Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 12 ақпандағы N 206 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 20 желтоқсан N 206б

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгiнiң республикалық бюджеттiк бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 12 ақпандағы N 206 қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) тақырыптағы және мәтiндегi "Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгiнiң" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақта:
      "1-4" деген сандар "1, 3, 4" деген сандармен ауыстырылсын;
      2) көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
      мәтiндегi "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгi", "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгiнiң", "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгiне" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi", "Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң", "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақта:
      "272 748 мың (екі жүз жетпiс екi миллион жетi жүз қырық сегiз мың) теңге" деген сөздер "256 128 мың (екi жүз елу алты миллион бір жүз жиырма сегiз мың) теңге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақ ", "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 39 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 13 шiлдедегi N 775 қаулысы , "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 12 қыркүйектегi N 996 қаулысы " деген сөздермен толықтырылсын;
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың "Бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) iске асыру жөнiндегi iс-шара" деген 5-бағанындағы "186" деген сан "157" деген санмен ауыстырылсын;
      3) көрсетiлген қаулыға 2-қосымша алынып тасталсын;
      4) көрсетiлген қаулыға 3-қосымшада:
      мәтiндегi "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақ ", "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 1715 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 15 қазандағы N 1128 қаулысы" деген сөздермен толықтырылсын;
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi іс-шаралардың жоспары" деген 6-тармақтың "Бағдарламаның коды" деген 2-бағанындағы "031" деген сан "030" деген санмен ауыстырылсын;
      5) көрсетiлген қаулыға 4-қосымшада:
      мәтiндегi "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнесті қолдау жөнiндегi агенттiгi", "Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгiнiң" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi", "Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақ ", "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 1715 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 15 қазандағы N 1128 қаулысы " деген сөздермен толықтырылсын;
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың жоспары" деген 6-тармақтың "Бағдарламаның коды" деген 2-бағанындағы "032" деген сан "031" деген санмен ауыстырылсын.

      2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 12 ақпандағы N 206 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 21 наурыздағы N 206a қаулысының күшi жойылды деп танылсын.

      3. Ocы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады