Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 12 ақпандағы N 208 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 29 желтоқсан N 208в

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "2002 жылға арналған Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің республикалық бюджеттік бағдарламаларының төлқұжаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 12 ақпандағы N 208 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "Құны: 211 159 мың теңге (екі жүз он бір миллион жүз елу тоғыз мың теңге)";
      2-тармақ "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 тамыздағы N 939 Жарлығы "; "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 1715 қаулысы , "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 39 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 13 шілдедегі N 775 қаулысы , "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 1715 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 қазандағы N 1128 қаулысы " сөздерімен толықтырылсын;
      кестеде 6-тармақтың 5-бағанындағы "Бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру жөніндегі іс-шаралар";
      "Әкімшілік шығындары" 001 бағдарламасының "Орталық органның аппараты" 001 кіші бағдарламасындағы "189" цифры "188" цифрымен алмастырылсын;
      "Аумақтық органдардың аппараттары" 002 кіші бағдарламасындағы "270" цифры "224" цифрымен алмастырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады