Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Оралмандардың 2003 жылға арналған көшiп келу квотасы туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Оралмандардың 2003 жылға
арналған көшiп келу квотасы туралы
"Халықтың көшi-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңына сәйкес, өзiнiң тарихи отанына қайтып оралуға тiлек бiлдiрген оралмандар отбасыларының қоныс аударуын және жайластырылуын ұйымдастыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ұсынған оралмандардың 2003 жылға арналған көшiп келу квотасы 5000 отбасы мөлшерiнде белгiленсiн.
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiмен бiрлесiп:
1) оралмандардың көшiп келу квотасына енгiзiлгендердi қабылдауды, жайластыруды және орналастырылған жерлерде олардың бейiмделуi үшiн жағдай жасауды қамтамасыз етсiн, сондай-ақ өзiнiң тарихи отанына мемлекеттiң қаржылай қолдауынсыз қайтып орала алмайтын ұлты қазақ адамдарды ұйымдасқан түрде қоныстандыруды жүзеге асырсын;
2) бір ай мерзiмде аймақтардағы әлеуметтiк-экономикалық ахуалды ескере отырып, оралмандарды орналастыру схемасын әзiрлесiн;
3) осы Жарлықты iске асыру жөнiнде өзге де шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы Президентінің
200 жылғы "___"_________
N___Жарлығына
қосымша
Оралмандардың 2003 жылға арналған көшіп келу квотасы (отбасы)
--------------------------------------------------------------------
Облыстардың,|Иран|Пә. |А|Қы. |М|Түр.|Рес. |Түр. |Өз. |Қыр.|Тә. |Бар.
қалалардың |Ис. |кс. |у|тай |о|ік |сей |кі. |бек.|ғыз.|жік.|лығы
атаулары |лам |тан |ғ|Ха. |ң|Рес.|Феде.|менс.|стан|Рес.|стан|
|Рес-|Ис. |а|лық |ғ|пуб.|ра. |тан | |пуб.| |
|пуб-|лам |н|Рес.|о|ли. |циясы| | |ли. | |
|ли. |Рес.|с|пуб.|л|касы| | | |касы| |
|касы|пуб.|т|ли. |и| | | | | | |
| |ли. |а|касы|я| | | | | | |
| |касы|н| | | | | | | | |
| | | | | | | | | | | |
--------------------------------------------------------------------
Ақмола 14 38 556 608
Ақтөбе 20 18 190 228
Алматы 20 28 20 5 80 153
Атырау 76 76
Шығыс
Қазақстан 42 5 47
Жамбыл 5 165 15 5 190
Батыс
Қазақстан 110 59 169
Қарағанды 565 565
Қызылорда 94 94
Қостанай 94 564 658
Маңғыстау 38 5 53 256 352
Павлодар 85 480 565
Солтүстік
Қазақстан 100 540 640
Оңтүстік
Қазақстан 10 65 10 10 371 5 471
Астана қаласы 7 5 20 5 52 5 94
Алматы қаласы 7 5 10 10 5 43 10 90
--------------------------------------------------------------------
Жиынтығы 38 15 65 76 52 40 492 91 4096 30 10 5000
--------------------------------------------------------------------