"Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөніндегі кейбiр шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 3 ақпан N 126

      "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының  6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметті тиiсті аумақтарда жүзеге асыратын атқарушы органдар мен аумақтарда санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттiк ұйымдардың өзара iс-қимыл жасауының ережесi бекiтiлсiн.

      2. Қосымшаға сәйкес халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметті тиiсті аумақтарда жүзеге асыратын атқарушы органдар мен аумақтарда санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер жүйесінің құрылымы жергiлiктi атқарушы органдарға ұсынылсын.

      3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi ведомстволық нормативтiк құқықтық кесімдердi "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтiрсiн.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы    
Үкіметінің          
2003 жылғы 3 ақпандағы    
N 126 қаулысымен      
бекiтiлген      

Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметтi тиiстi аумақтарда жүзеге асыратын атқарушы органдар мен аумақтарда санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттiк ұйымдардың өзара iс-қимыл жасауының ережесi

      1. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметтi тиiстi аумақтарда жүзеге асыратын атқарушы органдар (бұдан әрi - атқарушы органдар) мен аумақтарда санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттiк ұйымдардың (бұдан әрi - санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталықтары) өзара iс-қимыл жасауы санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарының тиiстi аумақтардағы атқарушы органдарға есеп беруi әрi бағыныстылығы қағидаты бойынша анықталады.

      2. Атқарушы органдар санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметiн үйлестiредi.
      Осы мақсатта атқарушы органдар халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету үшiн қажеттi санитарлық-эпидемиологиялық сараптамасының көлемiн белгiлейдi, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарына ұйымдастырушылық, әдiстемелiк және практикалық көмек көрсетедi.

      3. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталықтары:
      1) атқарушы орган белгiлеген санитарлық-эпидемиологиялық сараптама көлемiнің орындалуын қамтамасыз етедi;
      2) атқарушы орган шешiмiне сәйкес сынамалар алуға қатысады және құралдармен өлшеудi жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы   
Yкiметiнiң       
2003 жылғы 3 ақпандағы   
N 126 қаулысына      
қосымша        

Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметтi тиістi аумақтарда жүзеге асыратын атқарушы органдар мен аумақтарда санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер жүйесінің құрылымы

      1. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметтi тиiстi аумақтарда жүзеге асыратын атқарушы органдар:
      облыстардың, Астана және Алматы қалаларының мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармалары;
      қалалардың мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармалары;
      аудандардың мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармалары.

      2. Аумақтарда санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер:
      облыстардың, Астана және Алматы қалаларының санитарлық- эпидемиологиялық сараптама орталықтары;
      қалалардың санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталықтары;
      аудандардың санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталықтары.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады