"Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 қаңтардағы N 543 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 17 қаңтар N 38

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 29 қаңтардағы N 543 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнің қарауына енгізiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 қаңтардағы N 543 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар eнгізу туралы

      "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын пайдалануды бақылауды күшейту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      1. Қазақстан Pecпубликасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кейбiр мәселелерi туралы" 2001 жылғы 29 қаңтардағы N 543 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 4-5, 42-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану ережесінде:
      6-тармақтың екінші aбзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "корпоративтік табыс салығы";
      8-тармақ алынып тасталсын;
      10-тармақтың 1) тармақшасы "осы Ереженің" деген сөздердің алдынан "бюджет заңдарына сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
      "12-1. Қорды республикалық және жергілiктi бюджеттердің шығындарын өтеуге пайдалану Қорды басқару жөніндегi кеңестің шешiмi бойынша жүргiзiледi.";
      22-тармақта:
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бiріншi орынбасары;";
      мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "8-1) Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі;".
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады