"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне дәрілік заттар айналымы мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 29 желтоқсан N 1411

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне дәрiлiк заттар айналымы мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба 

Қазақстан Республикасының 3аңы Қазақстан Pecпубликасының кейбiр заңнамалық актiлерiне дәрілік заттар айналымы мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

      Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 ж., 17 сәуiрдегi Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 37-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 93-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 236-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 7, 80-құжат; N 11, 144, 149-құжаттар; N 12, 184-құжат; N 3-14, 195, 205-құжаттар; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 14, 201-құжат; N 16, 219-құжат; N 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; N 23, 416-құжат; N 24, 452-құжат; 1999 ж., N 20, 721, 727-құжаттар; N 21, 787-құжат; N 22, 791-құжат; N 3, 931-құжат; N 24, 1066-құжат; 2000 ж., N 10, 248-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52, 54-құжаттар; N 13-14, 173, 176-құжаттар; N 23, 321-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 15, 151-құжат):
      9-баптағы 1-тармақтың 28)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "28) дәрілік заттарды өндiру, дайындау, көтерме, бөлшек саудасы;".

      2. "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 ж., 19 мамырдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 10, 109-құжат; 1998 ж., N 14, 201-құжат; 1998 ж., N 24, 434-құжат; 1999 ж., N 8, 247-құжат; 1999 ж., N 23, 927-құжат; 2002 ж., N 671-құжат):
      1) 5-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "дәрілік заттарға нормаларды, дәрілік заттардың жiктемесiн, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясын бекiтедi;
      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленетiн тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шеңберiнде тегiн дәрілік көмек көрсетуге арналған негiзгi дәрілік заттардың тiзiмiн бекiтедi;
      дәрілік заттарды мемлекеттiк тiркеудi, тiркеудi және нормативтік құжатта көрсетiлмеген адамдардың денсаулығына қауіпті жанама әсерлерi анықталған жағдайда мемлекеттік тiркеу туралы шешiмiн қайтарып алудың тәртiбiн белгiлейдi.";
      2) 34-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Дәрілік заттар айналымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган және оның аумақтық органдарының фармацевтикалық қызметпен айналысуға берген лицензиясы бар дәрілік заттар айналымының субъектiлерi белгiленген тәртiппен мемлекеттік тiркеуден өткен дәрілік заттарды Қазақстан Республикасының сәйкестiк сертификаты болған жағдайда сатуға құқылы.
      3. Дәрілік заттардың фармацевтикалық қызметiне мемлекеттiк қадағалау, қауiпсiздігіне, тиiмділігi мен сапасына бақылауды дәрілік заттар айналымы саласындағы уәкілеттi мемлекеттiк орган мен оның аумақтық органдары жүзеге асырады.";
      3) 42-баптың бесiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "негiзгi дәрілік заттарды өндiру мен сатып алуды ұйымдастыруды".

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады