Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының "Қазақ тұлпары" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта атау туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 20 қаңтар N 63

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының "Қазақ тұлпары" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Қазақ тұлпары" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) болып қайта аталсын.

      2. Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы болып Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі белгіленсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен Кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркелуін қамтамасыз етсін.

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады