Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
"Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне кейіннен жыныстық немесе өзге де пайдалану мақсатында заңсыз кетуге және жасырын көші-қонға қарсы күрес мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне кейіннен жыныстық немесе өзге де пайдалану мақсатында заңсыз кетуге және жасырын көші-қонға қарсы күрес мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 15-16, 211-құжат; 1998 ж., N 16, 219-құжат; N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 20, 721-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 10, 106-құжат; N 17, 155-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
128-бапта:
баптың атауы "азғырып-көндіру" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ әкету және олардың транзиті" деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөлік "әрекеттер" деген сөзден кейін ", сол сияқты адамдарды көпе-көрінеу жыныстық немесе өзге де пайдалану үшін Қазақстаннан тыс жерлерге әкету немесе бір шетел мемлекетінен екіншісіне бара жатқан адамдарды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдау" деген сөздермен толықтырылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті