Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Қазоңтүстікгипросушар" жобалау-іздестіру институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2003 жылғы 24 қаңтар N 89

      "Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік азық-түлiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 2 тамыздағы N 864  қаулысына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Қазоңтүстікгипросушар" жобалау-iздестiру институты" республикалық мемлекеттiк кәсіпорны Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Су ресурстары жөнiндегi комитетінің "Қазагромелиосушар" республикалық әдiстемелік орталығы" мемлекеттік мекемесi" (бұдан әрi - Мекеме) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Мекеме қызметiнiң негiзгi мәнi суландыру жүйелерi жай-күйінің мониторингін жүргiзу, суармалы телiмдердiң құрылысын жобалауды жүзеге асыру, нормативтiк әдiстемелік құжаттар әзiрлеу болып белгiленсiн.

      3. Мекеме штат санының лимитi 23 бiрлiк санында бекiтiлсiн.

      4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртіппен:
      1) Мекеменің жарғысын бекiтсiн;
      2) Мекеменің әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсін;
      3) осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын.

      5. <*>
       Ескерту. 5-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.04.06. N 310   қаулысымен .

      6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады