Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 тамыздағы N 1194 және 2001 жылғы 4 мамырдағы N 605 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2003 жылғы 17 қаңтар N 48. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.01.06. N 15 (қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 27 наурыздағы  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) "Республикалық бюджеттен репатрианттар (оралмандар) үшін бөлінетін қаражатты мақсатты пайдалану туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 тамыздағы N 1194  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 41, 366-құжат):
      тақырыптағы және 1-тармақтағы "репатрианттар (оралмандар)" деген сөздер "оралмандар" деген сөзбен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттен репатрианттар (оралмандар) үшін бөлінетін қаражатты мақсатты пайдалану туралы ережеде:
      тақырып пен мәтіндегі "репатрианттар (оралмандар)", "репатрианттарды (оралмандарды)", "репатрианттарға (оралмандарға)", "репатрианттардың (оралмандардың)", "репатрианттың (оралманның)", "репатриант (оралман)", "репатриантқа (оралманға)" деген сөздер тиісінше "оралмандар", "оралмандарды", "оралмандарға" "оралмандардың", "оралманның", "оралман" "оралманға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      13-тармақтағы "шетелдік төлқұжатқа тапсырма" деген сөздер "Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, төлқұжаты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) "Репатрианттардың (оралмандардың) отбасылары үшін тұрғын үй сатып алу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 4 мамырдағы N 605  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 16, 216-құжат):
      тақырыптағы және 1-тармақтағы "Репатрианттардың (оралмандардың)" деген сөздер "Оралмандардың" деген сөзбен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Репатрианттардың (оралмандардың) отбасылары үшін тұрғын үй сатып алу ережесінде:
      тақырып пен мәтіндегі "Репатрианттардың (оралмандардың)", "репатрианттар (оралмандар)", "репатрианттарға (оралмандарға)", "репатриант (оралман)", "репатрианттың (оралманның)", "репатрианттарды (оралмандарды)" деген сөздер тиісінше "Оралмандардың", "оралмандар", "оралмандарға", "оралман", "оралманның", "оралмандарды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген көшіп келу квотасына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген оралмандардың көшіп келу квотасына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7-тармақтағы "немесе репатрианттар (оралмандар)" деген сөздер алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады