiгі (Шаңырақ 1, 2, 3, 4, 5...) қараусыз қалған және өзара байланыспаған, қаланың жалпы жоспарланатын құрылымына айналма жол, Үлкен Алматы Каналын бойлай магистраль салғанда және бiрқатар көшелердi кесуi өткенде органикалық түрде кiреді.
      Қаланың шығыс және солтүстiк бөлігінде қайта қалыптасып келе жатқан тұрғын үй алаптары жаңа көлiк магистральдарын салу және барларын дамыту арқылы орталықпен бiрiктiрiледі.
      Алматының тұрғын үй аумақтарын жалпы қалалық дамытудың басым бағыттары мыналарды көздейді:
      игерiлмеген аумақтарда: қаланың батыс бөлiгiнде Боралдай мен Қарғалы өзендерiнің арасында, Ақбұлақ кентінен солтүстiкке қарай;
шығыс бөлікте Шемякин көшесi мен Кiшi Алматы өзенi арасында; қаланың солтүстiк бөлiгiнде Первомайский мұнай базасы ауданында жаңа құрылыс салуды;
      қаланың солтүстiк-батыс бөлiгiнде Шаңырақ тұрғын үй құрылыстарында, 1, 2, 3, 4, 5..., Ақсай, Мамыр, Жетiсу, Таугүл шағын аудандарында тұрғын үй құрылысын аяқтау;
      тау eтeгі аумақтарында аз қабатты және шағын тұрғын үй құрылыстарын қалыптастыру;
      жаңа қалалық магистральдарды тесiп өту, метрополитен, жол құбырларын, көпірлер салу, өзендер маңы аумақтарын барынша көгалдандыру мақсатында тұрғын үй қорын бұзу;
      сейсмикалық аса қауіпті тұрғын үй қорын кезең-кезеңімен бұзу;
      тарихи-мәдени құндылықты бiлдiретiн тұрғын үй қорын, оның ішiнде сәулет ескерткіштерiн қалпына келтiру және қайта жаңарту;
      қаланың батыс тұрғын үй ауданында, 1, 2, 3, 4, 5-шағын аудандарда индустриялық үй салу бiрiншi кезеңінің жаппай тұрғын үй  салу аудандарын кешенді қайта жаңарту.
      Аз қабатты тұрғын үй қорын жаңарту, қаланың орталық бөлiгін көркейту, жаяу жүргiншiлер аймақтарын, жайластырылған гүл бақтарын,
демалыс аймақтарын көгалдандыру жөніндегі шараларды әзiрлеу белгiленiп отыр.
      Қаланың орталық бөлігінiң бiрегейлiгін сақтау, гүл бақтарын, бульварларды және саябақтарды сақтау мақсатында қазiргі уақытта болып жатқан оны тұрғын үй-азаматтық құрылыс объектiлерiмен тығыздау процесiн тоқтату көзделедi.
      Тiршілік ету аясы
      Басымдықтары.
      ғимараттар мен құрылыстардың сейсмикалық берiктiгiн қамтамасыз ету;
      таулы сел ағындарының кіруі нәтижесінде қаланың едәуір аумақтарын және оған iргелес аумақтарды су басуын болдырмау;
      төтенше жағдайларды болдырмау мен жоюдың кешендi жүйесiн дамыту.
      Шешу жолдары
      Сейсмикалық берiк тұрғын үй қорын, ғимараттар мен объектiлердің кезең-кезеңімен қайта жаңартуды дәйектi түрде жүргiзу.
      Сейсмикалық аса қауіпті тұрғын үй қорын кезең-кезеңімен бұзу.
      Беделбай және Батарейка өзендерінде қорғаныс құрылыстарының каскадтарын салу.
      Есентай, Кiшi Алматы, Кiмасар, Бутаковка, Қарғалы өзендерiнің
арналарын тұрақтандыру.
      Медеу айдыны ауданында тау көшкiнiне қарсы iс-шаралар жүргiзу.
      Авариялық-құтқару қызметтерiнің материалдық-техникалық базасын нығайту, қала маңындағы бекеттердi ұстау, хабарлау және байланыс жүйелерін дамыту, материалдық-техникалық, медициналық және
азық-түлiк қорларын құру жөніндегi iс-шаралар кешенін iске асыру.
      Тұрғын үй қорының жай-күйi
      Басымдықтары:
      Алматы қаласында тұру жағдайының оның мәртебесiне сәйкес келуіне қол жеткізу;
      авариялық-ескi үйлерде тұратын халықтың тұрғын үй жағдайларын жақсарту, авариялық тұрғын қорын жою;
      өзендердiң су қорғау аймақтарын авариялық тұрғын үй қорынан босату.
      Шешу жолдары
      Алматы қаласының авариялық-ескi тұрғын үй қорын бұзу жөнiндегi қалалық бағдарламаны iске асыру шеңберінде мынадай:
      тұрғын үйлердiң жай-күйiн техникалық тексеру;
      жобалау-сметалық құжаттаманы әзiрлеу және авариялық-ескi тұрғын үйлердi кезең-кезеңімен бұзу жөнiндегi жұмыстарды орындау;
      тұрғындарды көшiру, жаңа тұрғын үй алу құқығын белгілейтiн құжаттарды рecімдеу жөнінде жұмыстар жүргiзiлетін болады.
      Газбен жабдықтау
      Басымдықтары:
      қаланың және оған iргелес аумақтардың газға қажеттілігiн қамтамасыз ету;
      жаңа газ желiлерiн салу;
      ресурсты үнемдеу саясатын жүргiзу.
      Шешу жолдары
      100 көп қабатты және жеке тұрғын үй құрылысының 500 үйі бар әуежай ауданында газ құбыры желiлерiн салу.
      Шаңырақ, 1, 2, 3, 4, 6; Қалқаман 2, 3; Дархан, Ұлжан, Ақбұлақ, Думан, Таугүл 3 шағын аудандарын газбен жабдықтау үшiн газ
құбырлары желiлерiн салу.
      Жеке сектор үйлерiнде 10 мың газ есептеу приборларын орналастыру.
      Сумен жабдықтау және су бұру
      Басымдықтары:
      қаланың шеткерi аймақтарын ескере отырып, орталықтандырылған сумен жабдықтауды және су бұруды жақсарту;
      ресурсты үнемдеу режимдерін міндетті сақтай отырып, қаланың және оған іргелес аумақтардың сапалы суға, оның iшiнде ауыз суға қажеттiліктерiн толық қамтамасыз ету.
      инженерлiк коммуникацияларды қайта жаңарту;
      сарқынды суларды тазарту сапасын арттыру;
      қаланы сумен жабдықтау және су бұру жүйесін әлемдiк стандарттарға жақындату.
      Шешу жолдары
      Қала ауданын оның құрамына жаңа тұрғын үй алаңдарын енгізе отырып, кеңейту орталықтандырылған сумен жабдықтау мен су бұрудың суға қажеттілiгінiң өсуiне әкеп соқтырады. Бұдан басқа, су тұтыну (cу қашыртқы) сонымен қатар белгiленiп отырған өмiр сапасын арттырумен байланысты болады.
      Қала үшiн су ресурстарының салыстырмалы түрде шектеулілігіне,
тазарту құрылыстарының жеткiлiктi санының болмауына, экологияға зор
ауыртпалығына байланысты үнемдеу өзекті болмақ.
      Осыған байланысты Француз Республикасынан 27,4 млн. теңге евро мөлшерiнде сыртқы үкiметтік қарыз шеңберiнде қаржыландырылатын
"Алматы қаласын сумен жабдықтау және су бұру жүйесiн қайта жаңарту
және жаңғырту" жобасын iске асыру басымдықты болып табылады. Жобаны
iске асыруды 2003 жылдан бастау жоспарланып отыр, мерзiмi 3 жыл. Алматы қаласының барлық кәсіпорындарында қала кәрiзiне жіберу алдында бастапқы өңдеу жүргiзумен саpқынды суларды тазартудың экологиялық таза технологияларын енгiзу көзделеді.
      Судың ысырап болуын төмендету үшiн сумен жабдықтау желiсiн кеңейту мен қайта жаңарту, "Медеу" сүзгi станциясын қайта жаңартуды,
басты тазарту құрылыстарын кеңейтуді, Алматы қаласының сарқынды суларын механикалық және биологиялық тазарту құрылыстарын қайта жаңартуды жүзеге асыру жоспарланып отыр.
      Нөсер сарқындыларын реттеу және кейіннен техникалық мұқтаждар
мен жас екпелердi суару үшiн пайдалану жөніндегi iс-шаралар кешенiн
әзiрлеу көзделiп отыр.
      Су ресурстарына әсер ету деңгейiн ескере отырып, кәpiздік емес құрылыстарды қаланың кәрiз жүйесiне қосу жөнiндегi жұмыстар жалғасады (Пригородный кентiндегi аз қабатты құрылыс).
      су жиналғыларға қойылатын талаптардың өзгеруіне байланысты Алматы жер асты суларының кен орнына оның қорларын түпкiлiктi қайта
бағалау мақсатында барлау жүргiзу белгiленiп отыр.
      Кәсiпорындардың, ұйымдардың және халықтың су тұтынуына толық су өлшеу есебiн жүргiзудi қамтамасыз ету жоспарлануда.

      3.6. Көлiк-коммуникациялық кешенді дамыту
      Басымдықтары:
      қалада, оның маңында және Алматы облысына жақын аудандарда ұтымды көлiк жүйесiн қалыптастыру;
      көлiктiк қызметтер көpceту сапасын арттыру;
      жаңа технологияларды қарқынды енгiзу есебiнен телекоммуникациялар мен байланыс жүйелерiнiң қызметтер көрсету саласын кеңейту;
      транзиттiк тасымалдарды қала аумағынан тысқары ауыстыру;
      электр көлiгiн озық түрде дамыту, метрополитеннің құрылысын аяқтау;
      инвестицияларды тарту негiзiнде тиiмдi және технологиялық жағынан жаңартылған көлiк және телекоммуникация кешенiн құру.
      Шешу жолдары
      Көлік
      Көлiк саласындағы мiндеттердi шешу үшiн мынадай iс-шаралар белгiленген:
      қауіпсiздiк проблемалары, ақпараттық технологияларды дамыту, аялдату, экологиялық аспектілер бойынша жекелеген зерттеулер жүргiзу;
      "Көлік ҒЗИ"-тың қалалық жолаушылар көлiгiнің бағыттық желiсiн оңтайландыру жөнiндегi ұсынымдарын дәйектi түрде iске асыру;
      қала магистральдары мен көшелерiнің өткiзу қабiлетiн көлік жол айырымын, көшелердiң жаңа учаскелерiн тесiп өту; көпiрлердi салу және қайта жаңарту; жолдарды жыл сайынғы күрделi және ағымдағы
жөндеу; жаппай жеке құрылыстар аудандарында кейiннен асфальттай отырып, тас жолдар салу арқылы кеңейту.
      Қала жолдарында қозғалыс қарқындылығын және экологиялық жүйеге қолайсыз әсерiн төмендетуi мыналар арқылы қамтамасыз ету көзделеді:
      қаланың санитарлық аймағынан тысқары жерлерге транзиттік ағындарды бiртiндеп көшірудің айналмалы шеңберлі магистралiн салуды жүзеге асыру, халықаралық байланыстарды жүзеге асыратын бағыттар бойынша тасымалдау шарттарын жетiлдiру;
      қаланың оңтүстiк-батыс және орталық бөлiктерiн қосатын метрополитеннің бiрiнші кезегiнің құрылысын аяқтау және оның құрылысын одан әрi жалғастыру;
      электр көлiгiн қарқынды дамыту;
      қалалық жолаушылар көлiгiнің автокөлiк құралдарын сығымдалған
және күйдірiлген газға көшiру;
      экологиялық талаптарға сәйкес келетiн және сапалы қызмет көрсетудi қамтамасыз ететiн тұрақты автожанар май құю станцияларының оңтайлы желiсiн құру;
      көп қабатты автопаркингтер құрылысын жүзеге асыру.
      Көлiк каркасын қалыптастырудың маңызды міндетi қала орталығынан көлiктің қызмет көрсетуінe немесе мақсатты келуiне байланысты емес транзиттік ағындарын бөлiп шығару және қалалық жылдамдықпен жүру жолдарының бiрыңғай жүйесiн және соңғысын үздiксiз және реттелетiн қозғалыс магистралiне саралаумен қалалық  маңызы бар магистральдар құру болып табылады.
      Үздiксiз қозғалыс жүйесi едәуiр көлiк жолы айырымдарын, жолөткел салуды және жекелеген учаскелерде тұрғын үй құрылыстарын бұзуды талап етеді. Бұл шара көлік қозғалысын реттеуге және әуе бассейнiнің жай-күйін жақсартуға мүмкіндік береді.
      Қала аумақтарын сыртқы транзиттік ағындардан оқшаулауды Талғар трактiсiнің ауданында үлкен жартылай дөңгелекпен бұрылатын айналмалы магистраль қамтамасыз етеді.
      Байланыс
      Сапалы  қызметтер көрсету саласын, телекоммуникациялар мен байланыс жүйелерiн кеңейту мақсатында мыналар көзделедi.
      қазiргi заманғы электр станцияларына аналогты станцияларды толық көшiрудi жүзеге асыру;
      телекоммуникациялардың мультимедиялық қызметтер көрсетуiн ("жылдам интернет", "видеоинтернет") енгiзудi қамтамасыз ету;
      Алматы қаласының шеткерi аймақтарын сапалы телекоммуникациялық байланыспен қамтамасыз ету.

      3.7. Инвестициялық ахуалды жақсарту
      Инвестициялық қызмет
      Басымдықтары:
      Инвестициялық ресурстарды экономиканы дамытуға тарту және бағыттау мәселесiнде жергiлiктi билік органының орталық атқарушы органдармен өзара iс-қимылын нығайту;
      инвестициялық-қарыз жүйесiн жетiлдiру арқылы қала тiршілігін қамтамасыз ету салаларын, өндiрiстік инфрақұрылым объектiлерiн дамыту;
      аймақтың кредит рейтингін арттыру.
      Шешу жолдары
      Қалада қолайлы iскерлiк және инвестициялық ахуал мыналардың:
      қалада әлеуметтік-саяси тұрақтылықты ұстап тұру;
      қалада экономиканың жұмыс iстеу режимдерiнiң ашықтығын қамтамасыз ету және ырықтандыруды тереңдету;
      инвестициялық тәуекелдерді төмендету және caқтандыру;
      бюджеттiк берешектерге уақытылы қызмет көрсету;
      бюджетке борыштық ауыртпалықсыз инвестициялық-қарыз жүйесi тетіктерін дамыту есебiнен қамтамасыз етілетін болады.
      Инвестициялардың дәстүрлi көздерiн кеңейту және экономикаға жаңаларын тарту мақсатында:
      қарыз қорымен қамтамасыз етiлген борыштық мiндеттемелерді пайдалану тетiгiн одан әрi iске асыру жолымен инвестициялық тәуекелдердi төмендету және сақтау;
      ақпараттық бизнес орталықтарының желiсiн дамыту арқылы әлеуеттi инвесторларды ақпараттық қамтамасыз ету және аймақтың қолайлы беделiн құру, басым инвестициялық жобалардың дерекқорын құру, конференциялар, форумдар өткiзу, брошюралар шығару және т.б.
      қарыз алудың қазiргi шектеулерін, жоспарланып отырған қарызды, олардың құнын және аймақтың басымдықтарын ескеретiн егжей-тегжейлi жоспарын жасау арқылы жергiліктi атқарушы органның борыштық мiндеттемелерi портфелiн тиiмді басқару жөніндегi шаралар көзделедi.
      Бюджеттен тыс қаражатты (инвестицияларды) iрi инвестициялық жобаларды әзiрлеуге және iске асыруға тартуға, шоғырландыруға және жiберуге мүмкіндік беретiн мынадай инвестициялық-қарыз жүйесi тетiктерiн дамыту жоспарланып отыр:
      Ипотекалық кредиттеу тетігін пайдалана отырып, жаппай тұрғын үй салу;
      тұрғын үй емес қорды коммерциялық салу және оны қаржылық әрi жедел лизинг схемаларын пайдалана отырып, қолдануға бepу;
      ғылыми жобалар, салалық және/немесе аймақаралық бiрлескен компаниялар түрінде өндірiстерді қайта жаңарту, жаңғырту, конверсиялау жобалары;
      аймақтардың үлестік қатысуы арқылы аймақаралық бағдарламалар;
      қаржылық лизинг тетiгiн енгiзу жолымен негiзгi өндірiстiк қорларды жаңарту бағдарламалары.
      Қаржы аспаптары мен технологияларды дамыту
      Басымдығы:
      аймақтық қаржы орталығы ретiнде Алматы қаласын дамыту.
      Шешу жолдары
      Мынадай:
      халықтың екінші деңгейлi банктердегi салымдарының жинақталуын, оның iшiнде оларға кепілдiк беру жүйесiн кеңінен насихаттау арқылы ынталандыру;
      зейнетақы активтерiн дамыту және сақтандыру;
      корпоративтiк басқаруды, бағалы қағаздар рыногының заңнамалық, техникалық, институционалдық және құқықтық инфрақұрылымын жетiлдiру арқылы қор рыногының дамуын ынталандыру;
      төлем аспаптарын пайдалану тәртібiн реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны одан әрi жетiлдіру;
      мемлекеттiк емес бағалы қағаздар секторын дамыту;
      Алматы қаласындағы Бағалы қағаздардың орталық депозитарийiнің
және Қазақстандық банкаралық есептемелер орталығының үзбей жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылданатын болады.
      2004 жылдан бастап ипотекалық кредиттеу тетiктерiн пайдалана отырып жаппай тұрғын үй салуды өрiстету жоспарлануда.
      Қаржылық лизинг тетiктерiн дамыту үшiн коммуналдық мемлекеттік кәсiпорын нысанында қалалық қаржы компаниясын құру жоспарлануда.

      3.8. Сауданы дамыту
      Сыртқы сауда
      Басымдықтары:
      Кәсiпорындар мен ұйымдардың экспортқа бағдарлануын ынталандыру;
      Елдің сауда теңгерiмін жақсарту мақсатында қала кәсiпорындарының өнiмдердi өткiзудiң жаңа рыноктарын игеруi, экспорт географиясын кеңейту үшін жағдайлар жасау;
      сапалы бәсекеге қабiлеттi, жоғары дәрежелi өңдеу өнiмдерiн әкетуге экспорттық жеткiзiлімдерді қайта бағдарлау;
      халықаралық коммерциялық қызметтің алдыңғы қатарлы технологиялардын енгiзу.
      Шешу жолдары
      Әлемдiк рыноктың қазiргi конъюнктурасын зерделеу және бәсекеге қабiлеттi өндiрiстерді дамыту мақсатында қала кәсiпорындары мен ұйымдарының маркетингтiк қызметтерiн дамытуға зор
көңіл бөлiнетiн болады.
      Аймақтағы экономикалық ахуалдың өзгерiстерiн ескере отырып және Қазақстанның ТМД мен ЕурАзЭЫ елдерiмен қабылдаған мiндеттемелерi шеңберiнде сыртқы сауда қызметiн тарифтік және тарифтiк емес реттеудiң қолданылатын шараларын қайта қарауға бастама жасалатын болады.
      Ұлы Жiбек жолы трассасында халықаралық көтерме рынок құру, сондай-ақ Кабул қаласында қала кәсіпорындары шығаратын өнімдердi,  орнатылмаған және босатылатын жабдықтарды сату үшін "Алматы" сауда үйін құру мәселесiн қарау ұйғарылады.
      Қала кәсiпорындарына халықаралық көрмелерге және тауарлар мен қызметтер көрсету жәрмеңкелерiне белсенді қатысуға жәрдем көрсетiледі, сондай-ақ дайын өнімдердiң және өнiмдер мен қызметтеp көpceту дәстүрлi емес түрлерінің экспортын ұлғайту жағына экспорт құрылымын әртараптандыруды ынталандыру жөнiнде жұмыс жүргізiледi. 
      Өнiмдерi контрабандалық әкелудi жою мақсатында қаланың кеден қызметінің жұмысын жетілдіру және жаңғырту жалғастырылады.
      Қалалық экспорттаушы кәсіпорындарды сақтандыру және кредиттеу
жүйесін құру көзделеді.
      Интернет-сауданы белсенді енгiзу орта және майда кәсiпорындардың сыртқы рыноктарға шығу мүмкiндiгiн ұлғайтады.
      Ішкi сауда
      Басымдықтары:
      рынокты отандық өндірiс өнімдерімен толтыру;
      қаланың азық-түлiктiк қауіпсiздігін қамтамасыз ету;
      ұсынылатын қызметтер көрсетудің сапасы жақсарту;
      сауда саласында құрылымдық қайта құрулар жүргiзу;
      саудалау-сатып алу қызметiнің жүйесiн жетiлдiру;
      көтерме және бөлшек сауданың материалдық-техникалық базасын ұтымды дамыту, оны аумақтық орналастыруды оңтайландыру.
      Шешу жолдары
      Қаланың азық-түлiктiк қауіпсiздiгін қамтамасыз ету мiндетін мыналардың:
      ауыл шаруашылығы өнiмдерін өнеркәсiптiк өңдеу көлемдерiн өсiру;
      ішкі рынокты сапасыз өнiмдерден қорғау жөнiндегі шараларды күшейту;
      оларды тұрақтандыру және сауда рыноктарындағы бәсекелестiктi дамытуға жәрдемдесу мақсатында азық-түлік тауарларына бағалардың негiзсiз өсуін бағалауды қамтамасыз ету есебiнен шешу жоспарланып отыр.
      өндiрiс пен сату көлемдерін ұлғайту есебінен өндiрiстiк және сауда қызметін сұранысты кеңейтуге бағдарлайтын сауда-өнеркәсіп топтарын қалыптастыру процесi дамитын болады.
      Көтерме сауда құрылымы:
      меншiк құқығын көтерме буынға көшiрумен сатып алу-өткiзу операцияларының толық кешенiн жүзеге асыратын кәсiпорындар;
      өз қызметiнде тауарға меншiк құқығының оларға өтуiн пайдаланбайтын делдал көтерме құрылымдар (брокер кәсіпорындар, сауда агенттерi, комиссионерлер және c.c.);
      тауарлардың көтерме айналымын (жәрмеңкелер, тауар биржалары, көтерме рыноктар) ұйымдастыру жөнiндегі қызметтердi көрсететiн шаруашылық жүргiзушi субъектілер негiзiнде дамитын болады.
      Көтерме сауда кәсіпорындарының желiсi шағын кәсiпорындармен белсенді түрде өзара iс-қимыл жасайды және олар үшін неғұрлым нақты
және тиiмдi әрiптес болып табылады.
      Бөлшек сауда кәсiпорындарының желiсi сауда қызметiн көpceтудің алуан түрлi нысандарын: сауда орталықтарын, супермаркеттер, өзiне-өзi қызмет көрсету дүкендерiн, дүкен-қоймаларды, арнайы бөлiнген жерлерде ұйымдастырылатын көше жәрмеңкелерiн жеке базарларды, бөлшек сауда автоматтарын, интернет-дүкендердi icкe қосатын болады.
      Алматы қаласының әкiмдігi елімiздің қолданыстағы заңнамасының және әлемдiк тәжiрибенің ережелерiн ескере отырып, мыналар:
      отандық тауар өндірушiлерді қолдау негiзінде iшкi рынокты қорғау және кеңейту;
      тауар қозғалысының тұрақты жүйесiн қамтамасыз ететiн және монополизм көрiнісі мүмкiндiгiнің алдын алатын бәсекелес ортаны қалыптастыру;
      сатылатын тауарлардың сапасын, қызмет көрсетудің жоғары деңгейiн және тұтынушылардың мүдделерi мен құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету ұстанымын тұтыну рыногын бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi шараларды қабылдайтын болады.
      Қаланың барлық рыноктарын жаңғырту, оларды су қашыртқы мен кәрiз жүйесiне қосу санитарлық-ветеринарлық сараптаманы қазiргі заманғы зертханалармен жабдықтау жөнiндегi жұмысты аяқтау жоспарланып отыр.

      3.9. Салықтар және бюджет
      Салықтар
      Басымдықтары:
      Салықтар мен бюджетке төленетiн төлемдердi жинауды тұрақты үдету;
      салықтық әкiмшіліктендіруді жақсарту;
      қаланы әлеуметтiк-экономикалық дамытумен салықтық pеттеу тетiктерiн жетілдіру;
      мемлекет пен салық төлеушiлер мүдделерінің оңтайлы үндесуiн қамтамасыз ету мәселелерiнде жергілiктi билік органының рөлiн күшейту.
      Шешу жолдары
      Салықтар мен бюджетке төленетiн төлeмдердi жинауды жақсарту мақсатында:
      электрондық бақылау мен аудиттің ақпарат жүйелерiн енгiзу арқылы салықтық және кедендiк әкiмшiлiктендiрудi автоматтандыру мен
ықпалдастырудың негiзгi процестерiн аяқтау;
      кәсiпкерлік қызмет субъектiлерiн толық есепке алуды жүзеге асыру салық органдарының республикалық көлiк ұйымдарымен өзара iс-қимыл жасауы бойынша шаралар әзiрлеу және iске асыру арқылы тасымалданатын жүктерге салық салынуын бақылауды жетілдiру;
      шығындардың нақтылығын растау мақсатында залалды кәсiпорындардың қаржы-шаруашылық қызметiне уақытылы тексерiстер жүргiзу көзделедi.
      Мұнай өнiмдерi рыногында бақылауды қатайту мақсатында:
      қалаға әкелінетiн мұнай өнiмдерi көлемiнің сатылуын бақылау тетiктерін жетілдіpу;
      МҚС-ның (АЗС), жанар-жағар май материалдарын сақтау жөнiндегі
көтерме базалардың, қоймалардың, темiр жолдың тұйықталған басының орналасуы туралы мәлiметтердi қамтитын экономикалық карталар жасау
көзделеді.
      Бюджет
      Басымдықтары:
      перспективалық жоспарлау және бюджеттi атқару процестерiнің тиiмдiлігiн арттыру;
      қаланы әлеуметтiк-экономикалық дамытумен бюджеттiк реттеу тетiктерiн дамыту;
      бюджеттiк әкімшiлiктендіруді жақсарту;
      бюджетаралық қатынастардың әділдiгi мен теңгерімдiлігін қамтамасыз ету кезiнде бюджеттiң функционалдық мүмкiндiктерiн кеңейту.
      Шешу жолдары
      Бюджеттiк бағдарламалаудың перспективалық әдістерiн енгiзу, стратегиялық, индикативтiк және бюджеттiк жоспарлаудың үйлестiрiлуiн қамтамасыз ету жөнiндегі шаралар көзделедi.
      Бiрiншi кезектi тәртіппен және толық көлемде қызметтің басым түрлерiн қаржыландыруды мынадай:
      кедейлiк пен жұмыссыздықты төмендету бағдарламаларын iске асыру;
      экономиканың нақты секторын және, бiрiншi кезекте, шағын бизнес саласындағы басым инвестициялық жобаларды, өнеркәсiптi кредиттеу;
      технологиялық парктерді құру және дамыту;
      бизнес-инкубаторлар, жаңа технологиялардың инкубаторларын, лизингтiк компаниялар, маркетингтік орталықтар құру және оларды
дамыту;
      туризмді дамытудың аймақаралық бағдарламаларын iске асыру;
      қала тұрғындары мен қала қонақтары қауіпсiздiгiнiң жоғары деңгейiн қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды iске асыру, әртүрлi бизнес және тұрмыстық сервистi дамыту;
      қала салудың Бас жоспарына сәйкес жобалау-жоспарлау жұмыстарын жүзеге асыру;
      табиғи апаттарға үнемi дайындықты қамтамасыз ету және төтенше жағдайларды жою жөнiндегi бағдарламаларды қаржыландыру;
      шеткерi аймақты ескере отырып, көлiктiк және инженерлiк инфрақұрылымды дамыту, бiлiм беру, денсаулық сақтау, әлеуметтiк қорғау, қоршаған ортаны қорғау, мәдениет саласындағы бағдарламаларды толық көлемде қаржыландыру бағыттары бойынша қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
      Бюджет қаражатын пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыру және бюджеттің анықтығын қамтамасыз ету:
      республиканы және қаланы дамытудың ұзақ мерзiмдi мақсаттары мен басымдықтарына сәйкес бюджет қаражатын пайдалану саясатын жүргiзу;
      түсiмдердiң бюджетке уақтылы түсуiне жүйелi талдау жүргізу және олардың түсуiнiң төмендеу фактiсiне уақтылы ден қою, кiрiстердi жұмылдыру тетігiн жетілдіру;
      оларды мақсатсыз пайдаланған жағдайда, қаржыландыруды тоқтата
тұру немесе бөлiнген бюджет қаражатын қайтарып алу практикасын дамыту;
      қаржылық есептер мен қаржы ресурстарының қозғалысы туралы ақпаратты БАҚ-та жариялау арқылы бюджеттік қаржыландырудың ашықтығы
мен анықтығын қамтамасыз ету, атқарушы органдардың бюджеттiк қызметiнің тиімділігін тәуелсiз бағалауды жүргiзу есебiнен қол жеткiзiлетiн болады.

      3.10. Мемлекеттiк активтерді басқару
      Басымдықтар:
      қаланың аумағындағы коммуналдық меншiк мүлкiнiң тиiмдi пайдаланылуы мен сақталуын арттыру;
      мемлекеттiк активтерді тиiмдi басқару есебiнен қаланың бюджетiне қосымша қаржы ресурстарын тарту;
      коммуналдық меншiктi қаланың тұрақты қайта өндiру жүйесi ретiнде дамыту;
      мемлекеттiк активтер мониторингiнің қолданысты жүйесiн құру.
      Шешу жолдары
      Мемлекеттiк активтердi басқару жүйесiнiң тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында:
      қаланың аумағында жылжымайтын мүлкi бар шаруашылық жүргiзуші субъектiлердiң тұрғын үй емес қызметтiк үй-жайларын толық түгендеу мен тiркеудi жүргізу;
      мемлекеттiк тұрғын үй емес қордың бiрыңғай ақпараттық дерекқорын оны республикалық меншiкке жататын мүлiкке және оған бұрынғы "иесiз" объектiлерді енгiзе отырып, коммуналдық меншiкке жататын мүлiкке дәл бөле отырып құру;
      бұрын жекешелендіруге жатқызылмаған не өткен кезеңдерде жекешелендірiлмеген мемлекеттiк кәсiпорындардың, мекемелер мен акционерлік қоғамдардың бiр бөлiгiн жекешелендіру процесiне кезең-кезеңмен енгiзу тәртібiн әзiрлеу;
      коммуналдық меншiктегі үй-жайларды мүліктік жалға бepу мәселелерінде тарифтiк саясатты жетiлдiру;
      коммуналдық меншiк объектілерiн кепілдi қамтамасыз ету ретінде пайдалану практикасын кеңейту;
      экономикалық қауіпсiздiктi қамтамасыз ету және қала экономикасын қарқынды дамыту мақсатында стратегиялық салаларда жекешелендірiлген кәсіпорындар мен ұйымдарды басқару мониторингiн ұйымдастыру;
      кәсiпорындар мен акционерлiк қоғамдарды оңтайландыру мақсатында олардың әкiмшiлiк шығыстарының мониторингiн жүргiзу;
      кәсiпорындардың шаруашылық қызметiнiң ағымдағы және перспективалы жоспарларын орындауына оның iшiнде жергiлiктi бюджетке акционерлiк қоғамдардың дивидендтерiн және кәсiпорындардың
таза табысының бiр бөлiгiн аударуына бақылауды жүзеге асыру;
      коммуналдық меншiктi, оның iшiнде мүлiктiк жалға берiлетiн мемлекеттiк тұрғын үй емес қорды жүйелi есепке алуды қамтамасыз ету, сондай-ақ коммуналдық меншiк объектiлерiн мүлiктiк жалға беру ережесiнiң сақталуын бақылау.
      Перспективада коммуналдық меншiктің рөлі қаланың әлеуметтiк-экономикалық жүйесiнiң тұрақты қайта өндірiлген негiзi ретінде артады. Осыған байланысты, коммуналдық меншiк объектiлерін,
олардың ағымдағы және перспективалы қаржылық мүмкiндiктерiн бiрнеше
топтарға бөлу шартымен жіктеу жүргiзу болжанып отыр.

      3.11 Қоршаған ортаның ахуалын жақсарту
      Басымдықтар:
      қоршаған орта мониторингi жүйесiн жетілдiру;
      автомобиль көлiгiнен зиянды заттардың тастандыларын төмендету
жөнінде шаралар қабылдау;
      қаланың су қоймаларын сауықтыру;
      өндірiс қалдықтарын басқару және тұтыну жүйесiн жетілдіру;
      қаланы көгалдандырудың бірыңғай жүйесiн жасау;
      қоршаған орта ахуалының сапалы көрсеткіштерiн жақсартуға қол
жеткiзу.
      Шешу жолдары
      Қаланың жоғары сейсмикалық және сел қаупi ауданында орналасқанын ескере отырып, экологиялық саясатты жүргiзу мемлекеттiк мониторингі жүйесiнің негiзінде қоршаған ортаның ахуалы
туралы дұрыс және жедел ақпаратқа негiзделуі тиiс.
      Алматы қаласының қоршаған ортасының ластану мониторингі бойынша жұмыстарды қамтамасыз ету мақсатында:
      атмосфералық ауаның ластануын қадағалау пункттерiн қалпына келтiру және жаңғырту;
      қоршаған ортаның ластану мониторингiнің автоматтандырылған
жүйесiн құру;
      ISO 14000 сериялы халықаралық стандарттарға сәйкес қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесiн енгiзу;
      жер бетi және жер асты сулары мониторингінiң мемлекеттік жүйесiн қалпына келтіру;
      мұздықтар аймағынан бастап, барлық жоғары деңгейлердегi су ағындарын тiркейтiн гидрологиялық бекеттердi ашу;
      сейсмологиялық қадағалаудың аймақтық желiсiнің станцияларын орналастырудың тығыздығын арттыру;
      көшкін процестерiнiң мониторингін ұйымдастыру жөнiндегi шаралар қабылданатын болады.
      Автомобиль көлiгiнен зиянды тастандыларды төмендету мақсатында:
      автокөлiк құралдарын улы газдардағы зиянды заттарды төмендету құрылғыларымен кезең-кезеңмен жарақтандыру;
      автомобильдiк қоғамдық автокөлікті электр көлiгiмен барынша ауыстыру мүмкіндігі жоспарланып отыр.
      Қаланың су ресурстарының ахуалын жақсарту мақсатында:
      Үлкен Алматы арнасының ернеуін тазартуды жүргiзу және оны көгалдандыру;
      гидрогеологиялық, инженерлiк-геологиялық, сейсмикалық және санитарлық сипаттамаларды ескере отырып, Алматы кен орнының жер асты суларының жарып шығу аймағын кешенді зерттеудi жүргiзу көзделіп отыр.
      Әуе ағындарын өткiзудiң экологиялық дәлiзiнiң рөлiн орындайтын табиғи-ландшафты қаңқаның кеңiстiктi үздiксiздігін дамыту мақсатында:
      қаланың табиғи-экологиялық қаңқасын дамытудың Бас жоспарын әзiрлеу есебiнен қаланы көгалдандыруды жақсарту;
      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салу және оларды қайта жаңарту жобаларын ("XXI ғасыр" дендропаркi, "Медеу" паркi, Бауман  тоғайы мен басқа да объектiлер) iске асыру жөнiндегі шараларды қабылдау көзделіп отыр.
       Өндірiстік және тұрмыстық қалдықтардың экологияға керi әсерiн төмендету және кәдеге жарату мақсатында:
       Алматы қаласындағы қалдықтарды жинау, шығарып тастау және iшiнара қайта өңдеу жөнiндегi кешенді бағдарламаны iске асыру есебiнен қатты қалдықтарды eceпкe алу мен басқарудың тұрақты жүйесiн құру;
      полигондар, оның ішінде Алматы қаласы мен Алматы облысының улы қалдықтарын көму жөнiндегi полигондар салуды жүзеге асыру және өндiрiстің улы қалдықтарын басқару жүйесiн ұйымдастыру;
      қаланың кәсiпорындарында қауiптi заттарды қауiпсiз пайдалану жөнiндегі iс-шараларды әзiрлеу және жүзеге асыру жоспарланып отыр.

      3.12. Бағдарламаны бейiндiк және ақпараттық қамтамасыз
            ату
      Басымдықтар:
      Алматы қаласын кeшeнді дамытуды идеологиялық және ақпараттық-құқықтыҚ қамтамасыз ету саласында мақсатты және атаулы бейіндік акциялар, жобалар ұйымдастыру және жүргiзу;
      Алматы қаласының экономикалық басымдықтарын ғаламдандыру саласында көрнекi пилоттық және инновациялық жобаларды әзiрлеу;
      сыртқы экономикалық қызметті әртараптандыру.
      Шешу жолдары
      Бейінді қалыптастыру жөніндегi жобалар континентальды маңызы бар мегаполистi дамытудың жаңа идеологиясы туралы мақалалар топтамасын республикалық және шетелдік басылымдарда, Интернет желiсiнде жариялау, ғылыми-практикалық симпозиумдар мен семинарлар,
коммерциялық-инвестициялық жобалардың тұсаукесерлерін, Алматы қаласын дамытудың проблемалары мен перспективалы бағыттары бойынша қоғамдық талқылаулар ұйымдастыру және өткiзу жолымен iске асырылатын болады.
      Мақсатты және инновациялық жобаларды әзiрлеу үшiн қаланың кәсiпорындарын экономикалық және техникалық зерттеулердi жақын және
алыс шетелдердің ғалымдары мен iскер топтары өкiлдерiнің қатысуымен
жүзеге асыру болжанып отыр.
      Алматы қаласының сыртқы экономикалық қызметiн әртараптандыру, ұстанымын нығайту шеңберiнде әлемдiк және аймақтық рыноктарда қазақстандық тауарларды кеңейтуде және Оңтүстік Шығыс Азия, Орталық
Азия аймағы, Таяу Шығыс елдерiне жылжытуда Қытайдың арнайы экономикалық аймақтарын пайдалану, Алматы қаласының экономикасына және инфрақұрылымына "портфельді" инвестицияларды тарту мақсатында
халықаралық семинар, инвестициялық саммиттер өткiзу болжанып отыр.
      Инновациялық жобаларды iске асыру үшiн жағдайлар және ынталандыратын режимдер жасау, қаланың ақпараттық ресурстарын басқарудың ақпараттық жүйесін құруға жәрдемдесу болжанып отыр.
      Қазақстан Республикасының халықаралық конгрестер, талқылаулар, фестивальдар, конкурстар, спорттық-бұқаралық акциялар енгізу арқылы қоғамның әртүрлi таптарының үйлесiмдi тiршiлiк етуi және рухани қоғамдастығы жөнiндегі бiрегей тәжiрибесiн насихаттауға
көңіл бөлiнетiн болады.
      Жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың негiзiнде Алматы қаласының Бiрыңғай ақпараттық кеңістiгiн құру арқылы муниципальды менеджменттi едәуір жетілдіру көзделеді.

      3.13. Бағдарламаны iске асыру тетiгі
      Бағдарламаны iске асыру оны iске асыру жөніндегi Іс-шаралар жоспары арқылы жүзеге асырылатын болады, ол Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарының талаптарын, яғни әзiрленетiн бағдарламалардың орташа мерзiмдi жоспарлауды ескере отырып, шартты түрде бөлінген: 2003-2005 және 2006-2010 жылдарға арналған үш кезең әзiрленетiн және оны Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн болады.
      Iс-шаралар жоспары қаланы дамытудың әрбiр сатысының сапалық ерекшелiмдерiн сипаттайтын және Бағдарламаның барлық ережелерiн iске асыруды көздейтін болады. Оларда әрбiр iс-шара бойынша нақтылы
орындаушылар және iске асыру мерзiмдерi, сондай-ақ болжанып отырған
көлем мен жылдар бойынша қаржыландыру көздерi белгiленетiн болады.
      Iс-шаралардың кешендiлігi қызметтi барынша үйлестiретiн және мақсатқа бағытталған және келiсiлген iс-қимылдарды қамтамасыз ету жөніндегi орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың мүмкіндiктерiн Алматы қаласының тыныс-тiршілігі жүйесін дамытудың барлық бағыттары бойынша шоғырландыруға мүмкіндiк береді.
       Алматы қаласының әкімдігі жоспарлар iс-шараларының орындалу
және бағдарламаның жоспарлы көрсеткiштеріне (индикаторларына) қол жеткiзу барысын бақылау жасау аралы Мемлекеттiк бағдарламаны iске асырудың тиімділігінің тұрақты мониторингі және оны бағалауды жүзеге
асыратын болады.

      4. Қажетті ресурстар мен қаржыландырудың көздері

      Алматы қаласын iске асырудың 2003-2010 жылдарға арналған мемлекет бағдарламасын iске асыруға республикалық, жергiлiктi бюджеттердiң және халықтың қаражаты, халықаралық экономикалық ұйымдардың гранттары, шетелдiк және отандық инвестициялар пайдаланылатын болады. Бюджеттiк қаражатты қоса алғанда инвестициялық ресурстарға жалпы қажеттiлік 700 миллиардтан астам теңгенi құрайды, оның ішінде 2003-2005 жылдарға - 230 млрд. теңге.
      Дамыту бағдарламалары бойынша iс-шараларды iске асыруға 2003 жылы мемлекеттік бюджетте 8630,6 млн. теңге көзделуде, оның ішінде республикалық бюджеттен 4706 млн. теңге, жергiлiктi бюджеттен 3924,8 млн. теңге. Келесi жылдарға арналған нақтылы қаржыландыру көлемі қаржылық мүмкіндіктерді ескере отырып, кезектi қаржы жылына арналған pecпубликалық бюджеттi және Алматы қаласының бюджетiн қалыптастыру кезiнде айқындалатын болады.

      5. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер

      Бағдарламаны iске асыру қаланың қаржылық, өндiрiстiк, кадр,  ғылыми және мәдени әлеуетiн бар мүмкiндiгiнше пайдалану үшiн жағдайлар жасауға және осының негiзінде мегаполис пен оған жапсарлас елді мекендер халқының өмiр  cүpу деңгейi мен сапасын арттыруға ықпал етуі тиiс.
      Жаңа қаржы институттарының дамуымен, қаланың тiршiлiк ету жүйесiнiң тиiмдi жұмыс iстеуін қамтамасыз етумен коммуналдық меншiктi басқару процесiне жаңа технологиялар енгiзумен қалада қалалық шаруашылықты дамыту мен халықтың әлеуметтiк қорғалуын арттыруды қаржыландырудың сенiмдi көздерi пайда болады.
      Өнеркәсіптiк өндірiстің құрылымы өзгереді, онда шағын кәсiпорындардың үлесiне 2010 жылға қалада шығарылатын барлық өнiмнің 40,9%-i келетiн болады.
      Химия, мұнай, тау-кен-металлургиялық кәсiпорындар үшiн жабдықтар, автомобильдер, электроника қосалқы бөлшектер, жоғары технологияларды қолдана отырып, жоғары сапалы медициналық препараттар өндіру басым даму алады. Алматы қаласының инновациялық тәжiрибесi республиканың басқа аймақтарында ғылыми-техникалық прогрестi дамытуға ықпал ететiн болады.
      Жүргiзiлiп отырған өнеркәсiптiк саясаттың нәтижесi бар өндірiстік қорларды олардың бiр бөлiгiн шағын бизнес саласына беру және ғылымды қажетсiнетiн өнімді шығаруға бағдарланған басым өндiрiстердi талғамалы қолдау және жергiлiктi шикізат пен материалды неғұрлым терең өңдеу арқылы тиiмдi пайдалану болады. Өнеркәсiптiк өндірiстің көлемi 2010 жылы 2002 жылмен салыстырғанда 68,4%-ке артады.
      Шағын және орта бизнестi дамыту саласында бағдарды инновациялық технологияларды белсендi енгiзуге ауыстыру, қала iрi және ұсақ кәсiпорындары кооперацияларының әр түрлерiн қызметтің барлық салаларында кеңінен қолдану көзделiп отыр.
      Жоғары деңгейлi қайта өңдеу өнiмiнің экспорты отандық сапалы шикiзат өнiмiмен молықтыру есебiнен едәуір артады, шикiзат импортына тәуелдiлiктi төмендету көзделуде.
      Қаланың жалпы сәулет-құрылыс кейпi қаланың тарихи бөлiгiн сақтай отырып қалыптасатын, жаңа шағын аудандар салынатын болады, жолдардың көлiк ағынымен жүктелуi төмендетіледi. Қаладағы экологиялық ахуал едәуiр жақсарады.
       Қаланың энергетикалық теңгерiмiне экологиялық таза  ресурстарды енгiзу, ресурс жинақтайтын технологияларды енгiзу энергетикалық кешеннiң тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге, энергетиканың қоршаған ортаға зиянды әсерiн қысқартуға мүмкіндік береді, бұл қаладағы энергетикалық қауырттылығы толығымен жоюға мүмкiндiк береді.
      Автокөліктің қаланың экологиясына керi әсерi қысқарады, метрополитеннің бiрінші кезегi iске қосылатын болады.
      Салық салынатын базаның өсуі және салық әкiмшiлiгiн жүргiзудің жақсаруы қаланың бiріктiрілген бюджетiне салықтардың алуын 2010 жылы 1,7 есе ұлғайтуға мүмкіндiк береді. Салықтар құрылымында шағын бизнестен түсетiн қаражаттың үлесі едәуір артады.
      Алдын алу бағытын алатын денсаулық сақтау мекемелерінiң желiсi толығымен сақталатын және одан әрi даму алатын болады. Халықтың медициналық-демографиялық ахуалы мен денсаулығы көрсеткіштерi тұрақтанатын, ал содан кейiн жақсаратын болады.
      Қаланың мәдени және спорт инфрақұрылымын одан әрi дамыту орын
алады, оның республика азаматтарын сауықтыруға және жаңа спорттық жетiстiктердi қамтамасыз етуге ықпал ететiн спортты дамытудағы рөлi
артады.
      Алматы қаласы рөлінің елiмiздің iрi қаржы, ғылыми, бiлiм беру,
мәдени және туристiк орталығы ретiнде артуы қала экономикасы құрылымының едәуір өзгеруіне әкеп соғады. Осы кезеңде сауда, көлік,
коммуналдық шаруашылық, байланыс, ойын-сауық индустриясы, туризм және халыққа көрсетілетін басқа да қызметтер ерекше қарқынмен дамитын болады. Осы салалардың жедел дамуы, өндірiстiк саладағы шағын кәсіпкерліктi мемлекеттiк қолдаумен қатар, iс жүзiнде халықтың жұмыспен қамтылу проблемасын шешеді. Тұтастай алғанда, қалада 80 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылатын болады.
      Алматы қаласын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын сәттi iске асыру қуатты мультипликациялық
әсер есебiнен елдің барлығының дамуына және гүлденуiне ықпал етуі тиiс.
      Алматы қаласын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асырудың жоспарланып отырған индикаторлары 3-кестеде көрсетiлген.

3-кесте          

      Алматы қаласын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған
     мемлекеттік бағдарламасын iске асырудың индикаторлары

____________________________________________________________
  Көрсеткіштер      2001ж    2002ж.    2003ж.   2004ж.     2005ж.
____________________________________________________________
Халықтың жан       43602    467727    47089     50370    538410
басына шаққандағы    5         6        6         6        4
ЖIӨ теңгемен

Өнеркәсіптік өнiм   122,9    111,9     107     107,1    107,9
көлемiнiң өсу         
қарқыны, өткен
жылға %-пен

ІЕК-де шағын бизнес  16,8    19,6      21,8     24,9      34,2
субъектілерi
өндірген өнiм мен

таблицаның жалғасы:

Көрсеткіштер      2006ж  2007ж. 2008ж.  2009ж   2010ж.    2010.
                                                         2002ж.-ға
                                                          %-пен

Халықтың жан      57632   61725  66067  707686  75739     162
басына шаққандағы   0       7      5              4
ЖIӨ теңгемен

Өнеркәсіптік өнiм  107    106,5   106,3  106,2   106,    168,4
көлемiнiң өсу
қарқыны, өткен
жылға %-пен

ІЕК-де шағын бизнес 35,8   37,2    38,8   39,5   40,9
субъектілерi
өндірген өнiм мен

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады