Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2003 жылғы 14 ақпандағы
N 159 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешімдерiнiң тiзбесi
1. "Диабет" мақсатты кешендiк бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 маусымдағы N 978 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 27, 324-құжат).
2. "Қазақстан Республикасында ана мен бала денсаулығын қорғаудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 14 мамырдағы N 630 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 18, 224-құжат).
3. "Нашақорлықты емдеу және медициналық алдын алу" бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 15 маусымдағы N 829 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 23, 286-құжат).
4. "2001-2003 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының халқы арасында йод тапшылығынан науқастанудың алдын алу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 5 қазандағы N 1283 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 34, 444-құжат).
5. "Құрамында сынап бар аспаптар мен бұйымдарды кәдеге жаратудың 2002-2003 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 1599 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 45-46, 543-құжат).