"Қазақстан Республикасы Президентінiң 2001 жылғы 29 қыркүйектегі N 692 Жарлығына өзгерiс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 13 ақпан N 157

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығының 1-тармағы 7) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 29 қыркүйектегi N 692 Жарлығына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 29 қыркүйектегi N 692 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне шағын бизнестi қолдау саласындағы функциялар мен өкiлеттіктер берiлуiне байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

      1. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанынан Кәсiпкерлер кеңесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 29 қыркүйектегi N 692 Жарлығына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кәсiпкерлер кеңесi туралы ережеде:
      12-тармақта "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Шағын бизнестi қолдау жөнiндегi комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады