Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 11 ақпандағы N 202 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 21 желтоқсан N 202б

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң республикалық бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 11 ақпандағы N 202 қаулысына мынадай өзгерiстер енгізілсін:
      1) көрсетiлген қаулыға 16-қосымшада:
      "Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралардың жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң "Жауапты орындаушылар" деген бағанында "Жол полициясы комитетi" деген сөздер алынып тасталсын;
      2) көрсетiлген қаулыға 25-қосымшада:
      4, 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: жол қозғалысы қауіпсіздігінің ахуалын есепке алудың мемлекеттік жүйесін жүргізу, жүргiзушiлер мен көлiк құралдарының есебiн жүргiзу жөнiндегi мемлекеттiк функциялардың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында iшкi iстер органдарының бiрыңғай ақпараттық жүйесiн құру.
      5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: жол қозғалысы қауiпсiздiгi ахуалының көрсеткiштерiн есепке алудың мемлекеттiк жүйесiн автоматтандыру; жол қозғалысы қауiпсiздiгiнiң ахуалын есепке алудың, жүргiзушiлер мен автокөлiк құралдарының есебiн жүргiзудiң автоматтандырылған ақпараттық-iздеу жүйелерiн әзiрлеу.";
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың жоспары" деген 6-тармақтың кестесінде:
      "Бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) iске асыру жөнiндегi iс-шаралар" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "250 бiрлiктен тұратын ДЭЕМ кешендерiн; 250 бiрлiктен тұратын лазерлiк принтерлер; 50 бiрлiктен тұратын модемдер; 60 бiрлiктен тұратын сканерлер; 21 бiрлiктен тұратын жергiлiктi серверлер; 1 бiрлiктен тұратын орталық сервер; 25 атаудан тұратын байланыс және телекоммуникация құралдарын; 100 бiрлiктен тұратын ақпаратты қорғау құрылғыларын сатып алу";
      "Жауапты орындаушылар" деген бағанда "Жол полициясы комитетi" деген сөздер алынып тасталсын;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Бюджеттiк бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының бiрыңғай ақпараттық-телекоммуникациялық жүйесін құру мақсатында iшкі iстер органдарының практикалық қызметiне жаңа ақпараттық технологияларды одан әрi енгiзу, оларды техникалық жарақтандыру.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады