Алматы қаласын аймақтық қаржы орталығы ретiнде дамыту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 шілдедегі N 1014 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.04.14. N 356 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Алматы қаласын аймақтық қаржы орталығы ретiнде дамытудың тұжырымдамасы мақұлдансын.

      2. Қоса берiлiп отырған Алматы қаласын аймақтық қаржы орталығы ретiнде дамытудың тұжырымдамасын жүзеге асыру жөнiндегi 2001-2003 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Жоспар) бекiтiлсiн.

      3. Жоспарда көрсетiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарының басшылары Жоспарда белгiленген iс-шаралардың iске асырылуын қамтамасыз етсiн және жарты жылда бiр рет, жарты жылдықтың алғашқы айының оныншы күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне өткен жарты жылда Жоспардағы iс-шаралардың орындалуы туралы ақпарат берсiн.

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (келiсiм бойынша) жарты жылда бiр рет, жарты жылдықтың алғашқы айының жиырмасыншы күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Yкiметiне өткен жарты жылда Жоспардағы iс-шаралардың орындалуы туралы жиынтық ақпарат берсiн.

      5. Мыналар:
      Жоспарға енгiзiлген iс-шараларды орындауға жауапты ретiнде көрсетiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары Жоспарға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы жылына екi рет, бесiншi маусымға қарай және бесiншi желтоқсанға қарай Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне ұсыныстар енгiзе алады;
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (келiсiм бойынша) жылына екi рет, отызыншы маусымға қарай және отызыншы желтоқсанға қарай белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне Жоспарға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы тиiстi шешiмдердiң жобаларын енгiзе алады деп белгiленсiн.

     6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.

     7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы     
Үкіметінің          
2001 жылғы 27 шілдедегі    
N 1014 қаулысымен       
мақұлданған           

                   Алматы қаласын аймақтық қаржы
                   орталығы ретiнде дамытудың
                          ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

                           Кiрiспе

       Алматыны Орталық Азияның аймақтық қаржы орталығы ретiнде дамыту идеясы (бастапқыда аймақ ретiнде бұрынғы кеңестiк Орта Азия республикалары мен Қазақстан меңзелген-дi) алғаш рет 1995 жылы Қазақстан банктерi қауымдастығының мүшелерi мен басшы құрамының Қазақстан Республикасының Президентiмен кездесуi кезiнде жария етiлген болатын. Бiрақ, ол кезде бұл идея бiрқатар себептермен қолдау таппады, олардың iшiнде, ең негiзгiсi Қазақстан банк жүйесiн реформалауға ендi ғана кiрiскен едi (тiптi, қаржы рыногының басқа секторларындағы реформаларға әлi кiрiскен де жоқ болатын) және Қазақстанның осы салада аймақтық көш бастаушы болуға ұмтылуы тым ертерек сияқты көрiндi. 1995-1999 жылдардағы оқиғалар елдiң саяси басшылығының сақтық жасауының орынды екендiгiн айғақтады: 1996 жылы сол кезде елдегi ең iрi және ықпалы зор болған "КРАМДС-банк" жұмыс iстеуiн тоқтатты, капиталдандыру деңгейi бойынша заңнама талаптарына сәйкес келмейтiн банктердi тарату бiрнеше жылға созылды (Ұлттық Банк әрекет жасаған құқықтық шеңбердi ескерсек), бағалы қағаздар рыногының қазiргi заманға сай инфрақұрылымын қалыптастыру екi жылдан кейiн ғана басталды, ал сақтандыру өндiрiсiн реформалау 1999 жылы ғана басталды.
      Дегенмен, бiрқатар мән-жайлар жоғарыда аталған идеяны, оның географиялық мәнiсiн Орталық Азиядағы ТМД-ға қатысушы елдерден бастап Азия құрлығының орталық бөлiгiнде орналасқан елдер тобына дейiн кеңейте отырып, қайта ұсынуға мүмкiндiк туғызды.
      Бiрiншiден, Алматыда түрлi үлгiдегi, оның ішiнде шетел капиталы қатысқан қаржы институттарының едәуiр шоғырланғаны байқалады, олар жүзеге асыратын операциялар көлемі бойынша таяу жатқан мемлекеттердің Бішкек, Ташкент, Душанбе, Ашгабат және Баку сияқты бас қалаларынан асып түседi.
      Екіншіден, Алматы қаласы халқының саны Қазақстанның басқа қалалары халқының санынан көп. Бұл ретте, қаланың көп ұлттылығы факторы оның мәдениетінің де сан алуандығын айқындайды.
      Үшіншіден, Алматыда ең алдымен зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялар мен екінші деңгейдегі банктер есебінен жеткілікті жоғары инвестициялық әлеует қалыптасты, бұған көрші мемлекеттердің эмитенттері де қызығушылық білдіре бастады.
      Төртіншіден, Алматы көрші мемлекеттердің ірі қалаларына қарағанда қаржылық қызмет көрсетуге төлем жасауға қабілетті тұтынушы ретінде жеке табысы жоғары деңгейдегі адамдар - шетел азаматтары да, Қазақстан азаматтары да көп тұратындығымен ерекшеленедi.
      Бесiншiден, белгілі бiр қаржы қиыншылықтарына қарамастан, Алматының қоршаған табиғатының сұлулығы мен сапалы қызмет көрсетудiң, әсiресе телекоммуникациялар, қоғамдық тамақтану және ойын-сауық саласы болуымен мұнда тұруға және демалуға тартымды орын болып отыр.
      Алматыны аймақтық қаржы орталығы ретiнде дамытуға ықпал ететiн маңызы кем түспейтiн фактордың бiрi деп, қаланың "Жiбек жолы" бойындағы елдерге жақын орналасқанын да айтуға болады.
      Қаржы орталықтарының тарихи пайда болуы - капиталдардың iрi қалаларға шоғырлануымен байланысты (және жоғарыда атап өтiлгенiндей, мұндай алғышарттар Алматыда iшiнара бар). Алайда, мұндай шоғырлану қаланың қаржы орталығы ретiнде өзiнен өзi дамуына жол аша алмайды. Бұған мысал - Швейцария қалалары. Қаржы орталығының қалыптасуы кәсiпкерлердiң жинақталған капиталдарды коммерциялық жобаларды қаржыландыру көзi ретiнде жаппай тартуынан басталады. Бұл ретте, мұндай жобалар қауiпсiздендiрiлген (меншiк иесiн заңдастыруда күрделi iс-шараларды қолданбай-ақ, қайталама рынокта тез сатылатын қаржы құралдары түрiнде ресiмделген) болуға тиiс, сондай-ақ табыс түсетiн және тәуекел деңгейi инвесторлар үшiн қолайлы болуға тиiс. Уақыт өте келе, қалаға пайдалы және өтiмдi салым салу мүмкiндiгі арқылы, басқа аймақтардан бос капиталдар ағылып келе бастайды. Инвестициялауға қол жеткiзетiн капиталдардың өсуi жаңа қаржы құралдарының тiкелей ұсынысын туындатады. Мұндай жағдайда қала қаржы орталығына айналады. Лондон және Нью-Йорк сияқты әлемдегi қаржы астаналарының пайда болуының қарапайым моделi осындай.
      Бұлардан анағұрлым жастау қаржы орталықтарының - Гонконгтың, Сингапурдың, Бахрейннiң және басқалардың ерекшелiгi - мұнда да қарапайым түрде тартылған капиталды пайдалану үшiн капитал ағындарын және қаржы құралдарын алдын ала көтермелеуi болып табылады. Көтермелеудiң басты тетiгi - ырықтандырылған кеден және салық режимдері, инвесторлар, кәсіпкерлер мен кәсіби қаржы делдалдары талап ететін сапасы жоғары тұрмыстық әрi бизнестiк қызмет көрсетумен үйлестірілетін капиталды мемлекеттік реттеу мен қайтарудың ырықтандырылған режимдері.
      Сонымен, Алматыны аймақтық қаржы орталығы ретiнде дамыту мынадай әлеуметтік-экономикалық шарттардың орындалуын талап етедi:

      Елдегi шарттар:

      1. Жергілікті капиталдың мейлінше мол шоғырлануы.
      2. Шетелдiк капиталды әкелудiң, капиталды қайтарудың және оны қолданудан түскен пайданың ырықтандырылған валюталық режимi. Орталық банктiң айырбас бағамы саясатын қоса алғанда, ақша-кредит саясатының болжамды болуы.
      3. Жергiлiктi кәсiби қаржы делдалдарының бiлiктiлiк деңгейiнiң жоғары болуы.
      4. Халықаралық беделi танылған шетелдiк кәсiби қаржы делдалдарын рынокқа жiберудiң ырықтандырылған режимi.
      5. Дамыған және сапалы (көлiктік, телекоммуникациялық және басқа) инфрақұрылым.
      6. Реттеудi Алматыда орналастырылған мемлекеттiк органдардың жоғары бiлiктi кадрлары жүзеге асыратын қазақстандық қаржы рыногының жеткiлiктi дамуы.

     Жергiлiктi шарттар:

     7. Алуан түрлi және жайлы тұрмыстық әрi бизнестік қызмет көрсету.
     8. Табиғат объектiлерiнiң табиғи тартымдылығын сақтай отырып, дамыған демалыс және ойын-сауық индустриясының болуы.
     9. Қоғамдық қауiпсiздiктiң жоғары деңгейi.
     10. Алматының халықаралық мәртебесiн көтеру.

                1-шарт. ЖЕРГIЛIКТI КАПИТАЛДЫ МЕЙЛIНШЕ
                          МОЛЫНАН ШОҒЫРЛАНДЫРУ

      Осы шартты сақтау:
 
      1) қаржы рыногының қалалық инфрақұрылымы тарапынан сапалы қызмет көрсету жолымен қазiргі институционалдық инвесторлардың (зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялар мен екiншi деңгейдегi банктердiң) бас кеңселерiнiң Алматыда орналасуына мүдделiлiгiн қолдау және ынталандыру;
      2) халықтың жинақ ақшасын ынталандыруға бағытталған iс-шараларды заңды қаржы жүйесi арқылы дәйектi түрде орындау, оның iшiнде:
      - бағалы қағаздар құпиясын және басқа қаржы құралдарын қорғауды күшейту;
      - екiншi деңгейдегi банктердегi жеке тұлғалардың мерзiмдi салымдарына кепiлдiк беру жүйесiн кең ауқымда насихаттау;
      - банктік емес қаржы делдалдарын дамыту;
      - бiрiншi кезекте, мемлекет тарапынан тартымды жаңа қаржы құралдарын шығару жолымен;
      3) ерікті зейнетақы жинақтарын көпшілікке тарату және ынталандыру жолымен;
      4) толыққанды институционалдық инвесторлар ретiнде, соның iшiнде ықтимал клиенттер тарапынан оларға деген сенiмді арттыру арқылы сақтандыру ұйымдарының қызметiн жандандыру;
      5) ұжымдық инвестициялау жүйесiн пайдаланғысы келмейтiн және жеке сипатта қызмет көрсетудi қалайтын кәсiби емес инвесторлардың бағалы қағаздар портфельдерiн басқару жөнiндегi брокерлiк-дилерлiк ұйымдардың қызметiн қолдау;
      6) институционалдық инвесторлардың (ең алдымен, инвестициялық қорлардың) жаңа түрлерiнiң және ұжымдық инвестициялаудың жаңа нысандарының (құрылыс жинақ ақшасының және басқалардың) пайда болуына және дамуына жәрдемдесу;
      7) шағын және орта бизнестiң серпіндi дамуына, жергiлiктi кәсiпкерлердiң инвестициялық әлеуетiн арттыруға жәрдемдесу есебiнен қамтамасыз етiлуi тиiс.
      ЕСКЕРТУ. 1-шарт өзгерді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 маусымдағы N 706 қаулысымен.

                   2-шарт. ШЕТЕЛДIК КАПИТАЛДЫ ӘКЕЛУДIҢ
              ЫРЫҚТАНДЫРЫЛҒАН ВАЛЮТАЛЫҚ РЕЖИМI, КАПИТАЛДЫҢ
              ҚАЙТАРЫЛУЫ ЖӘНЕ ОНЫ ҚОЛДАНУДАН АЛЫНҒАН ПАЙДА.
              ОРТАЛЫҚ БАНКТIҢ АЙЫРБАС БАҒАМЫ САЯСАТЫН ҚОСА
              АЛҒАНДА, АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ БОЛЖАМДЫ БОЛУЫ

      Шетелдiк капиталды әкелудiң ырықтандырылған режимi Алматыға шетелдiк жеке және институционалдық инвесторлардың ақшасын тартуға жәрдемдесетiн болады, ол үшiн:
      1) Қазақстан банктерiндегi есепшоттарды алыстан басқару мүмкіндiгiн қамтамасыз ету;
      2) оларды кейiн әкетуге мүмкiндiгі болуы мақсатында келушi адамдар ерiктi түрде мәлiмдейтiн сомалар мен аса ірi сомаларға қатысты ғана, бұл ретте осындай мәлiмдеудi сақтап, оның iшiнде әкелiнетiн қолма-қол шетел валютасын және өзге мүлiктердi ресми мәлiмдеу қажеттiгінен бас тарту жолымен валюталық бақылауды оңтайландыру қажет.
      Қазақстан Республикасы 1992 жылғы 2 шiлдеде Халықаралық валюта қорының келiсiмi Баптарының VIII бабына сәйкес мiндеттемелер қабылдады. Алдағы уақытта Ұлттық Банк ұлттық валютаның айырбас бағамының күрт ауытқуына жол бермей, ақша-несие саясатын жүзеге асыруды одан әрi жалғастыруы қажет. Инвесторлар мен қаржы делдалдары үшiн ұлттық валютаның тұрақтылығы мен айырбасталуы қаржы рыногындағы жағдайдың болжамды болуын және капиталдың қайтарылуы мен оны қолданудан пайда табуды қамтамасыз ету мақсатында өте маңызды.
      Ұлттық Банк осы шартты қамтамасыз етуде негiзгi рөл атқарады, ол ырықтандырылған валюталық саясатты қамтамасыз етуді жалғастыруы тиіс. Сонымен қатар, капиталдың қайтарылуына және оны қолданудан пайда табуға кедергi келтiрмейтiн қазiргi заңнамалық режимдi сақтаудың мәнi бар.

            3-шарт. ЖЕРГIЛIКТI КӘСIБИ ҚАРЖЫ ДЕЛДАЛДАРЫНЫҢ
                      ЖОҒАРЫ БIЛIКТIЛIК ДЕҢГЕЙI

      Осы шартты орындау осындай қызметтердi жергiлiктi және шетелдiк тұтынушыларға сапалы қаржы қызметтерiн көрсету үшiн қажет. Осы мiндеттi шешу үшiн:
      1) бағалы қағаздар рыногында және қаржы рыногының басқа да бөлiктерiнде жұмыс iстейтiн мамандар даярлайтын оқу орындарының бағдарламаларын жаңалау;
      2) қазiргi кезде жұмысты орындауға бiлiктiлiк куәлiктерiнсiз жiберiлетiн қаржы жүйесi қызметкерлерінiң санаттары үшiн дербес сертификаттауды енгізу;
      3) аймақта іс жүргiзуге бағдарланған түрлi бейiндегi мамандар даярлауды қамтамасыз ету (көршi мемлекеттер заңнамаларының ерекшелiктерiн бiлу, Орталық Азия аймағы елдерiнiң мемлекеттiк тiлдерiн және басқа да қажеттi бiлiмдер мен дағдыларды меңгеру);
      4) кадрларды оқыту және қайта даярлау, сондай-ақ қазақстандық қаржы жүйесi қызметкерлерiнiң кәсiби жарамдылығына бақылау жасау мақсатында қаржы рыногының кәсiби қатысушыларының өзiн-өзi реттейтiн ұйымдары мен қауымдастықтарын пайдалану керек.

             4-шарт. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БЕДЕЛI ТАНЫЛҒАН ШЕТЕЛДIК
                      КӘСIБИ ҚАРЖЫ ДЕЛДАЛДАРЫН РЫНОКҚА
                      ЖIБЕРУДIҢ ЫРЫҚТАНДЫРЫЛҒАН РЕЖИМІ

     Халықаралық беделi танылған шетелдiк кәсiби қаржы делдалдарын қазақстандық қаржы рыногына жiберу:
     - рынок бәсекелестiгiнiң қажеттi деңгейiн сақтауға;
     - қаржы жүйесінiң клиенттерiне отандық қаржы институттары әлi
көрсете қоймаған қызметтердi көрсетуге;
     - қаржы жүйесi жергiлiктi қызметкерлерiнiң бiлiктілiгiн арттыруға мүмкiндiк жасайды.
      Осы мақсатта:
      1) отандық және шетелдік қаржы институттарын құру, тіркеу, лицензиялау және қызметін реттеу жағдайларын теңестіру туралы мәселені қарау;
      2) өкілдіктері Қазақстанда тек бір жыл жұмыс істегеннен кейін ғана шетелдік банктер Қазақстанда өздерінің еншілес банктерін ашуға құқығы болатын шарттың күшін жою жөнінде ұсыныстар енгізу;
      3) қазақстандық кәсіби қаржы делдалдары әлі көрсете қоймаған қызмет түрлері бойынша Қазақстанда жұмыс істеуге шетелдік қаржы институттарын тарту.
      4)
     ЕСКЕРТУ. 4-шарт өзгерді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 маусымдағы N 706 қаулысымен.

              5-шарт. ДАМЫҒАН ЖӘНЕ САПАЛЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

      Осы шартты орындау қаржы институттары мен олардың клиенттерi үшiн Алматыда қолайлы жағдайлар жасауға тиiс, ол үшiн:
      1) Алматы әуежайында халықаралық терминал салуды қоса алғанда, Орталық Азия аймағының елдерiн байланыстыратын тиiмдi көлiк желiсiнiң салынуын және жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
      2) Алматы-Бiшкек, Алматы-Астана, Алматы-Қорғас автомобиль жолдарын жылдамдығы жоғары (ақылы болуы ықтимал) және оларды тиiстi түрде жайластырылған магистральдарға айналдыра отырып, қайта жаңарту;
      3) Алматы-Астана жылдамдығы жоғары темiр жол бағытын ашу;
      4) Алматының көлiк тораптарын - темiр жол вокзалдары мен автовокзалдарды осындай құрылымдар қызметiн ұйымдастыру мен қызмет көрсету деңгейiнiң қазiргi шетелдiк тәжiрибесiн бағдарға ала отырып, қайта жаңартуды жүзеге асыру;
      5) Алматының автомобиль жолдарын тиiстi күйге келтiру және қоғамдық көлiктiң қалалық жүйесiн жаңалау;
      6) техниканың соңғы жетiстiктерiне сай келетiн телекоммуникация және почта байланысы қызмет көрсетулерiнiң дамуына жәрдемдесу қажет.

          6-шарт. ҚАЗАҚСТАН ҚАРЖЫ РЫНОГЫНЫҢ ЖЕТКIЛIКТI ДАМУЫ

      Осы шартты орындау инвесторлық сұранысқа дамыған қаржы және көлемi мен сан алуандығы жағынан барабар қаржы құралдары жиынтығын ұсыну үшiн қажет, ол үшiн:
      1) Интернет, Рейтерс желiсi және басқа арналар арқылы жасалатын сауда-саттыққа алыстан қатысу жөнiндегi қызметтi қоса алғанда, қаржы құралдарымен сауда-саттық ұйымдастыру және қаржы рыногының жай-күйі туралы ақпаратпен қамтамасыз ету жөніндегі сапалы және технологиялық жағынан алдыңғы қатарлы қызметтi көрсетушi ретінде Қазақстандық қор биржасын дамыту;
      2) валюталық және пайыздық тәуекелдердi хеджирлеуге және басқа мақсаттарға арналған әртүрлі биржалық қаржы құралдары арқылы саудаға қатысу;
      3) Бағалы қағаздар орталық депозитарийінің және Қазақстандық банкаралық есеп айырысу орталығының, оның ішінде олардың бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етiлуi мен технологияларының барабар жай-күйiн қолдау, сондай-ақ олардың бағдарламалық-техникалық кешендерiнiң сенiмдiлiгi мен ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету арқылы үздiксiз жұмыс істеуiн қамтамасыз ету;
      4) қолма-қол жасалмайтын төлем құралдарын жетiлдiру және олардың қолданылу аясын кеңейту;
      5) қаржы рыногының рейтингтерi, қор индекстерi мен мониторингтерi сияқты өнiмдердiң пайда болуына және жетiлдiрiлуiне ықпал ету;
      6) айналымға бағалы қағаздардың жаңа түрлерiн және басқа қаржы құралдарын (ипотека облигацияларын, тұрғын үй сертификаттарын (облигацияларын) эмиссиялық тауар бөлу құжаттарын және басқаларын) енгiзу;
      7) қалаулы инвестициялық сапасы болған жағдайда көршiлес мемлекеттер үшiн оңайлатылған сипаттағы рұқсат белгiлей отырып, олардың бағалы қағаздарын және басқа да қаржы құралдарын қазақстандық қаржы рыногындағы айналымға тарту;
      8) қаржы рыногының субъектiлерiмен тiкелей өзара iс-қимылы мен көрсетiлген ұйымдар қызметкерлерiнiң жоғары бiлiктiлiгiн қамтамасыз ете отырып, қаржы рыногының "ашық болуын" қамтамасыз ету мен қаржы құралдарының инвестициялық тартымдылығын көтерудi қамтамасыз ету мақсатында оларға қажеттi реттеу өкiлеттiктерiн берiп, Ұлттық Банк және басқа уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың тарапынан қаржы рыногын мемлекеттiк реттеу жүйесiн жетiлдiру.
      ЕСКЕРТУ. 6-шарт өзгерді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 маусымдағы N 706 қаулысымен.

               7-шарт. ӘРТYРЛI ЖӘНЕ ЖАЙЛЫ ТҰРМЫСТЫҚ ӘРI
                        БИЗНЕСТIК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

      Алматыда қол жеткiзiлген қызмет көрсету деңгейiне қарамастан, оны одан әрi дамыту үшiн едәуiр әлеует бар. Атап айтқанда:
      1) осындай органдарда бар ақпаратты және Алматы мен Қазақстанда бизнес жүргiзу жөнiнде қажеттi консультациялар алуға мүдделi тұлғаларға жәрдемдесетiн Алматыда орналасқан мемлекеттiк органдардың фронт-кеңселерiн (ақпараттық-консультациялық бюро) ұйымдастыру;
      2) Алматыда жұмыс істегiсi келетiн кәсiпкерлерге әртүрлi бизнестiк қызмет көрсететiн ұйымдардың (консультациялық, заңдық, кадрлар, үй-жайлар таңдау және қызметтiң өзге де түрлерi) қалыптасуын және дамуын қолдау;
      3) әуе және темiр жол көлiгi саласында, телекоммуникациялар мен басқа салаларда "бизнес-класс" (жоғары сапалы) қызмет көрсетiлуiн дамыту;
      4) Алматының қалыптасқан сәулет-құрылыс стилi мен ландшафтының сақталуын бақылауды жүзеге асыру қажет.

                 8-шарт. ТАБИҒАТ ОБЪЕКТIЛЕРIНIҢ ТАБИҒИ
                ТАРТЫМДЫЛЫҒЫН САҚТАУ АРҚЫЛЫ ДЕМАЛЫС ЖӘНЕ
                    ОЙЫН-САУЫҚ ИНДУСТРИЯСЫНЫҢ ДАМУЫ

      Алматы қаласы бизнес жүргiзу үшiн ыңғайлы орын ретiнде ғана емес, сол сияқты өз тұрғындарына демалыс пен ойын-сауық үшiн мүмкiндiктердiң мейлiнше кең ауқымын ұсынатын тұрақты немесе уақытша тұруға қолайлы қала ретiнде қабылдануы тиiс. Осы мiндеттi шешу үшін:
      1) Алматыдағы экологиялық жағдайды жақсарту жөнiнде барлық қажеттi шараларды қабылдау;
      2) әлеуметтiк факторларды ескере отырып, қала iшiнде орналасқан зат сататын базарларды және көтерме сауда базарларын супермаркеттермен, сауда галереяларымен ("Shopping Mall") және көтерме сауда мен ұсақ көтерме сауда дүкендерiмен ("Cash & Cappy") алмастырып, бiрте-бiрте жою туралы мәселенi қарау;
      3) қалалық базарларға өркениеттi келбет бере отырып, автокөлiктiң қолайлы кiруi мен тұрағын қамтамасыз ете отырып, оларды қайта жаңарту;
      4) инвестициялар тарту есебiнен Алматы-Ыстықкөл сапалы автомобиль жолын салу;
      5) Алматының шетiнде немесе маңында орналасқан табиғи объектiлердi, ең алдымен Медеудi, Шымбұлақты, Үлкен Алматы шатқалын, Алматы арқылы ағатын өзендердi қоқыстан тазартуды үнемi жүргiзiп отыру;
      6) оның iшiнде қайталама шикiзат қабылдау пункттерiн ашу арқылы қалдықтарды (әйнек, пластик, металл, қағаз/картон және қалдықтардың өзге де түрлерi) бөлек жинауды және оларды қайта өңдеудi ұйымдастыру;
      7) Алматыны ұсақ және тұрмыстық қоқыспен (темекi тұқылдарымен, бос шөлмектермен, пакеттермен және басқа да қалдықтармен) ластағаны үшін жазалау жүйесін күшейту;
      8) инвестициялар тарту есебiнен Алматы-Қапшағай су қоймасы автомобиль жолын ақылы учаскелер енгiзiлуi ықтимал, жылдамдығы жоғары және тиiстi түрде жайластырылған магистральға айналдыра отырып, қайта жаңарту;
      9) демалыс пен ойын-сауықтың жаңа нысандарын жасау мен дамытуда жеке кәсiпкерлiктi қолдау қажет.

               9-шарт. ҚОҒАМДЫҚ ҚАУIПСIЗДIКТIҢ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙІ

      Қоғамдық қауiпсiздiктiң жоғары деңгейi мынадай iс-шаралардың орындалуын бiлдiредi:
      1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жалғастыру;
      2) оларды бiрiншi кезекте қылмыстар мен қоғамдық тәртiптiң бұзылуының алдын алуға, Алматы тұрғындары мен қонақтарының қауiпсiздiгi мен азаматтық құқықтарының жан-жақты сақталуын мүлтiксiз қамтамасыз етуге бағдарлай отырып, полиция мен жол полициясы жұмысының басымдықтарын түбегейлi қайта қарау, мұның өзi құқық қорғау органдары қызметкерлерi беделiнiң ("қызмет ету және қорғау" ұранын ұстануы) шүбәсiз өсуiне қызмет жасайды;
      3) түнгi уақытта қала жолдарын және аумақтарын жеткiлiктi жарықтандыруды қамтамасыз ету;
      4) қайыршылық пен қайыр сұраушылықты, оның iшiнде бұрын, пайдаланылған заттарды жинау пункттерi мен қайырымдылық асханаларын ашу арқылы жою;
      5) шетел азаматтарының келуiнiң және тiркелуiнiң оңайлатылған рәсiмдерiн енгiзу;
      6) Алматы әуежайы қызметiнiң, сондай-ақ Алматы әуежайында жұмыс iстейтiн кеден және шекара қызметтерiнiң мәдениетiн көтеру;
      7) Алматы-Бiшкек-Ташкент жолдарында мемлекеттiк органдар қызметкерлерiнiң тарапынан бопсалау және алым-салық жинауын жою.

                   10-шарт. АЛМАТЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
                            МӘРТЕБЕСIН КӨТЕРУ

      Экономикалық, саяси, географиялық және инфрақұрылымдық жағдаяттар болғандықтан, Алматы қаласының халықаралық ынтымақтастық орталығы ретiнде қалыптасуына қажеттi алғышарттардың бәрi бар. Алматының халықаралық мәртебесiн көтеру үшiн:
      1) Алматыда әртүрлi халықаралық экономикалық және саяси форумдарды (басқосуларды) тұрақты өткiзу;
      2) Алматыда Орталық Азия аймағы мемлекеттерiнiң өкiлдерiн мiндеттi түрде қатысуға тарту арқылы жәрмеңкелер мен көрмелер ұйымдастыру;
      3) қалада әртүрлi мәдени іс-шаралар мен спорт жарыстарын өткiзу;
      4) Алматыда жоғары деңгейдегi кездесулер өткiзу;
      5) Алматы қаласын аймақтың қаржы орталығы ретiнде насихаттау жөнiнде халықаралық қоғамдастық арасында белсендi ақпараттық түсiндiру жұмысын жүзеге асыру қажет.

Қазақстан Республикасы       
Үкіметінің            
2001 жылғы 27 шілдедегі      
N 1014 қаулысымен         
бекітілген              

     ЕСКЕРТУ. Жоспар өзгерді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 маусымдағы N 706 қаулысымен.
     ЕСКЕРТУ. Жоспар өзгерді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 қарашадағы N 1258 қаулысымен.

                 Алматы қаласын аймақтық қаржы орталығы ретінде
     дамытудың тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2001-2003
               жылдарға арналған Іс-шаралар жоспары

Р/с!        Іс-шаралар       !Орындауға !    Аяқтау нысаны   !  Орындау
N !                         !жауаптылар!                    !  мерзімі
--------------------------------------------------------------------------
1 !            2            !     3    !          4         !      5
--------------------------------------------------------------------------
         1. Жергілікті капиталды мейлінше молынан шоғырландыру 

1.1. Алматы қаласында         Ұлттық Банк Қазақстан             Тұрақты
     институционалдық         (келісім    Республикасының
     инвесторлардың           бойынша)    Үкіметіне ақпарат
     (зейнетақы активтерін
     басқару жөніндегі
     компаниялар, банктер,
     инвестициялық қорлар
     және сақтандыру
     компаниялары) басты
     кеңселерін
     орналастыруға
     жәрдемдесу

1.2. Бағалы                   Ұлттық Банк Бағалы қағаздар       2002 жылдың
     қағаздардың және басқа   (келісім    туралы Заң жобасы     ІІ жарты
     қаржы құралдарының       бойынша)                          жылдығы
     құпиясын қорғауды
     күшейту жөніндегі
     шараларды жүзеге асыру

1.3. Екінші деңгейдегі        Ұлттық Банк Қазақстан Респуб.     Тұрақты
     банктердегі жеке         (келісім    ликасының Үкіметіне
     тұлғалардың мерзімді     бойынша),   ақпарат
     салымдарына кепілдік     "Қазақстан.
     беруді насихаттаудың     дық жеке
     кең көлемді жүйесін      тұлғалар.
     жүзеге асыру             дың салым.
                              дарына
                              кепілдік
                              берудің
                              (сақтанды.
                              ру) қоры"
                              ЖАҚ, МАКМ,
                              Қазақстан
                              қаржыгер.
                              лерінің
                              қауымдас.
                              тығы
                              (келісім
                              бойынша),
                              Қазақстан
                              банктер.
                              інің
                              қауымдас.
                              тығы
                              (келісім
                              бойынша)    

1.4. Мемлекеттік емес         Ұлттық Банк Нормативтік құқық.  Тұрақты
     бағалы қағаздар          (келісім    тық кесімдердің
     секторын одан әрі        бойынша)    жобалары
     дамытуды қамтамасыз
     ету         

1.5. Зейнетақы жинақтау       Ұлттық Банк  Қазақстан Респуб.   Тұрақты
     жүйесін одан әрі         (келісім     ликасының Үкіметіне
     дамыту және халықты      бойынша),    ақпарат
     қаржы-инвестициялық      ЕХӘҚМ,
     оқу-ағарту мәселелері    МАКМ,
     бойынша кең ауқымды      Қазақстан
     түсіндіру жұмысын        қаржыгер.
     жүзеге асыру             лерінің
                              қауымдас.
                              тығы
                              (келісім
                              бойынша),
                              Қазақстан
                              банктер.
                              інің қауым.
                              дастығы
                              (келісім
                              бойынша) <*>   

1.6. Бағалы қағаздар          Ұлттық      Нормативтік          Тұрақты
     портфельдерін басқарушы  Банк        құқықтық
     ретінде брокер-дилерді   (келісім    кесімдердің
     одан әрі дамытуға        бойынша)    жобалары
     жәрдемдесу          

1.7. Алматы қаласында тұрғын  Ұлттық       Қазақстан          2002 жылдың
     үй құрылысы жинақ ақшасы  Банк         Республикасының   ІІ жарты
     жүйесін байқап көру      (келісім     Үкіметіне          жылдығы
                              бойынша),    ақпарат
                              Қазақстан
                              банктерінің
                              қауымдастығы
                              (келісім
                              бойынша)    

1.8. Алматы қаласында         Ұлттық Банк  Қазақстан          2001 жылдың
     ипотекалық несиелендіру  (келісім     Республикасының    ІІ жарты
     жүйесін байқап көру      бойынша),    Үкіметіне          жылдығы
                              ЭСМ, ӘдМ,    ақпарат
                              Алматы
                              қаласының
                              әкімі,
                              Қазақстан
                              банктерінің
                              қауымдастығы
                              (келісім
                              бойынша)    

1.9. Алматы қаласында         Ұлттық Банк  Қазақстан         Тұрақты
     инвестициялық қорларды   (келісім     Республикасының
     дамытуға жәрдемдесу      бойынша),    Үкіметіне
                              Қазақстан    ақпарат
                              қаржыгерлер.
                              інің
                              қауымдастығы
                              (келісім
                              бойынша),
                              Қазақстан
                              банктерінің
                              қауымдастығы
                              (келісім
                              бойынша)          

1.10. Шағын және орташа       МБА, Шағын    Нормативтік        Тұрақты
      бизнес субъектілерін    кәсіпкерлікті құқықтық
      несиелендіру схемаларын дамыту қоры   кесімдердің
      әзірлеу және оларды     (келісім      жобалары
      Алматы қаласында        бойынша),
      байқап көру             Алматы
                              қаласының
                              әкімі,
                              Қазақстан
                              банктерінің
                              қауымдастығы
                              (келісім
                               бойынша)     

1.11. Алматы қаласында        Алматы        Нормативтік        Тұрақты
      бизнес-инкубаторларды   қаласының     құқықтық
      дамыту жөніндегі        әкімі, МБА    кесімдердің
      шараларды әзірлеу                     жобалары    

      2. Шетелдік капиталды әкелудің ырықтандырылған валюталық режимі,    
         капиталдың қайтарылуы және оны пайдаланудан алынған пайда,
     орталық банктің ақша-несие саясатының, айырбас бағамы саясатын қоса  
                           алғанда, болжамды болуы         

2.1. Шетелдік заңды және      Ұлттық Банк   Нормативтік       2001 жылдың
     жеке тұлғалар үшін       (келісім      құқықтық           ІІ жарты
     Қазақстан банктеріндегі  бойынша,      кесімдердің        жылдығы
     есепшоттарды алыстан     ӘдМ, МКМ      жобалары
     басқару мүмкіндігін
     қамтамасыз ету         

2.2. <*>    

2.3. Оларды кейін әкетуге     МКМ, Ұлттық   Нормативтік       2001 жылдың
     мүмкіндігі болуы         Банк (келісім құқықтық           ІІ жарты
     мақсатында келуші        бойынша)      кесімдердің        жылдығы
     адамдар ерікті түрде                   жобалары
     мәлімдейтін сомалар  
     мен аса ірі сомаларға
     қатысты ғана осындай
     мәлімдеуді сақтап,    
     оның ішінде әкелінетін
     қолма-қол шетел
     валютасын, өзге де
     мүліктерді ресми
     мәлімдеу жүйесін жою    

     3. Жергілікті кәсіби қаржы делдалдарының жоғары біліктілік деңгейі  
 
3.1. Қаржы рыногында жұмыс    БҒМ, Ұлттық   Қазақстан          Тұрақты
     істеу үшін мамандар      Банк (келісім Республикасының
     даярлауды жүзеге         бойынша),     Үкіметіне
     асыратын оқу             Қазақстан     ақпарат
     орындарының              қаржыгерлер.
     бағдарламаларын          інің қауым.
     жетілдіру                дастығы
                              (келісім
                              бойынша)    

3.2. Орталық Азия аймағына    БҒМ, Ұлттық   Қазақстан          Тұрақты
     кәсіби қызметке бағ.     Банк (келісім Республикасының
     дарланған нарықтық       бойынша),     Үкіметіне
     бейіндегі кадрлар        Қазақстан     ақпарат
     даярлаудың мемлекеттік   қаржыгерлер.
     бағдарламасын Алматы     інің қауым.
     қаласындағы колледж.     дастығы
     дерде мамандар даярлауға (келісім
     мемлекеттік тапсырыстың  бойынша),
     ұлғаюын ескере отырып,   "Қазақстандық
     іске асыру және қаржы    қор биржасы"
     жүйесінің қызметкерлерін ЖАҚ (келісім
     дербес сертификаттау     бойынша)
     жүйесін жетілдіру    

       4. Халықаралық беделі танылған шетелдік кәсіби қаржы делдалдарын   
                   рынокқа жіберудің ырықтандырылған режимі

4.1. Отандық және шетелдік    Ұлттық Банк    Қазқстан      Тұрақты
     қаржы институттарын      (келісім       Республи.    
     құру, тіркеу, олардың    бойынша)       касының      
     қызметін лицензиялау                    Үкіметіне
     және реттеу рәсімдерін                  ақпарат
     одан әрі жетілдіру
     жөнінде жұмыстар жүргізу
     шарттарын оңайлату     

4.2. Оларға сәйкес өкілдігі   Ұлттық Банк    "Банктер және    2001 жылдың
     Қазақстанда тек бір      (келісім       банк қызметі      ІІ жарты
     жыл жұмыс істегеннен     бойынша),      туралы" Заңға     жылдығы
     кейін ғана шетелдік      ӘдМ            өзгерістер мен
     банктер Қазақстанда өз                  толықтырулар
     еншілес банктерін ашуға                 енгізу туралы"
     құқығы болатын                          заң жобасы
     шарттардың күшін жою         

4.3. Қазақстандық кәсіби      Ұлттық Банк    Нормативтік       Тұрақты
     қаржылық делдалдар әлі   (келісім       құқықтық
     көрсете қоймаған қызмет  бойынша)       кесімдердің
     түрлері бойынша                         жобалары
     Қазақстанға шетелдік
     қаржы институттарын
     тартуға көмектесу         

4.4. <*>
                 5. Дамыған және сапалы инфрақұрылым    

5.1. Алматы-Бішкек, Алматы-   ККМ, ЭСМ,      Қазақстан         2002-2003
     -Қорғас автомобиль       Алматы         Республикасының    жылдар
     жолдарын инвестицияларды қаласының      Үкіметіне
     тарту есебінен қайта     әкімі          ақпарат
     жаңарту    

5.2. Алматы-Астана жылдам.    ККМ, ЭСМ,      Қазақстан         2002-2003
     дығы жоғары темір жол    Алматы         Республикасының    жылдар
     магистралін инвестиция.  қаласының      Үкіметіне
     ларды тарту есебінен     әкімі, Астана  ақпарат
     жүзеге асыру             қаласының
                              әкімі    

5.3. Техниканың соңғы        ККМ, "Қазпочта" Қазақстан           Тұрақты
     жетістіктеріне сай      ЖАҚ (келісім    Республикасының
     телекоммуникациялар     бойынша)        Үкіметіне|
     және почта байланысы                    ақпарат
     қызметтерін дамытуды
     жандандыру         

          6. Қазақстандық қаржы рыногының жеткілікті дамуы    

6.1. Қазақстандық қор        Ұлттық Банк     Қазақстан         Тұрақты
     биржасының қаржы        (келісім        Республикасының
     құралдарымен сауда-     бойынша),       Үкіметіне
     саттық ұйымдастыру,     "Қазақстан.     ақпарат
     сондай-ақ қаржы         дық қор
     рыногының жай-күйі      биржасы" ЖАҚ
     туралы ақпарат          (келісім
     бойынша сапалы және     бойынша)
     технологиялық алдыңғы
     қатарлы қызметтер
     көрсететін жеткізуші
     ретінде дамуына
     ықпал ету     

6.2. Валюталық және          Ұлттық Банк     Қазақстан        2001 жылдың
     пайыздық тәуекелдерді   (келісім        Республикасының  ІІ жарты
     хеджирлеуге арналған    бойынша),       Үкіметіне        жылдығы
     биржалық қаржы          "Қазақстандық   ақпарат
     құралдарымен саудаға    қор биржасы"
     қатысу                  ЖАҚ (келісім
                             бойынша)    

6.3. Оның ішінде олардың     "Бағалы қағаз.  Ұлттық Банкке      Тұрақты
     барабар техникалық-     дардың орталық  тоқсандық есеп
     технологиялық жай-      депозитарийі"
     күйін қолдау, сондай-   ЖАҚ (келісім
     ақ олардың              бойынша),
     бағдарламалық-          ҚЕБО (келісім
     техникалық жиынтығының  бойынша)
     сенімділігі мен
     ақпараттық
     қауіпсіздігін
     қамтамасыз ету арқылы
     Бағалы қағаздар
     орталық депозитарийінің
     және Қазақстандық
     банкаралық есеп
     айырысу орталығының
     үздіксіз жұмыс істеуін
     қамтамасыз ету         

6.4. Төлем карточкаларының   Ұлттық Банк      Қазақстан         Тұрақты
     ұлттық жүйесін құру     (келісім         Республикасының
     жөніндегі жұмыс         кесімдердің      Үкіметіне      
     жүргізу                 Қазақстан        ақпарат
                             банктерінің
                             қауымдастығы
                             (келісім
                             бойынша)    

6.5. Қаржы рыногының         Ұлттық Банк      Қазақстан          Тұрақты
     рейтингі, қор           (келісім         Республикасының
     индекстері және         бойынша), ҚарМ,  Үкіметіне
     мониторингі сияқты      СІМ, Қазақстан   ақпарат
     өнімдерді жасауға       қаржыгерлерінің
     және жетілдіруге        қауымдастығы
     көмектесу               (келісім
                             бойынша),
                             Қазақстан
                             банктерінің
                             қауымдастығы
                             (келісім
                             бойынша),
                             "Қазақстандық
                             қор биржасы"
                             ЖАҚ (келісім
                             бойынша)
 
     6.6. Бағалы қағаздардың      Ұлттық Банк      Нормативтік      2001 жылдың
     жаңа түрлерінің және    (келісім         құқықтық          ІІ жарты
     басқа қаржы             бойынша),        кесімдердің       жылдығы
     құралдарының (ипотека   ЭСМ, АШМ, ӘдМ    жобалары
     облигациялары, тұрғын
     үй сертификаттары,
     тауар бөлу құжаттары)
     пайда болуы процесін
     ынталандыру         

6.7. Көршілес мемлекеттер    Ұлттық Банк      Нормативтік      2001 жылдың
     эмитенттерінің бағалы   (келісім         құқықтық          ІІ жарты
     қағаздарын қазақстан.   бойынша),        кесімдердің       жылдығы
     дық қор рыногына        ҚарМ             жобалары
     шығаруы процесін     
     ынталандыру    

6.8. Қаржы рыногын           Ұлттық Банк      Нормативтік       Тұрақты   
     мемлекеттік реттеу      (келісім         құқықтық                   
     жүйесін жетілдіру       бойынша),        кесімдердің                 
                             ҚарМ             жобалары    

       7. Әртүрлі және жайлы тұрмыстық әрі бизнестік қызмет көрсету    

7.1. Алматы және жалпы       Ұлттық Банк      Қазақстан         2002 жылдың
     Қазақстанда бизнес      (келісім         Республикасының     І жарты
     жүргізу жөнінде         бойынша),        Үкіметіне           жылдығы
     ақпарат пен             Алматы           ақпарат
     консультация алуға      қаласының әкімі
     мүдделі тұлғаларға
     көмек көрсететін
     Алматыда орналасқан
     мемлекеттік
     органдардың фронт-
     кеңселерін
     (ақпараттық-
     консультациялық бюро)
     ұйымдастыру         

7.2. Алматы қаласында        Ұлттық Банк      Нормативтік      2002 жылдың
    жұмыс істегісі келетін  (келісім         құқықтық           І жарты
     кәсіпкерлерге түрлі     бойынша),        кесімдердің        жылдығы
     бизнестік қызмет        Алматы           жобалары
     көрсететін ұйымдардың   қаласының әкімі,
     қалыптасуын және        МБА
     дамуын қолдау         

7.3. Әуе және темір жол      ККМ              Қазақстан          Тұрақты
     көлігі,                                  Республикасының
     телекоммуникациялар                      Үкіметіне
     салаларында және басқа                   ақпарат
     да салаларда "бизнес-
     класс" (көтеріңкі
     сапалы) қызмет
     көрсетуін қамтамасыз
     ету         

7.4. Алматының қалыптасқан   Алматы қаласының Нормативтік        Тұрақты
     сәулет стилі мен        әкімі            құқықтық
     ландшафтының сақталуын                   кесімдердің
     бақылауды жүзеге асыру                   жобалары    

        8. Табиғат объектілерінің табиғи тартымдылығын сақтау арқылы
                 демалыс және ойын-сауық индустриясының дамуы

8.1. Алматыдағы экологиялық  Алматы қаласының Қазақстан          Тұрақты
     жағдайды жақсарту       әкімі, ТОҚМ, ДСА Республикасының
                                              Үкіметіне
                                              ақпарат

8.2. Осы заманға сай және    Алматы қаласының Қазақстан         2002 жылдың
     өркениетті келбет       әкімі            Республикасының     І жарты
     беру мақсатында, оның                    Үкіметіне           жылдығы
     ішінде инвестициялар                     ақпарат
     тарту есебінен қала
     шегінде орналасқан зат
     сататын базарларды
     және көтерме сауда
     базарларын қайта
     жабдықтауға кірісу    

8.3. Алматы қаласының        Алматы қаласының Қазақстан          Тұрақты
     шегінде немесе жақын    әкімі            Республикасының
     орналасқан табиғат                       Үкіметіне
     объектілерін                             ақпарат
     қоқыстардан тұрақты
     тазартуды қамтамасыз
     ету    

8.4. Қайталама шикізатты     Алматы қаласының Қазақстан          Тұрақты
     қабылдайтын пункттерді  әкімі            Республикасының
     ашу арқылы әртүрлі                       Үкіметіне
     қалдықтарды кәдеге                       ақпарат
     жаратуды ұйымдастыру    

8.5. Алматы қаласы мен оның  Алматы қаласының Нормативтік        Тұрақты
     маңындағы аумақтарды    әкімі, ІІМ,      құқықтық        
     қоқыстармен ластағаны   ТОҚМ, ДСА        кесімдердің
     үшін жазалау жүйесін                     жобалары
     күшейту    

8.6. Алматы-Ыстықкөл және    ККМ, Алматы      Қазақстан         2001-2002
     Алматы-Қапшағай су      облысының және   Республикасының    жылдар
     қоймасы сапалы автомо.  Алматы қаласы.   Үкіметіне
     биль жолдарының         ның әкімдері,    ақпарат
     құрылысын салуды        ЭСМ, ҚМ, СІМ
     инвестициялар тарту 
     есебінен жүзеге асыру    

8.7. Алматы қаласының        Алматы қаласының Қазақстан          Тұрақты
     демалыс және ойын-      әкімі            Республикасының
     сауық индустриясы                        Үкіметіне
     саласында жеке кәсіп.                    ақпарат
     керлікті құру және
     дамытуды ынталандыру

8.8. Алматы қаласының        Алматы қаласының Қазақстан        2002 жылдың
     жылу электр станция.    әкімі, ЭМРМ      Республикасының   ІІ жарты
     ларын қатты және сұйық                   Үкіметіне         жылдығы
     отынмен жұмыс істеуден                   ақпарат
     Жамбыл облысы газ кен
     орындарының әлеуетін
     пайдалану есебінен
     табиғи газбен жұмыс
     істеуге көшуін
     ынталандыру    

                9. Қоғамдық қауіпсіздіктің жоғары деңгейі    

9.1. Алматы қаласының        ІІМ, Алматы      Қазақстан          Тұрақты
     тұрғындары мен          қаласының әкімі  Республикасының
     меймандары тарапынан                     Үкіметіне
     құқық қорғау                             ақпарат
     органдарының
     қызметкерлеріне
     сенімінің артуына 
     жәрдемдесу    

9.2. Алматы қаласының        Алматы           Қазақстан          Тұрақты
     жолдары мен аумағының   қаласының әкімі  Республикасының
     түнгі уақытта                            Үкіметіне
     жеткілікті түрде                         ақпарат
     жарықтандырылуын
     қамтамасыз ету   

9.3. Оның ішінде, киілген    Алматы           Қазақстан          Тұрақты
     және бұрын пайдаланған  қаласының әкімі  Республикасының
     заттарды жинау                           Үкіметіне
     пункттерін және                          ақпарат
     қайырымдылық асхана.
     ларын ашу арқылы
     қайыршылық пен қайыр
     сұраушылықты жою

9.4. Алматы қаласына шетел   СІМ, ІІМ,        Нормативтік       2001 жылдың
     азаматтарының келуі     Алматы           құқықтық           ІІ жарты
     мен тіркелуінің оңтай.  қаласының әкімі, кесімдердің        жылдығы
     латылған рәсімдерін     ҰҚК, ӘдМ         жобалары
     енгізу           

9.5. Алматы әуежайының кеден, МКМ, ІІМ, ККМ,  Нормативтік        Тұрақты
     шекара және өзге де      ҰҚК             құқықтық                    
     қызметтерінің мәдени                     кесімдердің      
     деңгейін көтеру                          жобалары

9.6. Алматы қаласының        ІІМ, Алматы      Қазақстан          Тұрақты
     аумағында орналасқан    қаласының әкімі  Республикасының
     дипломатиялық                            Үкіметіне
     өкілдіктердің                            ақпарат
     қауіпсіздігін
     қамтамасыз ету
     деңгейін көтеру    

              10. Алматының халықаралық мәртебесін көтеру    

10.1. Алматыда түрлі халық.  СІМ, Алматы      Қазақстан          Тұрақты
      аралық экономикалық    қаласының әкімі  Республикасының
      және саяси форумдарды                   Үкіметіне
      (басқосуларды),                         ақпарат
      сондай-ақ жоғары
      деңгейдегі
      кездесулерді тұрақты
      ұйымдастыру    

10.2. Орталық Азия аймағы    Үкімет, Алматы   Қазақстан          Тұрақты
      мемлекеттерінің        қаласының әкімі, Республикасының
      өкілдерін міндетті     түрлі мәдени     Үкіметіне
      түрде қатысуға тарту   орталықтар және  ақпарат
      арқылы жәрмеңкелер,    спорт қоғамдары
      көрмелер, әртүрлі
      мәдени іс-шаралар   
      мен спорт жарыстарын
      ұйымдастыру    

10.3. Алматы қаласын аймақ.  МАҚКМ, СІМ,      Қазақстан          Тұрақты
      тың қаржы орталығы     Ұлттық Банк      Республикасының
      ретінде насихаттау     (келісім         Үкіметіне
      жөнінде халықаралық    бойынша)         ақпарат
      қоғамдастық арасында
      белсенді ақпараттық-
      түсіндіру жұмысын   
      жүзеге асыру

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады