"Ауыл мектебi" 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2003 жылғы 4 ақпан N 128

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 24 сәуiрдегi N 470 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын iске аcыру жөнiндегi Iс-шаралар жоспарын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған "Ауыл мектебi" 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.

      2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар:
      1) Бағдарламаның орындалуы жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiн Бағдарламаның орындалу барысы туралы жыл сайын 25 желтоқсанға хабардар етсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi жыл сайын 20 қаңтарға Қазақстан Республикасының Үкiметiне Бағдарламаның орындалуы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің        
2003 жылғы 4 ақпандағы 
N 128 қаулысымен    
бекітілген       

"АУЫЛ МЕКТЕБІ"
2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы

Астана

1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ

Атауы:           "Ауыл мектебi" 2003-2005 жылдарға арналған
                 бағдарламасы

Әзiрлеу үшiн     Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2002 жылғы 24
негiздеме:       сәуiрдегi N 470 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан
                 Республикасы Үкiметiнің 2002-2004 жылдарға
                 арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі
                 iс-шаралар жоспарының 5.2.7-тармағы

Негiзгi          Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым
әзiрлеушi:       министрлігі
Мақсаты:         Ауылдық бiлiм беру ұйымдарының жұмысын жақсарту,
                 ауылдық және шағын жинақталған мектептерді
                 басқарудың тиiмдiлiгін арттыру, ауылдық бiлiм беру
                 ұйымдарын тұрақты дамытуды қамтамасыз ету,
                 оқу-материалдық базаны және кадрлық әлеуетті
                 нығайту
Негiзгi мiндетi: Ауылдық жерде бiлiм беру жүйесiн дамыту және
                 тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету, ауыл
                 оқушыларының бiлiм сапасын көтеру, ауылдық бiлiм
                 беру ұйымдарындағы жұмысшыларды, оқушылар мен
                 тәрбиеленушілерді әлеуметтiк қорғау.
Iске асыру       2003-2005 жылдар
мерзiмi:
Қаржыландыру     Республикалық және жергiлiктi бюджеттер, заңнамада
көздерi:         тыйым салынбаған өзге де көздердiң есебiнен.
                 Бағдарламаны iске асыруға арналған бюджеттің
                 шығыс көлемi 34049,082 млн. теңгенi, оның iшiнде
                 республикалық бюджеттен - 12123,18 млн.теңгенi,
                 жергіліктi 6юджеттен - 21925,902 млн. теңгенi
                 құрайды.
Күтілетiн        Бағдарламада көзделген шараларды iске асыру
нәтижелер:       нәтижесiнде ауылдық жердегi бiлiм беру ұйымдарының
                 жұмыс iстеуi мен тұрақты дамуының нормативтiк
                 құқықтық базасы, әлеуметтiк, экономикалық және
                 бiлiм беру кепiлдiктері жетілдiрiлетін болады,
                 бұл жастарды ауылда тұрақтандыру және ауылдық
                 жердегi инфрақұрылымды жақсарту үшін алғы шарттар
                 жасайды.

2. КIРIСПЕ

      "Ауыл мектебi" 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 24 сәуiрдегi N 470 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002-2004 жылдарға арналған Бағдарламасын iске асыру жөніндегi iс-шаралар жоспарының 5.2.7-тармағының негiзінде дайындалды.
      Ауылда жаңа экономикалық қатынастарды қалыптастыру, қоғамдық санада жүріп жатқан жер, еңбек, меншiк, ұлттық сана-сезiм сияқты құндылықтарды қайта бағалау ауылдық мектептің рөліне, миссиясына және даму болашағына әсер етпей қоймайды.
      Ауыл мектебi жұмысы деңгейiнiң жай-күйі елдiң аграрлық секторының еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуінe елеулi түрде ықпал етедi. Мектеп ауылдық жердегi бiрден-бiр бiлiм беру және мәдениет орталығы, оқушыларды кәсіптік даярлауға дейiнгi база бола отырып, тұрақтылықтың, ауылдың әлеуметтік, экономикалық және мәдени дамуының факторы болуда.
      Жаңа әлеуметтiк-экономикалық жағдайларда ауылдағы бiлiм беру жүйесiн жаңғырту қоғамдық өмiрдің айрықша әлеуметтiк-мәдени құбылысы және бiрыңғай бiлiм беру жүйесiнің органикалық бөлiгi ретiндегi ауыл мектебiн дамытуды кешендi нормативтік құқықтық, ғылыми-әдiстемелiк, ұйымдық-басқару, қаржылық-материалдық қамтамасыз етудi талап етеді.
      Бiлiм беру ұйымдарының материалдық-техникалық, нормативтiк және оқу-әдiстемелiк базасының бүгiнгі жай-күйі жаңа тәсiлдердi айқындауға, нақты пәрмендi шаралар қолдануға және мемлекеттік қолдауға мұқтаж болып отыр.
      Жоғарыда келтiрiлген факторлар осы Бағдарламаны әзiрлеу қажеттігiн туғызды.

3. АУЫЛДЫҚ ЖЕРДЕГI БIЛIМ БЕРУДIҢ ҚАЗIРГI ЖАЙ-КҮЙІН ТАЛДАУ

      2001-2002 оқу жылында ауылдық жерде 276 мектепке дейiнгi ұйым, 6225 күндiзгi жалпы бiлiм беретiн мектеп, 202 мектептен тыс ұйым жұмыс iстейдi. Оларда 1,6 млн. шамасында бала оқып, тәрбиеленедi, бұл оқушылар мен тәрбиеленушілердің жалпы санының жартысына дерлiгiн құрайды.
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1996 жылғы 26 қыркүйектегi N 1173 қаулысымен бекiтiлген Оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендер (ОӘК) дайындау мен басып шығарудың мақсатты бағдарламасына сәйкес білім беру ұйымдарында отандық жаңа буын оқулықтар кезең-кезеңмен енгiзiлуде. 2002/2003 оқу жылынан бастап қазақ, орыс, ұйғыр тiлдерiнде оқитын 1-6-сынып, өзбек тілінде оқитын 1-4-сынып оқушылары солар бойынша оқытылуда.
      1997 жылдан бастап жалпы бiлiм беретiн барлық мектептер, соның iшiнде елдің 4229 шағын жинақталған мектебi (ШЖМ) әртүрлі модификациядағы компьютерлiк сыныптармен жарақтандырылған. Мектептердi Интернет желiсiне кезең-кезеңімен қосу процесi компьютерлендiрумен қатар жүзеге асырылуда. "Интернет-мектептерге" ведомствоаралық бағдарламасының шеңберiнде 1124 мектеп қосылды, оның 289-ы - ауылдық мектептер.
      "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы жанында ғылым негiздерi жөнiндегi сырттай мектеп жұмыс iстейдi, оның тыңдаушыларының 34%-ы - алыстағы ауыл мектептерінің балалары. Облыс орталықтарында ауылдық жерден шыққан дарынды балаларға арналған 22 мамандандырылған мектеп-интернат құрылған. Соңғы жылдары қабылданған шаралар ауылдық мектептердің жұмысын біршама тұрақтандыруға, оқушылар білiмінiң сапасын жақсартуға мүмкіндiк бердi.
      Дегенмен, мемлекет тарапынан шұғыл шаралар қолдануды талап ететiн көптеген проблемалар бар.
      Мектепке дейiнгi ұйымдарды қаржыландырудың қалдықты қағидаты қазiргi бар ұйымдардың желiсiн кеңейту ғана емес, тiптi оны сақтап қалудың мүмкiндiгiне қатер төндiредi. Оқыту мен бiлiм берудің жағдайы ата-аналардың өз балаларының бiлiм алуына ақы төлеуiнің материалдық мүмкіндiктерiне байланысты болып отырған кезде мектепке  дейінгi білім беруде шын мәнінде теңсiздік қалыптасып отыр. Соның салдарынан ең бiрiншi кезекте табысы аз отбасыларынан шыққан балалар мектептен тыс ұйымдардан және мектепалды сапалы бағдарламаларынан тыс қалады, үздiксiз бiлiм алудың қағидаты бұзылады.
      2001 жылдың 1 мамырына республиканың 43 ауылдық ауданында балабақшалар толық жабылған және бiлiм берудің мектепке дейінгі сатысы жұмыс iстемейдi.
      Барлық үлгiдегi мектептен тыс ұйымдарды (мектеп оқушыларының үйлерi, музыка көркем-сурет, спорт мектептерi, аула клубтары) күрт қысқарту салдарынан ауылда тұратын оқушылардың 3,4%-ы ғана қосымша бiлiм берумен қамтылған, яғни ауылда қосымша бiлiм беру бағдарламасы мүлдем iске аспай жатыр.
      Ауылдық мектептердiң материалдық базасы шектен тыс нашар күйде: республикада ауыл мектептерінің 51,2%-ы бейiмделген үй-жайларда орналасқан; 11,05 мектеп үйi күрделi жөндеудi қажет етедi; 128 ауылдық мектеп үйi апатты жағдайда тұр. Негiзгi және орта мектептердiң 33,4%-ының физика кабинетi, 38,2%-ының химия, 46,6%-ының биология кабинеттері жоқ. Ауылдық мектептің әрбiр үшіншiсінде спорт залдары, әрбiр төртiншiсiнде оқу шеберханалары жоқ.
      Ауылдағы бiлiм беру саласын жеткіліксiз қаржыландырудың қалыптасып отырған практикасы мемлекеттің мемлекеттік стандарт шегiнде азаматтардың жалпы орта бiлiм алуын қамтамасыз ету жөнiндегi функциясын толық көлемде iске асыруға және мектептердің оқу-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын нығайту мен дамыту бойынша жүйелi жұмыс жүргiзуiне мүмкіндiк бермейдi.
      Бiрқатар жылдар бойы бiлiм беру ұйымдарын қаржыландыруда ғимараттарды жөндеуге және бiлiм беру ұйымдарының жиhаздарының жаңартуға жеткiлiкті қаражат көзделмей келдi. 2001 жылғы күрделi жөндеуге қажеттi сома 2 есе аз, ал ағымдағы жөндеуге қажеттіліктің 26%-ы көлемiнде ғана бөлiндi. Мектеп жабдығының 80%-на дейiнгiсi жаңартуды қажет етедi.
      ЖШМ жұмыс iстеуi үшiн жағдай жасау бiлiм беру жүйесiндегi өткiр проблема күйiнде қалып отыр. Нақты жағдай мен оны дамытудың ықтимал жолдарын ескерiп отыратын жүйелi тиянақталған стратегия жоқ.
      2001 жылғы ауылдық мектептерден келген талапкерлердi кешендi тестiлеудің нәтижелерін талдау ауыл мектептерi оқушылары білім деңгейiнің қалалық бiтiрушiлерден төмен екендігін көрсетті. Олимпиадалардың, оқушылардың ғылыми жарыстарының нәтижелерi де осыған куә болады. Iстің бұлай болуының бір себебi ауылдық жерде бiлiм беру ұйымдарының инновациялық желiсінің нашар дамуы болып отыр. Ауылдық мектептердің 20,7%-ында ғана жалпы бiлiм беретiн пәндер тереңдетiліп оқытылады. Гимназиялар мен лицейлердің жалпы санының 10%-ы ғана ауылда орналасқан.
      2001-2002 оқу жылында 30 мыңнан астам мектеп оқушысы мектептерге көлiкпен жеткiзiледi, 6 мың пәтерлерде тұрады, 8 мыңдай бала мектепке өз бетінше барады. Оқушылардың осы санаты ауа-райы жағдайларынан жиi сабақтан қалады. Балаларға күн сайын мектеп пен екi ортада бiраз қашықтыққа жүруге тура келеді, мұның өзi олардың денсаулығына, үлгерiм деңгейiне терiс әсер етедi, өмiрiне де қауiп төндіредi.
      Балаларды жеткiзудің тиiмдiлігіне, әсiресе солтүстiк және орталық аймақтарда, қатаң климаттық жағдайлар, су тасқыны, сондай-ақ арнайы көлiктің және жанар-жағармай материалдардың болмауы елеулi түрде әсер етедi.
      Босқындар балаларының жағдайы да алаңдаушылық туғызып отыр, олардың саны жыл сайын көбейiп келедi.
      Барлық аймақтарда қосымша интернаттық мекемелер ашу қажет, олардың жұмыс iстеп тұрған желiсi оларға мұқтаж балалардың қажеттілігін қанағаттандырмайды. Мектеп жанындағы интернаттардың 56%-ы бейiмделген үй-жайларда орналасқан, олардың 62%-ның - өз асханалары, 61%-ның - су құбыры, 69%-ның - кәрiз желiсi, 46%-ның - моншасы немесе сусебезгiсi, 39%-ның кiр жуатын орны жоқ.
      2002 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша мектеп жасындағы 14 мыңдай бала тұратын республиканың 492 елдi мекенiнде мектептер атымен жоқ.
      Республикадағы арнайы түзету ұйымдарында даму мүмкiндiктерi шектеулi балалардың 27,5%-ы орта бiлім берумен қамтылған. Соның өзiнде осы санаттағы 26 мың бала арнайы түзету ұйымдарына орналастыруға мұқтаж болып отыр. Көру, есту, сөйлеу органдарының кемiстiгi бар, тiрек-қозғалыс аппараты бұзылған, ауылда тұратын және денсаулық жағдайына байланысты жай мектептерде оқуға мүмкiндігі жоқ балалардың, iс жүзiнде білiм алуға қолдары жете бермейдi.
      Oқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыруда едәуiр проблемалар бар, ауылдық мектептердiң 36%-ында ғана ыстық ас ұйымдастырылған.
      Ауылдық мектептердiң педагогикалық кадрларға мұқтаждығы 2,7 мыңнан астам адамды құрайды, орыс тiлiнде оқытатын мектептерде қазақ тiлi мен әдебиетiнің, математика, информатика, шет тiлi, еңбекке баулу, музыка пәндерінің оқытушыларына және мектеп алды сыныптарындағы тәрбиешiлерге мұқтаждық сезіледi. Ауыл мұғалiмдерiнің 3 мыңдайының жалпы орта бiлiмi ғана бар. Ауылдық бiлiм беру ұйымдарында педагогикалық кадрлардың тұрақтамауы жоғары болып отыр.
      Жергіліктi бюджетте педагогикалық кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруға қаражаттың жеткiлiксiздiгiнен ауыл мектептерi мұғалiмдерінің көпшiлiгi курстық қайта даярлаудан өз есебiнен өтедi. Аудандық бiлiм беру бөлiмдерінің жартысынан астамында әдiстемелiк қызмет жоқ.
      Мұғалiмнiң сабаққа сапалы дайындалуына мектеп кiтапханаларының, қажеттi әдiстемелік әдебиетінің болмауы терiс әсерiн тигiзедi. Ауыл мектептерінің бiр мыңнан астамында (19%) кiтапханалар жоқ. Мектеп кiтапханаларының қоры жаңартуға және сыныптан тыс оқуға арналған танымдық және басқа да әдебиетпен толықтыруға мұқтаж. Педагогикалық бұқаралық ақпарат құралдарының таралымы шектен тыс қысқарған.
      Ауыл мектептерінің материалдық-техникалық базасы және шағын жинақталған мектептердегi бiрiктiрiлген сыныптардың көптiгi мектептердің көпшiлігiнде оқу-тәрбие процесін балалар мен жасөспiрiмдердiң мүдделерiне сәйкес тиiстi деңгейде ұйымдастыруға мүмкiндік бермейдi.

4. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI

      Бағдарламаның негізгі мақсаты:
      Ауылдық бiлiм беру ұйымдарының жұмысын жақсарту, ауылдық және шағын жинақталған мектептердi басқарудың тиімділігін арттыру, олардың тұрақты дамуын қамтамасыз ету, ауылдық бiлім бepу ұйымдарының материалдық-техникалық және кадрлық әлеуетiн нығайту.
      Бағдарламаның мiндеттерi:
      ауылдық жердегi бiлiм беру ұйымдарының жұмыс iстеуiн және дамуын нормативтiк құқықтық қамтамасыз ету;
      ауылдық бiлiм беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту;
      ауылдық мектептердiң қызметiн ашық әлеуметтiк институт және көп функционалды бiлiм беру ұйымы ретiнде жаңғырту, ауылдық жалпы білім беретiн мектептердiң, бала бақшалардың, "мектеп-бала бақша" кешендерiнің, жалпы бiлiм беретiн мектептердегi мектепке дейiнгi тәрбиенің шағын орталықтарының желiсiн дамыту;
      ауылдық бiлiм беру ұйымдарының жұмыс iстеуiн және дамуын қамтамасыз ететін қаржы-экономикалық тетіктер әзiрлеу әрi енгiзу, педагогтардың еңбегіне ақы төлеудi жетілдiру;
      бiлiм беру қызметкерлерiн, ауылдық бiлiм беру ұйымдарының оқушылары мен тәрбиеленушілepін әлеуметтік қорғау жөнінде шаралар жүйесiн әзiрлеу;
      ауыл мектептерiнің ерекшелiктерiн ескере отырып, оларды ғылыми, оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдiру, шағын жинақталған мектептердің оқу-тәрбие процесіне арнайы әдiстемелер мен технологияларды енгiзу;
      ауылдық мектептерде және мектепке дейiнгi ұйымдарда оқыту мен тәрбие сапасын көтеру, оқушылар мен тәрбиеленушілердің шығармашылығын дамыту;
      ауылдық жерде педагогикалық кадрлардың тұрақтылығын қамтамасыз ету; ауылдық, оның iшіндe шағын жинақталған мектептер үшiн педагогикалық кадрларды даярлау және қайта даярлау деңгейiн арттыру;
      жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, мүгедек балаларды және даму мүмкiндiктерi шектеулi балаларды әлеуметтендiру жүйесiн жетілдiру;
      балалық шақты әлеуметтiк қорғаудың ғылыми-әдiстемелер базасын жасау, кәмелетке толмағандардың әлеуметтiк-құқықтық кепілдiктерiн кеңейту, қамқорлыққа зәру балалардың мүлiктiк және өзге де мүдделерiн қорғау.

5. БАҒДАРЛАМАНЫҢ НЕГIЗГI БАҒЫТТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ IСКЕ АСЫРУ ТЕТIКТЕРI

5.1. Ауылда бiлiм беру жүйесiн дамытудың негізгі бағыттары

      5.1.1. Нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру

      Жаңа әлеуметтiк-экономикалық жағдайларда мұғалiмдер мен басқа да педагогикалық қызметкерлердің әлеуметтiк мәртебесiн көтерудің құқықтық негізін қамтамасыз ету үшін қолданыстағы заңнаманы жетілдiру қажет.
      Оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы ерекшелiктерiн ескере отырып, ауыл мектебiнiң жаңа моделiн әзiрлеу қажет.
      Aуылдық бiлiм беру ұйымдарының ықпалдастыру үлгілерін нормативтік құқықтық қамтамасыз ету, бiлiм беру мәселелерi жөнiндегi қолданылып жүрген нормативтiк құқықтық кесiмдердi жетiлдiру, ауылдық мектeпті басқару, ауылдық мектеп оқушысының жеке тұлғасын дамыту жөнiндегi ғылыми-әдістемелiк материалдар әзiрлеу қажет.
      Аудандық (қалалық) әдiстемелiк кабинеттердiң штаттық кестесi, сондай-ақ ауыл мектептерiне арналған оқу жабдықтары мен техниканың үлгiлiк тiзбесi қайта қаралуға тиiс.
      Ауылдық жерде тұратын дарынды және талантты балаларға қолдау көрсету үшiн дарынды балаларды анықтау және олармен жұмыс iстеу жөніндегі нормативтік базаны жетілдіру қажет.
      Балаларға және олардың отбасыларына әлеуметтiк, сауықтыру, педагогикалық, психологиялық жәрдем көрсету үшiн нормативтер әзiрлеу, арнайы түзету бiлiм ұйымдарын оқу-әдiстемелiк қамтамасыз ету талап етiледi, өйткенi даму мүмкiндiктерi шектеулi балалардың проблемаларын шешу үшiн жағдайлар жасау ауылдағы арнайы бiлiм берудің негiзi болып табылады.
      Даму мүмкiндiктерi шектеулi балалар мен жасөспiрiмдердің құқықтарын қорғауды оларды қоғамдағы толыққанды өмiрге даярлаудың басты басымдықтары ретiнде қарау қажет. Балаларға әлеуметтiк-құқықтық қызмет көрсету бойынша ең төменгi әлеуметтiк стандарттарды белгілеу жөнiндегi арнайы нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеудi талап етедi.
      Жергiлiктi атқарушы органдарға тәрбиеленушілердi білім беру ұйымдарында ұстауды қамтамасыз ету мәселелерiнде неғұрлым кеңiрек өкiлеттік беру қажет.

5.1.2. Бiлiм беру ұйымдарының желiсiн сақтау, дамыту және материалдық-техникалық базасын нығайту

      Ауылдық жерде бiлімге қол жетімділікті қамтамасыз ету мақсатында "Бiлiм беру ұйымдары желiсiнің кепілдендiрілген мемлекеттік нормативi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2000 жылғы 25 ақпандағы N 300 қаулысымен белгіленген бiлiм беру ұйымдары желiсiнің кепiлдендiрiлген мемлекеттiк нормативiн орындау қажет.
      Тиiстi үлгідегi жалпы бiлiм беретiн мектептерi мен интернат ұйымдары жоқ елдi мекендердiң оқушылары үшiн балаларды мектепке және керi қарай күнделiктi ақысыз жеткiзу қамтамасыз етілуi тиiс.
      Жергiлiктi атқарушы органдар балаларды жеткiзу арнайы көлiк бөлудi, оны ұстау мен жаңартып отыруды қамтамасыз етуi тиiс. Балаларды жеткiзу қиын алыстағы ауылдарда мiндеттi түрде бастауыш мектеп болуы керек.
      Соңғы жылдары ЖШМ-ның жалпы бiлiм беретiн мектептердің жалпы санындағы өзіндiк үлесінің ұлғаюы олардың жұмысын жақсарту жөнiнде шаралар қабылдауды және ауылдағы әр түрлi үлгідегi жалпы бiлiм беретiн ұйымдардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз етудi талап етедi.
      Жалпы білім беретін мектептің негiзгi және жоғары сатыларында сыныптарды бiрiктiрiп оқытуға жол беруге болмайды.
      Ауылдық ЖШМ жұмыс iстеуiн жетiлдiру, олардағы оқу-тәрбие процесін оңтайландыру үшін базалық тiрек мектептерiнің әлеуетiн кеңiнен пайдалану керек.
      Экономикалық орындылық, оқушылар мен олардың ата-аналарының мүдделерi тұрғысынан келгенде, білім беру ұйымдары желiсiнің кепілдендiрiлген мемлекеттік нормативi шеңберiнде мемлекеттік мектеп жанындағы интернаттардың желiсiн кеңейту және нығайту, облыс және аудан орталықтарында тиiстi үлгідегi жалпы бiлiм беретiн мектептерi жоқ елді мекендерден келген балалар үшін жалпы үлгiдегi мектеп-интернаттар ашу қажет.
      Ауылдық жердегi даму мүмкiндіктерi шектеулi балаларға арналған мектептер мен мектеп-интернаттар, санаториялық мектептер мен пансионаттар желiсi одан әрi кеңейтудi талап етедi. Жалпы бiлiм беретiн мектептерде көрсетiлген санаттағы балаларды оқыту үшiн арнайы сыныптарын ашу, оқытудың орнын толтыратын сыныптар құру, үйде оқытудың кең мүмкiндiктерiн беру қажет.
      Ауыл балаларына қосымша бiлiм беру бағдарламасын iске асыру мақсатында жұмыс iстеп жатқан жалпы бiлiм беретiн мектептердiң базасын неғұрлым тиiмдi пайдаланған жөн.
      Әрбiр аудан орталығында балалар шығармашылығының орталықтары немесе үйлерi, балалар-жасөспiрімдер спорт мектептерi, балалар музыка мектептерi және мектептен тыс бiлiм беру ұйымдарының басқа да үлгілерi жұмыс iстеуi тиiс. Қосымша бiлiм беру ұйымдарының оқу-материалдық базасын нығайту клуб қызметi, спорт, туризм және басқалар сияқты жаңа бiлiм беру-тәрбиелiк бағдарламаларды сапалы түрде iске асыруға мүмкiндiк бередi.
      Кабинеттер ашуды және оқу жабдықтарын, физика, химия, биология бойынша зертханалық жабдықтар, шеберханалар үшiн құралдар мен станоктар, еңбекке баулу сабақтарын өткiзу үшiн материалдар, спорттық мұқаммал, асхана жабдықтарын, интернат мекемелерi тәрбиеленушiлерінің киiм-кешегiн сатып алуды көздеу қажет. Бiлiм беру ұйымдарындағы жиһаздың және оқу жабдығының кемiнде 10%-ын жыл сайынғы жаңартуды қамтамасыз ету қажет. Әр ауылдық ауданда мектепке дейiнгi тәрбиенiң оқу-материалдық базасын нығайтуға жәрдемдесетiн нақты шаралар қабылдау қажет: күрделi құрылыс және жөндеу, жиһазды, оқу-ойын жабдықтарын ауыстыру, мектеп алдындағы дайындықты оқулықтармен және оқу-әдiстемелiк құралдармен ақысыз қамтамасыз ету, т.с.с.
      Бiрiншi кезекте апаттық жағдайдағы ғимараттарды қайта жаңартуды және күрделі жөндеудi жүзеге асырған жөн.
      Оқушылардың, тәрбиеленушілердiң денсаулығын сақтау, оқу процесi үшiн қалыпты жағдайлар жасау үшiн бiлiм беру ұйымдарында пайдаланылатын ауыз су мен отынның сапасы маңызды рөл атқарады.
      Мектептердi барлық пәндер бойынша компьютерлiк оқыту бағдарламаларымен қамтамасыз ету, олардың ғаламдық компьютерлiк желiге шығуына, қашықтықтан оқыту нысанының белсене енгiзiлуiне мүмкiндiк беру керек. Бiлiм беру ресурстарының орталығы: кiтапхана және компьютерлiк сынып мектеп инфрақұрылымының ұйтқысы болуға тиiстi.
      Сервистiк қызмет көрсету және мектептердiң компьютерлiк техника паркiн жаңарту мәселелерi елеулi назар аударуды талап етедi.
      Жоғары сынып оқушыларының еңбекке даярлығын ұйымдастыру үшiн ауылдық мектептердiң оқу-өндiрiстiк қызметiн дамыту, оларға жер алаптарын бекiтiп беру, оқушылардың өндiрiстiк құрылымдарын құру қажет.
      Арнайы бiлiм беру ұйымдарының материалдық базасы осы заманғы талаптарға сай тәрбие беруге сәйкес болуы тиiс, арнайы жабдықты және балалардың негiзгi ақауын түзетуге арналған техниканы жаңартуды көздеу қажет.

5.1.3. Мектепке дейiнгі тәрбие мен оқыту бағдарламаларына
қол жетiмдiктi қамтамасыз ету

      Балаларды мектепке дейiнгi тәрбиемен қамтуды ұлғайту үшiн мектепке дейiнгi және жалпы бiлiм беру бағдарламаларын бiр мезгілде iске асыратын "Мектеп-бала бақша" оқу тәрбие кешендерiнiң желiсiн кеңейту керек. Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың мемлекеттiк стандарттарын және бастауыш мектеп бағдарламасымен сабақтастықты қамтамасыз ететiн, соларға сәйкес базалық мектепке дейінгi жалпы білім беру бағдарламаларын әзiрлеу және енгiзу қажет.
      Жаңа ғылыми зерттеулердің негiзiнде мектепке дейiнгi ұйымдардың қызмет практикасына мектепке дейiнгi тәрбиенің мақсаттарына сәйкес келетiн, балада коммуникативтiк дағдыларды қалыптастыруды көздейтiн жаңа бiлiм беру технологияларын әзiрлеу мен енгiзудi қамтамасыз ету қажет. Мектепке дейiнгi және кiшi мектеп жасындағы балалармен жұмыс әрбiр баланың денсаулығын, сезiмдiк саулығын сақтауға және даралығын дамытуға бағытталуы тиiс.
      2000 жылғы сәуiрде Дакар қаласындағы (Сенегал) Бiлiм беру жөнiндегi дүниежүзілік форумда Қазақстан қол қойған "Бiлiм баршаға" ғаламдық бағдарламасы жөнiндегi Дакарлық iс-қимыл шеңберi мектепке дейiнгі тәрбие саласындағы саясаттың негiзi және мектепке дейiнгi тәрбиенің проблемаларын зерделеу iсіндегi әдiснамалық база болуға тиiстi. "Бiлiм - баршаға" бағдарламасы барлық азаматтардың базалық білім алуына бiрдей мүмкiндiктер беруге, мектеп жасына дейiнгi, әсiресе неғұрлым әлсiз балаларға қатысты, күту және тәрбиелеу жөнiндегi кешендi шараларды басымдықпен кеңейтуге және жетілдiруге бағытталған.

5.1.4. Оқыту мен тәрбие сапасын арттыру

      Республикадағы бiлiм беру жүйесiн одан әрi реформалаудың басты басымдықтарының бiрi бiлiм беру қызметiн көрсетудің қол жетiмділігi мен сапасын қамтамасыз ететiн қазiргi ауыл мектебiнің моделін құру қажеттiлiгі болып табылады. Қалалық және ауылдық мектептердi бiтiрушiлердiң кәсiптiк бастауыш, орта және жоғары бiлiм алудағы бастапқы мүмкiндiктерiн теңестiру проблемасы назар аударуды қажет етедi.
      Ауылдағы бiлiм берудің сапасын басқару дамыта оқытуды жүзеге асыруға және оқушылардың білім беру қызметтерiн таңдауына мүмкiндіктер берудi көздейтiн өмiрде қажеттi дағдыларды меңгеруiне, ауылдық жердің ерекшелігін ескере отырып, оқытудың инновациялық әдiстерi мен ұйымдастыру нысандарын енгiзуге бағдарлануы тиiс.
      Ауылдық және шағын жинақталған мектептерде әрбiр оқушының оқу материалын мемлекеттiк стандарт талаптары деңгейінде меңгеруiне кепiлдiк беретін және олардың дербес танымдық қызметi үшiн жағдай жасайтын оқытудың қазiргi заманғы технологияларын қолдану өзектi бола түсуде. Оқытудың денсаулық сақтайтын технологияларын қолдануға айрықша назар аудару керек. Мектептiң аз толықтырылуы, бiріктiрілген сынып-кешендер және әртүрлi жастағы оқушылар ұжымының жағдайында деңгейлiк және бейiндiк саралау әрi оқытуды дараландыруды пайдаланудың қажеттiгi бiлiм берудің мазмұнын жаңартудың қағидаттары мен тәсiлдерiн одан әрi ғылыми негiзделген зерттеуді, әсiресе оның вариативтік бөлiгiн, солардың негiзінде ауылдық және шағын жинақталған мектептерге арналған оқу жоспарларының нұсқаларын әзiрлеудi қажет етедi.
      Оқытудың әрбiр сатысының аяқталуы бойынша мектеп оқушыларын оқыту мен тәрбиелеудiң сапасына үздіксiз мониторинг жүргiзу және мектеп оқушыларының жалпы бiлiм беру даярлығына тестілеудi енгiзу, бiлiм беру қызметтерiн көрсету (әртүрлi деңгейдегі, тақырыптық және қорытынды тестілер, тағы басқалар) сапасын бағалаудың құралдарын жасау қажет.
      Бiлiм беру қызметiн көрсетудiң сапасын арттыру мүмкiндiктерi көп функционалдықпен және интегративтік-бiлiм беру функциясымен сипатталатын оқу-тәрбие процесiн ұйымдастырудың жаңа нысандарын енгiзумен байланысты. Мектептердiң, мысалы, "мектеп-бала бақша", "мектеп-кiтапхана-мәдени орталық", "мектеп-агробиозертхана", "мектеп-ауыл шаруашылық кешенi", "мектеп-өндiрiстік бiрлестiк" және басқалар сияқты жаңа перспективалық үлгiлерiн дамытуды көздеу қажет, олардың базасында оқушыларға қосымша бiлiм беру бағдарламаларын жүзеге асырудың мүмкiндiктерi бар. Осыған байланысты ауылдық мектептің жаңа үлгiлерiн сынау үшін, мектептің ауыл шаруашылығы өндiрiсiмен ықпалдасуының негiзiнде нақты социумның әлеуметтiк-экономикалық жағдайларына, аймақтың тарихи-мәдени дәстүрлерiне барабар республиканың әртүрлi аймақтарында эксперименттік алаңдар құру керек.
      Оқыту мен тәрбиелеу бiрлiгiнiң қағидаты бiлiм берудің мазмұнын жетiлдiрумен бiрге ауылдың бiлiм беру ұйымдарында тәрбие жұмысының жүйесiн құрудың тиiстi әдiстемелік негiздерiн әзiрлеудi көздейдi.
      Ауылдық жерде балалар мен жасөспiрiмдердің бос уақыты мен демалысын ұйымдастыру, балалар қозғалысын дамыту, кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтарды, қылмыстар мен қадағалаусыздықты ескерту және алдын алу ауылда қосымша бiлiм беру желiсін кеңейтудi талап етедi.
      Ауыл педагогтарына көмек ретiнде тәрбие мәселелерi бойынша әдiстемелiк ұсынымдар әзiрлеу озық педагогикалық тәжiрибенi қорыту және тарату, оны ауыл мектептерінің практикасына белсенді енгізу қажет.
      Жалпы білiм беретiн мектептер мен мектептен тыс ұйымдарды тиiстi кадрлармен қамтамасыз ету, бұрын қысқартылған педагог ұйымдастырушылардың педагог-психологтардың, әдiскерлердің лауазымдарын қалпына келтiру қажет.
      Ауылда қосымша бiлiм беру жүйесi құқықтық, санитарлық ағарту жөнiндегi бiлім беру бағдарламаларына, дағдарысты жағдайда қалған оқушы жастарға психологиялық және педагогикалық қолдау көрсетуге арналған жасөспiрімдер мен жастарға әлеуметтiк-психологиялық көмек көрсету орталықтарына қатты мұқтаж.
      Кәмелетке толмағандардың арасындағы нашақорлықтың жолын кесу және таралуын болдырмау және оның алдын алу жөнiнде шұғыл шаралар талап етіледі.
      Азаматтық өзін-өзi тану, интернационализм, қазақстандық патриотизм сезімдерін тәрбиелеу мәселелерінде қоғамдық бiрлестiктермен, ұлттық мәдени орталықтармен бiрлесіп жұмыс iстеуді жандандыру қажет.
      Оралмандардың және еріксiз көшіп келушілердің балаларымен әлеуметтiк оңалту жұмысын жүргiзу психологиялық-педагогикалық көмек технологияларын қолданудың негiзiнде жүйелi шешiмдер қабылдауға мұқтаж етіп отыр.
      Салауатты өмiр салтын енгiзу мақсатында балалар мен жасөспiрiмдерге рухани-адамгершiлiк тәрбие беру, дене шынықтыру-сауықтыру iс-шараларын ұйымдастыру жөніндегі таңдаулы ауыл мектептерiнің тәжiрибесiн қорыту әрi тарату қажет.
      Ауылдық жердегi арнайы бiлiм беру ұйымдарының қызметiн жүзеге асыру оқытудың жаңа технологияларын енгiзудi, даму мүмкіндіктерi шектеулi балаларды ертерек анықтау мониторингiнiң бiрыңғай жүйесiн қалыптастыруды, балалардың жеке тұлға ретiнде дамуы мен толыққанды өмiр сүруi үшiн психологиялық, медициналық және түзету-педагогикалық көмек жағдайларын жасауды, оларды қазiргi қоғамда өз бетiнше өмiр cүpугe даярлауды көздейдi.

5.1.5. Педагогикалық кадрларды даярлау және қайта даярлау

      Ауылдың әлеуметтiк-мәдени саласының ысырылуы, педагогикалық еңбектiң беделінің төмендеуi, еңбекақының төмен деңгейi жағдайында ауылдық мектеп пен ауыл мұғалiмiнiң әлеуметтiк және мәдени рөлiн арттыру мәселесi өте өзектi болып отыр.
      Ауыл мұғалiмiн, әсiресе шағын жинақталған мектептiң мұғалiмiн дайындау көп деңгейлi оқу жоспарлары мен кәсiптiк білім беру бағдарламаларын әзiрлеудi көздейдi. Ықпалдастырылған мамандықтар бойынша шағын жинақталған мектептердiң мұғалімдерін даярлау үшiн педагогикалық мамандықтар бойынша мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қажет.
      Ауылдық білім беру ұйымдарын бiтiрушілердің ауылдың әлеуметтiк-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша республиканың кәсiптік орта және жоғары оқу орындарына түсуiне арналған 30%-дық квотасының ауыл жастарына арналған қазiргi әлеуметтiк жеңiлдiктерiн қолдану тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету үшiн қосымша шаралар қабылдау қажет. Жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен жоғары және кәсіптік орта оқу орындарын бiтiрген және жұмыс iстеу үшiн ауылға келген жас мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету керек. Бұл шаралар жас мамандардың ауылда тұрақтауына, ауылдық білiм беру ұйымдары педагогикалық қызметкерлерінің сапалық құрамын жақсартуға ықпал ететiн болады.
      Ауылдық мектептердi бiтірушілер үшiн кәсiптік бiлімге қол жетiмдiлiктi қамтамасыз ету ауыл жастарының ауылдың көп салалы экономикасы жағдайында сұранымға ие кәсіптерге кәсіптiк бағдарлануын одан әрi жетілдірудi көздейдi.
      Жоғары оқу орындарында педагогика кафедраларын, жеке әдістемелерді, оларды толыққанды ғылыми әдiстемелік қамтамасыз етудi, педагогиканы, психологияны зерделеу сағаттарын ұлғайтуды, студенттердiң бiлiм беру ұйымдарында педагогикалық практикадан өту бөлігінде оқу жоспарлары мен бағдарламаларын жетілдiрудi күшейту талап етіледi. Педагогикалық мамандықтар бойынша оқу құралдарын әзiрлеу және қайта басып шығару қажет.
      Ауыл мектептерi мұғалiмдерiн қайта даярлау мен бiлiктiлiгiн арттыру жүйесiнде педагогикалық ғылымның жаңа жетiстiктерi мен ауылдық және шағын жинақталған мектептерде оқытуды ұйымдастыру жөніндегі отандық және шетелдік озық тәжiрибенi практикаға енгізу ескерiлуi тиiс, шағын жинақталған мектептердегi жұмыс ерекшелiгiн ескере отырып, педагогтардың әртүрлі санаттарына арналған курстарды ұйымдастыруға сараланған тәсiлмен келу керек.
      Ауылдың педагогикалық кадрларын өндiрiстен қол үздiрмей, қашықтан оқыту моделiн енгiзу арқылы бiлiм беру қызметкерлерiнің бiлiктiлiгiн үздiксiз арттырудың қажеттiлiгi пiсiп жетiлдi.
      Сондай-ақ, ауылдық мектептердің мұғалiмдеріне практикалық көмек көрсетуге арналған аудандық әдiстемелiк кабинеттердiң жұмысын қайта жаңарту, озық педагогикалық тәжiрибе, ауылдағы бiлiм беру жүйесiн дамыту жөнiндегi ғылыми әдiстемелiк және дидактикалық деректер қорын жасау қажет.

5.1.6. Ауылдағы бiлiм беру ұйымдарын қаржылық қамтамасыз ету

      Соңғы жылдары ауылдық бiлiм беру ұйымдарының қаржылық жағдайының тиiстi жергiлiктi атқарушы органдар бюджеттерiнің толығуына тәуелдiлiгiнің проблемасы ерекше күшейе түстi, мұның өзi әртүрлi аймақтардың ауылдық бiлiм беру ұйымдарының мүмкіндiктерi мен жұмыс жағдайларының теңсiздігіне әкеліп соғады.
      Облыстар бөлінісiндегi бiлiм беруге жұмсалатын шығындардың едәуiр айырмашылығы объективтi себептерге (әртүрлi климат жағдайлары, еңбекақыға аймақтық коэффиценттердi алып тастау) байланысты ғана қалыптасып отырған жоқ, сондай-ақ бiлiм беруге жұмсалатын шығыстарды айқындайтын бiрқатар бекiтiлген нормалар мен нормативтердің жоқтығынан болып отыр.
      Ауылдық жердегi бiлiм беру ұйымдарының материалдық техникалық базасын жүйелi түрде және кезең-кезеңiмен жаңартуды жүзеге асыру көп арналы қаржыландыру жағдайында ғана мүмкiн болмақ, ол бюджеттiк қаражатты пайдаланумен бiрге жеке меншiк капиталдың: демеушiлер мен жергiлiктi шаруашылық жүргiзушi субъектілердiң мүмкiндiктерiн тартуды көздейдi.
      Жергілікті атқарушы органдар бiлiм беруге жұмсалатын шығыстарды есептеу кезiнде Республикалық бюджеттiк комиссиясы кезектi қаржы жылына субвенциялар мен алулардың көлемiн облыстарға белгiлеген кезде сақталуы мiндеттi болып саналатын нормалар мен нормативтердi бекiтудiң қажеттiлiгi пiсiп жетілді.
      Бiлiм беру ұйымдарын қазiргi заманға сай қайта жарақтандыру және ауыл мектептерiнде сапалы бiлiм алуға бiрдей құқықты шын мәнiнде қамтамасыз ету үшiн кемiнде 3 жыл бойы ауылдағы бiлiм берудi қаржыландырудағы күрделi шығыстардың үлесiн 30%-ға дейiн ұлғайту қажет.
      Мектептердi жарақтандыру жөнiндегi мемлекеттiк тапсырыс білім берудің өз индустриясын дамытуға жәрдемдеседi.

5.2. Бағдарламаны iске асыру тетiктерi

      Бағдарламаны республикалық деңгейде орындау үшiн оны iске асыру жөніндегi iс-шаралар жоспары әзiрлендi, 2005 жылға дейiн жергiлiктi деңгейде ауыл мектептерiн дамыту жөніндегi шаралар қабылданатын болады.
      "Ауыл мектебi" бағдарламасын iске асыру процесiне жүйелi бақылау мен жедел басқаруды Қазақстан Республикасының Білiм және ғылым министрлiгi жүзеге асырады.
      Бағдарламаның іс-шаралары мемлекет есебiнен, сондай-ақ қаржыландыруға донорлық ұйымдарды тарта отырып, пилоттық жобаларды ұйымдастыру жолымен iске асырылатын болады.
      Болашағы бар елдi мекендерде жаңа ауыл мектебiнiң құрылысы жүзеге асырылатын болады. 2003-2005 жылдарға болжамды шығындар - 11107,2 млн.теңгені құрайды: 2003 жылы - 3868,8 млн.теңге, 2004 жылы - 3714,0 млн. теңге, 2005 жылы - 3524,4 млн.теңге.
      Жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен оқу орындарының материалдық-техникалық базасын нығайту жөнiнде бiрқатар шаралар жоспарланып отыр.
      Күрделi жөндеудi қажет ететiн жалпы бiлiм беретін және арнайы түзету мектептерiне жөндеу жүргiзiледi.
      Ауыл мектептердiң қажеттiлiгiн ескерiп, тозығы жеткен оқушылар парталары мен сынып тақталарын сатып алу және жыл сайын жаңартып отыру көзделуде.
      Арнайы түзету мекемелерi үшiн жабдықтар сатып алу көзделуде. Осы бiлiм беру ұйымдарын қазiргi арнайы жабдықтармен жарақтандыру даму мүмкiндiктерi шектеулі балаларды оқытудың сапасын арттыруға мүмкiндiк бередi.
      Оқу-материалдық базаны нығайту және қажеттi пән кабинеттерiн құру жалпы орта бiлiм берудiң мемлекеттiк стандартын толық көлемде орындауды, оқыту сапасын, ауылдық оқушылардың бiлiм деңгейiн арттыруды қамтамасыз етедi.

6. ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРI

      Бағдарламаның іс-шаралары бойынша республикалық және жергілiкті бюджет қаражаттарына қосымша қажеттілiктiң есептеулерi 2002 жылғы баға деңгейi негiзге алына отырып, индикативтiк жоспар жобасына сәйкес жасалды.
      Бағдарламаны iске асыруға арналған мемлекеттiк бюджеттiң шығыс көлемi 34049,082 млн. теңге құрайды, оның iшiнде республикалық бюджеттен - 12123,18 млн.теңгені, жергiлiктi бюджеттен - 21925,902 млн. теңгенi:
      2003 жылға - барлығы - 11712,520 млн.теңгені, оның iшiнде республикалық бюджеттен - 4207,460 млн.теңгені, жергiлiктi бюджеттен - 7505,060 млн. теңгенi;
      2004 жылға - барлығы 11279,186 млн.теңгені, оның iшiнде республикалық бюджеттен - 4052,660 млн.теңгенi, жергiлiктi бюджеттен - 7226,526 млн. теңгенi;
      2005 жылға - барлығы 11057,376 млн.теңгені, оның iшiнде республикалық бюджеттен - 3863,060 млн.теңгенi, жергілiктi бюджеттен - 7194,316 млн.теңгенi құрайды.

7. БАҒДАРЛАМАНЫ IСКЕ АСЫРУДАН КYТIЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР

      Шараларды қабылдаудың нәтижесiнде:
      ауылдағы бiлiм беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын кезең-кезеңмен нығайту, бiлiм беру ұйымдарының желiсiн сақтау мен дамыту жүзеге асырылады; 63 ауыл мектебiнiң құрылысы жүзеге асырылатын болады, оның iшiнде апатты жағдайда тұрған 22 мектептiң орнына жаңа ғимараттар салу көзделген: 2003 жылы - 24 мектеп, 2004 жылы - 21, 2005 жылы - 18. Бұл ауыл халқына бiлiм беру қызметiн көрсетудiң қол жетімділігiн, кепілдендiрілген орта білiм алуды неғұрлым толық көлемде қамтамасыз етедi;
      педагогтарды, білiм алушылар мен тәрбиеленушілердi әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi нормативтiк құқықтық база жетілдiріледi;
      ауыл мектебiн бiтірушілердiң бәсекелестiк қабілетiн қамтамасыз ететін, сондай-ақ қалалық және ауылдық мектеп оқушыларын оқыту деңгейлерiн жақындастыратын ауылдық және шағын жинақталған мектептер оқушыларын оқыту процесiн тиiмдi жүзеге асыру үшiн жағдайлар жасалады;
      ауыл мектептерiнiң, оның iшiнде шағын жинақталған мектептердiң, мектепке дейiнгi ұйымдардың мұғалiмдерiн кадрлық қамтамасыз ету жақсартылады, бұл бiлiм берудiң сапасын, мектептiң әлеуметтiк және мәдени рөлiн, ауыл мұғалiмiнiң мәртебесiн арттыруға ықпал етедi;
      бiркелкiліктен білiм беру мен тәрбиелеудi саралау және ықпалдастыққа көшудi қамтамасыз ететiн ауыл мектептерiнiң оқушыларын оқыту мен тәрбиелеудiң бейiмделген технологиялары, ауыл шаруашылығын көтеруге, ауылды әлеуметтiк жайластыруға қатысуға дайын мектеп бiтiрушiлердi даярлау енгiзіледi;
      бiлiм беру сапасы мен тиiмдiлiгi көрсеткiштерiнiң жүйесi, дұрыс және салыстырмалы деректер алуды қамтамасыз ететiн бағалаудың объективтi рәсiмдерi мен технологиялары, яғни сапалы білiм беру мониторингiнiң тиiмдi жүйесi жасалатын болады;
      ауылдағы, оның iшiнде даму мүмкiндiктерi шектеулi балаларға арналған бiлiм беру ұйымдарының жаңа модельдерi мен үлгiлерiнiң жұмыс iстеуi және дамуы қамтамасыз етiледi;
      ауылдағы мектепке дейiнгi тәрбие жүйесiн дамыту, мектепке дейiнгі тәрбиенiң мемлекеттiк стандарттарын енгізу, сондай-ақ мектеп алдындағы дайындықты міндетті жүзеге асыру үшiн жағдай жасалатын болады.

"Ауыл мектебі" 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын
іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

      Ескерту. Жоспарға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.04. N 272 қаулысымен .

1. Нормативтік құқықтық базаны жетілдіру

____________________________________________________________________
N |    Іс-шара     |Аяқталу |Орындауға |Орындалу|Болжамды шығыстар
р/с|                |нысаны  | (іске    | (іске  |  (млн. теңге)
   |                |        | асыруға) |  асыру)|_________________
   |                |        |жауаптылар| мерзімі|2003 ж. |2004 ж.*
____________________________________________________________________
1       2             3         4          5         6      7
____________________________________________________________________
1.  Шағын жинақтал   Бұйрық     БҒМ       2003 ж.
    ған мектептің                         маусым
    моделiн жасау.
    Оны енгiзу,      Әкімдердің Облыс.    2003 ж.   34,5    33
    оқытудың арнайы  шешімдері  тардың    тамыз
    ұйымдастыру                 әкімдері
    нысандарын,
    жаңа ақпарат.
    тық технология.
    ларды сынақтан
    өткiзу жөнiндегi
    эксперименттiк
    алаңдар
    ұйымдастыру

2.  Базистiк оқу      Бұйрық    БҒМ       2003 ж.
    жоспарының                              ІІ
    негiзiнде                             тоқсан
    ауылдық және
    шағын жинақтал.
    ған мектептерге
    арналған оқу
    жоспарларының
    нұсқаларын
    әзiрлеу

3.  Педагогикалық     Бұйрық    БҒМ, ИСМ   2003 ж.
    мамандықтар                           желтоқсан
    бойынша мемле.
    кеттiк стан.
    дарттарды
    жетiлдiру
____________________________________________________________________
   2. Ауылдық бiлiм беру ұйымдарының желісін сақтау, дамыту
          және материалдық-техникалық базасын нығайту
____________________________________________________________________
4.  Жаңа ауыл        ҚР         БҒМ       2003 ж.  3868,8  3714,0
    мектептерiн      Үкіметі              ІҮ тоқсан
    салуды қамта.    қаулысы.                      869,9   832,14
    масыз ету        ның
                     жобасы

5.  Авариялық жағ.   Әкімдердің Облыстар. 2003-    567,434  524,03
    дайдағы мектеп.  шешімдері  дың       2005 жж.
    терді қайта                 әкімдері  І тоқсан
    жаңартуды
    жүргізу

6.  Түзету білім     Әкімдердің Барлық    2003-     48,83   34,23
    беру ұйымдарын   шешімдері  деңгей.   2005 жж.
    қажеттi арнайы              дегі      І тоқсан
    жабдықпен                   әкімдер
    жарақтандыру

7.  Химия, биология  Әкімдердің Облыстар. 2003-     134,8   123,7
    кабинеттерi      шешімдері  дың       2005 жж.
    жоқ жалпы бiлiм             әкімдері  І тоқсан
    беретiн орта
    мектептерде
    оларды ашу,
    қажеттi оқу
    жабдықтарымен
    қамтамасыз ету

8.  Физика кабинет.  Әкімдердің Облыстар. 2003-     794,38  794,38
    терi жоқ жалпы   шешімдері  дың       2005 жж.
    бiлiм беретiн               әкімдері  І тоқсан
    негiзгi және
    орта мектеп.
    терде оларды
    ашу, қажеттi
    оқу жабдықтары.
    мен қамтамасыз
    ету

9.  Жалпы бiлiм      Аймақтық   Облыс.    2003 ж.   690,43   636,63
    беретiн бiлiм    бағдарла.  тардың    қаңтар
    беру ұйымда.     малар,     әкімдері
    рында оқышулар   әкімдердің
    парталары        шешімдері
    мен сынып
    тақталарын
    сатып алу және
    жыл сайын
    жаңалауды
    қамтамасыз ету

10. Арнайы түзету    Әкімдердің Облыстар. І тоқсан   106,6   68,96
    бiлiм беру       шешімдері  дың       жыл сайын
    ұйымдарында                 әкімдері
    күрделi жөндеу
    жүргiзудi
    жүзеге асыру

11. Ауылдық бiлiм    Әкімдердің Облыс.    қаңтар    1240,99  1157,09
    беру ұйымда.     шешімдері  тардың    жыл сайын
    рында уақытылы              әкімдері
    күрделi жөндеу
    жүргiзудi
    жүзеге асыру

12. Бiлiм беру       Бұйрық     БҒМ       желтоқсан
    ұйымдарының                           жыл сайын
    кiтапхана қор.
    ларын оқу-таным.
    дық, көркем
    және басқа
    әдебиетпен       Әкімдердің Облыс.    қаңтар     468,26  468,26
    толықтыруды      шешімдері  тардың    жыл сайын
    қамтамасыз ету              әкімдері

13.  "Ауыл мектебi"  Әкімдердің Облыс.    жыл сайын   2,8     2,8
     облыстық ашық   шешімдері  тардың
     теледидар                  әкімдері
     қайырымдылық
     акцияларын
     өткiзу

14.  Алыс ауылдар.   Әкімдердің Облыс.    қаңтар     115,79  115,38
     дан оқушыларды  шешімдері  тардың    жыл сайын
     мектепке арнайы  ҚР        әкімдері
     автокөлiкпен    Үкіметіне
     әкелуді жүзеге  ақпарат
     асыру
____________________________________________________________________
              3. Оқыту мен тәрбие сапасын арттыру
____________________________________________________________________
15.  "Ауыл мектебi"  Бұйрық     БҒМ       2003-      1,8      1,8
     бағдарламасында                      2005 жж.
     белгiленген                          І тоқсан
     күтiлетiн
     нәтижелерге
     жетугe жәрдем.
     десетiн ауылдық
     мектептердi
     дамытудың
     негізгi бағыт.
     тары бойынша
     ғылыми-зерттеу
     жұмыстарының
     орындалуын
     жүзеге асыру

16.  Аудандық бiлiм  Әкімдердің Облыс.    2003 ж.   282,26   282,26
     беру бөлiмдерi  шешімдері  тардың    І тоқсан
     жанындағы                  әкімдері
     әдiстемелiк
     кабинеттердiң
     тұрақты жұмыс
     iстеуін қамта.
     масыз ету

17.  Ауылда балалар  Әкімдердің Облыс.    2003-      135     135
     мен жасөспiрiм. шешімдері  тардың    2005 жж.
     дердің демалы.             әкімдері  сәуір
     сын ұйымдасты.
     руды, сауықты.  ҚР         БҒМ       2003-
     руды және       Үкіметіне            2005 жж.
     жұмыспен        ақпарат              қазан
     қамтуды қамта.
     масыз ету

18.  Жасөспiрімдер   Әкімдердің Облыс.    2003 ж.     53     50,94
     мен жастарға    шешімдері, тардың    І тоқсан
     консультациялар бұйрық     әкімдері
     берудi жүзеге              ДСМ
     асыру үшiн
     емдеу-сауықтыру
     мекемелерiнiң
     жанынан
     консультациялық
     пункттер ашу

19.  Құқық қорғау    Қазақстан  БҒМ, ІІМ  2003-      51,42   51,42
     органдарымен    Республи.  Облыс.    2005 жж.
     және ауылдық    касының    тардың    қаңтар,
     бiлiм беру      Үкіметіне  әкімдері  шілде
     ұйымдарының     есеп
     басшыларымен
     бiрлесiп, құқық
     бұзушылық пен
     балалар қадаға.
     лаусыздығының
     алдын алу
     мәселелерi
     бойынша жұмыс
     жүргiзу

20.  Балалар, жастар Бұйрық     Ақп.мині  І тоқсан     2,1    2,1
     тақырыбы        Әкімдердің Облыс.    жыл сайын
     бойынша жаңа    шешімдері  тардың
     теле-, радио               әкімдері
     хабарларын
     жасау

21.  Балаларға ар.   Бірлескен  Ақп.мині,  І тоқсан     1,9    1,9
     налған үздiк    бұйрық     Мәд.мині   жыл сайын
     музыкалық       Әкімдердің БҒМ,Облыс.
     шығармаларға,   шешімдері  тардың
     кинофильмдерге,            әкімдері
     әндерге, бала.
     лардың көркем
     әдебиетiне
     конкурстар
     өткiзу

22.  Дiн ұстану      БАҚ-тарға  Ақп.мині  тұрақты      7,15   7,15
     бостандығы      жарияла.   Облыс.
     құқықтары,      нымдар     тардың
     сондай-ақ дiни             әкімдері
     экстремизмге
     қарсы күресті
     насихаттау
     жөнiндегi мәсе.
     лелерiн бұқара.
     лық ақпарат
     құралдарында
     жариялануын
     қамтамасыз ету

23.  Ауылдық жалпы   Әкімдердің Облыс.    қаңтар      65      60,2
     бiлiм беретiн   шешімдері  тардың    жыл сайын
     мектептерде                әкімдері
     кәсiптiк
     бағдарлау
     кабинеттерiн
     ашу, мектеп.
     аралық оқу-
     өндiрiстiк
     комбинаттарды
     қалпына келтiру

24.  Пәндердi бейiн. Әкімдердің Облыс.    қаңтар     220,4   220,4
     дiк және терең. шешімдері  тардың    жыл сайын
     детiп оқытатын             әкімдері
     ауылдық мектеп.
     тердiң желi.
     лерiн кеңейту

25.  Ауылдық мектеп. Әкімдердің Облыс.    қаңтар      85      84,9
     терде бейiндiк  шешімдері  тардың    жыл сайын
     еңбекке баулуға            әкімдері
     және кәсiптiк
     даярлыққа
     дейiнгi оқытуды
     жүзеге асыруға
     жағдайды
     қамтамасыз ету

26.  Әрбiр ауылдық   Әкімдердің Облыс.    қаңтар    700,786  712,786
     ауданда мектеп. шешімдері  тардың    жыл сайын
     тен тыс қосымша            әкімдері
     бiлiм беру
     ұйымдарының
     жұмыс iстеуін
     қамтамасыз ету
___________________________________________________________________
     4. Педагогикалық кадрларды даярлау және қайта даярлау
___________________________________________________________________
27.  Мемлекеттік     Бұйрық     БҒМ       2003 ж.   332,9   332,9
     жоғары оқу                           ІІ тоқсан
     орындарының
     базасында ауыл.
     дық және шағын
     жинақталған
     мектептер үшін
     педагогикалық
     кадрларды даяр.
     лауды ұйымдас.
     тыру. Кәсіптік
     жоғары білім
     мамандықтары    Бұйрық     БҒМ       2003 ж.
     мен даярлық                          ІІ тоқсан
     бағыттары жік.
     теуішіне ықпал.
     дастырылған
     мамандықтарды
     енгізу

28.  Жаңа буын       Бұйрық     БҒМ       2003-     3,96    3,96
     оқулықтарын                          2005 ж.
     енгізу жөнінде.                      қаңтар
     гі ауылдық
     мектептер мұға.
     лімдерінің
     біліктілігін    Әкімдердің Облыс.              92,47   92,47
     арттыруды және  шешімдері  тардың
     қайта даярлауды            әкімдері
     қамтамасыз ету

29.  Ауылдағы        Әкімдердің Облыс.    2003-     734,4   734,4
     мұғалімдердің   шешімдері  тардың    2005 ж.
     әлеуметтік қор.            әкімдері  қаңтар
     ғалуын қамта.     ҚР                 2003-
     масыз ететін     Үкіметіне           2005 ж.
     шаралар кешенін  ақпарат             желтоқсан
     әзірлеу, жас
     мамандарды
     ауылдық мектеп.
     терде орнықты.
     ру, оларды
     тұрғын үймен
     қамтамасыз ету
____________________________________________________________________

      таблицаның жалғасы
____________________________________
N |Болжамды шығыстар|Қаржыландыру
р/с|   (млн. теңге)  |    көзі
   |_________________|
   |  2005 ж.*       |
_____________________________________
       8                  9
_____________________________________
1.     33,3           Жергілікті
                      бюджет

2.                    Қаражат талап
                      етілмейді

3.                    Қаражат талап
                      етілмейді
_____________________________________
4.    3524,4          Республикалық
                      бюджет
      859,3           Жергілікті
                      бюджет

5.    505             Жергілікті
                      бюджет

6.    31,53           Жергілікті
                      бюджет

7.    100,9           Жергілікті
                      бюджет

8.    789,28          Жергілікті
                      бюджет

9.    613,53          Жергілікті
                      бюджет

10.   68,96           Жергілікті
                      бюджет

11.   1173,15         Жергілікті
                      бюджет

12.   467,06          Жергілікті
                      бюджет

13.    2,8            Жергілікті
                      бюджет

14.    114,68         Жергілікті
                      бюджет
_____________________________________
15.    1,8            Республикалық
                      бюджет

16.    282,26         Жергілікті
                      бюджет

17.    135            Жергілікті
                      бюджет

18.    50,94          Жергілікті
                      бюджет

19.    51,42          Жергілікті
                      бюджет

20.    2,1            Жергілікті
                      бюджет

21.    1,9            Жергілікті
                      бюджет

22.    7,15           Жергілікті
                      бюджет

23.    59,2           Жергілікті
                      бюджет

24.    220,4          Жергілікті
                      бюджет

25.    84,9           Жергілікті
                      бюджет

26.   712,786         Жергілікті
                      бюджет
_____________________________________
27.    332,9          Республикалық
                      бюджет

28.    3,96           Республикалық
                      бюджет
       92,47          Жергілікті
                      бюджет

29.    734,4          Жергілікті
                      бюджет
_____________________________________

      2004, 2005 жылға арналған республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын іс-шаралар бойынша шығыстар көлемі тиісті қаржы жылына арналған "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес анықталатын болады.
      Жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қаржыландырылатын іс-шаралар бойынша шығыстардың жыл сайынғы көлемін жергілікті өкілді органдар анықтайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады