Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 23 қаңтар N 82. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 528 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.06.2023 № 528 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.10.2022 № 850 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.03.2022 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса берiлiп отырған Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу қағидалары бекiтiлсiн.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.03.2022 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі



  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 23 қаңтардағы
№ 82 қаулысымен
бекітiлген

Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.03.2022 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Осы Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрi – Заң) сәйкес ақталған жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына, жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарының балаларына біржолғы ақшалай өтемақы төлеу тәртiбiн айқындайды.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегі уәкiлетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) ақшалай өтемақы беру жөнiндегi уәкiлетті ұйым – банк немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ақшалай өтемақы алушы таңдап алған банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйым;

      3) ақшалай өтемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық бөлімшесі.

2-тарау. Ақшалай өтемақыны тағайындау тәртiбi

      2. Заңның 22-бабында көрсетiлген негiздер бойынша ақшалай өтемақы алуға құқығы бар азаматтар ақшалай өтемақы тағайындау үшiн тұрғылықты тұратын жерi бойынша ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкілетті ұйымға мыналарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

      2) жеке басты куәландыратын құжат;

      3) ақшалай өтемақы алу құқығын растайтын құжат (прокуратура органдарынан немесе сот органдарынан Заңның 22-бабында көрсетілген орындарда болған кезеңі көрсетіліп ақталғаны туралы анықтама).

      Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарының балалары үшін қосымша – туу туралы куәлік не тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасынан үзінді көшірме, прокуратура органдарынан немесе сот органдарынан Заңның 22-бабында көрсетiлген орындарда болған кезеңі көрсетіліп ата-анасының біреуінің ақталғаны туралы анықтама.

      Ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегі уәкiлетті ұйым жеке басты куәландыратын құжаттар, тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 26.10.2022 № 850 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Ақшалай өтемақы тағайындау үшiн қажеттi құжаттардың түпнұсқасы және салыстырып тексеру үшiн көшiрмелері аудандық (қалалық) ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдарға ұсынылады.

      Салыстырып тексерілгеннен кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушiге қайтарылады.

      Ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi аудандық (қалалық) уәкiлеттi ұйымдардың жұмыскерлерi құжаттардың көшiрмелерiн растайды, iстердi қалыптастырады, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ақшалай өтемақы тағайындау туралы шешiмдердiң жобаларын дайындап, оларды бес жұмыс күні ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкілеттi ұйымдарына жібередi.

      4. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдары iстерді және ақшалай өтемақы тағайындау туралы шешiмдердің жобаларын бес жұмыс күні ішінде ақшалай өтемақы тағайындау жөнiндегi тиiстi уәкiлеттi органға жібереді.

      5. Ақтау туралы анықтамада бас бостандығынан айыру орындарында, психиатриялық мекемелерде, арнайы қоныстарда болған уақыты, сондай-ақ бас бостандығы шектеулi жағдайда мәжбүрлi еңбекке (оның iшiнде "еңбек армиясы", "НКВД жұмысшылар колониясы" деп аталатындарда) тартылған уақыты туралы ақпарат жеткiлiксiз көрсетiлген жағдайда ақшалай өтемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органдар мен ақшалай өтемақы беру жөнiндегi уәкiлетті ұйымдар прокуратура органдарының архивтерінен қосымша анықтамаларды сұратып алуға құқылы.

      6. Бас бостандығынан айыру орындарында, психиатриялық мекемелерде, арнайы қоныстарда негiзсiз қуғын-сүргiнге ұшыраған адамдардың болған мерзiмi, сондай-ақ бас бостандығы шектеулi жағдайда мәжбүрлi еңбекке (оның iшiнде "еңбек армиясы", "НКВД жұмысшылар колониясы" деп аталатындарда) тартылған уақыты көрсетiлген, ақталғанын растайтын анықтама келiп түскен кезде ақталуы туралы бұрын берiлген анықтама ақшалай өтемақы тағайындауға негiз болып табылады.

      7. Ақшалай өтемақы тағайындау жөнiндегi уәкілеттi орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдарынан құжаттар мен шешiмдердің жобалары келiп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ақшалай өтемақы тағайындау не оны тағайындаудан бас тарту жөнiнде шешiм қабылдайды және iс пен бұл шешiмдердi белгiленген тәртіппен ақшалай өтемақы төлеу жөніндегі аудандық (қалалық) уәкiлеттi ұйымдарға бередi.

      Ақшалай өтемақы тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешiмге ақшалай өтемақы тағайындау жөнiндегі уәкiлеттi органның басшысы (не оның мiндетiн атқарушы адам) қол қояды.

      Ақшалай өтемақы тағайындаудан бас тартылған жағдайда ақшалай өтемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган оны тағайындаудан бас тартудың себебiн жазбаша уәждейдi және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдары арқылы тиiстi құжаттарды өтiнiш иесiне бepу үшiн аудандық (қалалық) ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегі уәкiлетті органдарға қайтарып бередi.

      8. Айлық есептiк көрсеткiш өзгерген кезде ақшалай өтемақы сомасын қайта есептеуді аудандық (қалалық) ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйым жүргізеді, ол облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымы арқылы ақшалай өтемақы тағайындау жөнiндегі уәкілетті органға тиiсті шешiмнің жобасын бекітуге жiбередi. Ақшалай өтемақы тағайындау жөнiндегі уәкілетті орган ақшалай өтемақыны есептеудiң дұрыстығын тексередi және үш жұмыс күні ішінде ақшалай өтемақыны бекiтедi не оны қайта есептеу жөнiнде шешiм шығарады.

      9. Егер ақшалай өтемақылар Заңның 22 және 23-баптарының қолданылуы жаңғыртылғанға дейiн тағайындалған болса, онда аудандық (қалалық) ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлетті ұйымдар облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдары арқылы ақшалай өтемақы тағайындау туралы шешiмнiң жобасын ақшалай өтемақы тағайындау жөнiндегі уәкілеттi органға ұсынады, ол қолданылып жүрген айлық есептік көрсеткiштiң мөлшерiн ескере отырып, оны бекiту туралы шешiм шығарады.

3-тарау. Ақшалай өтемақы төлеу тәртiбi

      10. Ақшалай өтемақылар төлеудi ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйым ақшалай өтемақы беру жөнiндегі уәкiлетті ұйымдар арқылы ақшалай өтемақы тағайындау жөнiндегi уәкілетті органдардың шешiмiне сәйкес ақшалай өтемақы алуға құқығы бар алушылардың банк шотына есептеу жолымен жүзеге асырады.

      Қаражатты MT100 форматындағы төлем тапсырыстарымен аударған кезде аудандық (қалалық) ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлетті ұйымдар тiзiм-ведомостарды дайындайды және оларды ақшалай өтемақы беру жөнiндегi уәкiлетті ұйымдарға бередi.

      Ақшалай өтемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйым ақшалай қаражатты алғаннан кейiн тiзiм-ведомосқа сәйкес оны аудандар (қалалар) бойынша бөледi және төлеудi жүзеге асырады.

      Қаражатты МТ102 форматындағы төлем тапсырыстарымен аударған кезде ақшалай өтемақы беру жөнiндегi уәкiлетті ұйымдар тiзiм-ведомостарды электронды түрде алады.

      11. Егер ақшалай өтемақы есептелген, бiрақ ақталған адам қайтыс болуы себебiнен алынбаған жағдайда өтемақының тағайындалған сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мұрагерлерiне төленедi.

      12. Аудандық (қалалық) ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдар Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгi көрсеткен күнге және ақшалай өтемақы тағайындау жөнiндегi уәкілеттi органдар шешiмдерiнiң негiзiнде ақшалай өтемақы алушылардың тiзiмiн жасайды және оны облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкілеттi ұйымдарына ұсынады.

      13. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдары ақшалай өтемақы төлеу үшiн қажетті қаражат туралы аудандық (қалалық) ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдар берген ақпаратты жинақтайды және оны ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымға бередi.

      14. Ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйым Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгi айқындаған мерзiмде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгiне ақшалай өтемақы төлеу үшін қажеттi қаражаттың қажеттілігі туралы ақпарат береді.

      15. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгi өзінің мiндеттемелерi мен төлемдерi бойынша тиiстi жылға арналған қаржыландыру жоспарларына сәйкес бөлінген сомалар шегiнде ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымның банк шотына қаражат аударады.

      16. Ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйым бөлiнген қаражат пен төлем тәртібiне сәйкес облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша ақшалай өтемақы төлеу графигін жасайды.

      17. Ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкілеттi ұйым банктiк үш күн iшiнде алынған қаражатты белгіленген тәртiппен төлем тапсырыстарымен ақшалай өтемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйымға аударады.

      18. Ақшалай өтемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйым ақшалай қаражатты алған кезде алушыларға ақшалай өтемақы берудi белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.

      19. Төленген ақшалай өтемақы сомалары бойынша облыстық, аудандық (қалалық) ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдар мен ақшалай өтемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдар арасында салыстырып тексеру актілері жасалады.

      20. Бөлiнген трансферттер бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгi мен ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегі уәкiлетті ұйымның арасында ай сайын салыстырып тексеру актісi жасалады.

      21. Ақшалай өтемақы беру жөнiндегi қызметтерге ақы төлеу ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйым мен ақшалай өтемақыны беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйым арасында заңнамада белгiленген тәртіппен жасалған шарт негiзiнде жүргiзiледi.

  Жаппай саяси қуғын-сүргiндер
құрбандарына ақшалай өтемақы
төлеу қағидаларына
1-қосымша
Нысан

Қазақстан Республикасы Еңбек
және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігінің Еңбек және
әлеуметтік қорғау комитеті
____________________________
аумақтық бөлімшесінің
басшысына

Өтiнiш

      Маған біржолғы ақшалай өтемақы тағайындауыңызды сұраймын

      Тегi ________________________________________________________

      Аты ________________________________________________________

      Әкесiнiң аты (бар болса) _______________________________________

      Туған күні ______ ж. "___" _____________________________________

      Мекенжайы___________________________________________________

      Жеке басын куәландыратын құжаттың түрi ________________________

      (құжаттың түрi көрсетіледі)

      Сериясы _________ нөмiрi ___________ кiм берді ____

      Банк шотының №__________________,

      Банк атауы_____________________________________

      Зейнетақы, мүгедектiгi бойынша, асыраушыдан айырылу жағдайы бойынша,

      жасына байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы, мемлекеттік

      арнайы жәрдемақы, арнайы мемлекеттiк жәрдемақы аламын

      ____________________________________________________

      (қажеттісінің асты сызылады)

      Бiржолғы ақшалай өтемақының бiр бөлiгiн немесе толық мөлшерiн бұрын

      басқа республикада алғаны-алмағаны (жоқ, иә; алған болса, қандай негiзде алғаны

      көрсетіледі)

      Ақтау туралы анықтаманың нөмiрi және оның берiлген күні

      _________________________________________________

      Біржолғы ақшалай өтемақы тағайындау үшін қажетті менің дербес

      деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісемін.

      Күні _______________________________

      Өтінiш берушінің қолы _______________

      Өтінiш қабылданды (күнi) ___________________

      Өтiнiштi қабылдаған маманның Т.А.Ә. (бар болса)

      _____________________________________________________________

      Қолы ____________________________

  Жаппай саяси қуғын-сүргiндер
құрбандарына ақшалай өтемақы
төлеу қағидаларына
2-қосымша
Нысан

Ақшалай өтемақы тағайындау туралы шешім

      20__ж. _____ № ______

      Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің

      Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің

      ______________ облысы (қаласы) бойынша департаменті

      Азамат _________________________________________________

      (тегi, аты, әкесiнің аты (бар болса)

      Жынысы _________________ Туған күнi _____________________

      Ақтау туралы анықтаманың берiлген күнi ____________________

      Ақтау туралы анықтаманы берген органның атауы

      ___________________________________________________________

      _________________________________берiлген __________№ ________

      (тегi, аты, әкесiнің аты (бар болса)

      ақтау туралы анықтамаға сәйкес

      Бас бостандығынан айыру орындарында, психиатриялық мекемелерде, арнайы

      қоныстарда болған уақыты, сондай-ақ бостандығы шектелген жағдайда мәжбүрлi

      еңбекке тартылған (оның ішінде "еңбек армиясы", "НКВД жұмысшылар колоннасы"

      деп аталатындарда болған) уақыты 19__ж._____ - 19__ж.__________ аралығын

      құрайды.

      Бас бостандығынан айыру орындарында, психиатриялық мекемелерде, арнайы

      қоныстарда болған толық айлардың саны, сондай-ақ бостандығы шектелген жағдайда

      мәжбүрлi еңбекке тартылған (оның ішінде "еңбек армиясы", "НКВД жұмысшылар

      колоннасы" деп аталатындарда) уақыты

      _____________________________________________құрайды

      (жазумен)

      Есептелген сома ___________________________________________

      (жазумен)

      Осы сома төленетiн айлардың саны көрсетiлген ағымдағы жылы төленуге жататын сома

      ____________________________________________________

      (жазумен)

      Осы сома келесi екi жылда төленуге тиiс айлардың саны көрсетiлген төленуге жататын қалған сома

      ____________________________________________________

      (жазумен)

      M.О. Департамент басшысы ______________ __________________

      (қолы) (тегі)

      Тағайындау жөнiндегi маман ______________ __________________

      (қолы) (тегі)

      Шешім жобасын дайындаған:

      M.O. Мемлекеттік корпорация

      бөлімшесінің бастығы ______________ __________________

      (қолы) (тегі)

      Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің маманы

      ______________ __________________

      (қолы) (тегі)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады