Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 485-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақта:
"Бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар" деген баған ", іс-шараларға қатысушыларға іссапар шығыстарын төлеуді, сондай-ақ 2003 жылғы Ресейде Қазақстан жылын өткізу жөнінде Қазақстан Республикасының ұйымдастыру комитетімен келісім бойынша өкілдік шығындарды төлеуді қоса алғанда." деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі