"Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Заңына және "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң "Арыстан" қызметi мемлекеттiк мекемесiне (бұдан әрi - "Арыстан" қызметi) "Арыстан" қызметi мен "Juwenta DB" қаржы корпорациясы (Германия) арасында жасалған 2001 жылғы 12 желтоқсандағы N 24/179 шарт-тапсырмасы бойынша қосымшаға сәйкес номенклатурада және санда мергендiк кешендер (СЭҚ ТН коды 930100000) мен пистолеттер (СЭҚ TH коды 930200100) импортына рұқсат берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен "Арыстан" қызметiне осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген арнайы бұйымдар импортына лицензия берсiн.
3. Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау комитетi Қазақстан Республикасының кедендiк заңнамасында белгiленген тәртiппен жоғарыда көрсетiлген өнiмдердi бақылау мен кедендiк ресiмдеудi қамтамасыз етсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкіметiнiң
2003 жылғы 17 қаңтардағы
N 46 қаулысына
қосымша
ҚР ҰҚК-нiң "Арыстан" қызметi мен "Juwenta DB" қаржы корпорациясы (Германия) арасында 2001 жылғы 12 желтоқсандағы N 24/179 шарт-тапсырмасы бойынша берiлетiн арнайы құралдардың номенклатурасы және саны
-------------------------------------------------------------------
Р\с| Атауы | Өлшем | Саны | Бірлік | Жалпы
N | |бірлігі| | бағасы АҚШ | құны АҚШ
| | | | долларымен | долларымен
-------------------------------------------------------------------
1 SSG 3000 дана 18 2255 40590
стандарттық
болжам
2 Қару мен дана 18 46,51 837,26
оптиканың
орыс тiлiндегi
нұсқаулығы
3 Қатты кейс дана 18 439,48 7910,64
4 Жұмсақ кейс- дана 18 410,4 7387,2
жол дорба
5 Жаттығу дана 18 671,03 12078,54
жиынтығы-22
сан.
6 Атуға арналған дана 18 48,37 870,66
белбеу
7 Тасымалдауға дана 18 30,09 541,62
арналған белбеу
8 Жер ошақ дана 18 213,07 3835,26
9 Оқ жатар - дана 18 228,68 4116,24
оқтiзер
10 Тұншықтырғыш - дана 18 1022,3 18401,4
ұңғы
11 Барлық кепiлдiк дана 18 136,8 2462,4
мерзiмге арнал.
ған әртүрлi
құрамдармен
тазалау және
майлау үшiн
жиынтық
12 Барлық кепiлдiк дана 18 177,84 3201,12
мерзiмге арнал.
ған қосалқы
саймандар
жиынтығы
13 Оптика мен дана 18 238,03 4284,54
сынақатыс
монтажы
14 Шағылысқа қарсы дана 6 1503,43 9020,58
қорғауышы бар
Smith & Bender
4-16х50 MiDot
15 Қызыл нүктесiмен дана 6 1532,16 9192,96
шағылуға қарсы
қорғауышымен
Smith & Bender
3-12x50 MiDot
16 Қызыл нүктесiсiз дана 6 1436,4 8618,4
шағылысқа қарсы
қорғауышы бар
Smith & Bender
3-12x50 MiDot
17 Солақайға дана 1 192,16 192,16
арналған
жиынтық
18 Шағылысқа қарсы дана 18 62,79 1130,22
қорғағыш+
антиблик
19 Sig Sauer SP жиынтық 4 832,2 3328,8
2009 пистолетi
(жиынтықта)
Жиыны 275 138000
-------------------------------------------------------------------