"Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 29 желтоқсан N 1426

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      "Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба 

Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

      1-бап. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) 175-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "175-бап. Мiндеттi сақтандыру туралы заңдарды бұзу
      1. Заң актiлерiнде көзделген мiндеттi сақтандыру шартын жасасудан сақтандыру ұйымының жалтаруы -
      лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Мiндеттi сақтандыру туралы заң актiсiне сәйкес мiндеттi сақтандыру шартын жасасуға мiндеттi тұлғаның мiндеттi сақтандыру шартын жасасудан жалтаруы -
      азаматтарға елу айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде, жеке кәсiпкерлерге және лауазымды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерде, заңды тұлғаларға бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.";
      2) 541-баптың бiрiншi бөлiгi "172," деген саннан кейiн "175 (екiншi бөлiгiнде) (жеке нотариустар, аудиторлар және аудиторлық ұйымдар жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде)," деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 543-бапта:
      бiрiншi бөлiгi "165," деген саннан кейiн "175 (екiншi бөлiгінде) (автомобиль көлiгiнде және қалалық электр көлігінде көлiк құралдарының иелерi және тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтар бөлiгiнде)," деген сөздермен толықтырылсын;
      екiншi бөлiктiң 7) тармақшасы "осы Кодекстiң" деген сөздерден кейiн "175 (екiншi бөлiгiнде) (автомобиль көлiгiнде және қалалық электр көлiгiнде көлiк құралдарының иелерi және тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтар бөлiгiнде)," деген сөздермен толықтырылсын;
      4) 547-баптың бiрiншi бөлiгi "осы Кодекстiң" деген сөздерден кейiн "175 (екiншi бөлiгiнде) (әуe көлiгiнде тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтар бөлiгiнде)," деген сөздермен толықтырылсын;
      5) 549-баптың бiрiншi бөлiгi "осы Кодекстiң" деген сөздерден кейiн "175 (екiншi бөлiгiнде) (темiр жол көлiгiнде, теңiз және iшкi су көлiгiнде тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтар бөлiгiнде)," деген сөздермен толықтырылсын;
      6) мынадай мазмұндағы 567-1-баппен толықтырылсын:
      "567-1-бап. Өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган
      1. Өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган осы Кодекстiң 175-бабында (екiншi бөлiгiнде) (өсiмдiк шаруашылығы өнiмiн өндiрушiлер жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.
      2. Өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның басшысы және оның орынбасарлары, аумақтық органдардың басшылары және олардың орынбасарлары әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға құқылы.";
      7) 573-баптың бiрiншi бөлiгi "бiрiншi бөлiк" деген сөздермен толықтырылсын;
      9) 636-бапта:
      бiрiншi бөлiктiң 1) тармақшасында:
      жиырма үшiншi абзац "172," деген саннан кейiн "175 (екiншi бөлiгi, осы бұзушылықтарды аудиторлар және аудиторлық ұйымдар жасаған кезде)," деген сөздермен толықтырылсын;
      жиырма тоғызыншы абзац "148," деген саннан кейiн "175 (екiншi бөлiгi, осы бұзушылықтарды жеке нотариустар жасаған кезде)," деген сөздермен толықтырылсын;
      екiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы "451-баптың" деген сөздiң алдынан "175-баптың екiншi бөлiгi, осы бұзушылықтарды жолаушыларды тасымалдаушылар жасаған кезде," деген сөздермен толықтырылсын.
      2-бап. Осы Заң жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады