Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының "Бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі туралы" 2003 жылғы 11 шілдедегі N 8 нормативтік қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы N 14 нормативтік қаулысы.

      Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының "Бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі туралы" 2003 жылғы 11 шілдедегі N 8 нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу жөніндегі наразылығында келтірілген уәждерді талқылай келіп, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты онда қанағаттандыру үшін құқықтық негіздердің жоқ екендігін атап көрсетеді.

      Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көрсетілген қылмыстарды бірнеше рет жасалу және жиынтық белгілері бойынша дәрежелеу мәселелері тек бөтеннің мүлкін иемденуге ғана емес, сонымен бірге қылмыстың басқа құрамдарына да қатысты екенін және мұның өзі қылмыстық істердің тиісті санаттары бойынша сот тәжірибесін қорытуды және зерделеуді қажет ететінін назарға ала отырып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының "Бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі туралы" 2003 жылғы 11 шілдедегі N 8 нормативтік қаулысының 24-тармағының бірінші абзацы алынып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына енгізіледі және жалпыға бірдей міндетті болып табылады әрі ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының Төрағасы


Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының судьясы,


жалпы отырыс хатшысы



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады