Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттігінiң республикалық бюджеттiк бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекiту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 12 ақпан N 206

      "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. 1,3,4 қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң республикалық бюджеттiк бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттары бекiтiлсiн.
      Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.03.21. N 206а қаулысымен .

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Yкiметінің   
2002 жылғы 12 ақпандағы        
N 206 қаулысына           
1-қосымша           

      ЕСКЕРТУ. 1-қосымша өзгерді  - ҚР Үкіметінің 2002.12.20. N 206б қаулысымен.

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi

2002 жылға арналған 001 "Әкiмшілiк шығындар" республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

      1. Құны: 256 128 мың (екi жүз елу алты миллион бір жүз жиырма сегiз мың) теңге.
      2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 1-30-бабы, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылған органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудің бiрыңғай жүйесi туралы" 2001 жылғы 25 наурыздағы N 575 Жарлығы , "Штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 39 қаулысы , "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 15 қарашадағы N 1713 қаулысы , "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 39 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 13 шiлдедегi N 775 қаулысы , "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 12 қыркүйектегi N 996 қаулысы .
      3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көзi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
      4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: жүктелген функцияларды барынша тиiмдi орындауға қол жеткiзу үшiн Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi орталық аппараты мен оның аумақтық бөлiмшелерінің қызметiн қамтамасыз ету.
      5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң аппараты мен оның аумақтық бөлiмшелерiн қамту.
      6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары:

Р!Бағдар.!Кіші !Бағдарламалардың !Бағдарламаларды (кіші! Іске !  Жауапты
/!ламаның!бағ. !(кіші бағдарлама.!бағдарламаларды) іске! асыру!орындаушылар
с!коды   !дар. !лардың) атауы    !асыру жөніндегі      !мерзі.!
N!       !лама.!                 !    іс-шара          !мі    !
!       !ның  !                 !                     !      !
!       !коды !                 !                     !      !
---------------------------------------------------------------------------
1!   2   !  3  !           4     !        5            !   6  !     7
---------------------------------------------------------------------------
001             Әкімшілік
                шығындар

         001    Орталық           Қазақстан Республика.  2002  Қазақстан
                органның          сының Табиғи монопо.   жыл.  Республика.
                аппараты          лияларды реттеу және   дың   сының Табиғи
                                  бәсекелестiктi қорғау  ішін. монополия.
                                  жөнiндегi агенттiгiнiң  де   ларды
                                  орталық аппаратының 157      реттеу және
                                  бірлік адам санында          бәсекелес.
                                  бекітілген штат саны         тікті қорғау
                                  шегiнде ұстау                жөніндегі
                                                               агенттігі    

         002    Аумақтық          Қазақстан Республика.  2002
                органдар          сының Табиғи монопо.   жыл.
                аппараты          лияларды реттеу және   дың
                                  бәсекелестiктi қорғау  ішін.           
                                  жөнiндегі агенттiгiнiң де
                                  аумақтық бөлiмшелерiн
                                  423 бiрлiк адам санында
                                  бекiтiлген штат саны
                                  шегiнде ұстау

      7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігіне жүктелген функциялардың сапалы және уақтылы орындалуы.

Қазақстан Республикасы Yкiметінің  
2002 жылғы 12 ақпандағы      
N 206 қаулысына 2-қосымша <*>

      ЕСКЕРТУ. 2-қосымша алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.12.20.
N 206б қаулысымен.

            Қазақстан Республикасы Yкiметінің   
2002 жылғы 12 ақпандағы        
N 206 қаулысына 3-қосымша       

      ЕСКЕРТУ. 3-қосымша өзгерді  - ҚР Үкіметінің 2002.12.20. N 206б қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Табиғи
      монополияларды реттеу жіне бәсекелестiктi қорғау
      жөнiндегi агенттiгi

2002 жылға арналған 031 "Табиғи монополиялар субъектiлерiнің қызметiне сарапшылық бағалау жүргiзу жөнiндегi бағдарлама" республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

      1. Құны: 25505 мың (жиырма бес миллион бес жүз бес мың) теңге.
      2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтік құқықтық негiзi: Табиғи монополиялар туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 17-бабы, "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегi N 163-1 Заңының 8-бабы, "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 1715 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 15 қазандағы N 1128 қаулысы.
      3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көзi: республикалық бюджет қаражаты.
      4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiн реттеу сапасын жақсарту.
      5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: тарифтердi белгiлеу кезiнде табиғи монополиялар субъектiлерi қолданатын инвестициялық бағдарламаларға, электр энергиясы, жылу, басқа да коммуналдық қызмет көрсетулер жөнiндегi технологиялық ысырап нормаларына, қызметкерлердiң саны нормаларына және т.б. сараптама жүргiзу.
      6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi іс-шаралардың жоспары:
---------------------------------------------------------------------------
Р!Бағдар.!Кіші !Бағдарламалардың !Бағдарламаларды (кіші! Іске !  Жауапты
/!ламаның!бағ. !(кіші бағдарлама.!бағдарламаларды) іске! асыру!орындаушылар
с!коды   !дар. !лардың) атауы    !асыру жөніндегі      !мерзі.!
N!       !лама.!                 !    іс-шара          !мі    !
!       !ның  !                 !                     !      !
!       !коды !                 !                     !      !
---------------------------------------------------------------------------
1!   2   !  3  !           4     !        5            !   6  !     7
---------------------------------------------------------------------------
030            Табиғи монополия.  Агенттік құзыретінің   Жыл   Қазақстан
               лар субъектілері.  мәселелері жөніндегі   бойы  Республика.
               нің қызметіне са.  қажетті сарапшылық           сының Табиғи
               рапшылық бағалау   шешімдер тізбесін            монополия.
               жүргізу жөніндегі  әзірлеу - 40 өтінім          ларды
               бағдарлама         Тендер негізінде             реттеу және
                                  әрбір сарапталатын           бәсекелес.
                                  проблема бойынша             тікті қорғау
                                  сарапшыларды айқындау        жөніндегі
                                  Сарапшылық шешімдердің       агенттігі
                                  уақтылы орындалуын          
                                  бақылау                     
 
                                                               -------------------------------------------------------------------------
      7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Агенттiктiң табиғи монополиялар субъектiлерi көрсететiн қызметтердiң тарифтерiн бекiту жөнiнде қабылдайтын шешiмдерiнің объективтiлiгi мен негiздiлiгiн растау, табиғи монополиялар субъектiлерi көрсететiн қызметтерге тарифтер есептеу әдiстемелерiнiң тарифтердi қалыптастырудың халықаралық практикасына сәйкестiгiн қамтамасыз ету, табиғи монополиялар субъектiлерi көрсететiн қызметтердiң нормативтiк-техникалық ысырабының негiздiлiгiн растау.

Қазақстан Республикасы Yкiметінің   
2002 жылғы 12 ақпандағы       
N 206 қаулысына 4-қосымша       \

       ЕСКЕРТУ. 4-қосымша өзгерді  - ҚР Үкіметінің 2002.12.20. N 206б қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Табиғи
      монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау
      жөнiндегi агенттiгi

2002 жылға арналған 032 "Нормативтiк-құқықтық базаны әзiрлеу мен жетiлдiруге консультанттарды тарту жөніндегi бағдарлама" республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

      1. Құны: 31398 мың (отыз бiр миллион үш жүз тоқсан сегiз мың) теңге.
      2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегi Заңының 8-бабы, "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 13-бабы, "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңы , "Бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңы , "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 1715 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 15 қазандағы N 1128 қаулысы.
      3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көзi: республикалық бюджет қаражаты.
      4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнесті қолдау жөнiндегi агенттiгiнiң қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жақсарту.
      5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: тауар рыноктарында үстем жағдайға ие табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдердi сапалы түрде әзiрлеудi қамтамасыз ету. Нормативтік құқықтық кесімдерді әзірлеу үшін консультанттарды тарту, әзірленген нормативтік құқықтық кесімдерге ғылыми сараптама жасау.
      6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi іс-шаралардың жоспары:
---------------------------------------------------------------------------
Р!Бағдар.!Кіші !Бағдарламалардың !Бағдарламаларды (кіші! Іске !  Жауапты
/!ламаның!бағ. !(кіші бағдарлама.!бағдарламаларды) іске! асыру!орындаушылар
с!коды   !дар. !лардың) атауы    !асыру жөніндегі      !мерзі.!
N!       !лама.!                 !    іс-шара          !мі    !
!       !ның  !                 !                     !      !
!       !коды !                 !                     !      !
---------------------------------------------------------------------------
1!   2   !  3  !           4     !        5            !   6  !     7
---------------------------------------------------------------------------
031            Нормативтік-құқық. 1 нормативтік құқық.  Ақпан- Қазақстан
               тық базаны әзір.   тық кесімді әзірлеу   сәуір  Республика.
               леу мен жетілдіру. үшін 1800 адам/сағат,        сының Табиғи
               ге консультант.    іссапар шығыстары -          монополия.
               тарды тарту жөнін. 7 адам/күн есебінен          ларды
               дегі бағдарлама    10 адамға дейін кон.         реттеу және
                                  сультанттарды тарту.         бәсекелес.
                                  Өзге шығыстар: комму.        тікті қорғау
                                  налдық қызмет көрсету.       жөніндегі
                                  лер, үй-жайларды жалға       агенттігі
                                  алу.                        
                                  12 нормативтік құқықтық     
                                  кесім әзірлеу, оның         
                                  ішінде:
                                  Телекоммуникациялардың
                                  негізгі қызмет көрсету
                                  түрлерінің шығындарын
                                  бөлу және өзіндік құнын
                                  айқындау жөніндегі
                                  әдістемені әзірлеу
                                  Тасымалдау түрлерінің  Ақпан-
                                  шығыстарын бөлу және   сәуір
                                  темір жолмен жүк тасы.
                                  малдаудың өзіндік құнын
                                  айқындау жөніндегі әдіс.
                                  темені әзірлеу
                                  Қазақстан Республикасын. Сәуір-
                                  дағы әуежайларда жерде   мамыр
                                  қызмет көрсету үшін
                                  әуежай алымдары мен тариф.
                                  тер есептеу әдістемесін
                                  әзірлеу
                                  Табиғи монополия субъек.  Сәуір-
                                  тілерінің өндірістік      мамыр
                                  мұқтаждары үшін материал.
                                  дық және қаржылық ресурс.
                                  тарды, жабдықтарды тендер
                                  негізінде сатып алуды
                                  жүргізу ережесін әзірлеу
                                  және өзгерістер енгізу
                                  Монополияға қарсы заң      Мамыр-
                                  бұзушылықтарға монополия.  маусым
                                  ға қарсы ден қою шараларын
                                  қолдану ережесін әзірлеу
                                  және өзгерістер енгізу
                                  Реттелетін активтер база.  Мамыр-
                                  сына пайда ставкасын       маусым
                                  есептеу тәртібі әдісте.
                                  месін әзірлеу
                                  Орташа мерзімді негізде    Мамыр-
                                  тарифтердің шекті деңгей.  маусым
                                  лерін есептеу тәртібін
                                  әзірлеу
                                  Монополияға қарсы заңна.   Шілде
                                  маны кодтау және жүйелеу
                                  "Қазақстан Республикасы.   Шілде
                                  ның тұрғын үй-коммунал.
                                  дық сала мәселелері жө.
                                  ніндегі кейбір заңнама.
                                  лық кесімдеріне өзгеріс.
                                  тер мен толықтырулар ен.
                                  гізу туралы" заң жобасын
                                  әзірлеу
                                  Жыл станцияларындағы       Тамыз-
                                  жылу және электр энергия.  қыркүйек
                                  сы өндірісінің арасындағы
                                  шығындарды бөлу жөніндегі
                                  әдістемені әзірлеу
                                  "Бәсеке және монополис.    Қыркүйек
                                  тік қызметті шектеу туралы"
                                  Қазақстан Республикасының
                                  Заңына өзгерістер мен то.
                                  лықтырулар енгізу туралы"
                                  тұжырымдама мен заң жоба.
                                  сын әзірлеу
--------------------------------------------------------------------------
      7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: нормативтік құқықтық қамтамасыз ету деңгейін арттыру, нормативтік құқықтық кесімдерді қолдану кезінде туындайтын түсініксіздік пен даулы сәттер санын азайту, нормативтік құқықтық кесімдерді қолдану кезінде Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі беретін түсіндірмелер санын азайту.
 
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады