"Астық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 10 ақпан N 146

      Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Астық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы "Қазақстан Республикасының "Астық туралы" Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы"

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы "Астық туралы" Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Ведомостары, 2001 ж., N 2, 12 бет) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн:
      1. 1 бапта:
      2) және 4) тармақшалар алынып тасталсын;
      7) тармақшада "және (немесе) номинал ұстаушы" деген сөздер "кепiл ұстаушы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      11) тармақшада:
      "сәйкестiгi" деген сөз "оның сәйкестiгiн анықтайтын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "және малдәрігерлiк-санитарлық" деген сөздер "малдәрігерлiк және фитосанитарлық" деген сөздермен ауыстырылсын;
      12) тармақшада:
      "астықпен" деген сөзден кейiн "астық рыногына қатысушылармен жүргізiлетiн" деген сөздермен толықтырылсын;
      "сақтау" деген сөзден кейiн ", қайта өңдеу" деген сөзбен толықтырылсын;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "14) мемлекеттік азық-түлiктік астық резервiн жаңарту - оның бөлiгiн сату және жаңа егiннiң астығының есебiнен мемлекеттiк азық-түлiктiк астық резервiнiң белгiлеген көлемiн және керектi сапасын қамтамасыз ету мақсатында жаңа егiннiң астығын сатып алу";
      мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "14-1) мемлекеттiк ресурстар астығының орнын ауыстыру - мемлекеттiк ресурстар астығын бiр астық қабылдау кәсiпорнынан басқасына тасып әкету;";
      20), 21), 23), 24), 25) тармақшалар алынып тасталсын;
      27) тармақша "тасып әкету" деген сөздерден кейiн ", қайта өңдеу" деген сөздермен толықтырылсын;
      28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "28) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындау кепiлдiгiнiң қоры астық қабылдау кәсiпорындарының өздерiнiң берген астық қолхаттары бойынша мiндеттемелерiн орындамауынан астық қолхатын ұстаушылардың мүддесiн қорғау мақсатында құрылатын заңды тұлға;";
      31) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "31) астықты сақтау - астықты қабылдауды, өлшеудi, кептірудi, тазалауды, сақтауды және тиеудi қосатын технологиялық қызметтер кешенi;".
      2. 4 бапта:
      4) тармақша ", сондай-ақ астық қолхаттары реестрiнiң мәлiметiне сәйкес астықтың сандық-сапалық есебiн жүргізу және сақталуын қамтамасыз ету бойынша талаптарға" деген сөздермен толықтырылсын;
      7) тармақша "қорғау" деген сөзден кейiн "және карантин" деген сөздермен толықтырылсын;
      9) тармақша алынып тасталсын.
      3. 6 бапта:
      6 тармақшада "дақылдар және өсiмдік қорғау" деген сөздер "дақылдар, карантин және өсiмдiк қорғау" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7), 8), 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) астық қабылдау кәсіпорындарының қызметiнiң астықты сақтау жөнiндегi бiлiктiлiк талаптарға, сондай-ақ астық қолхаттары реестрiнің мәлiметіне сәйкес астықтың сандық-сапалық есебiн жүргізу және сақталуын қамтамасыз ету бойынша талаптарға сәйкестiгiн бақылау;
      8) Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасын бұзу туралы тапсырмалар енгiзу, әкiмшiлiк тәртiп бұзу туралы iстердi қарау және әкiмшiлiк жаза салу;
      11) астықтың сандық-сапалық есебi, сақтауы, сондай-ақ астық қолхаттарын беру, жою және айналымы бойынша ережелiк құқықтық кесiмдемелер әзiрлеу және бекiту;";
      12), 13), 14) тармақшалар алынып тасталсын.
      4. 7 бапта:
      1 тармақ "санитарлық" деген сөзден кейiн "және фитосанитарлық ережелер және" деген сөздермен толықтырылсын;
      2 тармақ ", оның аумақтық органдары" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 3 тармақта:
      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "3-1) фитосанитарлық бақылау.";
      6 тармақша алынып тасталсын.
      5. 8 баптың 3 және 4 тармақтары алынып тасталсын.
      6. 9 баптағы 2 тармақ "тасып әкетуге" деген сөздерден кейiн "(орнын ауыстыруға)" деген сөздермен толықтырылсын;
      7. 10 бапта:
      3) тармақша "қорғау" деген сөзден кейiн "және карантин" деген сөздермен толықтырылсын;
      5) тармақшада "тұқымдық ресурстар" деген сөздер "тұқым ресурстары" деген сөздер мен ауыстырылсын.
      8. 11 бапта:
      1) 1 тармақтың 3) тармақшасында "тұқымдық астық" деген сөздер "тұқым" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2) 3, 4, 5, 6 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Мемлекеттік жемдiк астық ресурстары мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының азық жөнiндегi қажеттерiн қамтамасыз етуге арналған, сондай-ақ техникалық және басқада мақсаттар үшін пайдалануы мүмкін.
      4. Мемлекеттік тұқым pecурстары - төтенше жағдайларда ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге көмек көрсету, Қазақстан Республикасының тұқым материалына деген қажеттігін тұрақты қамтамасыз ету, сорт жаңартуды, сорт алмастыруды жүргізу, мемлекетаралық кесiмдерді орындауды қамтамасыз ету үшін құрылған және соған арналған мемлекеттiк тұқым қорлары.
      5. Мемлекеттiк сатылатын астық pecурстары - iшкі рынокты реттеу, астықты экспортқа шығаруды қамтамасыз ету, iшкі рынокта сату, гуманитарлық көмек көрсету және мемлекеттік азық-түлiктiк астық резервiн, мемлекеттiк тұқым ресурстарын және мемлекеттiк жемдік астық ресурстарын жаңарту үшін құрылған және соған арналған астық қоры.
      6. Мемлекеттiк астық ресурстарын сатып алу бойынша шығындар:
      1) мемлекеттiк азық-түлiктiк астық резервi, мемлекеттiк сатылатын астық ресурстары үшін - республикалық бюджет;
      2) мемлекеттік тұқым ресурстары, мемлекеттiк жемдік астық ресурстары үшін - Қазақстан Республикасы Үкiметiмен анықталған басқа көздер есебiнен iске асырылады.
      Мемлекет астық ресурстарын сақтау және орнын ауыстыру бойынша шығындар:
      1) мемлекеттік азық-түліктік астық резервi үшін - республикалық бюджет;
      2) мемлекеттiк тұқым pecурстары, мемлекеттік жемдiк астық ресурстары үшiн - Қазақстан Республикасы Үкiметiмен анықталған басқа көздер есебiнен iске асырылады.";
      9. 12 баптағы 1 тармақ "жаңарту" деген сөзден кейiн ", орнын ауыстыру" деген сөздермен толықтырылсын;
      10. 13 баптың 2 тармағындағы "ерекше" деген сөз алынып тасталсын.
      11. 14 баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) астық қабылдау алдында қоймаларды залалсыздандыруды жүргізу, астықты сақтау тәртібiн, сондай-ақ белгіленген тәртіппен бекiтілген ережелiк - құқықтық кесімдемелерге сәйкес оның сандық-сапалық сақталуын қамтамасыз ететiн iс шараларды бұзбау.".
      12. 16 бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "16 бап. Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындау кепiлдігi қорларының қатысушылары
      1. Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелерді орындау кепілдігі қорына (қорларына) астық қабылдау кәсiпорындары ерiктi түрде қатысады.
      2. Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындау кепілдігі қорына (қорларына) құрылтайшы (тең құрылтайшы) болып мемлекеттiң қатысуы мүмкін. Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындау кепілдiгі қорына (қорларына) қатысушысы болу құқығына ерекше астық қабылдау кәсiпорындары ие болады.
      3. Астық қабылдау кәсiпорындары - астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындау кепiлдiгi қорының қатысушылары белгіленген заңнама тәртібiмен өз мүлiктерiн және басқа да иелiк мүдделерiн қамсыздандыруға (өзара қамсыздандыруға) мiндеттi.
      Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындау кепiлдігi қорына (қорларына) қатыспайтын астық қабылдау кәсiпорындары астық қолхаттарын ұстаушылардың алдындағы келiсiм-шарт бойынша өздерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн ерiктi қамсыздандыру тәртібi бойынша қамсыздандыруы керек.
      4. Астық қабылдау кәсiпорындарының - астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындау кепiлдiгі қорының қатысушыларының осы астық қабылдау кәсiпорындарымен берiлген астық қолхаттарын ұстаушылардың талабын орындамау салдарынан пайда болған мiндеттемелерiн өтеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметімен анықталатын Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындау кепілдігi қорларының қатысушыларының қызмет ету ережесiне сәйкес астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындау кепілдігi қорымен кепiлдік келiсiмiмен белгiленген тәртіп және көлемде жүргiзiледi.
      5. Осы Заңға сәйкес уақытша басқару енгiзiлген астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындау кепілдiгі қорының қатысушысы - астық қабылдау кәсiпорнындағы астық қолхаттарын ұстаушылардың талаптарын қанағаттандыру астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындау кепілдігі қорымен бiрiншi кезекте жүргізiледi.
      6. Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындау кепiлдiгi қорына (қорларында) мемлекеттiң қатысу түрi мен тәртібi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметімен анықталады.".
      13. 17 баптың 2 тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Астық қабылдау кәсiпорындарының астықты сақтау бойынша қызметіне қойылатын біліктiлiк талаптарды сақтау қызметiн, сондай-ақ астық қолхаттары реестрiнiң мәлiметiне сәйкес астықтың сандық-сапалық есебiн және сақталуын жүргізу бойынша талаптарды бақылау (тексеру);".
      14. 21 баптың 1 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Астық рыногы мониторингiн оның қатысушыларымен жүргізу, астық қабылдау кәсiпорындарына астық сақтау қызметі бойынша қойылатын бiлiктiлiк талаптарын сақтау мәселелерi бойынша eceптің тiзбесiн, үлгiсiн және жүргiзу мерзiмiн және есепті тапсыру мемлекеттiк статистика органының келiсiмi бойынша уәкілеттi органмен белгіленедi.".
      15. 24 бапта:
      1) 1 тармақтағы "бiлiктiлiк талаптарға сай келуi" деген сөздер алынып тасталсын;
      2) 2 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Астық қабылдау кәсiпорыны уәкілетті органға тексеру тапсырысында көрсетiлген мәселелердi тексеруді жүргiзуге, сондай-ақ тексерудi жүргiзуге керектi барлық ақпарат көздеріне қол жеткiзудi қамтамасыз етуге жәрдемдесуге мiндеттi.".
      16. Мынадай мазмұндағы 24-1 баппен толықтырылсын:
      "24-1 бап. Мемлекеттiк астық инспекторы және оның өкiлеті
      1. Уәкiлетті органның басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртіппен мемлекеттік қызметкерлерiн тиiсті лауазымдарына "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк бас астық инспекторы" және "Мемлекеттік астық инспекторы" деген қосымша арнайы атақ беруге құқылы.
      2. Уәкілеттi органның мемлекеттiк астық инспекторларының:
      1) астықтың сапасына мемлекеттік бақылауды жүргiзуге;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдемелерiмен белгiленген тәртіппен астықты өндiру, қабылдау, сақтау, тиеп жiберу және қайта өңдеу орындарына кедергiсiз кiруге және мемлекеттiк бақылауды және астық рыногы мониторингін жүргізуге керектi ақпаратты алуға;
      3) астық қабылдау кәсіпорындарының астық сақтау қызметi бойынша қойылған бiлiктiлiк талаптарына сай келуіне бақылауды жүргiзуге;
      4) Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасын бұзу жөнiнде тапсырма шығаруға, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкiмшiлiк жаза салуға;
      5) лицензия әрекетін тоқтата тұруға және (немесе) қайтарып алуға, астық қабылдау кәсiпорнына уақытша басқаруды енгiзуге, астық қабылдау кәсіпорнына немесе оның лауазымды тұлғасына айыппұл жазасын салуға ұсыныс беруге;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген басқада өкiлеттілікті iске асыруға құқығы бар.".
      17. 25 бапта:
      1) 1 тармақтағы "рынокты реттеу" деген сөздер "сақтау, сандық-сапалық есептеу" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 3 тармақтағы "сотпен" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      18. 26 баптың 1 тармағында:
      1) 1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      1 тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) астық қабылдау қолхатынан туындайтын мiндеттемелердi орындамау;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған фитосанитарлық тәртіппен ереженi бұзу;";
      2) мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) астықтың сандық және сапалық көрсеткiштерiн бұрмалау фактілерiн анықтау.".
      19. 28 баптың 2 тармағының 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) астықты сақтау бойынша келiсiм-шарт мiндеттемелерiн әрдайым ұқыпты орындамағаны;
      2) астық қолхаттарымен қамтамасыз етілген астық көлемiнiң астық қабылдау кәсiпорнында сақталған астықтың ақиқат көлемiнен асып кеткенi.".
      20. 37 және 39 баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      "37 бап. Астық қабылдау кәсiпорындарын жойғанда астық қоймаларын сату ерекшелiктерi
      Астық қабылдау кәсiпорындарын жойғанда астық қоймалары оны сатып алушының астығы сақтау мақсатына пайдалану жағдайында бiрыңғай лотпен сатылады.".
      39 бап. Астық қолхаты
      1. Астық қабылдау кәсiпорыны астықты сақтауға қабылдағанын дәлелдеуге астық қолхатын - екiжақты астық куәлiгін береді.
      2. Астық қолхаты қажет болғанда бiр-бiрiнен ажырайтын екі бөлiктен тұрады - қойма куәлiгiнен және кепiлдік куәлiгiнен. Астық қолхаты және оның әр бөлiгі эмиссияға жатпайтын ордерлi құнды қағаз болып есептеледi.
      3. Астық қолхатының әр бөлiгінiң мынадай бiрдей реквизиттерi болуы керек:
      1) уәкiлеттi орган беретін код;
      2) астық қолхаты бланкасының номерi және сериясы;
      3) астықты қабылдап алған салық төлеушi астық қабылдау кәсiпорынының атауы, қайда орналасқаны және тiркеу нөмерi;
      4) астық қабылдау кәсiпорынының peecтpi бойынша астық қолхатының ағымдағы нөмiрi;
      5) астықты сақтауға берген салық төлеушi заңды тұлғаның атауы, қайда орналасқаны, мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң нөмiрi, тiркеу нөмiрi, немесе салық төлеушiнiң аты, тұрған жерi, тiркеу нөмiрi, жеке тұлғаның тұлғасын растайтын құжат;
      6) астықтың түрi, оның сандық және сапалық көрсеткiштерi;
      7) астықтың сақтауға алынған мерзiмi, егер ондай белгілеген болса;
      8) сақтау төлемi туралы белгі;
      9) куәлiктiң беру датасы;
      10) астық қабылдау кәсiпорынының мөрi және уәкілеттi тұлғаның қолы.
      4. Осы баптың талабына сай келмейтiн құжат астық қолхаты болмайды.
      5. Кепілдік куәлiгiн қойма куәлігiнен бөлгенде астық қолхатының екi бөлiгiнде де мынадай мазмұндағы белгі жасалынады:
      1) кепiлдiк куәлiгiмен расталған ақша мiндеттемесiнiң кредиторы болатын заңды тұлғаның атауы немесе азаматтың аты, оның қайда орналасқаны немесе тұратын жерi;
      2) кепiлдiкпен қамтамасыз етiлген ақша мiндеттемесiнiң мәнi, оның көлемi, ол бойынша сыйақы мөлшерлемесi, орындау мерзiмi;
      3) кепілдiк куәлігін қойма куәлігiнен бөлген заңды тұлғаның (оның өкiлiнiң) қолы, егер кепiлдiк куәлiгiн қойма куәлігінен бөлген тұлға заңды тұлға болса;
      4) кепілдiк куәлiгінің бөлінген датасы.
      6. Астық қолхаты жазылатын бланкаларға талап, оларды шығару, алу, сақтау, айналымда болу, өтеу және жою тәртiбi, сондай-ақ астық қолхатының үлгісіне талап өкілетті органмен белгіленеді.".
      21. Мынадай мазмұндағы 39-1 баппен толықтырылсын:
      "39-1 бап. Астық қолхатын беру тәртiбi
      1. Астық қолхаты сапасы бойынша бiрыңғай әрбiр астық партиясына берiледi. Барлық тапсырылған астық көлемiне берiлетін астық қолхатының саны астықтың иесiмен оның сұранымы бойынша анықталады.
      2. Астық қолхаты астық иесiне астық қабылдау кәсiпорнымен хронологиялық тәртіпте жүргiзiлетiн астық қолхаттарының реестрiне тiркелiп және оның қол қоюымен берiледі.
      3. Жаңа астық қолхаты астық қабылдау кәсiпорнымен мынадай жағдайларда берiлуi мүмкiн:
      1) онда индоссаменттi көрсету үшiн бос орын жоқ болғанда;
      2) табиғи тозығы жеткенде;
      3) жоғалғанда.".
      22. 40 бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "40 бап. Астық қолхатын ұстаушылардың құқығы
      1. Астық қолхатын ұстаушының астық қабылдау кәсiпорнында сақталудағы астыққа астық қолхатында көрсетілген көлемде бұйрық құқығы бар.
      2. Кепiлдiк куәлігінен бөлiнген қойма куәлiгiн ұстаушы астық қабылдау кәсiпорнында сақтаудағы астыққа иелiк етуге құқылы, бiрақ заңнамада белгіленген тәртіппен кепілдiк куәлігі бойынша берешектi өтегенге дейiн астық қабылдау кәсiпорнынан астықты босатуды талап етуге құқығы жоқ.
      3. Кепiлдiк қолхатын ұстаушының құқығы бар:
      1) қойма куәлiгiн кепiлдiк куәлiгiнен бөлген тұлғадан кепiлдiк куәлермен расталған берешек соманы қайтаруды және ол бойынша сыйақы төлеуді талап етуге;
      2) астықтың кепiлдiк куәлігiнде көрсетiлген кепілдiк куәлiгiмен расталған берешек соманы қайтару туралы және ол бойынша сыйақы төлеу туралы мiндеттеменi орындауды қамтамасыз ететiн кепiлге.".
      23. Мынадай мазмұндағы 40-1 баппен толықтырылсын:
      "40-1 бап. Астық қолхаты және оның бөлiктерi бойынша құқықты беру
      1. Астық қолхаты және оның бөлiктерi бойынша құқық оларда беру туралы жазуларды жүргiзу жолымен берiледi.
      Егер кепiлдiк куәлігi бөлінбесе, астық қолхатындағы индоссамент тек қойма куәлігінде жасалады.
      2. Кепілдік куәлiгiн бөлу осы Заңның 39 бабының 5 тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
      Көрсетiлген белгі сонымен бiрге қойма куәлiгiнде жасалуы керек.
      3. Кепiлдiк куәлігінен бөлiнген екі жақты қойма куәлiгін немесе қойма куәлiгiн беруге көнгенде индоссатқа астық қабылдау кәсiпорнымен расталған көпшiлiк сақтау келiсiм-шартының көшiрмесi берiледі.".
      24. 41 бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "41 бап. Астық қолхаты бойынша астықты беру
      Астық қолхатын немесе кепілдiк куәлiгiнен бөлiнген қойма куәлiгiн ұстаушы астықты талап ету үшiн астық қабылдау кәсiпорнының тұрған жерiне өзi келуге немесе уәкiлеттi өкiлiн жiберуге мiндеттi.
      Астықты беру астық қолхатын ұстаушының өтiнiшiмен өтеуге жататын қойма және кепiлдік куәлiктерiнiң түпнұсқасына айырбастаумен iске асырылады.".
      26. Мынадай мазмұндағы 41-1, 41-2, 41-3 баптарымен толықтырылсын:
      "41-1 бап. Кепiлдiк куәлiгi бойынша құқықты жүзеге асыру тәртібi
      1. Кепiлдік куәлермен расталған ақша мiндеттемесi бойынша төлемнiң мерзiмi келгенде кепілдiк куәлiгiн ұстаушы кепiлдік куәлiгiн қойма куәлiгiнен бөлген тұлғаға төлем туралы талаппен жазбаша өтінiшпен жүгiнедi.
      Төлемнiң барлық сомасын алған жағдайда кепiлдiк куәлігiн ұстаушы төлемнiң барлық сомасын алғаны туралы жазумен кепілдік куәлiгiн қойма куәлігінен бөлген тұлғаға осы куәлiктi қайтаруы керек.
      2. Кепілдік куәлiгiмен расталған ақша мiндеттемесiнiң орындалмаған немесе дұрыс орындалмаған жағдайында кепiлдiк куәлiгін ұстаушы кепiлдiк куәлігінде көрсетілген астықты өндіріп алуды талап етуге құқылы.
      3. Егер кепiлдік куәлігін ұстаушымен астық қабылдау кәсiпорнынан өндірiп алу кезеңiнде астық талап етiлсе, ал астық қабылдау кәсiпорнына кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң және сол бойынша сыйақының төленгенiн растайтын құжат тапсырылған болса, онда кепілдiк куәлiгін ұстаушы кепілдiк куәлiгiн өтеуге қайтаруға мiндеттi.
      41-2 бап. Кепiлдегi астықты сату
      1. Кепілдік куәлiгiн ұстаушы кепiлмен қамтамасыз етiлген оның талабы уақытында қанағаттандырылмаған жағдайда, кепілдегі астықты заңнамамен белгiленген тәртіппен сатуға және басқа кепiлдiк берушi кредиторлар алдындағы өзiнiң талаптарын жабуға құқылы. Кепiлдiк куәлiгiн ұстаушының талабын кепiлге қойылған мүлiктiң құнынан қанағаттандыру, егер келiсiм-шартпен басқадай белгіленбесе, сот тәртiбiмен аукцион жүргiзу арқылы жүргізiледi. Кепiлге қойылған астықты соттан тыс тәртiппен сату кепiлдiк куәлiгiн ұстаушының сенiм білдірген тұлғасы ұйымдастыратын аукционда жүргізiледі.
      Сенiм бiлдiрген тұлға кепiл берушіге кепiл туралы келiсiм-шартта қаралған мiндеттеменiң орындалмағаны туралы хабарлама дайындайды және бiр мезетте бұқаралық ақпарат құралдарында уақыты, өткiзетін жерi, аукцион тақырыбы туралы, оны өткiзу тәртібi, аукционға қатысуды ресiмдеу және кепiлден астықтың бастапқы сату бағасы туралы ақпараттар кiргiзiлген аукцион өткiзу туралы хабарлау жариялайды.
      Аукцион ол туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жарияланған күнінен бастап он төрт күннен ерте емес мерзiмде өткізіледi.
      2. Ашық аукционда астық сатудан түскен сома мынадай кезекте бөлiнедi:
      1) бiрiнші кезекте аукционды өткiзудi ұйымдастыруға байланысты шығындар жабылады;
      2) екiнші кезекте астық қабылдау кәсiпорынының сақтау қызметi бойынша сыйақысы өтеледі;
      3) үшінші кезекте кепiлдiк куәлігін ұстаушының талабы қанағаттандырылады;
      4) төртінші кезекте астық сатудан қалған сома қойма куәлiгiнiң түпнұсқасына айырбастауға қойма куәлiгiн ұстаушыға қайтарылады.
      3. Әрбiр кезектiң талабы алдындағы кезектiң талабы толық қанағаттандырылғаннан кейiн қанағаттандырылады.
      41-3 бап. Астық қолхатының жоғалуы немесе бүлінуi
      1. Астық қолхатының, қойма куәлігінiң немесе кепілдік куәлiгiнiң жоғалған жағдайында тиiстi куәлiктi жоғалтқан тұлға бұл туралы астық қабылдау кәсiпорнына жазбаша түрде тез арада хабарлауға мiндеттi.
      2. Жоғалған астық қолхаты, қойма куәлiгi және (немесе) кепiлдiк куәлiгi бойынша құқықты iске асыру сот шешiмiне сәйкес пайда болады.".

      Қазақстан Республикасының Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады